Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПор алфавитный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523 Кб
Скачать
☆

Диэлектриктердің поляризациясы (Поляризациялану) (59-сұрақ)

Сыртқы өріс әсерінен атомдар, молекулалар немесе кристалл ішіндегі байланысқан зарядтардың ығысуы ПОЛЯРИЗАЦИЯ деп аталады. Поляризация әсерінен дипольдер пайда болады.

Сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың қайта таралып орналасуы диэлектриктің поляризациясы деп аталады.

          Диэлектриктің поляризациясын сандық сипаттау үшін поляризация векторы енгізілген. Бірлік көлемдегі дипольдік моменттердің қосындысын поляризация векторы деп атайды. Өлшем бірлігі ,

Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы(18-сұрақ)

Егер болса, онда

бұл қорытқы импульс

Импульс моментінің сақталу заңы: денелер жүйесіне түсірілген барлық сыртқы күштердің қорытқы импульс моменті жүйенің импульс моментінің өзгерісіне тең. Егер жүйе тұйықталған болса, сыртқы күштердің қорытқы моменті нөлге тең, яғни L=Jω=const, Бұл импульс моментінің сақталу заңы да. Яғни, тұйық жүйедегі импульс моменттерінің векторлық қосындысы тұрақты болады.

Идеал газ түсінігі. Газдардағы изопроцестер (25-сұрақ)

Идеал газ деп бір-бірімен әсерлесу күштері ескерілмейтін, өзара және ыдыс қабырғасымен соқтығысулары абсолют серпімді болатын ретсіз қозғалыстағы материалдық нүктелер жүйесін айтады. Идеал газдың күй теңдеуі – термодинамикалық параметрлер арасындағы функционалдық байланыс: . Көптеген тәжірибе нәтижелерін қорыта отырып, Менделеев (1874), бір моль идеал газ үшін келесі теңдеуді анықтады: . Мұндағы – газдың молярлық көлемі; – универсал газ тұрақтысы . Массасы , көлемі идеал газдың күй теңдеуі: . .

Изохоралық процесс (V=const) деп газды қыздыру немесе суыту процестері тұрақты көлемде өтетін процестерді айтады. Мұндай процестер үшін идеал газ күйінің теңдеуін келесі түрде жазған ыңғайлы: . Кез-келген тепе-теңдіктегі процесс үшін термодинамиканың бірінші заңын келесі түрде жазуға болады: .

Бір моль газ үшін .

Изобаралық процесс ( )деп газды қыздыру немесе суыту процестері тұрақты қысымда өтетін процестерді айтады. Мұндай процесс үшін идеал газдың күй теңдеуін оң жағында тек тұрақты шамалар қалатын түрінде жазған ыңғайлы. Бұл теңдеуден изобаралық процесс үшін келесі тұжырымдама жасауға болады: газдың берілген массасы үшін тұрақты қысымда көлем температураға пропорционал өзгереді: .

Изотермиялық процесс деп тұрақты температурада өтетін термодинамикалық процестерді немесе олардың ұлғаюы немесе сығылуы кездерінде сыртқы орта мен газ арасындағы температура айрымы тұрақты болып қалатын процестерді айтады. Идеал газ күйінің теңдеуінің оң жағындағы шамалар тұрақты болғандықтан: .

Бұл процесте идеал газдың ішкі энергиясы өзгермейді: болғандықтан

Идеал газдардың молекула-кинетикалық теориясы.Орташа квадраттық жылдамдық (27-сұрақ)

Идеал газ үшін молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі жүйенің тәжірибеде өлшенетін р макроскопиялық параметрі мен бөлшектің микроскопиялық параметрін байланыстырады ( ): ,мұндағы –молекула массы, п –молекулалар концентрациясы; – газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы (көп жағдайда түрінде белгіленеді).

Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін келесі түрде жазуға болады:

.

Қысым бірлік көлемдегі молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының 2/3-не тең болады. Олай болса, қысым күштік сипаттама ғана емес, энергетикалық сипаттама да болып та табылады.