- •1 Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы
- •1.1 Мемлекеттік несие түсінігі және оның экономикалық мәні
- •1.2 Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
- •2. Мемлекеттік несие көрсеткіштерін талдау
- •2.2 Халықаралық мемлекеттік несие
- •3 Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені басқару проблемалары және оларды шешу жолдары
1.2 Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Несиенің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады. Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сондай-ақ оның мерзімінен бұрын төлену қасиетінде көрінеді. Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді ("уақытқа қарай қайта бөлу").
Мемлекеттік несиенің екінші функциясы — реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік несие рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық несиелік қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиелер ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы - күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады. Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік несиенің көздері — кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.
Мемлекет несие ресурстарын:
бюджет тапшылығын қаржыландыру;
ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмасымдарды қаржыландыру;
биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыу
Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады. Ішкі несиеде мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болды. [4]
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлікінең немесе басқа активтерінең бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетің мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінең қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Мемлекттік қарыздар (займдардың) келесідей түрлерге бөлінеді:
ü өтеу мерзімі бойынша
ü орналастыру орны бойынша
ü орналасу әдісі бойынша
ü займ валютасы бойынша
ü эмитент бойынша
ü кіріс түрі бойынша
Мемлекеттік займдар өтеу мерзімі бойынша бөлінеді:
§ қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін)
§ орта мерзімді ( 1 жылдан 5 жылға дейін)
§ ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.
Орналастыру әдістері бойынша:
Ø еркін айналатын
Ø жазылу бойынша орналастырылатын
Ø мәжбүрлеме
Эмиетентке байланысты займдар бөлінеді:
v орталық үкімет займдары
v жергілікті билік органдары займдары
Кіріс түрі бойынша :
• пайыздық, қарыз берушілер жыл сайын бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрақты табыс алып отырады.
• Лотереялық немесе ішкі ұтыс облегациялары шығарылады.
Қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабуға қажетті ақашалай қаражаттар көлемі аз болған жағдайда мемлекеттік қазынашылық міндеттеме секілді (МҚМ) несие түрі шығарылады. МҚМ 3 айдан 1 жылға дейін заңды тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында қолданылады. Мемлкееттік несиенің келесі нысаны – мемлекеттік орталық эмиссиялық банкінен қаражаттарды тарту болып табылады. Осының нәтижесінде айналыстағы ақша массасы құнсызданатындықтан, мемлекет бұл несиенің нысанын көп қолданбайды. Мемлекеттік несиенің келесі нысаны – заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік (қазынашылық) ссудаларды ұсыну. Ол кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржылық дағдарыс жағдайында беріледі
Мемлекеттік несиенің әдістері- әр түрлі және келтірілген сәйкес нысандарға сай болады. Мемлекеттік займдардың – табысты алу және анықтау әдістері, іске ену уақыты әдісі , орналасу әдістері бар. Мемлекеттік несиенің әдістеріне сонымен қатар мемлекеттік қарызды басқару әдісі (конверсия, консолидация, унификация, қайта қаржыландыру)де жатады.
Кесте - 2 Қарыздардың салықтардан айырмашылығы
2-ші кестеде қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады, өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
