Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор 3 сұрақ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгендеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сұраймын.

  2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.

  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қортындылаймын.

  4. Оқушылардың берген жауаптарына сай білім деңгейлерін анықтаймын

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, «Елім барда » өлеңі жайлы түсіндіремін.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын.

Халқымның өз айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын. – деп ақын өзі айтқандай Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс мықты.

Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады. Біресе сәбише шаттанып, біресе қайғысын қара жер де ауырсынғандай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдыңа батыр тұлғасымен қасқая қарая тұрғандай. Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді. «Әу» деп ән салатындардың бәрі Мұқағалидың сөзіне әуен шығарады.Тарбағатай мен Атырауда, Баянауыл мен Қазығұртта жүрсе де, қазақ атаулы желісіне үйірілген құлындай Мұқағали жырымен табысып, шұрқырасып жатқаны. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Мұндай ақыны болған халық – бақытты халық.

Фариза Оңғарсынова

Ассоцация әдісі бойынша Мұқағали Мақатаевтың кім екенін еске түсірейік.

Мұқағали

Қазақтың лирик ақыны Мұзбалақ ақын

Ақиық ақын

Қайталанбас ақын Аудармашы

Сыршыл ақын

Елім барда

Не сыйлайды, не береді келер күн?! Не де болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің , Көгіндегі қозысымын мен елдің. Не сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман. Таулар – менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым – ұланғайыр кең далам. Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты?! Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!

Сыныпты үш топқа бөліп, өлеңді талдау.

1-топ: Алғырлар тобына

Өлеңді мәнерлеп, дауыстап оқыңдар.

2-топ: Достық тобына

Ақынның Отанына, еліне деген ыстық ықыласын танытатын сөздерді табыңдар

3-топ: Білгірлер тобына

Өлең мәтінінідегі ырысым, бақытым деген метафораларды тіркескен сөздерін табыңдар.

Келесі тапсырма бөлінген топ оқушыларына берілген суреттер бойынша мақал-мәтел айту.

1-топ. Туған жер.

1.Туған жердің жуасы да тәтті.

2. Туған жер- тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

3. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2-топ:Отан .

  1. Отан елдің анасы

Ел-ердің анасы.

  1. Орағың өткір болса,

Қарың талмайды.

Отаның берік болса,

Жауың алмайды.

  1. Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

3-топ: Ел

\

  1. Елінен безген ер болмас,

  2. Көлінен безген қаз болмас.

  1. Егілмеген жер жетім,

Елінен айырылған ер жетім.

  1. Еркектің жаманы,

Қатынын жамандар.

Елдің жаманы,

Батырын жамандар.

Оқушылардың сабақтағы талпыныс, белсенділігіне қарай топқа бөлінуі бойынша оқушыларлы бағалаймын.

Үйге тапсырма: Мұқағали Мақатаев өмірін түсініп оқу. «Елім барда» өлеңін жаттау. "Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы" тақырыбына эссе жазу.

Сау болыңыздар!

9-билет

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Мағжан өмірімен таныстырып, шығармалары жайында түсінік беру.

Тәрбиелік: Елін,жерін сүюге тарбиелеу.

Дамытушылық. Ақын шығармасы арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным біліктерін шындау.

Сабақтың түрі. Жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, ақын кітаптары:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені:

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабаққа әзірлігін байқау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім» өлеңі:

І. Оқытушылық денгей.

Интербелсенді тақта да Мағжаннын суреті берілген.Оқушыларға Мағжан өмірінен қысқаша мәлемет беру.

ІІ. Мағына тану. Ой толғаныс.

«Қазақ тілі», «Мен кім» мәнерлеп оқу. Өленнін не жайлы екенін айту, өленнін мәнін ашу.

Өлендегі арыстанмын, жолбарыспын, күн, жалын, тұлпармын сөздері нені қандай қасиеттерді бейнелейтінін айту.

ІІІ. Топтастыру әдісі.

Оқушыларға сұрақ қоюу арқылы Мағжан өмірін, шығармашылығын топтпстыру.

Шолпан

1893-1938

Қорқыт

Алқа ұйымы

4 жас

1.Мағжан қай жылдары өмір сүрді?

2.Ақынның алғашқы өлендер жинағы?

3.Мағжан жазған поэма?

4.Ақын 1929 жылы қандай жаламен ұсталды?

5.Ақынның туып өскен жері?

6.Мағжан неше жасынан бастап хаттаныды?

7.Мағжан Қызылжардағы медреседе неше жыл оқыды?

ІV. Үй тапсырмасы.

Мағжан Жұмабаев жайында пікір жазу.