- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Темірдің түзіктері
- •Тоқтамыс ханның талқандалуына арналған шаралар
- •Тоқтамыс - ханның талқандау жобасы
- •Низам-ад дин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •2.1 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •2.2 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2.3 Ибн Арабшах «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур»
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.3 Ибн Арабшах «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур»
Тоқтамыстың, Дешті Қыпшақ сұлтаны мен Түркістанға шабуылы жөнінде. Ибн Арабшахтың «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур» кітабын пайдаланбаған тарихшы – теміршіні табу қиын шығар. Осы қолжазбаны, В. В. Бартольд, Ю. Якубовский, Б. Гафуров, Б. Ахмедов, Я. Гулямов. И. Муминов, А. Мухаммаджанов және басқа да әйгілі академиктер пайдаланған. Бірақ ешқайсысы бұл қолжазбаны орыс тіліне аударған емес. 1992 жылы У. Уватов осы қолжазбаны өзбек тіліне аударып, оны екі кітапта жариялады. Орыс тіліне қысқаша аудармасын біз, У. Уватовтың өзбек нұсқасынан алдық. Көптеген тарихшылар, тарихи еңбектерін, сол немесе басқа деректердің дерекнамалық сараптамасынсыз жазып үлкен қателік жасайды. Мұндай тарихшылар, алғашқы дереккөзді, әдеттегі дереккөзден айыра алмайды. Барлық дереккөздер де алғашқы дереккөз бола бермейді ғой, оның үстіне барлық дереккөздер ақпаратты рас бере бермейді. Мысалы, біз, өздерін Өзбекстанның тарих ғылымының көрнекті кемеңгері деп санайтын бірқатар заманауи тарихшыларды атай алатын едік, бірақ та олар тарихи тұлғаларды бағалауда немесе тарихи оқиғаларды баяндауда дөрекі қателерге жол береді. Дереккөздер барысында, ресми құжаттар: қол қою мен мөрмен бекітілген, қаулылар, көпестік және басқа заңды құжаттар, алғашқы дереккөздер ретінде үлкен орын алады. Көптеген тарихшылар, баянаттар, жоғары қызметтегі адамдар мен оқиғаға қатысушылардың анықтамалары, бірінші дереккөз деп санайды. Бірақ та, оларға мұқияттылықпен және сақтықпен қараған дұрыс. Өйткені, сол немесе басқа болған оқиғаны авторлар, өздері сол оқиғаларға қатысы болмаса да, дұрыс қабылдамаған жағдайлар болған, дұрыс түсіндірмейді немесе саналы түрде оқиғаны бұрмалайды. Бұл жерде жеке және пайдакүнемдік мақсат қудаланады. Дерккөздер барысында сонымен қатар, тарихи қолжазбалар кітаптары дереккөздер ретінде орын алады. Мұндай қолжазбаларда, құрастырылған бөлімдерден басқа, авторлардың өзі қатысқан, сол немесе басқа тарихи оқиғалар туралы құнды ақпарат беріледі. Мұндай бөлімдерді, жоғарыда айтылған ескертпелерді есепке ала отырып, алғашқы дереккөздердің тобына жатқызуға болады. Темір мен Султан Хусейннің арасындағы өзара тартысты көріп, Тоқтамыс ханның Дешті султаны мен Татардың қаны қарайды. Бұл шежіре мен көршіліктен болған. Ол өте көп солдаттар жинап, әскерлерін теңіз сияқты, Сығанақ пен Отырар арқылы, Темірдің лагеріне жіберіп отырған. Темір, оған қарсы өз әскерлерін Самарқаннан алып шықты, да Түркістанға жақын жердегі Ходженд өзенінің жағасында кездесті. Бұл теңіз Сайхун деп аталады. Ал Самарқан Сайхун мен Джейхун өзендерінің арасында орналасқан. Екі әскерлер арасында «базар» соғысы лаулап жанды. Олардың арасындағы бұл шайқаста, сатып алу - сату сияқты, базар жүріп жатты, Темірдің әскерлері шайналмай жатып, Темірдің соғыстың диірмен ұнтақтағышы сияқты айналып жатты. Темірдің жауынгерлері тарайын деп жатқанда және олардың әскерлерінің бауы шешілейін деп жатқан кезде, Саид Барака атты бір адам Темірге келді. Ол, сол кезде өте ауыр халде тұрған Темірге жақындап: «Эй, афанди Саид, менің әскерлерім жеңілді», - деді. - Қорықпа, - деді оған Саид (Барака). Атынан түсіп, жерден бір уыс топырақ алды да, Темірді қыспаққа алған жаулардың бетіне шашып жіберіп, «дұшпан қашып барады» деп айқай салды. Темір де, өзіне көмек қолын созған шейхқа еріп, оның әрекетін қайталап, айқай салды. Темір, Аббастың даусымен айқай салғанда, ол, тамақтары құрғап қалған түйелерді су ішуге шақырып жатқандай болды. Сонда, бұзауына емірене қараған сиыр сияқты, Темірдің әскерлері оған қарады да, бар күшімен жауды жоюға кірісті. Дені сау және жарақаттанған жауынгерлер де, барлығы бар даусымен «жау қашып барады» деп айқай салды. Содан кейін олар, бір – бірін қолдай отырып, бір адамдай жауға қарсы шапты. Тоқтамыстың әскерлері жеңіліс тапты, және «артқа шегініп, әр жаққа бытырап қаша жөнелді". Темірдің әскерлері, қылыштарын жаудың мойнынан қойып, жеңістерімен оларды өлімге апарды. Олар көптеген байлықтар мен малдарды қолды етті және орта әскер басылары мен басқаларын тұтқынға алды. Содан кейін Темір, Самарқанға қайта оралды - сонымен бірге ол Түркістан мен Ходженд аумағын қайта қалпына келтірді. Саид Барака Темірдің ұлылығына ие болды, ол қайта жаулап алынған жерлердің басқарушысы болып тағайындалды. Осы Саид туралы көптеген әңгімелер бар. Кейбіреулер, оны, (сүлікпен) қан алумен айналысып, Египетте тұрған, сосын Самарқанға келіп, өзін сеид атап, ұлықталды, оның абыройы өсті дейді, кейбіреулер, оны қасиетті Мединенің тұрғыныдеп айтады, ал басқалары, оны нұрлы Меккенің тұрғыны болған дейді. Қандай болғанда да, ол Мәуереннахр ме Хорасан қалаларының атақты адамдарының бірі болған – әсіресе, жоғарыда айтылғандай, Темірді кездейсоқ қысымнан құтқарып қалғаннан кейін қол жеткізді. Содан кейін Темір оған: «Меннен қалағаныңды сұра», - деді. Ол Темірге: «Эй, мавлана Әмір! Қасиетті және нұрлы қалалар, түрлі мемлекеттерді көптеген уақыптарға ие. Олардың ішінде, Хорасан жерінде Андха бар. Мен және менің балаларым да осындай қайырымдылыққа лайықтымыз. Егер де, кіріс пен шығысты санасақ, басқа ұсаұ – түйектерді анықтап және уақыптардың кірген кірісі мен шығындарын санасақ, онда менің және менің балаларымның үлесі олардан кем болмайды. Маған да «иктаъ» түрінде бер», - деді. Және Темір «иктаъ» ретінде, қышлақ қарамағындағы жерлерді сыйға тартты. Сол жерлер, қазірге дейін оның ұрпақтары мен немерелеріне тиесілі. Темірдің Самарқанттағы көтерілістерді басуы. Самарқанда өте көптеген бағынбайтын топтар көп болды, олардың арасында түрлі адамдар: батырлар, сотқарлар мен емшілер болды. Олар кайс пен Яман тайпалары сияқты, екі топқа бөлініп, әрдайым араларында жиренішті әрекеттер мен соғыс бролып жатты. Әрбір топтың өздерінің басшылары, тіректері және қызметшілері болды. Қаншалықты беделді болса да, Темір олардың өзіне қарсы әрекет жасауынан күдіктенді. Ол қаладан шығып кете салысымен - ақ, міндетті түрде бір ұйымның бір тобы, тәуелділікке қарсы шығып, оған сес көрсететін. Темір, әрбір жорықтан қайтқан сайын, тәртіптің бұзылғандығын көретін, оның беделінің шайқалғанын және істерінің былыққанын көретін. Осыған сәйкес, ол бәрін басынан бастауға немесе қайта жасауға мәжбүр болатын. Ол кейбіреулерді өлім жазасына кесетін, кейбіреулерін өз лауазымдарынан шеттетін, ал кейбіреулеріне сыйлықтар беретін. Қайтадан жолға түсіп, орнына келтіретін. Сөз тыңдамайтындар өздерінің қарсы әрекеттерін жалғастырып, өтірік пен айлакерлікке баратын. Мұндай жағдай тоғыз рет қайталанатын. Темірдің бүлікшілерге қарсы қандай шара қолдану керектігіне білімі жетпетініне басы ауыратын. Осы үшін ол үлкен той ұйымдастырды, оған үлкенді – кішінің бәрін шақырды, кәсіпкерлерді өзінің саркарының қасына отырғызды. Ал бүлікшілер мен олардың жетекшілерін, Темір, Ануширван ибн Кайкубад секілді жеке отырғызды. Темір батыстықтарды өздерінің көмекшілеріне жақын отырғызды және олармен өздеріне жіберетіндер өлім жазасына кесілгендер екендігі туралы келісті. Оларға бағытталғандар шартты заң болды. Сосын Темір, шақырылған көсемдерге бағалы шапандар тарата бастады және өз қолымен шарап құыйп берді. Бүлікші көсемдерге жеткенде оларға бағалы шапан сыйлап, оларды батыстықтар жаққа апаруларына белгі беріп отырды. Олар батыстықтардың жағына бара салысымен, үстілерінен бағалы шапандарын шешіп алып, оларды мәңгілік орындыққа отырғызып, өмірлерін қиып жатты. Осылайша, Темір, олардың бірін қалдырмай түп тамырымен жойып, ізін де қалдырған жоқ. Нәтижесінде, өзінің жолына кедергі болған қарсыластарынан құтылып, Темірге жол ашылды. Мәуереннахрда оның жолын кесетін ешқандай жан қалған жоқ. Бұл арада, Самарқан мен оның аймақтары: жеті туманды Самарқан, Андиган және оның тоғыз аймақтан тұратын аумағы, одан он мың әскер қалыптасады. Самарқан Мәуереннахрдың атақты қалаларының бірі болып табылады, және айтылғандай, өте ардақты жер болып саналады. Айтуларынша, ертеде, Самарқан мен оның қабырғалары он екі фарсах болған деседі. Бұл Шыңғыс ханнан алдын, Джалалуддин султанның кезеңінде болған. Мен, Темір тұрғызған, Самарқанның батыс жағындағы, Дамаск аталатын қаланың қабырғаларын көрдім. Бұл қалашық Самарқаннан жарты күн жүретін аралықта орналасқан. Адамдар күні бүгінге дейін, ежелгі Самарқанды қазып жатыр және ол жерден күпірлік қолжазбалар, дирхемдер мен филстер тауып алып жатыр. Филс – шақаларды балқытып, олардан күміс ажыратып алады. Маргийнан да Мәуереннахрдың қаласы табылады. Ежелгі уақытта ол астана болатын және ол жерде Иликхан болды. "Хидаи"дің авторы, құрметті шейх, оқымысты Бурхануддин ал-Маргийнаний – оны Алла қолдасын, – Маргийаннан шыққан. Ходженд Сайхунның жағасында орналасқан, ал Термез Джейхунның жағасында орналасқан. Сондай – ақ, Нахшаб – ол туралы айтылған болатын, – Қаршы, және Кеш, Бухара мен Андижан да бар. Олардың барлығы атақты және олардан басқалары да бар. Аймақтардан, Бадашхан аумағы, Хорезм, Саганиян өлкесі және одан басқа көптеген шегі жоқ алқаптар мен аймақтары бар. Осы өлкенің халқының айтуынша, Джейхуннан шығысқа қарап жайылып жатқан жерлер Туран деп, ал батысқа қарап жайылып жатқан жерлері Иран деп аталады. Кайкавус пен Афрасияб екеуі мемлекетті бөліп алған кезде, Туран Афрасиябқа, ал Иран – Кайкубадтың ұлы Кайкавусқа тиесілі болды. Ал Ирак Иранның батысы болып табылады. Мәуеренахрды толықтай басып алуы. Мәуереннахрдың жерлерін толықтай өзіне қаратқаннан кейін, және сол кезеңнің қыңырлары оның ырығына көнгеннен кейін, Темір басқа мемлекеттерді басып алып, оның тұтқындарын күңдікке айналдыра бастады. Жер жүзіндегі патшалар мен шет мемлекеттердің султандарының аңшылығына арнап, ол айлакерлікпен ау қоя бастады. Бірінші кезекте ол, монғолдармен жақындасты, олармен құшақтасып, аймаласып, оларды сыйлықтармен көмкеріп, олардан сыйлық ала бастады, және Камаруддин – падишахының қызына үйленді. Осылайша, Темір олардан келетін қауп – қатерден толығымен құтылды. Монғолдар олардың шығыс көршісі болды және олардың арасында ешқандай айырмашылық қалмады. Өйткені, олардың арасында жасалған туыстық, құдалық және көршілік осыған себеп болды. Дін де, екі мемлекетте де, Шыңғыс хан орнатқан библия болды. Осы себептен Темір, монғолдар жағынан сойқандық болмайтынына жаны тыныш болатын. Темірдің аймақтарды, бірінші кезекте Хорезм жерлерін бірлестіріуі. Монғол қитұрқылықтарынан қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін және оларға шектеу қойғаннан соң, Темір Хорезм жерлерін өзіне қаратқысы келді. Хорезмдіктер, батыстың сол жағынан, Темірге көрші болды және олардың айырмашылығы , оларда мұсылмандық тәртіп орнатылған болатын. Джурджан олардың астанасы болды және өте ежелгі қалалардың бірі болатын. Негізінен бұл мемлекет, ежелгі қалалар мен үлкен аймақтарға бай. Оның астанасы, ғалым, дарынды адамдар жиналатын, ақылды жазушыларға баспана, тәрбиешілер мен ұлы адамдар үшін бұлақ көзі, ұлы, ардақтылар үшін тау кені, ақиқат іздеушілер үшін теңіз дереккөзі, қателескендер үшін өз жолдарын табатын жер болған. Хорезм азық – түліктері, дәмдерінің молшылығы мен бітпейтіні, сан жетпейтін табиғи байлыққа ие. Бұл мемлекеттің султанының аты, жалған дінге жат, Хусейн Суфи болатын. Мәуереннахрдың қалалары, сырттан қарағанда бір – біріне ұқсас келеді, өйткені, олар жерге ылғал, күйдірілген кірпіштен салынған. Хорезмдіктер, самарқандықтар сияқты өте сүйкімді келеді, ал сезімдерінің нәзіктігі жағынан самарқандықтарға қарағанда басым келеді. Олар өздерін өлең жазуға, әдебиетке, және жоғары қабілеттілікті талап ететін, соның ішінде, музыка ғылымына және ғажайып еңбетермен түрлі әндер жазып шығарды. Бұған әрбір жоғары лауазымды адамдармен қатар, жай адамдар да атсалысатын. Хорезмдіктер туралы келесі кеңінен тараған. Егер де бесікте жатқан нәресте, жылап, «ох» дейтін болса, онда осы дыбыстардан «Дугох» әуені естіледі дейтін. Темір Хорезмге келгенде, Хусейн Суфи жоқ болатын. Ол Хорезмнің шет аймақтаны мен қолы жеткен жерлерінің бәрін басып алды. Бірақ та, Хорезмді алудың сәті түспеді. Ол оған мән бермей, өз жауынгерлерін жинап алып, өз Отанына қайтты. Хорезмге қайта келуі туралы мазмұндама. Содан кейін Темір, шешімге бел буып, өте үлкен әскерлер санымен дайындықпен, екінші рет Хорезмге жорыққа шықты. Оның султаны әлі де орнында жоқ болатын. Темір, әдемі ұалыңдық Хорезмнің жігіті сияқты болды. Ол қаланы қоршауға алып, жолдарды жапты. Сонда, өз султанына берік, қала тұрғыны, саудагерлердің бірі, оның аты Хусан Суриж болатын, Темірдің алдынан шығып, оларды осы ауыр халден босатуларын, есесіне қалаған тұтқындары мен байлығын бергуге дайын екендіктерін жеткізді. Темір, өзінің қазынасына салынатын он екі атқа сыятын күміс сұрады. Бірақ та, Хусан Суриж, Темірге жалынып – жалбарынып, оның сұрағанының төрттен бір бөлігін беруге келісімін алды. Хусан Суриж сол арада, өз қазынасынан қажет болған күмісті өлшеп алып берді. Осыдан кейін, Темір әскербасыларға, хорезмдіктерге ешқандай зиян келтірмеу туралы бұйрық берді де, Самарқанға қайтуға бел буды.
