Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 3 сұрақ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу:

-Сәлеметсіздерме?

-Отырыңыздар.

-Қалай демадыңыздар?

Оқушыларды түгендеу.

Сыныптың тазалығына назар аудару.

Оқу құралдарын текеру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Сыныпты екі топқа бөлу.

II. Жаңа сабақ: Ақын өміріне тоқталу жане өлеңді талдау.

Біз бүгінгі сабағымызды адам сезімін суреттеудің хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнаймыз. «Талпынам асыққандай жігіттікке» деп ақын өзі жырлағандай, оның өмірі күреске толы болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. 908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай алмай, оқуды тастап кетеді. 1911 жылы бір қыс бойы Н.Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған көзі ашық сауатты мұғалім болған. 1913 жылы Троицк қаласына қайта келіп, «Айқап» журналы редакциясында қызмет етеді. 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастың салдарынан 27 жасында қайтыс болады.

Өлеңдері: «Шәкірттерге», «Жарлау», «Ақ сәуле», «Шілде»,

Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сұлу» т.б.

Шығармалары

Мақалалары: «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай?»

(1893-1920) ( қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданында туған)

С.Торайғыров

Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты

Дәптерлеріңе қысқартып түртіп жазып алыңдар.

Ақын өмірімен, шығармашылғымен толық таныстық. Енді ақынның «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысайық. Түсінікті болу үшін барлығымыз оқулыққа қарап, бірге ілесіп оқып отырайық. 10 шумақты өлең берілген. Ендеше, әр топтан екі оқушы тақтаға шығып, дауыстап, мәнерлеп өлеңді оқысын. Біз барлығымыз бірлікте әр шумақ өлеңге жеке-жеке тоқталып мазмұнымен танысайық.

  1. түскендей әуе жерге қырық күн ішінде,

ішкен мас, жегендер көп күнде-күнде.

Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:

«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге.

  1. Ән салды таңды мақтап сансыз торғай,

Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай.

Шайқалып таң желіне тербетілді,

Көк майса, көзі ілініп тұрған сондай.

  1. Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,

Батқандай мелдегінен нұрға қалқып.

Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат:

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.

  1. Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы,

Айнадай анандайдан көлдің суы.

Би билеп суда тұрған барлық қамыс,

Ән салды домбырамен құстың шуы.

  1. Мақтанып қара түнде нұрын шашқан,

Айдың да өлеусіреп түсі қашқан.

Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң,

Бірі жоқ, тамам жұлдыз бетін басқан.

  1. Жайылып төрге қарай таңның ағы,

Көрінді ауыл-ауыл маңайдағы.

Қарайып, өрген сиыр, түйеменен

Ауылдың малға толды әрбір жағы.

  1. Ыңыранып қой-қотанда таңды көріп,

күн шықса, жайылысқа кетпек өріп.

Төбеттер үй алдына жаңа жатты,

Түн бойы қой күзектен, ұйқы бөліп.

  1. Таяқты, жалаң аяқ шалдар тұрып,

Сүйкенген үйлеріне қойларды ұрып.

Бір мола шәугім ұстап, тысқа шықыты,

Бүкшеңдеп, арба айнала қақырынып.

  1. Қисайған қос секілді жалғыз қара-

Ауылдан арқан бойы тұрды дара.

Қолтықтап «Әптиек» пен «Құрандарын»,

Жиылып жатыр сонда біткен бала.

  1. Күн хабар сонда берді нұрын шашып,

Бір күлді жүзіменен амандасып:

«Ал бізге сәуле түсті, алақай!» деп,

ой мен қыр қарап трды жымыңдасып.

Өлеңнен түсінбеген сөздерге түсінік беру.

*әуе – аспан.

*қысқа түн-жазда күн ұзақ, түн қысқа.

*көк майса- шөп.

*әптиек – діни оқу құралы.

*мелдегінен- белуарынан деген мағынада.

Ендеше, оқушылар өлең мазмұныны түсінген болсақ, онда тапсырма орындайық.