Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден құжаттары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

1.2. Кеден брокері және оның қызметі мен міндеттері.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асыру құқығына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын алған заңды тұлға кеден брокері бола алады. Кеден брокері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Кеден брокерінің қызметі өз атынан кедндік ресімдеу, алдын-ала операциялар мен өкілдік беруші тұлғаның есебінен және оның тапсыруы бойынша басқа да кеден ісі саласында делдалдық функцияларды орындау жөніндегі іс-әрекеттерді жасаудан тұрады.

Кеден брокерінің функциясына:

1) тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;

2) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен қосымша мәліметтерді ұсыну;

3) кеден органына декларацияланатын тауарлар мен кедендік мақсаттар үшін қажетті көлік құралдарын көрсету;

4) Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарында декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты көзделген кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету;

5) декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлға ретінде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау үшін қажетті іс-әрекеттер жасау кіреді.

Көрсетілген функцияларды кеден брокері жиынтықты түрде ғана орындауға құқылы. Кеден брокерінің көрсетілген функцияларды және операцияларды бір функцияның шегінде ішінара орындауына жол бермейді.

Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғамен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының кеден кодексінде өзге де заң актілеріне сәйкес жазбаша шарт негізінде құрылады. Өкілдік беруші тұлға кеден брокеріне кеден ісі саласындағы функцияларды тек жиынтықты түрде ғана орындауға тапсырма бере алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кеден брокеріне өкілдік беруші тұлға тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуге қатыспайды. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлға арасында кедендік ресімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізу кезінде жасалған шартты өзгерту немесе бұзу кеден брокерін жауапкершіліктен босатпайды. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы даулар Қазақстан републикасының заңдарына сәйкес шешіледі. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден брокері үшін декларант немес өзге де тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кезде белгіленетін жағдайлардан қолайсыздау жағдайлар белгіленбеуі немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қоймауға тиіс. Кеден брокері өз қызметінің саласын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына, көлік құралдары түрлеріне және аймаққа сәйкес тауарлардың белгілі бір санаттарымен шектеуге құқылы. Бұл шектеулер кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияда көрсетіледі.

Кеден брокері оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген тұлғамен бірдей құқықтарға ие және сондай міндеттерді атқарады.

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде кеден брокері:

1) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, кеден органдары лауазымды адамдары тауарларды кедендік ресімдеу мақсатында осы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысуға;

2) кеден органдарының рұқсатымен және кеден органы лауазымды адамының қатысуы мен кедендік ресімдеу процесі басталғанға дейін және оның барысында тауарлар мен көлік құралдарын тексеруге жүргізуге, оларды өлшеуге және мөлшерін өзгедей анықтауға, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Егер көрсетілген операциялар кедендік ресімдеу басталғанға дейін жасалса, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты мұндай рұқсат талап етімейді;

3) тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне кеден органы жүргізген зерттеулер нәтижелерімен танысуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қаражаты есебінен немесе өкілдік беруші қаражат есебінен тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізілуін қамтамасыз етуге;

5) кеден органының келісімен кедендік бақылау аймағына кіруге құқылы өз қызметкерлерінің тізімін бекітуге және кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін қажетті мүліктік жалдау шарты жағдайындағы үй-жайларының болуына;

6) кеден органдарынан кеден мәселелері жөнінде ақпарат және консультатциялар алуға;

7) өкілдік беруші тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

8) алдын ала операциялар, өзге де кедендік рәсімдер мен кедендік режимдер кезінде кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету бөлігінде өкілдік беруші тұлға үшін кеден органдарының алдында немесе төлеуші ретінде болуға;

9) өкілдік беруші тұлғамен шарт жасасудың шарты ретінде осы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес міндеттерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілеуге;

10) кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне шағымдануға құқылы.