Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПор алфавитный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523 Кб
Скачать
☆

Механикалық күштердің түрлері:үйкеліс, тартылыс күштері(6-сұрақ)

1) Тартылыс күші (гравитациялық күш). Бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша әр түрлі екі материалдық нүктелер бір-біріне белгілі бір күшпен тартылады, ол күш олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал ( және ) және арақашықтығының r квадратына кері пропорционал мұндағы - гравитациялық тұрақтылық.

2) Дененің үйкеліс күші дене беті басқа денемен үйкелетін болса пайда болады: , Мұндағы - бір–бірімен үйкелетін дененің табиғатына байланысты пайда болатын дененің үйкеліс коэффициенті, - үйкелетін беттерді бір-біріне қысатын нормаль (перпендикуляр) қысым күші. Үйкеліс күші үйкелетін беттерге жанама бойлап бағытталып дене қозғалысына қарама-қарсы бағытталған болады.

2.6 Импульстің сақталу заңы (7-сұрақ)

Тұйық жүйеге сыртқы күштер әсер етпейді ( ). Сондықтан да динамиканың негізгі заңынан мынадай өрнек келіп шығады: не .

Тұйық жүйедегі материалдық нүктелер импульсі уақыт бойынша өзгермейді. Бұл табиғаттың іргелі заңы. Ол кеңістіктің біртекті болуының салдары: денені тұйық жүйеде параллель көшіргенде оның физикалық қасиеттері өзгермейді.

(47-сұрақ)

Математикалық маятник– салмақсыз, созылмайтын, ұзындығы жіп пен оған ілінген, тек ауырлық күші әсерінен ғана тербелетін массасы материалдық нүктеден тұратын жүйе. Оны физикалық маятниктің дербес түрі ретінде қарастыруға болады. Сондықтан оның периодын (6.13) формуламен анықтауға болады. Тек орнына материалдық нүктенің нүктесіне қатысты инерция моментін ( ), физикалық маятниктің келтірілген ұзындығының орнына жіптің ұзындығын қою керек:

Нақты сұйықтық түсінігі. Тұтқырлық. Стокс әдісі (22-сұрақ)

Гидродинамика – сұйық орта қозғалыстарының заңдылықтарын және оның денелермен әрекеттесуін зерттейтін механиканың бір саласы. Гидродинамикада идеал сұйықтықтық моделі қолданылады. Оның тығыздығы барлық жерде бірдей болады. Сұйықтықтың қозғалысы ағын деп аталады. Сұйықтың тұтас орта ретінде қарастырылып, ағында үзіліссіз орналасқан болады.

Тұтқырлық деп нақты сұйықтықтардың қабаттар арасында ішкі үйкеліс құбылысының пайда болуы айтылады. Бұл жағдайда сұйықтықтың қабаттары арасында олардың беттеріне жанама бағытта ішкі үйкеліс күші пайда болады.

, мұндағы –жылдамдық градиенті, ол осьі бағытында бір қабаттан екіншісіне өткен кезде жылдамдық қалай тез өзгеретінін көрсетеді; – жанасатын қабаттардыңбетінің ауданы; – динамикалық тұтқырлық коэффициенті.

, r – шар радиусы, - оның қозғалыс жылдамдығы. Бұл өрнек Стокс теңдеуі деп аталады. Стокс өрнегі лабораториялық практикум сабағында сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтау үшін қолданады.

Ньютон заңдары. Күш. Масса(5-сұрақ)

І заңы.. Ньютонның бірінші заңы орындалатын жүйелер инерциалды санақ жүйелері деп аталады. Күш – денеге басқа денелер жағынан немесе өрістер жағынан механикалық әсер етудің арқасында пайда болатын векторлық шама. Денеге әсер ететін бірнеше күшті, олардың геометриялық шамасының қосындысымен анықталатын, тең әсер етуші күшпен алмастыруға болады. Дененің массасы –ілгерілемелі қозғалыс кезіндегі дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама..

ІІ заңы. Материалдық нүкте динамикасының негізгі заңы. Ньютонның екінші заңы тәжірибе жүзінде анықталды: материалдық нүктенің үдеуі оған әсер етуші күшке тура пропорционал және бағыттас, ал нүкте массасына кері пропорционал .

ІІІ заңы. Материалдық нүктелердің бір-біріне тигізген кез-келген әсері өзара әсерлік сипаттамаға ие болады: екі материалдық нүктенің өзара әсер күштері модулдері бойынша тең және оларды қосатын түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған болады: .