Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс эпид.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412 Кб
Скачать
☆

3. Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргізілетін эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар

      14. Ошақтағы шаралар үшке бөлінеді алғашқы, кезекті және қорытынды.

      15. Алғашқы шараға науқасты оқшаулау және кезекті дезинфекцияны жүргізу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады.

      16. Бактерия бөлуші науқасты есепке алғаннан кейінгі алғашқы үш күн ішінде ошақта алғашқы эпидемиологиялық дезинфекция жүргізіп, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005  8 шілдесіндегі N 332  "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамаларын бекіту" бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерудің картасы (330-у) толтырылады.

      17. Ошақты алғаш аралағанда науқасты және оның жанұя мүшелерінің жеке куәліктерінің мәліметтерін анықтау өте маңызды. Науқас әр түрлі жерлерде тұратын болса немесе тіркелген болса, кезекті жүргізілетін шаралардың мәселелері толығымен мекен-жайларды аралағаннан кейін ғана шешіледі.

      18. АМСК жүйесінің қызметкерлері ошақты тексергеннен кейін, науқастың жанұя мүшелерінің тазалық, әлеуметтік және басқада өмір жағдайларын ескере отырып, сауықтыру жобасы құрады.

      19. Ошақты тексергеннен кейін оны сауықтырудың жобасы құрылады. Ошақты сауықтыру жобасына кіретіндер:       1) науқасты оқшаулап емдеу;        2) балалар мен жасөспірімдерге нұсқау бойынша алдына алулар жүргізу;     3) науқасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету;       4) қатынаста болған жандарды тексеру;       5) ересек қатынаста болғандар мен науқастарға эпидемиологияға қарсы ережелерді үйрету және алдыңғы кезекте кезекті дезинфекция шараларын үйрету.

      20. Науқасқа "Туберкулезге қарсы мекеменің диспансерлік аймағының картасы" - ТБ 16 формасы атты медициналық карта толтырылады. Туберкулез жұқпалы ауруының ошағы жөніндегі мәліметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргізілетін шаралардың мәліметтерін дәрігер аймақтық медбикенің картасына (N 93 формасы) тіркеуі қажет.

      21. Туберкулезге қарсы ұйымдар немесе бөлмелер жоқ ауылдық жерлерде, туберкулез ошақтарындағы жұмыстарды АМСК жүйесінің дәрігерлері жүргізеді.

     22. АМСК жүйелеріндегі кеңес беру жұмыстарын облыстық және аудандық ТҚМ фтизиатрлары жүргізеді.

     23. Ошақтағы кезекті дезинфекция туберкулездің бактерия бөлуші науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргізіледі. Бұл шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жүйені жобалау мен емдеу, мал дәрігерлік негізде жүргізіледі.

     24. Ошақта жүргізілетін шаралар:        1) кезекті дезинфекция; балаларды оқшаулау, оның ішінде жаңа туылған нәрестелерді;       2)қатынаста болғандарды тексеру;     3) науқасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету;       4) тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту;        5) емханалық негіздегі науқастың емін және қатынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдына алуды бақылау.

      25. Ошақты сауықтыру жұмысы аймақтық фтизиатр дәрігердің бақылауымен медициналық медбике жүргізуі керек.

     26. Қатынаста болғандар әрдайым ТҚМ тексерулері қажет. Медбике жанұялық және өзгеде қатынаста болғандарды тексеру керек, бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді, сонымен қатар мал шаруашылығындағы туберкулезбен ауырған жануарлармен қатынаста болған жандарды тексереді.

     27. Жаңа туылған нәрестені БЦЖ вакцинациясынан кейін босануға көмектесетін ұйымдарда бактерия бөлетін науқастардан иммундық қорғанысы қалыптасқанға дейін 2 ай бойы оқшаулайды. Бұл жағдай науқастың ауруханаға жатуымен немесе нәрестенің уақытша ошақта болмауымен (нәрестелер бөлімшесі мен балалар үйінде) жүзеге асады.

     28. Туберкулез ошағындағы қорытынды шараға науқастың эпидемиологиялық есептен шығарылу жатады.

      29. Медициналық қызметкерлер ошақтарды аралағанда, эпидемиологияға қарсы ережелерді (бет перде тағу, медициналық халат киіу және жеке бастың тазалығын сақтау) сақтаулары қажет.