- •1.Бөлім Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі 1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
- •1.2.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау және бекіту
- •1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
- •2.Бөлім Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару
- •2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу
- •2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу
2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі бағыттары республиканың (оның әкәмшәләк-аумақтық құрылыстарының) әлеуметтік-экономикалық басымдықтары, макроэкономикалық және фиксалдық тұрақтылықтың мән-жйлары , дүниежүзілік және қазақстандық ішкі тауар және қаржы рыноктрының конъюктурасы , Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі экономикалық әл-ахуалдар мұқият ескеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеуінің негізгі міндеттері мен мақсаттары қатаң сақтала отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстары (жұмсалуы) ұлттық және шетелдік валюталар негізінде, заңнамамен қатаң белгіленген бағыттарда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (оның белгілі бір көлемдегі ақша қаражаттары):
біртұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге;
Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттер түрінде;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жүргізілетін өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Себебі түсімдердің жалпы нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүргізілмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығыстарын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің келісімімен қаржы жылының қортындылары бойынша Қазақстан Республикасының парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;
3. тәуекел деңгейінің бірқалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.
Рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (оның қаражаттарын) жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын республиалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республиасының Үкіметі айқындайды.
Демек, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу институты бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республика-сының Ұлттық қорында жұмылдырылған ақша қаражаттарын қоғамдық-мемлекеттік маңызы басымды әрі көкейтесті мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік дамудың нақтылы мақсаттарына бөлу, беру және пайдалану барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді.
Жинақтаушы функциямен қатар Қор қаражатының қалыптасуы мен пайдаланылуының қолданылып жүрген механизмі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпалын көрсетеді. Қордың тұрақтандыру функцияларын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді. . Қордың активтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады. Қорды қалыптастырудың көздері 2001 жылы бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс салық және басқа да міндетті төлемдер, Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер болып табылады. . Қордың жұмыс істеу кезеңінде оған түсетін түсімдердің негізгі бөлігі “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттің үлесін сатудан түсетін қаражаттың есебінен қалыптастырылды.
Шикізат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін түсімдердің негізгі бөлігін – 54,99%-ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 23,34%-ын құрайтын роялтилер және түсімдердің жалпы сомасының 16,35% резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы алады. Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы түсімдердің жалпы сомасының 5,22%-ын, бонустар – 0,08 %-ын және қосылған құн салығы – 0,02%-ын құрады. . Қордың шотынан есепті кезеңде мынадай шығыстар жүргізілді: Республикалық және жергілікті бюджеттерге шығындарды өтеу түрінде (шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілген және іс жүзіндегі сомасының арасындағы айырма) 7509107631,83 теңге аударылды; Қорды басқарғаны үшін сыйақы түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 37216032,45 теңге аударылды. . Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қорды сенімді басқару туралы шарттың негізінде оның бір бөлігін сыртқы басқарушыларға беруді қоса алғанда, Қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Инвестициялық кірісті жинақтау және алу мақсатында Қор сенімді және өтімді шетелдік қаржы активтеріне орналастырылады. Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банкі есепті кезеңде Қордың актив-терін, негізінен ақша рыногының құралдарына, атап айтқанда, АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды. АҚШ агенттігінің бағалы қағаздары портфельдің неғұрлым ірі бөлігін құрады . . Қордың сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі және тиісті конкурс құжаттамасы дайындалады. Тәуелсіз аудиторды сайлау жөнінде жүргізілген конкурс нәтижесінде жеңімпаз болып анықталды . Аудиторлық тексеру Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы тұжырымдаған Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Қорды қалыптастыру және пайдалану процестерін жетілдіру мақсатында Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп: . Қордан қаражатты республикалық және жергілікті бюджеттерге қайтару механизмдерін жетілдіру және қажет болған кезде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу; . “жинақ портфелін” тиімді басқару,
Қордың тұрақтандыру міндетін нығайту,
Қорға ақша есептеу механизмін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Елбасының ойынша, ұлттық қор заңды тұлға болып табылмайды, шын айтқанда ол Үкіметтің ұлттық банк есепшоттарында шоғырланған қаржы активтерінің жиынтығы болып табылады. Қор екі бірдейқызмет атқарады: бірі - жинақтау (болашақ ұрпақтар үшін жинақтарды қалыптастыру), ал екіншісі - тұрақтандыру (бюджет түсімдерінің дүниежүзілік бағаның жағдаятына тәуелділігін азайту).
Тұрақтандыру міндетін атқаруды қамтамасыз ету үшін шикізат секторындағы ұйымдардан бюджетке түсетін салық және басқадай міндетті төлемдердің, республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген сомадан артығы қаржы қорына аударылады. Бұл түсімдерге жататындар: корпоративтік табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық, жоғары пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер бөліктерін мемлекеттің жеке меншікке сатуынан түсетін, өнімдер мен қаржыны бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанға тиетін үлесі жинақтау қызметін іске асыру мақсатында қор республикалық және жергілікті бюджеттердің трансферттері есебінен, жоғарыда көрсетілген түсімдер бойынша жоспарланған соманың 10 пайызынан құралады.
Қорды басқару мәселесін құрамына Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат пен Мәжілістің төрағалары, Президент Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр және оның бірінші орынбасары, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сол сияқты республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі санақ комитетінің төрағасы кіретін кеңес шешетін болып келісілді. Кеңеске мемлекеттік биліктің атқарушы және заң шығарушы органдарының басшылары енген. Ал мұның өзі мүдде қақтығыстарын мүлде болдырмайды. Кеңестің барлық шешімдері алқалы түрде қабылданады. Кеңес мүшелерінің ешқайсысы қордың активтерін жеке дара пайдалана алмайды. Қорға Парламент бақылау жасайды, демек, ол шын мәнінде халық пен елдің резерві болып табылды.
Міне, бірнеше жылдан бері Қазақстанның Ұлттық қоры ел халқының мүддесіне қалтқысыз қызмет жасап келеді. Қор әсіресе бүкіләлемдік қаржы дағдарысы кезінде қазақстандықтардың көптеген әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік берді. Елбасының тікелей басшылығымен құрылған Ұлттық қордың ел мүддесі үшін алдағы уақытта да қызмет жасай беретініне сенім мол.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осыдан жеті жыл бұрын еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады. Бұл сындарлы шешім сондай-ақ, отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.
Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.
Дәлірек айтсақ, Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес 2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған 2012 жылғы Жолдауының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» деп аталатын 3-інші бөлімінің «3.7 Базовые условия реализации Стратегического плана -2050» деген тарауында мынадай сөздер айтылған: «Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін «қауіпсіздік көпшігі» іспетті болды. Ендігі оның мақсаты – тұрақтылық пен гүлденудің кепілі болу». Осы бір «Қазақстан 2050 жыл» стратегиясы деген атаққа ие болған құжатта еліміздегі қаржы жүйесінің барынша тұрақты және мейлінше транспарентті (ашық) түрде қызмет етуіне жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударылған.
Сонымен қатар онда енді Ұлттық қордан бюджетке ешқандай несиелердің, ешқандай қосымша трансферттердің болмауға тиіс екені туралы айтылған. Елбасы осындай шаралардың есебінен Ұлттық қор активтерін 2020 жылға дейін90 миллиард долларға немесе жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 30 пайызынан кем болмайтындай деңгейге жеткізу мақсатын қойды.
Жақында ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында республика Ұлттық қорында (ҰҚ) жинақталған қаржының мөлшері 16,53 пайызға өсіп, 28,397 миллиард долларға жеткен. Тамыз айы барысында оның активтері 5,14 пайызға ұлғайған. 2016 жылы қаңтар айында республика Ұлттық қорында жинақталған қаржының мөлшері 63,5 млрд. долларды құрады.Сонымен, бұл өткен жылмен (2015 жылы — 73,24 млрд доллар) салыстырғанда 13,3%-ға төмен.Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған.
2016 жылы Ұлттық қор активтері 122,1 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл туралы еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2013 жылы мәлім еткен болатын. «Болжам бойынша, мұнай секторынан түсетін салықтың арқасында Ұлттық қордағы ақша 2016 жылы 122,1 миллиард теңгеге жетуі тиіс», - деді ол Қазақстанның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасымен таныстыру барысында.Алайда,Ұлттық қордың қаржы мөлшері 122,1 млрд.теңгеге жете ме жетпей ме жылдың соңында көре жатармыз.Бірақ Ұлттық қордағы қаржы мөлшері жылдан жылға төмендеп жатса,жақын арада қалай көтеріледі? Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған. Қазір қорда 63,5 млрд. АҚШ доллары жинақталған.
Ұлттық қор материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құралған.
Жалпы, Ұлттық қорды құрудың мақсаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтауды қамтамасыз ету және экономиканың сыртқы қолайсыз факторлар ықпалына деген тәуелділігін азайту.
Биыл қорға шамамен 10 миллиард доллар бөлінді. Келер жылы тағы 10 миллиард қосылуы мүмкін. Сонда шамаласаңыз, алты жылда қорда 60 миллиард жиналады екен.Қор қаржысы бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады.Нақтырақ айтқанда, тапшылықты емес, мұнайдан түсетін салық пен республикалық бюджеттен жұмсалатын шығынның арасындағы айырманы жабуға жұмсалады. Ұлттық қорда жиналған қаражатқа сәйкес, Қазақстандағы демократиялық күштердің өздерінің тұжырымдамалары бар. Олардың айтуынша, ол қаржылар халықтың тұрмысына, біліміне, денсаулығына жұмсалуы тиіс. Үкімет Ұлттық қордағы қаражатты ел экономикасын тұрақты ұстап тұруға жұмсап жатыр. Экономикамыздың тұрақты болуының кепілі- ұлттық қорға тікелей байланысты болғандықтан, алтын қорымызды жинақтау, әрі еліміздің байлығын сақтау болашақ жастар, біздің қолымызда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі.- Алматы: Юрист,2004
Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: Алматы. [Экономика] 2007ж-544б. Оқу құралы.
Әмірханов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы.- Алматы: 1999.-188 бет.
Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет және бюджеттік жүйе. Алматы [Экономика] 2006ж. Оқу құралы.
Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., [Қаржы]. Алматы, 2005ж. Оқу құралы.
Сартаев С.С., Найманбаев С.М., [Бюджеттік құқық] Алматы 2006ж.
Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. –Алматы: Экономика, 2001. 180б.:
Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына
арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.
Іскер адамның орысша -қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі
Русско-казахский толковый экономический словарь делового
человека /жауапты Э.Жакулина.- Алматы: Мұраттас, 2005.- 793б.
Төлешова Г.К., Дамыған қаржылық есеп. Оқулық. Алматы.
Экономика. 2005ж.
Финансы.Учебное пособие (Под ред. Проф. А.М. Ковалевой).
4 изд. М.: -2000.
К.К.Кеулімжаев.,З.Н.Әжібаева., Н.А.Құдайбергенов., А.Ә.Жантаева.
Қаржылық есеп .Оқу құралы. Алматы.Экономика.2001ж.
13. Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев, Т. Қ. Оралтаев,
Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.- 170 б.
14. Шыныбеков Д.А. Экономическая политика внешнего взаимствования.
15. Әділов Ж.М. Қазынашылық жүйенің бюджет қорларын ұтымды пайдалану мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы жолдауы.
16. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
17. Казахстан в цифрах. Алматы: Агентство РК по статистике.
18.www.national.kz
19.minfin.kz,afn.kz
20.www.adilet.zan.kz
(Қосымша A)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)
р/р № |
Атауы |
Сомасы, мың теңге |
||
|
|
2014 |
2015 |
01.01.2016 |
1. |
Ұлттық қордың (бұдан әрі – Қор) есепті кезеңнің басындағы қаражаты (кассалық орындау), барлығы: |
13 026 107 161 |
16429299412 |
16429299412 |
2. |
Түсімдер, барлығы: |
5 366 850 822 |
913899191 |
7297923541 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
- мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салықтар (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) |
3 467 394 959 |
911139211 |
1613152949 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
корпорациялыкк табыс салығы |
1 307 631 762 |
334070956 |
567063225 |
|
үстеме пайдаға салынатын салық |
81 445 086 |
51136644 |
65545507 |
|
бонустар |
30 030 811 |
14871365 |
32249326 |
|
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (роялти) |
956 090 202 |
241664932 |
459942363 |
|
экспортқа рента салығы |
734 720 100 |
119923442 |
227319646 |
|
өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі |
357 476 998 |
149471872 |
261032882 |
|
қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісім шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі |
|
|
|
|
- мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) |
35 883 283 |
2203636 |
16676573 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсім пұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
12 742 437 |
2008310 |
4621289 |
|
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
57 386 |
36823 |
3139686 |
|
мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат |
23 083 052 |
158503 |
8912030 |
|
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер |
408 |
0 |
3568 |
|
- республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер |
0 |
|
|
|
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер |
1 368 917 |
556344 |
1175070 |
|
- Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер |
1 862 203 663 |
0 |
5666918949 |
|
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер |
|
|
|
|
3. |
Пайдаланылуы, барлығы: |
1 963 658 571 |
1488374286 |
2468570853 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
- кепілдік берілген трансферттер |
1 480 000 000 |
1340000000 |
1702000000 |
|
- максатты трансферттер |
475 000 000 |
146000000 |
754416963 |
|
- Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу |
8 658 571 |
2374286 |
12153890 |
|
4. |
Қордың есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты, барлығы: |
16 429 299 412 |
15854824317 |
21258652100 |
www.minfin.kz
Қосымша Б
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)
Баптың атауы |
2014 жылы |
2015 жылы |
Активтер |
|
|
Ақша және оның баламалары |
49 161 183 |
272 866 927 |
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары |
3 258 923 673 |
2 458 210 937 |
Туындықаржықұралдары |
4 901 962 |
948 566 |
Дебиторлықберешек |
1 259 171 |
2 566 498 |
Активтердіңбарлығы |
3 314 245 989 |
2 734 592 928 |
Міндеттемелер мен таза активтер |
|
|
Туындықаржықұралдары |
2 466 448 |
1 057 676 |
Кредиторлықберешекжәнеесептелгеншығыстар |
2 408 017 |
2 647 344 |
Міндеттемелердіңбарлығы |
4 874 465 |
3 705 020 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер |
3 309 371 524 |
2 730 887 908 |
minfin.kz
Қосымша В
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп .
Баптардыңатауы |
2014 жылы |
2015 жылы |
1 |
2 |
3 |
Кірістер |
|
|
Сыйақытүріндегікірістер |
73 553 658 |
41 106 540 |
Дивидендтертүріндегікірістер |
12 152 166 |
6 512 527 |
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардықоспағанда, пайданемесешығынарқылыәділқұнбойыншаескерілетінқаржықұралдарынантүсетінкіріс |
28 886 584 |
17 738 988 |
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардантүсетін таза кірістер (шығындар) |
1 417 922 |
(12 910 636) |
Шетелдіквалюталардықайтабағалау-дан түсетін таза кірістер (шығындар) |
89 990 488 |
61 619 693 |
Кірістердіңжиыны |
206 000 818 |
114 067 112 |
Шығыстар |
|
|
Активтердібасқарғаныүшін комиссия |
2 097 832 |
1 083 937 |
Кастодиандыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар |
193 757 |
170 354 |
Аудиторлыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар |
14 820 |
13 000 |
Кәсібиқызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар |
999 |
- |
Бағдарламалықөнімдердіжәнеақпараттықдерекқордыпайдаланғаныүшінақытөлеужөніндегішығыстар |
16 142 |
20 136 |
Шығыстардыңжиыны |
2 323 550 |
1 287 427 |
Таза кіріс (шығын) |
203 677 268 |
112 779 685 |
minfin.kz
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі (Қосымша С)
Республикалықмаңызы бар қала ауданының бюджеті
Облыстық
бюджет
Астана
бюджеті
Аудандық
(облыстық маңызды бар қаланың)
бюджеті
Ауылдық округтер мен кенттердің бюджеті
Астана ауданының бюджеті
Республикалықмаңызы бар қала бюджеті
Жергілікті
бюджет
Республикалық
бюджет
Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі
