Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой улттык кор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98 Кб
Скачать
☆

2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздеріне:

1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трасферттер;

2) республикалық меншіктегі, кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін трансферттер;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жр учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер жатады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген осындай ресми трансферттерді, сондай-ақ кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджетті тиісінше түзету негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағының 3)тармақшасында көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі , кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқын-далатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшрашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалғн ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті тиісінше түзету негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына енгізеді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу болып табылатын заңды тұлғаларға шикізат секторының ұйымдары жатады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Шикізат секторы ұйымдарының бюджетке түсетін түсімдері ретінде:

-корпорациялық табыс салығы;

-қосылғн құнға салынатын салық;

-үстеме пайдаға салынатын салық;

-бонустар;

-роялти;

-жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы көрініс табады.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін осындай түсімдердің болжамы шикізат секторының тауарларына республианың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағнда, өзге де мүліктерге орналастырудан құралады.

Бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірісін қалыптастыру барысында туындайтын қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы бюджеттік құқықтық институтты білдіреді.

Сонымен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу» институты бюджеттік жүйедегі Ұлттық қордың кірісін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы нормативтік шешімде айқындалған трансферттердің түсімдері, сондай-ақ шикізат секторы ұйымдарының нақтылы салықтары мен міндетті төлемдерінің көлемі белгіленген түсімдері есебінен құру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 11 (4,5), 23-баптары негізінде қалыптасады.