Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
камелет тергеу дип раб.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

2. Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері

2.1 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы

Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы деген түсінік беру XX ғасырдың 60-70- ші жылдарында қалыптаса бастады.

Криминалистика тергеу және басқа да құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсерін тигізеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға қажетті тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындауға мүмкіндік береді.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұны және құрылымы, оның ғылымдағы орны мен тәжірибелік қызмет үшін маңызы туралы әрқилы ойлар ғалымдар арасында айтыс туғызды және әлі күнге дейін жалғасын табуда.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамаларына және олардың түрле­ріне қатысты кең көлемді криминалистикалық әдебиеттер арналған. Шамасы осы ғылыми категорияны зерттеудің белсенділік «шыңы» осы категорияның мәні мен мазмұнына көптеген белгілі ғалымдардың көзқарастары айтылған ғылыми еңбектер жинағы жарық көрген 1980-жылдардың орта тұсында бой алды. Авторлардың басым көпшілігі, тергеу әрекетінде осы ғылыми кате­горияларды пайдалану тергеу жүргізу ісін оңтайландыра түсетіндігін көрсет­кен. Соның нәтижесі криминалистикалық сипаттамалардың жалпы және жеке мәселелеріне арналған жеткілікті санда жұмыстар пайда болды.

Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесіндегі қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының маңызын, мазмұнын және түсінігін анықтау мәселесіне байланысты пікір таластар 70-80 жылдары көрініс ала бастады және дәл осы мәселеге Москва (1976, 1984 ж.ж.) және Свердлов (1978ж.) қалаларында өткен Халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар арналды, олардың нәтижесі ғылыми жұмыстар жинақтарында жарияланды.

Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасына авторлармен әр уақытта әр түрлі анықтамалар берілді. Бір авторлар қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын «ғылыми категория» дейді, біреулері «ақпараттық үлгі, немесе оқиғаның ықтимал үлгісі» дейді, тағы бірі «қылмыстың криминалистік классификациясының екінші формасы» деп атайды.

И.Ф. Герасимов және Л.Я. Драпкин қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын криминалистиканың категориясы ретінде қарады және оның қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесінде маңызды орны бар деп атап өтті. Аталған категория мәліметтер мен білімдерден тұрады, олар жалпы әдістеме үшін қажет және тергеу органдарының практикалық қызметінде өз пайдасын тигізеді,- деп маңызын түсіндірді.

А.Н. Колесниченко және В.Е. Коновалов болса қылмыстың криминалистік сипаттамасын қылмыстарды тергеу барысында тергеу болжауларын құру үшін және оларды тексеру үшін көмектесетін, жасалған қылмыстың белгілерінің өзара байланысын көрсететін, қылмыстың нақты түрлерінің криминалистік маңызы бар белгілері туралы жинақталған мәліметтердің жүйесі ретінде қарастырды.

Олардың түсінігінде криминалистикалық сипаттама қылмыстың нақты бір түрінің немесе тобының типтік белгілерінен тұратын, қылмыстың типтік үлгісі болып табылады.

Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстың ақпараттық үлгісі және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде қарастырады. Мамандардың пікірлері бойынша, криминалистикалық сипаттаманың тәжірибелік маңызы – оның ғылыми негізделген нұсқауларды жасауға, тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тергеудің неғұрлым обьективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін таңдауға, сондай-ақ жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде.

Криминалистикалық сипаттама – қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алудың тиімді тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы мәліметтердің, мән-жайлардың жүйесі болып танылады.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұны белгілі бір категориядағы қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы криминалистикалық маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы түсінік пен ілімді қалыптастыру – криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінің одан әрі жетілдіруіне ықпал етеді.

Әйтседе, криминалистикалық сипаттаманы тергеудің жеке әдістемесінің құрамына кіргізуді көп ғалымдар қолдамайды. Бұл категорияның қажеттігіне және оның практикалық маңызына күмәнмен қарайтындар да бар.

Әйгілі криминалист Р.С.Белкин қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы деген түсінікті қолдануға қарсы ашық көзқарас білдіріп, белсенділік көрсетті. «Көптеген криминалист-ғалымдардың санасындағы қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының қазіргі күйі ғалымдардың да және тәжірибе қызметкерлерінің де оған артқан үмітін ақтамады, қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы иллюзияға айналып, өз-өзін жеп бітті» - дейді ол. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы жеткілікті репрезентативті материалдарға негізделмеген, дәл осы күйінде қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы еш жаңалық бермейді және тергеу тәжірибесінде қолданыс таппайды деп санайды.

Әрине бұл таң қаларлық ой, өйткені қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы теориясының негізін қалайтын еңбектер Р.С. Белкиннің өзімен жасалған болатын және бұл теориялық ережелер жекелеген қылмыстарды тергеудің әдістемесімен, сондай-ақ Л.Г.Видоновпен қолдау тапқан болатын.

Аталған авторлардың көзқарастарына нұқсан келтірмей, олармен санаса отырып, криминалистикалық сипаттаманың маңызы мен рөлін қолдап келе жатқан ғалымдардың ұстанымдарын біз негізді деп санаймыз. Мысалы, ғалым О.Я.Баев криминалистика ғылымының даму бағыттарының қатарына қылмыстың жекелеген түрлерінің криминалистикалық сипаттамаларын жасауды жатқызады. Оның пікірінше қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы қылмыстарды тергеуді белсендіреді, сондай-ақ тергеу және жедел-іздестіру болжауларын құруға жағдай туғызады.

Әртүрлі көзқарастарға қарамастан, көптеген ғалымдар криминалистикалық сипаттаманы жеке әдістеменің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде қарастырып оның жетістіктерін бағалауда.

Қазіргі кезеңде қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының криминалистика ғылымында өз алдына жеке сала ретінде нақты орын алып, қылмыстарды тергеу әдістерін жетілдіруге өз үлесін қосады.

Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесін өңдеу және жетілдіру барысында авторлар қылмыстың криминалистикалық сипаттамасымен байланысты мәселелерді айналып өте алмайды және мақалаларда, монографияларда және диссертацияларда бұл мәселелерді көтеріп, кешенді зерттеу жұмыстарында қолданып жүр.

Криминалистикалық сипаттаманың тәжірибелік маңызы да бар, тергеудің бағытын анықтауда, шұғыл шешілуі тиіс мәселелерді анықтағанда, болжаулар құруда, қылмыскердің ықтимал тұлғасын анықтағанда, қажетті тергеу әрекеттерді жүзеге асырғанда үлгі болады.

Келтірілген дәлелдерді ескере отырып, біз де өзіміздің тарапымыздан келесі көзқарастарды ұсынамыз.

Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, қылмыс оқиғасының болжамалы моделін көрсету болып табылады, біздің жағдайымызда денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстары саналады.

Қылмыстық заңға сәйкес кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Көбіне мұндай тұлғалар үлкендер жасайтын қылмыстарды да жасап жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының екінші бөлігіне сәйкес, қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені, денсаулыққа қасақана ауыр немесе орташа ауырлықтағы зардап келтіргені, зорлағаны, ұрлық жасағаны, кісі тонағаны, ұрып-соққаны, қорқытып алғаны және де бірқатар қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы өзінің белгілі өзгешелігімен ажыратылады. Осылайша, мүліктік қылмыстарға қатысты тікелей қылмыстық қастандылық заты ретінде көлемі кішкентай жеңіл тасымалданатын заттар жүреді (әдетте, жастар арасында қадірлі заттар – кросовкалар, күртелер, джинсилар, бейнекассеталар, үн және бейнетаспалар және т.б.).

Аталмыш тұлғалардың қылмыс жасау тәсілдері әдебиеттерден, кинодан, теледидардан белгілі ересек қылмыскерлердің іс-қимылдарына еліктеу арқылы сипатталады. Үлкен арандатушы бар кәмелетке толмағандар бар тобымен жасаған қылмыстарды санамағанда, басқалардың қылмыстық іс-қимылдары бейберекет, тұрақсыз, болады, қылмысқа мұқият дайындық болмайды, қылмыс іздерін жасыруға әрекет көбіне жасалынбайды.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың жағдайы, уақыты және орны да өзгеше болып келеді. Кешкілік уақытта кәмелетке толмағандар тарапынан көбіне бұзақылық, денсаулыққа зардап келтіру, қарақшылық, тонау тәріздес қылмыстар жасалынады; ал күндізгі уақыттарды – пәтерлерден ұрлық жасау, жыныстық қылмыстар және тағы басқа құқық бұзушылықтардың түрлері жасалады. Қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандар кейде бұзақылық әрекеттер, жаппай тәртіпсіздіктер (әсіресе, футбол командаларының жанкүйерлері) жасайды. Жасөспірімдер қылмысты көбіне тұрғылықты жерлерінің маңайында іске асырады.

Қылмыскерлер қалдыратын іздерінің ерекшеліктеріне келетін болсақ, осындай санаттағы қылмыстар бойынша материалдық іздер (қол, аяқ, тіс іздері, аэрозольдық бүріккіштер көмегімен қабырғада қалдырылған әртүрлі жазулар). Мұндай ақпараттардың қылмыстың интеллектуалдық іздері туралы мәліметтермен толықтырылатын көріністері де аз емес (жасөспірімдердің құқық бұзушылық әрекеттерін куәгерлер, жәбірленуші және басқа да хабардар тұлғалардың байқап тұруы).

Жасөспірімдер қылмысты топтасып та жасайды. Осылайша, топпен ұрлықтың жартысына көбі, тонаудың үштен екі бөлігі және қарақшылықтың 90% жасалынады.

Жасөспірім қылмыскерлер әдетте, жоғары әсерленгіштікпен, көңіл күйдің ауытқуымен қатарласқан ашуландықпен сипатталады. Алайда, қылмыс жасау туралы шешім қабылдау – оның жасына байланысты ерекшеліктер емес, ол әдетте, тұлғаның адамгершілік қасиетіндегі өзгерістер, әлеуметтік дамуындағы тері тәрбиесіне көп байланысты болады.

Өмірлік тәжірбиенің жеткіліксіз болу салдарынан жасөспірімдер нақтылы жағдайға дұрыс баға бере алмайды, соның нәтижесінде әлеуметтік емес мінез-құлықтарды таңдауға бейім тұрады. Сонымен қатар жасөспірімдер өз күштеріне асыра сенеді, үлкендердің іс- қимылдарын талғамсыз қабылдауға әзірлігі және қозғамдардың (мотив) енжарлығы (инфантильность), оларды іс-әрекеттерінің қозғамына қоршаған орта ықпал етеді.

Тәжірбиені талдаудан өткізу нәтижесінде байланысты кәмелетке толмаған қылмыскерлердің елеулі үлесі әрдайым спирт ішімдіктерін немесе есірткі заттарын пайдаланған. Жасөспірімдердің кейбір бөлімі құмыралық ойындарға, күнде тойлап, мақсатсыз уақыт өткізуге құмар болған,әдеттегідей, мектепте олар сабақты нашар оқып, үлгермеушілер қатырында жүріп, басым көпшілігі көркем әдебиттер бетін ашпаған.

Қарастырылып отырған қылмыстар бойынша жәбірленуші ретінде үлкендер де, кәмелетке толмағандар да болады. Үлкендерге қатысты жасөспірімдер әдетте, қылмысты топтасып жасайды( кісі өлтіру, бұзақылық, тонау, қарақшылық және т.б). Замандастарына қатысты жыныстық қылмыстар, денсаулыққа зардап келтіру, бұзақылық көріністер басым болады. Мұндай қылмыстардың бірқатар топтасып жасалады.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының аталған элементтерін бір-бірімен байланыстыра отырып қарастырылған жөн.