Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден құжаттары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

III. «Талдықорған» кеден бекетіндегі кедендік ресімдеу бөлімі

«Талдықорған» кеден бекеті Алматы облысының кедендік бақылау Департаментінің біртұтас жүйесін құрайды. «Талдықорған» кеден бекетінің құрамына көптеген бөлімдер кіреді. Солардың бірі кедендік ресімдеу бөлімі.

Кедендік ресімдеу бөлімі «Талдықорған» кеден бекетінің құрлымдық бөлімшесі болып табылады. Кедендік ресімдеу бөлімінің құрлымы мен штаттық күнтізбесі Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің төрағасының бұйрығамен бекітіледі. Лауазымды міндеттерді үйлестіру кедендік ресімдеу бөлімінің басшылығымен жүргізіледі және кеден басшылығының бұйрығы негізінде бекітіледі.

Кедендік ресімдеу бөлімі өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республиуксының «Кеден ісі туралы» заңын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолданады.

Кедендік ресімдеу бөлімінің негізгі міндеті болып:

1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын жүргізуге және зерттеуге қатысу;

2)Кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар кеден ісін жүзеге асрыу барысында азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау;

3)Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаматамсыз ету;

4)Қазақстан Республикасының кеден шекарасына тауар айналымын жеделдету негізінде шарттар құру;

5) өсімдіктер мен жануарларды, қоршаған ортаны қорғауда, мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау шараларын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

6) кеден аясындағы құқық бұзушылықтармен күресу болып табылады.

Кедендік ресімдеу бөлімінің негізгі қызметі болып:

1) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізген кезде кедендік ресімдеу мен бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан «Талдықорған» кеден бекеті аймағынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізген кезде тексеру;

2) валюталық бақылауды жүзеге асыру;

3) кеден режимдеріне сәйкес жүктің кедендік декларациясын және оның электронды көшірмесінің толтыру ережесіне сәйкес дұрыстығын тексеру және қабылдау;

4)кеден декларациясының көшірмесін кеден декларациясын қабылдаған кезден бастап, тауарлар мен көлік құралдарын шығарғанға дейін салыстыру;

5) тауарлар мен көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру және тексеру нәтижесін бекіту болып табылады.

Кедендік ресімдеу бөлімінің қызметкерлері өздеріне жүетелген маңызды міндеттерді, яғни кедендік жүкті тиянақты тексеруді, үш сатылық кедендік ресімдеуді күнбе күн жүргізуді абыроймен атқаруда.

«Талдықорған» кедендік ресімдеу бөлімінде кедендік ресімдеу бес сатыда жүргізіледі:

1) кеден декларациясын қабылдау, тіркеу сатысы;

2) Ішкі экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың шыққан елінің кодын дұрыс анықтауды бақылау және тарифтік емес реттеу шараларын орындау сатысы;

3) кедендік құнды және валюталық бақылау сатысы;

4) кедендік төлемдерді бақылау сатысы;

5) тексеру және шығару сатысы.

1. Кедендік декларацияны қабылдау.

Кедендік декларацияларды қабылдау, тіркеу сатысында Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті түрде көрсетілетін қажетті құжаттар мен декларацияны қабылдау, сонымен қатар электрондық кеден декларациясының көшірмесін тексеру және барлық декларацияларға номер қою жатады.

2. Тауарлардың кодын анықтау және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуына бақылау.

Бұл сатыда Ішкі экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодын, шығу елін дұрыс анықтауға бақылау жүргізіледі, сонымен қатар тауарлардың шығу еліне анықтайтын құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарларды белгілі бір кеден режиміне сәйкес орналастыруда қойылатын талаптардың сақталуына бақылау жасау.

3. Кедендік құнды бақылау және валюталық бақылау.

Бұл сатыда мына әрекеттер жасалады:

– валюталық заңдылықтың талаптарына сәйкес жүргізілетін ішкісауда келісім шарттары мен құжаттарын тексеру;

– валюталық бақылауды жүзеге асыруда көрсетілетін кеден декларациясындағы мәліметтердің сәйкестігін тексеру;

– кедендік ресімдеу кезінде тауардың кедендік құнын анықтайтын құжаттардың дұрыстығын тексеру;

– уақытша тауар бағасы.

4. Кеден төлемдеріне бақылау.

Бұл сатыда мына тексерулер жұргізіледі:

– кедендік төлемдерді және кедендік берешекті төлеуде тұлғалардың жауапкершілігін;

– тарифтік және кедендік жеңілдіктер мен преференциялардың негізділігіне;

– декларанттың бақылауымен бекітілген мерзімде кедендік декларацияны тапсыру;

– кеден төлемдерін есептеудің дұрыстығын.

5. Тауарларды тексеру және шығару сатысы.

Бұл сатыда мына әрекеттер жүргізіледі:

– жүкті қарап шығу тапсырысы негізінде тексеру;

– тексеру нәтижесі кедендік тексеру актісінде көрсетіледі, қажет болған жағдайда кедендік тексеру актісінің қосымша бетінде көрсетіледі;

– тауарлар мен көлік құралдарының шығуы мүмкін емес немесе шыққаны туралы шешім қабылдау жолымен кедендік ресімдеудің аяқталуы.

Қажетті тексерулер алдыңғы кедендік ресімдеу сатысында қабылдана береді. Бұл жағдайда, лауазымды тұлға кеден декларациясына “тексерілді” деген белгі қойып, тексеріс шешімін тауарды шығаруға жауапты тұлғаға хабарлайды. Кеден декларациясын тексеру, құжаттар мен тауарларды тексеру кеден органдарымен кеден декларациясын қабылдағаннан кейін үш күннің ішінде жүзеге асырылады. Тауарларды шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін қүктің кедендік декларациясында “шығаруға рұқсат етіледі” деген белгі қойылады. Егерде ресімдеу кезінде тауардың шығуы мүмкін болмаған жағдайда “тексерілді” сонымен қатар “шығаруға рұқсат етілмейді” деген белгі қойылып, оның қысқаша себебі көрсетіледі.

Тауарларды шығармау туралы шешімді кеден ресімдеу бөлімінің бастығы мен оның орынбасары қабылдайды.

Сонымен қатар тиісті кеден ресімдеуін жүргізуге кеден брокері қатысады. Кеден брокерінің қызметі өз атынан кедендік ресімдеу, алдын ала операциялар мен өкілдік беруші тұлғаның есебінен және оның тапсыруы бойынша басқа да кеден ісі саласында делдалдық функцияларды орындау жөніндегі іс-әрекеттерді жасаудан тұрады.

Кеден брокерінің функциясына:

1) тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;

2) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен қосымша мәліметтерді ұсыну;

3) кеден органына декларацияланатын тауарлар мен кедендік мақсаттар үшін қажетті көлік құралдарын көрсету;

4) Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарында декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты көзделген кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету;

5) декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлға ретінде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау үшін қажетті іс-әрекеттер жасау кіреді.

Кеден брокері оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген тұлғамен бірдей құқықтарға ие және сондай міндеттерді атқарады.

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде кеден брокері:

1) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, кеден органдары лауазымды адамдары тауарларды кедендік ресімдеу мақсатында осы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысуға;

2) кеден органдарының рұқсатымен және кеден органы лауазымды адамының қатысуы мен кедендік ресімдеу процесі басталғанға дейін және оның барысында тауарлар мен көлік құралдарын тексеруге жүргізуге, оларды өлшеуге және мөлшерін өзгедей анықтауға, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Егер көрсетілген операциялар кедендік ресімдеу басталғанға дейін жасалса, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты мұндай рұқсат талап етімейді;

3) тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне кеден органы жүргізген зерттеулер нәтижелерімен танысуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қаражаты есебінен немесе өкілдік беруші қаражат есебінен тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізілуін қамтамасыз етуге;

5) кеден органының келісімен кедендік бақылау аймағына кіруге құқылы өз қызметкерлерінің тізімін бекітуге және кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін қажетті мүліктік жалдау шарты жағдайындағы үй-жайларының болуына;

6) кеден органдарынан кеден мәселелері жөнінде ақпарат және консультатциялар алуға;

7) өкілдік беруші тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

8) алдын ала операциялар, өзге де кедендік рәсімдер мен кедендік режимдер кезінде кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету бөлігінде өкілдік беруші тұлға үшін кеден органдарының алдында немесе төлеуші ретінде болуға;

9) өкілдік беруші тұлғамен шарт жасасудың шарты ретінде осы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес міндеттерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілеуге;

10) кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне шағымдануға құқылы.[18]