- •Медбикелерге арналған алгоритмдердің тізбесі.
- •1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.
- •3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:
- •2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
- •3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •4. Босанудың күнін анықтау.
- •5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.
- •6. Жүкті әйелдің салмағын және бойын өлшеу.
- •7. Жүкті әйелдің көктамырынан rw және житс қан алу.
- •8. Жүкті әйелдің артериялық қысымын өлшеу және пульсін тексеру.
- •9. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
- •10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
- •11. Соловьев индексін өлшеу.
- •12. Іш шеңберін (іш) және жатыр түбінің тұру биіктігін (жттб) өлшеу.
- •13. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.
- •5. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап, отырыңыз, сосын і және іі тәсілді жүргізіңіз.
- •14. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.
- •15. Әйелдер консультациясы жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
- •5. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •6. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •16. Әйелдер консультациясы жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
- •4. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •5. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •17. Нәрестенің болжамалы салмағын (массасын) анықтау.
- •18. Акушерлік стационарда сынаптық медициналық термометрді дайындау.
- •20. Босанатын әйелді босану залына ауыстыру.
- •21. Босанғаннан кейінгі кезеңде сүт бездерін күту.
- •22. Төсектегі жатқан босанған әйелді баптау.
- •23. Зәр қуығын катетерлеу.
- •24. Гинекологиялық аурулардан гонококтың болуы кезінде жағындылар алу.
- •7. Жағындыларды келесі ретпен алыңыз:
- •25. Созылмалы соз кезінде қоздырғышты дәлелдеу үшін өршіту әдістері.
- •26.Баксебуге жағынды алу.
- •27. Ректалды (базалды) температураны өлшеу.
- •28.Әйелдің жыныс мүшелерін удз-ге дайындау.
- •29. Операцияға дәрігер акушер-гинекологты киіндіру.
- •30. Акушериялық және гинекологиялық операциялар үшін таңу материал дайындамасы.
6. Жүкті әйелдің салмағын және бойын өлшеу.
Мақсаты- жүкті әйелдің салмағын және бойын еден үстілік таразының және бой өлшегіштің
көмегімен өлшеудің әдістемелігін студентке үйрету.
Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында тексеру.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары – еден үстілік таразы, резеңке кілемше, бой өлшегіш, ескі шүберек, хлораминнің
1% ерітіндісі, сабын, орамал, жүкті әйелдің жеке картасы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның орындалуының барысын және
мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Дұрысы жүкті әйелдің салмағын өлшеуді бір уақытта (ерте, аш қарынға) жүргізіңіз.
3. Аяқ астына резеңке кілемшені төсеңіз, жүкті әйелге таразыға тұруды сұраңыз.
4. Таразыдағы шкала бойынша көрсеткішін белгілеңіз.
5. Бой өлшегіштің бүйіріне қарап тұрыңыз және әйелдің болжамалы бойының деңгейінен жоғары тақтайшаны көтеріңіз.
6. Жүкті әйелді бой өлшегіштің алаңшасына дұрыс тұрғызыңыз:
өкшелері, бөкселері және жауырыны бой өлшегіштің тіреуіне тиіп тұруы қажет,
ал бас құлақ бүртігісі және көздің сыртқы бұрышы бір көлденең ( горизонталды)
сызықта болуы керек.
7. Бой өлшегіштің тақтайшасын жүкті әйелдің төбесіне түсіріңіз және шкала бойынша сантиметр санын тақтайшаның нөл деңгейінен анықтаңыз.
8. Алынған мәліметтерді жүкті әйелдің жеке картасына енгізіңіз.
9. Бой өлшегішті хлораминнің 1 % ерітіндісіне малынған ескі шүберекпен тазалаңыз.
10. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
7. Жүкті әйелдің көктамырынан rw және житс қан алу.
Мақсаты- RW және ЖИТС зерттеу үшін көктамырдан қанды қалай алу керектігін студентке
үйрету.
Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында тексеру.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары – бір реттік шприц, стерилді науа, стерилді шариктер, стерилді пинцет, резеңке
бұрау, сүрткі немесе орамал (бұраудың астына), 70 % этил спирті, бір рет киетін
стерилді резеңке қолғаптар, ауыз-мұрын жапқыш, штатив, контейнер немесе
бикс, сабын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның қажеттілігін, мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
2. Әйелді үстел қасына отырғызыңыз, оның білегін үстел үстіне қойыңыз («жатқызуға» да болады).
3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
4. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды және ауыз-мұрын жапқышты киіңіз.
5. Бір реттік шприцті ашыңыз, оны жинаңыз, ауасын шығарыңыз.
6. Науаға қақпақшасымен салыңыз.
7. Әйелдің иығына резеңке бұрауды салыңыз, олардың ортасына сүрткіні
немесе орамалды қойыңыз.
8. Көктамырды табыңыз.
9. Тесетін жерді спиртпен әртүрлі шариктермен екі рет тазалаңыз, оларды дезерітіндіге тастаңыз.
10. Сол қолдың үлкен саусағымен болжамалы тесетін жерден төмен көктамырды бекітіңіз.
11. Теріні тесіп көктамырға еніңіз.
12. Мікбасты (поршенді) жай өзіңе тарта отырып, 5-7 мл қан алыңыз.
13.Бұрауды шешіңіз.
14. Көктамырдан инені тартып алыңыз.
15. Тесілген жерге спиртпен мақта тығынды салыңыз, әйелден, оны сәл 3-5 минутқа (қан ісіктің алдын алу) қысып ұстауын сұраңыз.
16. Инені шығарыңыз, оны науаға дезинфекция үшін тастаңыз.
17. Шприцтегі қанды пробирканың қабырғасына қарай жайлап жіберіңіз.
18. Пробирканы тағанға орналастырыңыз, оны нөмірлеңіз.
19. Шприцті дезинфекциялаңыз.
20. Көз жеткізіңіз, егерде тесілген жерден қан шықпаса, онда әйелге білегін жайуға ұлықсат етіңіз.
21. Биохимиялық зертханаға тасымалдау үшін тағанды контейнерге немесе бикске орнатыңыз.
22. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
23. Қолдарыңызды жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
24. Зерттеуге жолдама жазыңыз.
