- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Темірдің түзіктері
- •Тоқтамыс ханның талқандалуына арналған шаралар
- •Тоқтамыс - ханның талқандау жобасы
- •Низам-ад дин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •2.1 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •2.2 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2.3 Ибн Арабшах «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур»
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
Темір Дешті Қыпшаққа жорыққа аттануға дайындалып жатып, табашыларды әскер жинауға жіберді. Олардан бір жыл бойы уәлият пен аймақтардан әскер беруді, түріктер мен тәжіктерді азық түлікпен қамтамасыз етуді талап етті. Әрбір адамда төрт түрлі қаруын болуды міндеттеді: садақ, 30 жебе, қалқан мен қорамса, әрбір екі адамға бір қосар ат, екі күрек, бір кетпен, бір орақ, бір ара, бір балта, бір біз, 100 ине, мықты қайыс, үлкен қазаннан болуын бұйырып, тексерген жағдайда осы аталған заттардың дайын тұруын талап етті. Осыдан соң, Ташкенттен шыққаг соң әскердің әрқайсысы 1 айда 1 қамбаның салмағындай талқан жесін, ешкім нан пісірмесін, тек қана быламық ішсін деген бұйрық келді. Осылайша істі тиянақтаған соң Темір Ташкентті қыстап, Сафардың жартысында әйелдері мен ханшайымдарын Самарқанға жіберіп, өзімен бірге тек Шолпан–Мәлік аруды қалдырды [60].
2.2 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
Толық аты Мұхаммед ибн Ховент–шаж ибн Махмұд Мирхонд – «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук» (Пайғамбарлар, патшалар және халифтерге қатысты тазалық бақшасы) атты көлемді тарихи еңбектің авторы. Ол 1433 жылы Балхта дүниеге келген. Оның әкесі, Бурхан–ад–Дин, Бұқараның сейттер көне руынан, Балхқа келіп, сол жерде өмір сүріп, дүние салған. Мирхонд өмірінің басым бөлігін Гератта Темірліктер әулетінің ең соңғы өкілі – Сұлтан Құсайын Байғараның сарайында өткізді. Бұл жерде ол атақты ақын және мемлекет қайраткері Мир Али–Шер Науаидің қамқорында болып, соның талабымен өзінің ірі шығармасын жазуға кірісті. Өмірінің жартысын көптеген тарихи кітаптарды оқумен өткізгендігін Мирхондтің өзі де айтады. Мирхонд Гератта 1498 жылы қайтыс болады. «Раузат–ас–сафа» («Тазалық бақшасы») – Мирхондтың Темірліктер әулетінің Мәуреннахр мен Хорасанды билеген соңғы жылдарында жазған әлем тарихындағы қомақты тарихи құрастырмасы. Мирхондтың өз шығармасын жазуда Темірліктердің бай кітап қоймалары мен кітапханаларында сақталған өзіне қажетті барлық мәліметтерді кеңінен әрі кедергісіз қолдануға мүмкіндігі болмаған. Мирхонд өзінің жол салушылары сияқты, жазба ескерткіштерден басқа өз замандастарының аузынан естігендерін көп пайдаланған, сол оқиғалардың көпшілігіне өзі не куәгер болған, себебі мемлекеттің саяси өміріне, сұлтан сарайына бір табан жақын болды, әрі өз қамқоршылары тарапынан оң көзқарасқа ие болды. «Раузат–ас–сафа» кіріспеден, жеті томнан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде маңызды автобиографиялық мәліметтер келтірілген, Сондай ақ Мирхонд өзінің ойы бойынша нағыз тарихшыға тән қасиеттерді суреттейді және тарих ілімі «ақыл мен білім адамдарына» өоятын талаптарды атап шыққан. Өзі оқыған араб тіліндегі және парсы тіліндегі ескерткіштердің барлығын, хронологиялық не басқада тәртіпке сүйенбей, толық санап шықты. «Раузат–ас–сафа» шығармасын зерттеушілер оны жалпы тарих бойынша үлгілі әрі таңдамалы еңбек деп санайды, оның ерекше мәнерін, материалдарының молдығы мен қызықтығын атап айтады, бірақ та сонымен қатар, авторда тарихи сын мен әдістің жоқтығын да айтады. «Раузат–ас–сафаның» бірінші томында тіршіліктің пайда болуынан бастап Сасанилер әулеті басқаруының соңғы уақыттарына дейінгі оқиғалар суреттелген, екінші том ислам діні мен Мұхаммед пайғамбардың пайда болуынан төртінші Али халифтің дәуіріне дейінгі уақыт қамтылған, омейяд пен аббас халифтері мен имамдарының тарихы үшінші томда келтірілген, ал төртінші том әмір Темірге дейін мұсылман шығыста билік еткен болмашы әрі кіші әулеттерге арналған, Шыңғыс хан мен оның ізбасарларына арналған бесінші том, Темірдің билік жүргізу тарихы мен оның Абу Саидке дейінгі көптеген ұрпақтарына алтыншы том арналған, ең соңғы, жетінші томда 1457 мен 1521 жылдар аралығындағы оқиғалар мен Сұлтан Құсайын Байқараның билікке келу, басқару және тақтан кету тарихы жазылған. Осы «Раузат–ас–сафандан» алынған материалдар 1939 жылғы «Түркімендер мен Түркімен тарихы бойынша материалдар» басылымынан келтірілген.
И. Муминов. Орта Азия тарихында Әмір Темірдің рөлі мен орны
Әмір Темір бин Тарағай Баһадурдің өмірі мен қызметінде, екі кезең айқын көрсетілген, бірінші кезең (1360-1386 жылдар) Темір үшін, күштерін бірлестіре отырып, түрік пен тәжік ақсүйектерімен бірге мемлекеттердің бытырауына қарсы, қанішер, дүниеқұмар ұсақ бектер мен сұлтандарға қарсы – ортағасырлық ортадан тепкіш күштерге қарсы, Мауереннахрда тәуелсіз, күшті Монғол феодалдық хандығын құру үшін күресуімен сипатталады. Екінші кезеңде (1386-1402 жылдар), Шарафуддина Али Йезди – юриштің пікірінше, үш жылдық, бес жылдық және жеті жылдық аталатын, Темір жорықтары жүргізілді. «Зафарнома», Темір мен оның мемлекеті туралы тарих бойынша, оны алғашқы, бағалы дереккөз ететін нақты материалдарға бай. Сонымен қатар, ол тарихи оқиғаларды жиі әсерлі, көркем етіп берген. Өте бағалы хабарлама деп, Шарафуддина Али Йезди, Темір, жазбаларды бірнеше рет қайтара тексеріп, қажет болған жағдайда, оқиға болған жерден қосымша мәлімет алу үшін, елші жіберген, сипатталған оқиғалардың нақты, хронологиялық реттілігінің дәл және олардың тарихының растығына қатты көңіл бөлген. Йезди 1360-1361 жылдары, Амир Хаджи Барлас Қашқадария оазисізінің бастшысы, Тоглу-га-Темір-ханның әскерлерінен сақтану үшін, Хорасанға қашты, ал оның атқосшысы Темір, өзінің Отанында қалуы керек екендігін түсінді. Ол Амир Хаджи Барласуға: «Уәләяттардың жойылуын тоқтату үшін, және басқару биліктерін сақтап қалу үшін, сіз Хорасанға, ал мен Шахрисабзқа қайтқаным дұрыс шығар, мен ханға қызмет етуге барамын», - деді. Темір саясатының білінуінің бірін, Шарафуддин Али Йезди, өз шығармасында, үкімет билігін жеңіп алғаннан кейін, ақсүйектер, бас шенеуніктер, әкімшілер, әскер басылары және арстократияның елшілерін шақырған Қаріп, Қарабаге, Самарқан және т.с.с. құрылтайлары негізінде жобаланған құрылтайды жүргізу туралы толық, нақты ақпарат береді. Осылайша, Шарафуддина Али Йездидің шығармасы, жоғары феодалдық қабаттардың жиналысы сияқты, Темір шақырған құрылтайдың табиғилығын толығымен ашады. Бұл құрылтайларда, мемлекет пен билік үшін өмірлік маңызды шешімдер қабылданып, шұғыл шаруашылық және мемлекеттің әскери істері талқыланды. Осы берілген болжамдардың әр бірінде бір шындық бар, бірақ та, айқын себебі, Самарқан өзінің географиялық орналасуы арқасында, Мауереннахрдың орталығында тұр. Қала су ресурстарына өте бай, үш жағынан таулар қоршап тұр, бұл жерде үш ауалы ағын бірлеседі: таулы, көлді, және оран, дала және көгалдар. Самарқанда сол кезде мемлекет игілігіне берілген, бағалы түсті, сирек кездесетін және құрылыс материалдар қоры бар. Осының бәрі, Темірдің Самарқанды астана етіп таңдауына әкелді. В.В. Бартольтің пікірінше, Темірдің ойынша, Самарканд, дүние жүзіндегі бірінші қала болуы керек; осы пікірдің ішкі көрінісі, Бағдад, Дамас, Мысыр (Каир), Шираз және Султани атауын алған мұсылман елдерінің басты қалаларын, Самарқанның төңірегіне салу болатын. Темірдің кезеңінде, ұлы мемлекеттің маңызды дереккөзі, шеберлікке, егіншілік, мал шаруашылығы мен саудагерлікке көп көңіл бөлінді. Бұл қарым – қатынаста, Шарафаддин Али Йезди жазған «Зафарнома» шығармасында: Темір «Мауереннахр елінің азаматтарын үш жылға салық төлеуден босатты», осылайша диқан-егіншілердің мен қолөнершілердің экономикалық жағдайын жеңілдетті.
