Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
копия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142 Кб
Скачать
☆

2.5.Рейс уақыты ( ) (2.4)

, мин.

Мұндағы, = 1 соңғы аялдамадағы тұрған уақыт, мин.

= 17+12,1+10 =39,1 мин. = 0,65 сағ.

2.6 Айналма рейс уақыты ( )

Айналма рейс деп – автобустың 2 бағыттағы жүрісі есептеледі, яғни мұнда тура және кері бағыттағы рейс уақыты қосылады. Айналма рейс мына формуламен анықталады:

мин. (2.5)

t об =2 * 39,1 = 78,2 мин. = 1,30сағ.

ІІІ. Автобус қозғалысының жылдамдығын анықтау

3.1 Қозғалыстың техникалық жылдамдығы ( )

Автобус жұмысының технико – экономикалық көрсеткіштеріне қозғалыстың жылдамдығы үлкен әсер етеді. Автобустың жолдағы жұмысы кезінде мынадай жылдамдықтарды қарастырамыз: техникалық, пайдалану, және қатынас.

Техникалық жылдамдық автобус пайдаланудың белгілі жағдайларында қозғалысы кезіндегі жылжымалы құрамның жылдамдық сипатын толық қарастырады.

Техникалық жылдамдық деп – қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықты айтамыз.

Жылжымалы құрамның қозғалыс уақыты өз кезегінде бірнеше уақыттарды қарастырады:

Тұрақты жылдамдықпен жүретін қозғалыс уақыты

Екпін алу (разгон) уақыты,

Қозғалысты бәсеңдету (замедление) уақыты,

Тежеу (торможение) уақыты

Жолдан қысқа уақытқа тоқтау уақыты (бағдаршам, теміржол өтпелері алдындағы және т.б.)

Келесі екпін алу уақыты

Жалпы алғанда техникалық жылдамдықты былай анықтаймыз:

Мұндағы, L – өткен жолы, км

Техникалық жылдамдық жылжымалы құрамның орташа жылдамдығын көрсетеді және маршрут ұзындығының қозғалыс уақытына қатынасын анықтайды:

, км/сағ. (3.1)

= 12,8/ 0,29 = 44 км/сағ

3.2 Қозғалыстың қатынас жылдамдығы ( )

Қатынас жылдамдығы көлік құралының жол желісіндегі 2 пункт арасындағы жүрістің (орын ауыстыруының) орташа жылдамдығы. Қозғалыс қатынас жылдамдығы маршрутта жолаушылар жүрісінің орташа жылдамдығын сипаттайды және маршрут ұзындығының қатынас уақытына қатынасымен анықталады:

, км/сағ. (3.2)

= 12,8/ 0,48 = 26,6км/сағ

3.3 Қозғалыстың пайдалану жылдамдығы ( )

Қозғалыстың пайдалану жылдамдығы автобус наряд уақытындағы қозғалыстың орташа жылдамдығы. Пайдаланылатын жылдамдығына автобустың тұру уақытының ұзақтығымен тасымалдың ара – қашықтығын камтамасыз етеді. Пайдаланылатын жылдамдықты маршрут ұзындығының рейс уақытына қатынасымен анықтайды:

, км/сағ. (3.3)

= 12,8/0,65 =19,6 км/сағ

ІV. Жолаушы ағым және оларды анықтау әдістері

4.1 Жолаушы ағым түсінігі

Жолаушы ағымы деп – белгілі бір уақыт ішінде бір бағыт ойынша жолдың бір бөлігінде немесе түгелдей маршрут бойында жолдың бір бөлігінде тасымалданатын жоаушылар санын атамыз.

Жолауша ағым график, картограмма, эпюра түрінде көрсетеді немесе кестеге түсіреді.

Жолаушы ағым шамасы тәулік бойында, аптаның күндерінде, әр айларда жылдың кезеңдерінде маршрут бағыттарында әр түрлі болады. Жолаушы ағымның маршрут бойында бөлінуі қала жоспарында сол маршрут бойында орналасатын әкімшілік мекемелерді оқу орындары, өнеркәсіп, мәдени, сауда т.б. мекемелерінің болуына байланысты. Көптеген қалаішілік маршруттарда бастапқы пункттан ортасына қарай жолаушы ағым көбейіп, соңғы аялдамаларға қарай азаяды.

Ал егер маршруттар тұрған аудандарды өндірістік мекемелемен қосатын болса онда жолаушы ағым бастапқыдан соңғы аялдамаларға қарай көбейеді. Жолаушы ағым ауытқушылығы автомобиль тасымалдаудың барлық түріне тән. Мысалы, қалалық автобус тасымалында тәулік ішінде таңертең және кеште көбейсе, күндіз және түнге қарай азаяды. Қаламаңдық маршруттарда апта маршруттарда апта ішінде, жылдық, кезеңдерінде жолаушы ағым әркелкі болады. Сенбі жексенбі күндері мен жаз айларында жолаушы ағым көрсеткіші жоғары болады. Қала тұрғындары жаз кезінде қала маңындағы саяжайларда және жағажайларға демалысқа шықса, керісінше ауыл адамдары қыдыруға қалаға келеді. Қалааралық тасымалдарда жолаушы ағым көктемгі жазғы айларда көбейіп күзгі қысқы айларда азаяды.

Жолаушы ағымның шамасын анықтау оны бағыт бойынша бөлу және уақыт ішіндегі жолаушы ағымның өзгерісін анықтау үшін тексерулер жүргізіледі. Қазіргі кездегі жолаушы ағымды анықтау әдістерін әртүрлі белгілеріне қарап жіктейді.

Тексерудің мезгілінің ұзақтығына қарай жүйелік және бірмезгілдік болып бөлінеді.

Жүйелік анықтауда қозғалыс кезегінде күнделікті тексеру арқылы анықталады. Оны пайдалану қызметінің жолдық жұмысын жүргізеді.

Бірмезгілдік анықтау алдына қойған мақсатына байланысты қысқа мерзімде бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Көлік жүйесін қамытуына байланысты тұтас және таңдаулы анықтау бөлінеді.

Тұтас – анықталады жолаушы ағым бір мезгілде қызмет көрсететін аумақтағы көлік жүйесінің бойында түгелдей анықталады. Бұл анықтамада бақылаушы және есептеушілер көп болуы қажет. Оның қорытындысы көлік жүйесінің әрі қарай жұмысының жалғасын шешеді. Маршрут схемасының өзгерісін басқа көлік түрлерімен үйлесімін, даму бакыттарын жолаушы ағымның қуатына қарай анықталады.

Таңдаулы әдісті әрбір қозғалыс аумағын шеліністі нүктелерді, жеке және нақты сұрақтар туындауда қолданылады. Анықтаулық түрлеріне қарай:

-анкеталық;

-есепті статистикалық;

-натурал;

-автоматтандырылған болып бөлінеді.

Анкеталық әдіс – қызмет көрсететін аумақтағы маршрут желісін түгелдей қамтиды және көліктерінің барлық түрінің жолаушы ағымы анықталады. Бұл әдісте алдын – ала дайындалған, анкеталық сұраулар бойынша керекті мәліметтерді жинастырады.

Есепті статистикалық әдіс – сатылған билеттердің санымен билетті есептеу парақтарының көрсеткіштеріне байланысты есептеледі. Сатылған билеттер басқа, айлық жүру билетімен, қызмет куәлігімен, ақысыз жүру құқығы бар жолаушылармен билетсіз жолаушыларды ескеріп есептеу.

Натурал әдіс –талондық;

-кестелік;

-визуалдық;

-силуэттік;

-сұраулық болып бөлінеді.

Талондық әдіс – жолаушыларды ағымды анықтауда маршрут бойында және тәулік уақытында жолаушыларды ағым қуаты және аялдамаларды жолаушы алмасу ағымының көрсеткішін, жылжымалы құрамның толуын анықтайды. Бұл әдісте бақылаушылар әрбір аялдамалардан мінген жолаушыларға талон береді. Онда жолаушылардың қай аялдамадан мінгені көрсетіледі, түсерде жолаушы оны тапсырады, әр бағыт бойынша талондар әр түсті болады және онда әрбір аялдаманың аты көрсетіледі. Соңғы аялдамаларда есептер толтырылған талондарды тапсырып, жаңасын алады.

Кестелік әдіс – әрбір автобустарда есіктің алдында тұратын есептеушілер жүргізеді. Оларда анықтау кестесі болады. Онда автобустардың ауысымға шығар уақыты, рейстің нөмірі, тура және кері бағытта аялдамалар көрсетіледі. Оған әрбір аялдамалардан мінген және түскен жолаушылар саны және перегондағы автобустардың толуы тіркеледі. Тұтас және таңдаулы анықтамада пайдалануға болады.

Жолаушы ағымы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:

  • Жолаушы ағым қуаты сипаты, яғни белгілі бір нақты уақыт ішінде маршруттық белгілі бір бөлігінен немесе елді мекеннің барлық көліктік желісінің бір бағытында өтетін жолаушы саны. Жолаушы ағымының қала терроториясы бойынша бөлінуі мен өлшеу бағытын білгеннен кейін маршруттың трассасы, жылжымалы құрамның типі мен көлік түрі және қажетті жылжымалы құрам саны анықталады;

  • Маршруттың ұзындығы бойынша немесе оның жекеленген бөліктеріндегі жолаушы ағымның қарқындылығы, сонымен бірге белгілі бір уақыт аралығында маршруттың әрбір бөлігіндегі автобус қозғалысының тура және кері бағыттарындағы тасымалданған жолаушының саны;

  • Тасымалдың көлемі (Q), яғни маршрут бойында немесе маршрут желісінде белгілі бір уақыт ішінде тура және кері бағыттарда тасымалданған жолаушылар саны.

Жолаушы ағымды график, картограмма, эпюра түрінде көрсетеді немесе кестеге түсіреді.

Сурет 4.1 Тәулік ішіндегі (сағат бойынша) жолаушы ағымның өзгерісінің эпюрасы.

Апта күндері

Сурет 4.2 Апта күндеріндегі жолаушы ағым өзгерісінің эпюрасы