Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс эпид.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412 Кб
Скачать
☆

8. Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргізілетін қорытынды дезинфекция

      57. ТҚҰ-да қорытынды дезинфекция мекеме көшкен жағдайда, жөндеуден өтсе, салынса, ауыстырылса жылына 2 рет жүргізіледі.

      58. Қорытынды дезинфекцияны осы нұсқаудың екінші қосымшасына сәйкестелген дезинфекциялық заттармен жүргізеді.

      59. Ошақтардағы қорытынды дезинфекцияны туберкулезге қарсы диспансерлерден сұраныс келгеннен кейін 6 немесе 12 сағат ішінде дезинфекциялық станцияның, дезинфекциялық бөлімнің (бөлімше) және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің қызметкерлері жүргізеді.

   60. ТҚҰ-да қорытынды дезинфекцияны Қазақстан Республикасының аймағында қолдануға рұқсат еткен дезинфекциялық препараттармен ТҚҰ-ның қызметкерлері жүргізеді.

   61. Қорытынды дезинфекцияны жүргізетін жағдайлар:      1) науқас кеткеннен кейінгі барлық жағдайда;       2) тұрғылықты жері өзгертілсе, көшсе (пәтерді немесе бөлмені заттарымен қосып, залалсыздандыру).

      62. Науқас ошақтан кетпеген жағдайда, қорытынды дезинфекция жүргізу аралығы ошақтағы қауіпсіздік жағдайына байланысты осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

                               

Эпидемиялық қадағалау

  • аурудың таралуына әсер ететін факторлар мен жағдайларға,эпидемиялық процестің динамикасына мониторинг жүргізу.

  • алдын-алу шараларының ғылыми негізделген жүйесін шығару үшін алынған ақпаратқа талдау жүргізу.

Мақсаты:

- Эпидемиологиялық жағдайды бағалау;

- Пастереллездің пайда болуын ескертуге бағытталған эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау және басқарушылық шешім шығару үшін эпидемиялық процестің даму тенденциясын бағалау;

Тапсырмалары:

  • инфекцияның әлеуметтік-экономикалық мәнін,таралу сипатын және көлемін әрқашан,объективті бағалау;

  • эпид.процесс тенденциясын анықтау;

  • жоғары деңгейдегі сырқаттанушылық байқалған аймақ,облыс,ұжымдарды анықтау;

  • аурудың даму қаупі жоғары контингентті анықтау;

  • территориядағы сырқаттанушылықтың деңгейін және құрылымын анықтайтын себептерді және жағдайларды айқындау;

  • жүргізіліп жатқан профилактикалық, эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін және сапасын,көлемін бағалау және бақылау;

  • эпидемиологиялық жағдайға болжам жасау;

Қортынды

Туберкулез – ауаға тараған таяқшалары арқылы өте жұқпалы келетін және қарқынды түрде ушығатын кесел. Атақты неміс ғылымы Роберт Кох 1882 жылы Берлин академиясында сөйлескен сөзінде: «егер біз аурудың халық үшін зиянын айтқанда оның өлшемі есебінде әрбір аурудан өлгенде алсақ, онда адамзат өміріндегі ең қатерлі оба, тырысқақ сияқты аурулар туберкулезден әлдеқайда көп кейін тұрар еді», - деп атап көрсетті. Туберкулездың микробтары ағзаға тыныс алу органдары арқылы, ауру адаммен тікелей қарым-қатынас жасағанда, ауру адамның заттарымен пайдаланғанда және ас қорыту органдары арқылы жұғады. Туберкулезбен үй жануарларда ауырады, сондай-ақ үй жануарлардың сүтін дұрыс қайнатпай немесе етті шала пісіріп жегенде жұғуы мүмкін. Ауырған малдың зиянды әсері осындай малдарды соятын арнаулы қасапханада істейтін адамдар үшін өте айрықша. Қолдағы кішкентай жаралар арқылы өтеді, микробтар қанға түседі. Сондықтан қызмет бабымен мұндай еттерге көп араласатын адамдардың туберкулез ауруының жұғу және одан сақтану жолдары жайында толық ақпараттанғаны жөн. Өз өмірінде туберулез микробымен кездеспейтін адам жөқ. Мұны халықты жаппай рентген – флюорография аппаратттарымен тексеру кезінде туберкулез қалдырған өкпедегі іздеп (Гон ошағы) көруге болады. Бірақ осыған қарамастан туберкулез микробын қабылдаған адамдардың бәрі бірдей ауыра бермейді. Бұл әр адамның организмінде туберкулез ауруына қарсы қорғаныш күштің және иммунитетің әртүрлі болуына байланысты.Иммунитет мөлшері әрдайым бір қалыпта тұра бермейді ол қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен азаяды, ал туберулезға қарсы егу арқасында көбейеді.Туберкулезбен ауыруға жыл мезгілдерінің де әсері байқалады. Көбінесе туберкулез ауруының асқындауы жене ауру көптеп шыға бастауы көктем айларында жиілеу кездеседі.

Қорытындылай келе:

1. Туберкулездің летальділігін төмендетудің негізгі жолдары – туберкулезді ерте анықтау, уақытылы диагностика, кешенді ем.

2. Жаппай флюорография, диспансерлік бақылау.

3. Дәріге тұрақты штаммдардың көбеюіне байланысты үзбей микробиологиялық мониторинг

4. санитарлық- эпидемиологиялық бақылау, фтизиатрия жұмысының жүйелігі, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру.

Әдебиеттер

  1. Исмаилов Ш.Ш. "Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме "DOTS-плюс". Алматы, 2002.

  2. Крофтон Джон, Норман Хорн, Фред Миллер. Клиника туберкулеза. Бішкек, 2001.

  3. Ракишева А.С. Профилактика, диагностика и лечение туберкулеза у детей и подростков. Алматы 2005.

  4. Туберкулез органов дыхания (Руководство для врачей). Под ред. А.Г. Хоменко М., 1981.

  5. Туберкулез у детей и подростков. Под ред. Е.Н Янченко., М.С. Греймер. Л., Ленинград, 1987.

  6. Туберкулез жұқпасының ошақтарын жіктеу, бактерия бөлетін туберкулезбен ауырғандардың ауру ошағында індетке қарсы санитарлық (профилактикалық шараларды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынным № 8.05.002.04. ӘҰ. Астана, 2004.

  7. Шебанов Ф.В. Туберкулез (Учебник для студентов медицинских вузов), М., 1981.

  8. ҚР ДМ 2007 ж. 23 сәуірдегі №245-ші бұйрығы «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жетілдіру туралы»

  9. ҚР ДМ 2007 ж. 27 шілдедегі №452-ші бұйрығы «Туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің қызметі және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының туберкулезбен күресуі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы»

  10. ҚР ДМ 2007 ж. 3 тамыздағы №466-шы бұйрығы «Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы»

  11. ҚР ДМ 2007 ж. 3 тамыздағы №467-ші бұйрығы «Туберкулез ошақтарында санитарлық – індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»

  12. http://tubdis.kz/

  13. http://www.who.int/mediacentre/news/releases/2015/tuberculosis-mortality/ru/

  14. http://lib.znate.ru/docs/index-79177.html?page=2

29