Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ААА стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

Стандарт Тазалық дәрежесіне жағынды алу

Мақсаты:

  • диагностикалық тексеріс

Қажетті құралдар:

  1. Айналар (қасықша, қақпақша - Куско)

  2. Қолғап

  3. Фолькман қасықшасы

  4. Шыны

  5. Жолдама

Дайындық:

  1. Әйелге процедураның қажеттілігін түсіндіру;

  2. Қолды залалсыздандыру;

  3. Әйелді гинекологиялық креслоға жайма төсеп жатқыз;

  4. Гинекологиялық айнаны енгізіңіз.

Алгоритм іс - әрекетттері:

  1. Фолькман қасықшасымен артқы күмбезден жағынды ал;

  2. Шыныға жағыңыз;

  3. Жолдама толтырып, шыны астына сал (аты-жөні, туған жылы,

мекен-жайы, жағынды алған күн, ай, диагноз, участок не бөлімше)

  1. Шыныға жолдаманы орап лабораторияға апарасыз.

Стандарт Гонобленореяның алдын алу

Мақсаты:

  • неонатальдық кезеңде іріңді-септикалық аурудың алдын алу

Көрсеткіші:

  • жаңа туған нәресте босанғаннан кейінгі ерте кезеңінде

Қажетті құралдар:

  1. 1% тетрациклин мазі;

  2. стерильді мақта түйіршігі.

Алгоритм іс - әрекеттері:

  1. Қолды залалсыздандыр;

  2. Стерильді қолғап ки;

  3. Нәрестені шешесіне көрсет, ұстатқыз;

  4. Нәрестені стерильді балалар үстеліне жатқыз;

  5. Стерильді мақта түйіршігімен көзінің төменгі қабатын ашып

1% тетрациклин мазін екі көзіне жақ;

  1. Қыз баланың сыртқы жыныс мүшелеріне де жақ;

  2. 2 сағаттан соң процедураны қайтала.

Стандарт Босану кезіндегі қан кетудің алдын алу

Мақсаты:

  • патологиялық қан кетудің алдын алу

Көрсеткіші:

  • босанудың екінші кезеңі

Қажетті құралдар:

  1. Шприц 5,0

  2. Ерітінділер: 2,0мл (10 ЕД) окситоцин

Алгоритм іс - әрекеттері:

  1. Қолды залалсыздандыр, стерильді қолғап ки;

  2. Стерильді шприцке 2 мл (10 ЕД) окситоцин ал;

  3. Бұлшық етке енгізу керек;

  4. Бірінші босанатын әйелге бала басы жарып шыққанда, екінші

және одан көп босанғандарға бала басы көріне бастағанда.

Стандарт Аралықты сақтаудағы акушерлік көмек

Мақсаты:

  • нәресте мен әйелдің жарақаттануын алдын алу

Дайындық:

  • акушерка босанатын әйелдің оң жағынан аяғына қарап тұрады;

  • нәрестенің басы жарып шыға бастағанда акушеркілік көмек көрсету.

Алгоритм іс - әрекеттері:

Біріншіден: Нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаюын болдырмау.

Бұл үшін акушерка сол қолдың алақанын қасағаға қойып төрт саусағын нәрестенің басына қояды, күшену кезінде басының шалқаюын, туудың

тез жүруіне кедергі жасайды;

Екіншіден: Клитор маңындағы ұлпаларды созу. Күшену аяқталғанда акушерка оң қолымен ұлпаларды жоғарыдан төмен қарай созады;

Үшіншіден: Аралыққа түсетін күшті азайту. Акушерка оң қолының алақанын аралыққа қояды. 4 саусағы сол жақта, үлкен саусақ оң жақта. Ақырындап аралыққа қарай ернеулерден бастап басамыз,

аралыққа түсетін күшті азайтамыз. Қан айналымын орнына

келтіріп ұлпалардың жыртылу қаупін болдыртпаймыз.

Төртіншіден: Нәресте басының шалқаюына көмектесу. Төбе бұдырлары туысымен акушерка нәресте басын сол қолмен ұстайды, ал оң қолмен вульварлық сақинаны маңдайынан, мұрнына иегіне біртіндеп бет жуғандай түсіреді. Күшенуді тоқтатып дем алуын қарайсың. Сол қолмен нәресте басын жоғары көтеріп, шалқайтамыз. Толғақсыз күшенуін сұраймыз.

Бесіншіден: Иықтарды босату және нәресте денесін туғыздыру. Акушерка

қолдарын самай, жақ аймағына қояды. Нәрестенің басын бұрылуына мүмкіндік тудырады, сәл төмен түсіріп нәрестенің алдыңғы иығын қасаға астына келгенше, сол қолмен нәресте басын ұстап, нәресте басын жоғары көтеріп, оң қолмен ұлпаларды созамыз, аралықты артқы иықтан ұқыптап түсіреміз. Иықтары босаған соң екі қолдың сұқ саусақтары нәрестенің қолтық асты ойықтарына кіргіземіз, денесін алға және үстіне қарата көтеріп ұқыпты тудырамыз.