Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой улттык кор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96 Кб
Скачать
☆

2.2.Ұлттық қор қаражаттарының жұмсалыну бағыттарын талдау

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмсалыну туралы 2015 жылғы есеп бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық қордың таза активтері - 63,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 63:37% болды.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есеп бекітілді.

2014 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 13026107161 мың теңгені (1351941116 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады, 2014 жылғы  31 желтоқсанға 16429299412 мың теңгені (1630887908 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуге байланысты («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы           23 қарашадағы № 55-V Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2014 жылғы   1 шілдеден бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты    (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға дейін).

2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 3 467 394 959мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан тікелей салықтардың түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1 307 631 762 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетел валютасындағы түсімдер, мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда) – 35883283 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер – 1368917 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кiрiстер 3 қосымшада бейнеленген – 1862203663 мың теңге.(1 қосымшаны қара)

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-ін құрады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 – 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде 258000000 мың теңге аударылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 1 317 396 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2014 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 95 920 984 мың теңгені құрады.

Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын сырткы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге шығыстар жүргізілді.

Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.

Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады.

Тұрақтандыру портфелі жоғары кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне инвестицияланады. Жинақтау портфелі әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада баршама жоғарырак табыстылық алу мақсаттарында дүние жүзінің дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық қүралдарға инвестицияланады.

2013 жылдың 1 шілдесінен Орта мерзімді перспективаға арналған Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды.

Ұлттық қор да бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырады: ал мұнайлық табыстардың үлкен бөлігін Ұлттық қорда жинақтау анағұрлым салмақталған фискалдық саясатты жүргізуге мүмкіндік жасады. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында қаланған экономиканы әртараптандыру жөніндегі мәселелерді шешуге көмектесуі, сондай-ақ болашақ ұрпақтарға Қазақстанның мұнайлық ресурстарының игіліктерін пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.

Ұлттық қор проблемасы ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (ABN AMRO Bank, State Street Bank, Deutche Bank, BNP Paribas, Citibank, HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. Қордың жұмыс істеген бүкіл кезеңі ішінде қор активтерінің табыстылығы 6,1%-ды құрады, бұл 2014 жылдың осы көрсеткішінен 8%-ға төмен.

Ел ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңи тұлғалар үшін орташа есеппен 2015 жылы 14,8%-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін 18,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын көбейту орынды болады. Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультипликациялық нәтиже тудырады, елде қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдеседі. Тап осы бағыт әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында 2014-2015 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспарларда қабылданған.

Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.

Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

Инвестициялық табыстардың бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық табыстары оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мүнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.