- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •45.Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •46.Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •50.Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Шығу себептері[өңдеу]
- •Реттелу жолдары[өңдеу]
- •Этноконфликтология
- •54Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз
- •55.Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Табиғи төтенше жағдайлар[өңдеу]
- •Көшкіндер[өңдеу]
- •57.Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
Шығу себептері[өңдеу]
Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесін¬де туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).
Реттелу жолдары[өңдеу]
Этникааралық қақтығыс¬тардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ. Егер этникааралық қақтығыстың ал¬дын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себеп¬термен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.
