- •2.1 Жұмыстың тапсырмасы
- •2.2 Жұмыстың орындалу реті
- •2.2.1. Құрылғының функционалды сұлбасын құру
- •2.2.2. Принципиалды электрлік сұлбаны таңдау мен оны есептеу
- •2.2.3 Ткт сұлбасы
- •2.2.4 Сүзгі сұлбасы
- •2.2.5 Логарифмдеуші сұлбасы
- •2.2.7 Дифференциалдаушы сұлбасы
- •2.2.10 Ктт сұлбасы
- •2.2.9 Қосындылаушы сұлбасы
- •2.2.11 Құрылғының дифференциалдаушы сұлбасын Electronics Workbench программалық өнімінде тексеру
2.2.7 Дифференциалдаушы сұлбасы
Түзеткіштің шығыс кернеуі дифференциалдану мақсатында дифференциалдаушы сұлбасын қолданамыз. Дифференциалдаушының шығыс сигналы оның кіріс сигналының жылдамдығына пропорционал келеді. Сондықтан дифференциалдаушының қасиеттерін талдау кезінде кернеулердің шапшаң құрамына үңілетін боламыз. Дифференциалдаушының есептік және практикалық сұлбасы болады. Есептік дифференциалдаушының сұлбасында жоғарғы беру коэффициенті жоғарғы жиілікте жүзеге асады, бұл сұлба кездейсоқ шуларға өте сезімтал келеді. Сонымен қатар, осыған қатысты сипаттама ылдилауы қиылысу нүктесінде шамамен 40 дБ/дек құрайды, ол сұлбаның тұрақтылығын сақтай алмайды.
Сондықтан да дифференциалдаушының сұлбасы 10-суретте келтірілгендей тұрғызылады. Сипаттамасы екі түйіндесу жиілігіне ие болады. f1 = 1/2pR1C1 жиілігінен кейін сұлба КБ резистиві күшейткіш сияқты жұмыс істейді. C2 конденсаторы және R2 резисторы кесудің басқа жиілігін анықтайды, яғни f2 =1/2pR2C2. Дифференциалдаушының жұмыс аралығы f =1/2pR2C1, f1 = 1/2pR1C1 аралығында болады.
К, дБ
80
60
40
20 f f1 f2
102 103 104 105 106 f2,Гц
10 сурет - Практикалық дифференциалдаушы және оның жиіліктік
сипаттамасы
Uк ір,В Uкір,В Uкір,В Uкір,В
t,с t,с t,с t,с
Uш ығ,В Uш ығ,В Uш ығ,В Uш ығ,В
t,с t,с t,с t,с
11 сурет - Әр түрлі кіріс сигналдарындағы шығыс сигналдарының
Формалары
Сонымен, дифференциалдаушының жиіліктік спектрі өзінің кіріс сигналының барлық жиіліктік спектрін сыйғызуы керек.
Сөйтіп, дифференциалдаушының жұмыс аралығының шектік жиіліктері сұлбаның мына элементтерімен байланысты: кедергілермен және конденсаторлармен, яғни fтөм =1/2pR2C1, fжоғ = 1/2pR1C1. Кесілу жиілігін пайдалы хабардың спектрінің жоғарғы жиілігіне тең деп аламыз, яғни 200 Гц және C1 = 1,0 мкФ конденсатор сыйымдылығының мәнін беру арқылы R1 және R2 резисторларының кедергілерін табамыз.
R1= 1/2π·100·2·10-6 = 39,8*102=0, 398 кОм және R2 = 1/2π·10·1·10-6 =39,8кОм.
Ал, С2 конденсаторының сыйымдылығын fорт = 1/2pR2C2 формуласы арқылы анықтаймыз. Сонда C2=1/2π·100·39,8·103=25 нФ. R3 кедергісі операциялық күшейткіштің кіріс тізбегінің симметриялануы үшін қолданылады және операциялық күшейткіштің терістемейтін кірісіне жалғанған активті кедергіге тең болуы керек, сондықтан R3 номиналын да 39,8кОм-ға тең деп қабылдаймыз. Сонымен, C2 сыйымдылығын 25 нФ-қа тең деп қабылдаймыз.
