- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •45.Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •46.Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •50.Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Шығу себептері[өңдеу]
- •Реттелу жолдары[өңдеу]
- •Этноконфликтология
- •54Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз
- •55.Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Табиғи төтенше жағдайлар[өңдеу]
- •Көшкіндер[өңдеу]
- •57.Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
Табиғи төтенше жағдайлар[өңдеу]
Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті кожүйелер. Елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Мұны біз төтенше жағдайларға жатқызамыз. Төтенше жағдайлар шығу тегіне карай табиғи және техногенді деп бөлінеді.Табиғи төтенше жағдайлар - табиғи құбылыстар. Оларға сел тасқыны, жер сілкінісі (зілзала), көшкін, дауыл, жанартау атқылау, т.б. жатады.
Жер сілкіну[өңдеу]
Жер сілкіну - жер койнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап,жер жарылып, адамдар опат болады. ХХ ғасырда едәуір апатты жер сілкіну Ашхабадта (1948 ж), Арменияда (1988 ж), Сахалинде (1995ж),Түркияда (2000ж) т.б. жерлерде болды. Кейбір жер сілкіністері адамның іс-әрекетін де болады мысалы атом бомбасын сынау т.б.
Көшкіндер[өңдеу]
Көшкіндер таулы жерлерде, төбелерде, теңіз жағалауларында болып тұрады. Топырақ көшкіні көп жағдайда жер сілкінумен қатар жүреді. Кейбір көшкіндердің биіктігі 20 метрге жетіп,жолындағының бәрін басып қалады.
Қар көшкіндері қыс кезінде биік таулар аймағында болады. Қалың қар массасы бір-бірімен қосылып жылжып жолындағы заттарды ілестіре отырып, қар-топырақ аралас ірі көшкінге айналады. Апат жолында тұрған кез келген обьектілерді өзімен бірге ала кетеді. Мұндай жағдайлар Іле, Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында жиі болады. Қыс кезінде саяхатшыларға қауіпті жерлер ескертіледі. Қар көшкіні адамның іс-әрекетін де болады.
Жанартау атқылауы[өңдеу]
Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы,өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы жолындағы биоценозды, шаруашылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды шығарады. Жанартаулар атқылауы кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы мүмкін.
Сел тасқындары[өңдеу]
Сел тасқындары көбіне биік таулы жерлерде көктемде және жаз айларында болады. Өзімен бірге балық, тас, қоқыстарды ағызып, жолындағының бәрін бұзып өтеді. Табиғи ландшафтыларға, орман- тоғайға, елді мекендерге үлкен шығын келтіреді, кейбір көлдерді, экожүйелерді жойып жібереді. Мысалы, 1963 жылы Іле Алатауындағы әсем көлдің бірі – Есік көлінде осындай тасқын болды.
Суға қатысты апаттар[өңдеу]
Төтенше жағдайлар суға да қатысты болады. Олар, негізінен, су тасу және цунамилер.
Су тасу апаты[өңдеу]
Су тасу – теңіз, көл, өзен жағалауларында болатын табиғи құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларында елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық, Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Оның себебі, көктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады. Ал фаунасы мен флорасы лай су астында қалып, тіршілік мекендері бұзылып, жаппай қырылып қалуы мүмкін.
Соңғы жылдары Каспий теңізінің көтерілуі салдарынан оның жағалауындағы мұнай ұңғымаларын, мұннай қоймаларын, жолдар мен елді мекендерді, мұнай өңдейтін зауыттарды су басып қалып, мұнай өнімдері теңіз суына араласы, табиғатқа үлкен экологиялық апат әкелді.
Әлсіздік — адамның психологиялық жәнефизиологиялық күйін білдіретін ұғым. Психологиялық әлсіздік адамның таным, ақыл-ой, сезім қабілеттерінің нашарлығын аңғартады. Физиологиялық әлсіздік адамның жүйке жүйесі қызметінінің осалдығын білдіреді. Әлсіздік әр түрлі себептерге байланысты пайда болады. Оған биологиялық факторлар (қартаю, сырқаттану, организмнің тозуы тағы басқа) және психологиялық факторлар(күйзелу, қайғылану, шаршау тағы басқа) себеп болуы мүмкін. Әлсіздік ауыспалы мағынада адамның материалдың және рухани тұрғыдан жұтаңдығын да білдіреді.
Мүгедектік – науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады. Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиника болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді.
І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;
ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;
ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.
Мүгедектік – өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобынәлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру
