- •5В050900 «Қаржы»
- •1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
- •1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
- •2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарының қалыптасу және жұмсалуының даму жағдайы
- •2.1.Ұлттық қор қаражаттарының қалыптасуын талдау
- •2.2.Ұлттық қор қаражаттарының жұмсалыну бағыттарын талдау
- •2.3Ұлттық қор активтерiн басқару
2.3Ұлттық қор активтерiн басқару
Ұлттық қор активтерiн сенiмдi басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
Ұлттық қорды басқару кезiнде инвестициялық операциялардың негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
Ұлттық қор активтерiнiң сақталуы;
Ұлттық қор активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстау;
Тәуекелдiң бейтарап деңгейiнде ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерi кiрiстiлiгiнiң жеткiлiктi жоғары деңгейiн қамтамасыз ету.
Ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерi кiрiстiлiгiнiң жеткілiкті жоғары деңгейiн қамтамасыз ету кiрiстiлiктiң қысқа мерзiмдi ауытқуын көздейдi.
Жоғарыда санамаланған мақсаттарды орындау үшiн Ұлттық қор активтерi тұрақтандыру және жинақтау қоржындарына бөлiнедi. Тұрақтандыру қоржыны Ұлттық қор активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстау үшiн қажет. Жинақтау қоржынының негiзгi нысаналы мақсаты тәуекелдiң шектi деңгейiнде ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерi кiрiстілiгiнiң жеткiлiктi жоғары деңгейiн қамтамасыз ету. Өз кезегiнде жинақтау қоржыны тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздар қосалқы қоржыны - 75% және акциялар қосалқы қоржыны - 25% болып бөлiнедi.
Тұрақтандыру қоржыны ағымдағы жылға бекiтiлген кепiлдiк берiлген трансферт сомасының шеңберiнде анықталуы тиiс.
Ұлттық қор үшiн "индекстiк басқару" қағидаты пайдаланылады. Индекстiк басқару, сондай-ақ "дәстүрлi" деп аталатын эталондық қоржынға сәйкес келетiн үйлесiмде әр түрлi қаржылық құралдар қоржынын қалыптастыруда жасалады. Осы эталон индекс деп аталады. Басқару нәтижелерi (кiрiстiлiк) мен инвестициялық қатер маңызды шараға байланысты, сондай-ақ эталондық қоржынға, немесе индекске қатысты бағаланады. Эталондық қоржын - инвестордың мүддесiмен анықталатын бағалы қағаздар жиынтығы. Эталондық қоржынның кiрiстілiгi активтердi басқарудың кiрістілігiн бағалау кезiндегi өлшем ретiнде қызмет етедi. Эталондық қоржыны ретiнде әлемдiк жетекшi қаржы компаниялары әзiрлеген және зерттеген индекстер пайдаланылады.
Ұлттық қор активтерi айрықша шетелдiк валютада номинацияланған шетелдiк қаржылық құралдарда инвестицияланады және шетелдiк валютада номинацияланған бағалы қағаздардан тұратын эталондық қоржындары болады.
Тұрақтандыру қоржыны үшiн эталондық қоржын алты айға дейiн өтеу мерзiмiмен АҚШ қазынашылық вексельдерiнен тұратын Merrill Lunch компаниясы жасайтын индекс болып табылады. Өтегенге дейiнгi қысқа мерзiм тұрақтылық қоржыны кiрiстілiгiнiң жоғары өтiмдiлiгi мен төмен ауытқуын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру қоржыны жоғары кредит рейтингiмен елдердiң ақша рыногының жоғары өтімдi сенiмдi активтерiне инвестицияланады.
Ұзақ мерзiмдi перспективада әртараптандыру және ең жоғары кiрiстiлiк алу мақсатында жинақтаушы қоржын әлемнiң дамыған елдерiнде айналысатын борыштық ретiнде де және үлестiк қаржылық құралдар ретiнде де инвестицияланады.
Жинақтаушы қоржынның тiркелген кiрiсiмен бағалы қағаздардың субқоржыны үшін эталонды қоржын Citigroup Inc компаниясы жасаған индекс болып табылады, онда қазiргi уақытта эмитенттерi 19 ел болып табылатын тiркелген кiрiсi бар мемлекеттiк бағалы қағаздарды қамтиды: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Жапония, Нидерланды, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ.
Жинақтаушы портфельдiң тiркелген кiрiсiмен бағалы қағаздар субқоржыны эталондық қоржынға енетiн елдерде айналатын мемлекеттiк бағалы қағаздарда инвестицияланады, сондай-ақ мемлекеттік, агенттік, корпоративтiк бағалы қағаздардан, Қазақстан Республикасы эмитенттерiнiң бағалы қағаздарын қоспағанда активтерге кепілге берілген бағалы қағаздарды және жылжымайтын мүлiкке кепiлге берiлген бағалы қағаздардан тұратын Lehman Global Aggregate (LGA) құрамына - Lehman Brothers компаниясының индексiне енетін барлық валюталарда және инвестициялық сыныптағы құралдарда инвестицияланады.
Облигациялардың (тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздардың) эталонды қоржыны Ұлттық қор мөлшерiнде ауытқуларды төмендету үшiн АҚШ долларына АҚШ долларынан өзгеше валюта бағамдарының қысқа мерзiмдi ауытқуларынан iшiнара сақтандырылады (хеджирленедi).
Акциялардың субқоржыны үшiн Моrgаn Stanley Сарital International компаниясы жасайтын энергетикалық сектордың компанияларын қоспағанда, әлемнiң дамыған елдерi компанияларының акцияларынан тұратын индекс эталонды қоржын болып табылады. Ағымдағы сәтте индекс 23 елдi қамтиды: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Гонконг, Ирландия, Италия, Жапония, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ.
Жинақтау қоржыны акциялары субқоржыны активтерi эталондық қоржынға енгiзiлген қарапайым және артықшылықты акцияларға ғана инвестициялануы мүмкiн.
Қорытынды
Осыдан 15 жыл бұрын еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады. Бұл сындарлы шешім сондай-ақ, отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.
Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.
Дәлірек айтсақ, Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес 2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған 2012 жылғы Жолдауының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» деп аталатын 3-інші бөлімінің «3.7 Базовые условия реализации Стратегического плана -2050» деген тарауында мынадай сөздер айтылған: «Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін «қауіпсіздік көпшігі» іспетті болды. Ендігі оның мақсаты – тұрақтылық пен гүлденудің кепілі болу». Осы бір «Қазақстан 2050 жыл» стратегиясы деген атаққа ие болған құжатта еліміздегі қаржы жүйесінің барынша тұрақты және мейлінше транспарентті (ашық) түрде қызмет етуіне жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударылған.
Сонымен қатар онда енді Ұлттық қордан бюджетке ешқандай несиелердің, ешқандай қосымша трансферттердің болмауға тиіс екені туралы айтылған. Елбасы осындай шаралардың есебінен Ұлттық қор активтерін 2020 жылға дейін 90 миллиард долларға немесе жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 30 пайызынан кем болмайтындай деңгейге жеткізу мақсатын қойды.
Жақында ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айларында республика Ұлттық қорында (ҰҚ) жинақталған қаржының мөлшері 16,53 пайызға өсіп, 28,397 миллиард долларға жеткен. Тамыз айы барысында оның активтері 5,14 пайызға ұлғайған. 2016 жылы қаңтар айында республика Ұлттық қорында жинақталған қаржының мөлшері 63,5 млрд. долларды құрады.Сонымен, бұл өткен жылмен (2015 жылы — 73,24 млрд доллар) салыстырғанда 13,3%-ға төмен.Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған.
2016 жылы Ұлттық қор активтері 122,1 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл туралы еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2013 жылы мәлім еткен болатын. «Болжам бойынша, мұнай секторынан түсетін салықтың арқасында Ұлттық қордағы ақша 2016 жылы 122,1 миллиард теңгеге жетуі тиіс», - деді ол Қазақстанның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасымен таныстыру барысында.Алайда,Ұлттық қордың қаржы мөлшері 122,1 млрд.теңгеге жете ме жетпей ме жылдың соңында көре жатармыз.Бірақ Ұлттық қордағы қаржы мөлшері жылдан жылға төмендеп жатса,жақын арада қалай көтеріледі? Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған. Қазір қорда 63,5 млрд. АҚШ доллары жинақталған.
Жалпы қорыта кетсек, Ұлттық қор туралы әрбір қазақстандық білуі керек, бірақ оның басқарылуы мен ондағы қор мөлшері туралы БАҚда дәл басып айтылмайды деп ойлаймыз.Сондықтан да менің курстық жұмысым Ұлттық қор қаражатының статистикалық мәліметтері аз.
Экономикамыздың тұрақты болуының кепілі- ұлттық қорға тікелей байланысты болғандықтан, алтын қорымызды жинақтау, әрі еліміздің байлығын сақтау болашақ жастар, біздің қолымызда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі.- Алматы: Юрист,2004
Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: Алматы. [Экономика] 2007ж-544б. Оқу құралы.
Әмірханов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы.- Алматы: 1999.-188 бет.
Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет және бюджеттік жүйе. Алматы [Экономика] 2006ж. Оқу құралы.
Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., [Қаржы]. Алматы, 2005ж. Оқу құралы.
Сартаев С.С., Найманбаев С.М., [Бюджеттік құқық] Алматы 2006ж.
Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. –Алматы: Экономика, 2001. 180б.:
Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына
арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.
Іскер адамның орысша -қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі
Русско-казахский толковый экономический словарь делового
человека /жауапты Э.Жакулина.- Алматы: Мұраттас, 2005.- 793б.
Төлешова Г.К., Дамыған қаржылық есеп. Оқулық. Алматы.
Экономика. 2005ж.
Финансы.Учебное пособие (Под ред. Проф. А.М. Ковалевой).
4 изд. М.: -2000.
К.К.Кеулімжаев.,З.Н.Әжібаева., Н.А.Құдайбергенов., А.Ә.Жантаева.
Қаржылық есеп .Оқу құралы. Алматы.Экономика.2001ж.
13. Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев, Т. Қ. Оралтаев,
Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.- 170 б.
14. Шыныбеков Д.А. Экономическая политика внешнего взаимствования.
15. Әділов Ж.М. Қазынашылық жүйенің бюджет қорларын ұтымды пайдалану мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы жолдауы.
16. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
17. Казахстан в цифрах. Алматы: Агентство РК по статистике.
18.www.national.kz
19.minfin.kz,afn.kz
20.www.adilet.zan.kz
Қосымша 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)
р/р № |
Атауы |
Сомасы, мың теңге |
||
|
|
2014 |
2015 |
01.01.2016 |
1. |
Ұлттық қордың (бұдан әрі – Қор) есепті кезеңнің басындағы қаражаты (кассалық орындау), барлығы: |
13 026 107 161 |
16429299412 |
16429299412 |
2. |
Түсімдер, барлығы: |
5 366 850 822 |
913899191 |
7297923541 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
- мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салықтар (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) |
3 467 394 959 |
911139211 |
1613152949 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
корпорациялыкк табыс салығы |
1 307 631 762 |
334070956 |
567063225 |
|
үстеме пайдаға салынатын салық |
81 445 086 |
51136644 |
65545507 |
|
бонустар |
30 030 811 |
14871365 |
32249326 |
|
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (роялти) |
956 090 202 |
241664932 |
459942363 |
|
экспортқа рента салығы |
734 720 100 |
119923442 |
227319646 |
|
өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі |
357 476 998 |
149471872 |
261032882 |
|
қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісім шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі |
|
|
|
|
- мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) |
35 883 283 |
2203636 |
16676573 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсім пұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
12 742 437 |
2008310 |
4621289 |
|
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
57 386 |
36823 |
3139686 |
|
мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат |
23 083 052 |
158503 |
8912030 |
|
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер |
408 |
0 |
3568 |
|
- республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер |
0 |
|
|
|
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер |
1 368 917 |
556344 |
1175070 |
|
- Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер |
1 862 203 663 |
0 |
5666918949 |
|
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер |
|
|
|
|
3. |
Пайдаланылуы, барлығы: |
1 963 658 571 |
1488374286 |
2468570853 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
- кепілдік берілген трансферттер |
1 480 000 000 |
1340000000 |
1702000000 |
|
- максатты трансферттер |
475 000 000 |
146000000 |
754416963 |
|
- Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу |
8 658 571 |
2374286 |
12153890 |
|
4. |
Қордың есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты, барлығы: |
16 429 299 412 |
15854824317 |
21258652100 |
Қосымша 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)
Баптың атауы |
2014 жылы |
2015 жылы |
Активтер |
|
|
Ақша және оның баламалары |
49 161 183 |
272 866 927 |
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары |
3 258 923 673 |
2 458 210 937 |
Туынды қаржы құралдары |
4 901 962 |
948 566 |
Дебиторлық берешек |
1 259 171 |
2 566 498 |
Активтердің барлығы |
3 314 245 989 |
2 734 592 928 |
Міндеттемелер мен таза активтер |
|
|
Туынды қаржы құралдары |
2 466 448 |
1 057 676 |
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар |
2 408 017 |
2 647 344 |
Міндеттемелердің барлығы |
4 874 465 |
3 705 020 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер |
3 309 371 524 |
2 730 887 908 |
Қосымша 4
|
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
Ұлттық Қор түсімдері, млрд. теңге |
774.3 |
1139.7 |
1652.5 |
2297.4 |
2394.5 |
3432.9 |
3751.6 |
3991.6 |
5459.6 |
Ұлттық қор қаражаттарын пайдалану, млрд. теңге |
918.9 |
259.3 |
1075.1 |
1107.5 |
1204.0 |
1204.1 |
1385.7 |
1412.0 |
1963.7 |
Қордың мерзім соңындағы қаражаты, млрд. теңге |
1853.4 |
2733.4 |
3310.8 |
4500.7 |
5691.2 |
7933.2 |
10354.3 |
13026.1 |
16522.1 |
© "Қазақстанның Даму банкі" АҚ,
Қосымша 5
Республикалықмаңызы бар қала ауданының бюджеті
Облыстық
бюджет
Астана
бюджеті
Аудандық
(облыстық маңызды бар қаланың)
бюджеті
Ауылдық округтер мен кенттердің бюджеті
Астана ауданының бюджеті
Республикалықмаңызы бар қала бюджеті
Жергілікті
бюджет
Республикалық
бюджет
Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі
