Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
камелет тергеу дип раб.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

2.4 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу процесіндегі жекелеген тергеу әрекеттерін тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар

Көптеген жағдайда қылмыстылық сипаты қылмыстың алдын алу жұмысының сапасына байланысты болады. Біраз ғалымдар тергеу әдістерінде крими­налистикалық алдын алу әдістерінің мәселелеріне айтарлықтай назар аударып жүр. Белгілі болғанындай, криминалистикалық алдын алу – бұл қылмыс жасауға итермелейтін мән-жайларды анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды ойластыруға қатысты қызмет.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға сай саналы адам қалыптастыру-мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асырудағы басты мақсат кәмелетке толмағандарды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Көптеген авторлар кәмелетке толмағандармен қылмыс жасауына әсерететін себептерді келесідей мән-жайлармен түсіндіреді:

- Кәмелетке толмағанның жеке басының қалыптасуына жағымсыз әсер ететін мән жайлар;

- Қылмыстың жасалуына тікелей әсер ететін мән-жайлар;

- Қылмыстық нәтижеге жетуге көмектесетін мән-жайлар.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығы жалпы қылмыстың шытырман жақтарының бір ғана тұрақты жағын сипаттайтын құбылыс. Бұл тұрақтылық кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығы мен жасы толмағандар қылмысының сан-алуандылығынан көрініп, оның күн сайын өсіп бара жатқандығын куәгер еткендіктен, оны болдырмау, алдын алу шараларымен қоса, ағаттық істеген баланың жеке басының ерекшеліктерін, қылмыстылық себептерін білуге жол ашады.

Жастық шақ баланың сана-сезімінің жан-жақты толысып, дүниеге көзқарасын өзгертіп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңі. Жастық шақ өтпелі кезеңмен тығыз байланысты. Кәмелетке толмағанның жастық шаққа өтер кезеңі (11-13-15 жас) оның өміріне көп өзгерістер әкелетіні анық. 12-13 жастағы балалар организмі толық қалыптаспағандықтан, бұл оның сыртқы бет-әлбетіне де көп өзгерістер енгізеді. Сондықтан, жастық шақ өтпелі кезең аталып, кейде ата-аналар мен педагогтар үшін «қиын» баланың қалыптасуының әсер етсе, кейде «қиын» жас деген атауды иеленеді. Кәмелетке толмағандардың алып-ұшпа саналатын өтпелі кезеңде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан-жақты зерттеген ғалым П.М. Якобсон, бұл жаста олардың қылмыс жасауға тез еріп кететінін ашып береді.

Өтпелі кезеңде кәмелетке толмағандардың еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы келетіні, көргенін қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы бала өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Кәмелетке толмағанның еліктеуінің салдарынан қылмыс жасауы, қызығыушылығының әсерінен «қылмыс» істеуі көбінесе осы шақта жүзеге асса керек.

Жалпы жастық шақтың ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Талап - тілек ;

2. Қызығушылық;

3. Өмірлік жоспар мен көзқарастар;

4. Жалпы сипаттама.

Ересектерге қарағанда кәмелетке толмаған қылмыскерлердің ерекшелігі ертеңгі күні не боларын ойламаушылық, мән бермеушілік. Кез келген қылмысқа барар алдында белгілі бір мақсат қоймайды, сондықтан, олардың қолымен жүзеге асқан жай әрекеттер көбінесе, бірден тұтанып, бірден іске асады.

Жалпы құқық бұзушы кәмелетке толмағанға болашаққа деген белгісіздік тән. Осы орайда Н.В. Пяяс пен И.А. Солодкиннің зерттеулері олар жасаған қылмыс мүліктік болып келетінін айта келіп, қылмысқа себеп болған ниетті анықтаған:

- бас пайдасын ойлау - 90%;

- достарына ергендер - 2%;

- қызық өмірге ұмтылушылық - 0,9%;

- басқа ниеттер - 3,8%.

Сонымен, біздің ойымызша, қылмыскер балаларға аяусыздық, көрсеқызарлық, көре алмаушылық, менменшілдік, өтірік айтушылдық тән болса, ата-ана тарапынан олардың қадамына бақылаудың болмауы.

Кәмелетке толмағандар ішінде топтасын қылмыс жасау үлкен орын алады. Топтасқан қылмысты болдырмау, алдын алу шараларын іске асырудың басты міндеті.

Дао Чи Ук зерттеулері бойынша, бұзақылық, күш жұмсау, ішкі істер қызметкерлеріне қарсылық көрсету, алдап меншіктегі затты өзі иелену, есірткі алып сату осындай топтасқан топтармен жүзеге асады. Яғни мұндай қылмыстың 80%-і балалардың топтасқан топтарымен жасалады.

Кәмелетке толмағандар қылмысы ересектер қылмысынан ерекшеленеді, ол екеуінің арасындағы айырмашылық-кәмелетке толмағандар қылмысты жалғыз өзі сирек жасайды. Бұдан олардың өзіне деген сенімсіздігін байқай отырып, сенімсіздіктің ең алдымен ойлаған ойын іске асырмай күйреуіне әкелсе, екінші жағынан бала бойында қорқыныш тудырады. Үрейдің билеуі оның жат әрекетке жалғыз баруына тежеу болып топтасқан топқа кіруіне негіз болады. Күнделікті сандаған топтасқан қылмыс жүзеге асатын болса, А.Ф. Парнищевтің зерттеуі бойынша, бұндай топтасқан құқық бұзушылық жалпы қылмыстың 55%-ін құрайды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық тәрбиесін бұзушылығын әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан талдау үлкен орын алады. Яғни жас «қылмыскерлердің құқық бұзушылығына» себеп болған жағдайларға ғылыми тұрғыдан қарап, ғылыми тұрғыдан баға беру, шешілмеген мәселелерін шешу-ғалымдардың басты міндеті.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың көп тараған түрі – бұл жалпы бағыты тұрақтанбаған, бір уақытта оңтайлы және теріс бағыттылыққа бағынышты, әлі мінез–құлқында тұрақты әлеуметке қарсы таптауырыны жоқ кәмелетке толмағандар. Ересек қылмыскердің жеке басына қарағанда кәмелетке толмағанның жеке басын нақты зерттеу қажеттілігіне байланысты диссертант қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешу үшін қажетті, кәмелетке толмаған айыпталушының жеке басы туралы оңтайлы көлемдегі ақпараттан тұратын мәліметтердің біртұтас жиынтығын бекіту маңызды деп санайды. Кәмелетке толмаған айыпталушының жеке басы туралы мынадай мәліметтер кешенін қамтитын ақпарат маңызды болып табылады:

  • кәмeлетке толмағандардың әлеуметтік жағдайы туралы: толық отбасыда тәрбиеленуде, толық емес отбасыда тәрбиеленуде, туысқандары немесе басқа тұлғаларда тәрбиеленуде, мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленуде, анықталған тұрғылықты жері жоқ;

  • отбасысы туралы: материалдық - тұрмыстық жағдайлар, оқу және ата-анасының өмір сүру салты, отбасыдағы өзара қарым-қатынас, ата-анасының бала тәрбиесіне қатысуы;

  • әлеуметтік-демографиялық мінездеме: жынысы, жасы, білімі;

  • жеке тұлғаның әлеуметтік қызметі: оқиды, жұмыс істейді, бос;

  • оқуға немесе жұмысқа қарым-қатынасы туралы. Егер оқитын болса, үлгерімі қандай, сыныпта құрбы-құрдастарымен, оқытушылармен өзара қарым-қатынасы; егер жұмыс істесе, онда тапсырыстарға қатынасы, ұжыммен өзара қатынасы; егер жұмыс істемесе немесе оқымаса, қашан және қандай себеппен оқуын немесе жұмысын тастап кеткендігі, бұл жайт отбасысына, алдын алу органдарына белгілі болды ма және оған олар қалай қарағандығы анықталады;

  • өнегелі-психологиялық мінездеме: мінезінің негізгі ерекшеліктері, кәмелетке толмағанның қызығушылығы мен қажеттіліктері, референттік топтың сипаттамасы, қарым-қатынастары, кәмелетке толмағанның уақыт өткізуі;

  • кәмелетке толмағанның денсаулық жағдайы туралы;

  • зиян әдеттерінің бар болуы туралы: маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық;

  • соттылығының, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуінің бар болуы туралы;

  • қылмыс жасағаннан кейін кәмелетке толмағанның әрекеті туралы: кінәсін мойындап келу, қылмыстың ашылуына белсенді көмектесу.

Тергеушіге кәмелетке толмаған айыпталушының жеке басының әлеуметтік - демографиялық белгілерін ғана талдамай, болған жағдайдың психологиялық бейнесін орнату керек, ал оған болжамалы қылмыскердің өнегелі–психологиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін білу көмегін көрсетеді. Адамның әрекеттерінде, қылықтарында және басқа да жағдайларында танылатын жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері осы тұлғаға тән өнегелікпен маңызды түрде байланысты. Осыған байланысты кәмелетке толмаған айыпталушының өнегелік және психологиялық қасиеттері жеке тұлғаның өнегелі-психологиялық сипатының біртұтас кешені ретінде өзара байланыста бағалануы керек. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тактикалық тәсілдерді қолдану тиімділігі көбінесе айыпталушының көрсетілген қасиеттерінің есебіне байланысты болғандықтан, кәмелетке толмаған айыпталушының өнегелі-психологиялық қасиеттерінің талдауын кәмелетке толмағандар жасаған қылмысты сапалы тергеудің маңызды және қажетті шарты ретінде қарау керек. Айыпталушының жеке басын өнегелі-психологиялық зерттеу темперамент, эмоционалдық – еріктік сала, мәдениеттілік дәрежесі және т.б. сияқты мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеуді қамтиды. Кәмелетке толмаған жасаған қылмысты тергеуге кірісу кезінде тергеушіде анықталған мәліметтер базасы, соның ішінде кәмелетке толмағанның қаралып отырған ерекшеліктері туралы да болуы керек. Тергеу процесінде нақты кәмелетке толмағанның пайда болуы кезінде тергеуші тергеу және тәрбиелік әсері бар аса тиімді шараларды қолдану мәселелерін шешу үшін маңызды болып табылатын, дедукция әдісін пайдалана отырып осы кәмелетке толмағанның өнегелі-психологиялық қасиеттерін орнату керек.

Кәмелетке толмаған айыпталушының жеке басы туралы ақпаратты зерттеудің мақсатын былайша ажыратуға болады: кәмелетке толмаған айыпталушының жеке басы туралы ілімін теориялық өңдеуде өзінің көрінісін табатын ғылыми – танымдық және мәні қылмыстық сот ісін жүргізуде осы тұлға туралы ақпаратты аса тиімді және ұтымды пайдалануды қамтитын қолданбалы мақсат.

Кәмелетке толмаған айыпталушының жеке басы туралы ақпаратты зерттеуде жалпы ғылыми әдістерді екі деңгейде қарастыруға болады. Бірінші деңгей – жинақтаушы. Бұл деңгейде бақылау, әңгімелесу, сипаттайтын материалдар жинау, салыстыру және т.б. әдістерді қолдану жолымен нақты жеке тұлға туралы ақпараттар жиналады. Екінші деңгей – бағалаушы. Бұл деңгейде қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы негізінен талдау, синтез, дедукция, индукция, ұқсастық және т.б. сияқты жалпы ғылыми әдістерді қолданады. Ақпаратты зерттеудің бұл екі деңгейі үнемі алмасып тұрады: дәлелдемелердің белгілі бір жинағын жинап, тергеуші оны бағалайды және шешім шығарады; одан кейін сол сияқты бағаланатын және қандайда бір нысанда қолданылатын нақты және әбден тексерілген ақпараттарды жинайды. Аталғаннан басқа кәмелетке толмаған айыпталушының жеке басы туралы ақпаратты зерттеуде, бірінші ретте сараптамалық зерттеуді жүргізу кезінде, сонымен қатар тергеушінің тергеу аясына түскен адамдармен тікелей өзара қатынасы кезінде, криминалистиканың жеке ғылыми және арнайы әдістері қолданылады. Болжаған қылмыскердің іздерін қылмыс жасаған жерден іздеу, бекіту және алу арқылы іздеу-танымдық мақсатқа жету кезінде бақылау, сипаттау, өлшеу сияқты жалпы ғылыми әдістермен қоса басқа да аса тар, арнайы ауқымдағы – физикалық, химиялық және т.б. әдістер қолданылады.

Күдіктіні ұстау жағдайында да осы әдістер және салыстыру, талдау, үлгілеу (моделирование) және т.б. тәрізді әдістер қолданылады. Тактикаға – психологикалық мақсатқа жалпы ғылыми және психологиядан, ойын теориясынан, конфликтологиядан, рефлективтік басқарудан және басқа білім салаларынан алынған әдістерді қолданумен жетеміз. Олардың көмегімен тергеуші зерттейтін тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып әртүрлі тергеу жағдайларында аса тиімді тактикалық тәсілдер жүйесін таңдау үшін жеткілікті ақпаратты алады және зерттейді.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушыны түзеу мәселесін шешу кезіндегі тәрбиелеу – алдын алу мақсатына әңгімелесу, жасалған әрекетті бағалау, ықтимал нәтижелерді үлгілеу және т.б. әдістер арқылы жетуге болады. Бақылауды кәмелетке толмаған айыпталушының жеке тұлғасы туралы ақпаратты алудың кең таралған әдісі ретінде талдай келіп, диссертацияда тұрмыстық және ғылыми психологиялық бақылаудың әдістерін сәйкестендіру мүмкіндігін көрсетеді. Бақылау жоспарсыз және кездейсоқ, сонымен қатар нысаналы және жоспарлы сипатқа ие болуы мүмкін. Сонымен бірге бақылаудың нәтижесі ылғида жазбаша түрде бекітілмейді, олар көбінесе болжамдарды өңдеу үшін және тактикалық мақсаттарда қолданылады, ал бұл жайт ғылыми психологиялық бақылау ұғымына жатпайды. Осыған байланысты қылмыстық сот ісін жүргізуде бақылау әдісін қолданудың ерекшелігін атап өтіп, оның алдында тұрған кәсіптік міндетті шешу үшін қажетті сезім мүшелері арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке толмаған айыпталушының тұлғасы туралы ақпаратты нысаналы, тікелей жинау ретінде анықтауға болады.

Кәмелетке толмағанның әрекеттерін бақылай келіп тергеуші белгілі бір мезетте қолдану үшін, соның ішінде психологиялық байланысты бекіту немесе тергеліп жатқан істің мәні бойынша толық және сенімді айғақ алу үшін қандай тактикалық тәсілдер аса тиімді болып табылатындығын анықтай алады. Сонымен қатар кәмелетке толмағанның жағдайын бақылай отырып тергеушіге ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жеңілірек болады: үзіліс жасау, жауап алуды немесе кәмелетке толмаған айыпталушының қатысуымен басқа да тергеу әрекеттерін тоқтату, оны басқа уақытқа көшіру және т.б. Алдын алушылық сипаттағы мәселелерге қатысты кәмелетке толмағанға бақылау жүргізу кезінде тергеуші кәмелетке толмағанның сыртқы келбетінен, жүріс–тұрыс әдетінен, сөз сөйлеу мәдениетінен, өзіне-өзі сенімділік дәрежесінен және өз әрекетінің дұрыстығынан көрінетін әлеуметтік асқыну дәрежесін анықтап, тәрбиелеу әсерінің аса тиімді шараларын белгілей алады.

Қорғаушы кәмелетке толмаған айыпталушының алдын ала тергеу ісін жүргізу кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталу кепілдігінің бірі болып табылады. Қылмыстық процесте кәмелетке толмаған айыпталушыларды қорғау бойынша жұмыс тәжірибесі бар, белгілі бір педагогикалық білімдерге ие және кәмелетке толмағандар психологиясының ерекшеліктерін білетін заңгер кәмелетке толмағандардың істері бойынша қорғаушы ретінде бола алады.

Кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдері (ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршы және қорғаншылар, кәмелетке толмаған қамқорлығында болатын ұйымдар немесе мекемелердің өкілдері, қамқоршылық және қорғаншылық органдары) де қылмыстық сот ісін жүргізудің белсенді қатысушылары болып табылады. Практикада баланың асырап алушысы, қамқоршысы немесе қорғаншысы болмауы, оның толық емес немесе сәтсіз отбасыда тәрбиеленуі, ал оны тәрбиелеу әдістерінің адамгершілікке сай деп атаудан алшақ болатын жағдайлары жиі кездеседі. Осыдан тергеушінің кәмелетке толмағанның өмір жағдайы мен тәрбиесі, оның ата-анасының мінездемесі мен отбасындағы өзара қарым-қатынасы туралы ақпаратты алу қажетігі анық болып табылады. Кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілі болуы мүмкін адамдар қатарын кеңейтуге ұсыныс жасаған И.А. Макаренконың пікірі қызығушылық туғызады: жақын туысқандары – ата-аналары, асырап алушылары, туған ағалары мен апалары, ата-әжесі; қалыптасқан жеке қатынастарға байланысты кәмелетке толмағанның өмірі, денсаулығы және аман-саулығы қымбат болатын жақын адамдары; кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының немесе жәбірленушінің қамқоршысы мен қорғаншысы; кәмелетке толмаған қамқорлығында болатын ұйымдар немесе мекемелердің өкілдері, қамқоршылық және қорғаншылық органдары.

Заңды өкіл кәмелетке толмағанға моральдық және психологиялық көмек көрсетуге және оның мүдделеріне орай әрекет етуге ғана емес, сонымен қатар белсенді түрде берілген құқықтарын пайдалануға және қорғаушымен бірге кәмелетке толмағандарды қорғаудың ең тиімді және қолайлы жолдарын таңдауға тиіс.

Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу кезінде оған таныс педагогты немесе кәмелетке толмағандық және жеткіншектік психология саласындағы маманды шақыру қажет, ал кәмелетке толмағанды оқытатын педагогтың қатысуы тактикалық көзқарас бойынша орынсыз болып табылады. Мұндай маман кәмелетке толмағаннан жауап алу кезінен-ақ психикалық ауытқуларды анықтауда, соттық-психологиялық немесе соттық-психиатриялық сараптама және т.б. тағайындау туралы мәселені шешуде тергеушіге көмегін тигізеді. Сонымен қатар жауап алуда қатысатын, кәмелетке толмағанды білетін және оның құрметіне бөленген педагогты жеке процесуалды тұлға ретінде тану қажет, өйткені ол тергеліп жатқан істің нәтижесіне мүдделі болып табылатындықтан, маман мәртебесіне жатпайды.

Қауіпті жағдай теориясы ювенальды әділетте кәмелетке толмағандардың ерте қылмысқа дейінгі алдын алуды жеке болжаудың, қауіпсіздік шараларын қолданудың, жазаларын жекелендірудің негізі ретінде практикалық қолдануын тапты. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісін талқылау жазаны қолданумен қатар тәрбиелік әсері бар шараларды, сонымен қатар басқа азаматтық, отбасылық, еңбек құқығы сияқты салалардың құралдарын пайдалануды талап етеді. Ювенальды саясат өзінің жеке әдістемесі және өзінің ерекше тану әдістері бар жеке ғылыми базасының болуын болжайды. Ювенология – кәмелетке толмағандар мен жастар жөніндегі ғылым ретінде жас ұрпақтың қалыптасуы туралы білімді талдап, шоғырландыра отырып әлеуметтік және биологиялық бастаулардың диалектикалық өзара байланысындағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қалыптасу механизмі туралы, көптеген әйгілі ғалымдармен және ғылыми мектептермен, сонымен қатар институционализацияның жеткілікті жоғары деңгейіне ие пәндермен жинақталған, ұғынылған және жалпыланған жетілген тұлға қалыптасуының үрдістері туралы кешенді пәнаралық білімге негізделеді. Мұндай пәндерге медицинаны, педагогиканы, демографияны, әлеуметтануды, этнографияны, психологияны, экономиканы, құқықты және тағы басқа пәндерді жатқызуға болады. Ювенологияда бір уақытта кәмелетке толмаған медицинасы, валеология, отбасы қатынастарындағы психология, әлеуметтік жұмыс сияқты біршама жаңа әлі қалыптасып жатқан ғылыми білімдердің ақпараты да қолданылады.

Кәмeлетке толмағандардың ішінара әрекет қабілеттілігін назарға ала отырып, сот кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының дамуына көмектесуі керек, ал керек кезінде құқықтық көмек көрсетуі тиіс (мысалы: лауазымды тұлғалар мен органдардың заңсыз әрекеттеріне және актілеріне жол бермеу). Жеке тұлғаның дамуы, білім алуы кәмелетке толмағанның мағыналы өмірін қамтамасыз етуге және қылмыс пен құқық бұзушылық жасаудан бас тартуды ерікті таңдауға мүмкіндік туғызады.

Сондықтан біздің республикамызда ювенальды әділетті құру жөніндегі қазіргі көзқарас кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің даму болашағын анықтайтын конструктивті кезеңдерден тұруы керек. Кәмeлетке толмағандарға қатысты сот төрелігі кәмелетке толмаған құқық бұзушыға өзінің әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуге көмектесе отырып мінез-құлқының өзгеру процесін көтермелейтін; кәмелетке толмағанның қоғамнан шеттелуіне емес, ал оның әлеуметтік интеграциялауына көмектесетін, ресми сот ісін жүргізуден және мүмкіндігінше бас бостандығынан айыру сияқты жазаның қатал түрін қолданудан құтылуға мүмкіндік туғызатын шараларға негізделуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген дипломдық зерттеуді қорытындылай келе ұсынылып отырған жұмыс – бұл жасы кәмелетке толлмағандарымен жасалатын қылмыстарды тергеудің негізгі ережелерін анықтауға, тергеу мен анықтау бөлімдерінің жұмысының тиімділігі арттыруды қамтамасыз ететін жаңарған әдістемелік және нормативтік – құқықтық базаны дайындау үшін терең ойлау мен күрделі ғылыми көзқарасты талап ететін теориялық, құқықтық, ұйымдастырушылық және тактикалық мәслелердің кешенін анықтауға ұмтылыс болып табылады.

  1. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін кешенді зерттеу зерттеушілермен қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуы мен қалыптасуында негізінен революцияға дейінгі, кеңестік және дамудың қазіргі кезеңдерін бөліп көрсетуге негізделеді. Дипломдық жұмыста аталған мәселеге қатысты көрсетілген кезеңдер толық қарастырылған.

  2. Зерттеу пәніне қатысты ғылыми әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілерді талдау аталған санаттағы қылмыстарды тергеуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтауға мүмкіндік берді, ал бұл өз кезегінде дипломантқа «жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу» ұғымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

  3. Арнайы әдебиеттер мен нормативтік қайнар көздерді талдай отырып, дипломдық жұмыста жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу өз болмысы бойынша құқықтық нысан болып табылатындығы туралы тұжырым жасалған. Бұл оның тиімділігі едәуір дәрежеде нормативтік құқықтық базаның жағдайына байланысты дегенді білдіреді. Оны кешенді талдау, сондай-ақ зерттеу барысында алынған эмпирикалық мәліметтер жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеуді құқықтық реттеудегі кейбір ақауларды анықтауға және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Жасы кәмелетке томағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің құқықтық негіздеріне талдауды жүзеге асыра отырып, дипломант аталған санаттағы қылмыстарды тергеуді нормативтік құқықтық реттеу одан арғы жетілдіруді талап ететіндігі туралы тұжырымға келеді. Мұндай жетілдіру, біздің ойымызша, тергеу мен анықтау бөлімшелерінің қызмет етуінің жалпы ережелері, жалпы және жеке міндеттер, функциялар, қызметтік міндеттер мен жасөспірімдер қылмыстылығымен күрестің ұйымдастырушылық-тактикалық нысандарын реттейтін өзге де мәселелербекітілетін Нұсқаулар жасалу арқылы ведомствоаралық нормативтік-құқықтық деңгейде жүргізілуі тиіс.

  4. Қолданбалы сипаттағы мәселелерді зерттеу, атап айтқанда ұйымдастыру мен тактиканың негізгі ережелерін зерттеу, тәжірибелік қызметте едәуір маңызы бар бірқатар тұжырымдарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

    1. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді жетілдіруде оның ұйымдастырушылық-басқарушылық және ұйымдастырушылық-тактикалық деңгейлерде ғылыми ұйымдастырылуы шешуші мәнге ие. Осыған орай дипломантпен тергеушілер мен анықтаушылар жұмысын ұйымдастырушы бөлім басшыларының басқарушылық қызметін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасалған. Бұл ұйымдастырушылық-құрылымдық және ақпараттық- сараптамалық қамтамасыз ету; шешім қабылдау; сыртқы және ішкі өзара әрекеттесудә ұйымдастыру; тергеу мен анықтау бөлімдерінің қызметін жоспарлау мен бақылау мәселелері болып табылады.

    2. Дипломант пікірі бойынша жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің ұйымдастырушылық мәселелерін одан арғы зерттеу барысында келесі мәселелерге баса назар аудару қажет: а) тергеу мен анықтау бөлімдерінің қызметін жетілдіру; ә) жасы кәмелетке толмағандармен жасалатынқылмыстарды тергеуге талдау жасау әдістемесін жасау; б) тергеу мен анықтау қызметкерлерін ынталандыру жүйесін жасау.

    3. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу сапасы көп жағдайда тікелей тергеу әрекеттері жүргізілетін кезеңнің орындалуына байланысты. Орындаушылық кезеңнің тиімділігі көп жағдайда тактикалық тәсілдерді дұрыс қолданумен анықталады. Тергеу мен анықтау бөлімшелерінің тәжірибелік қызметіне жүргізілген зерттеу тәжірибенің, әдістемелік нұсқаулардың, білімдердің, дағдылардың болмауы себепті тергеушілер мен анықтаушылар қарау, жауап алу сиқяты тергеу әрекеттерін жүргізуде белгілі бір қиыншылықтарға кездеседі. Осылайша, белгілі бір дәрежеде дипломантпен де жүргізілген аталған тергеу әрекеттерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтау қажеттілігі туындап отыр.

  1. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің барлық процесіне әсер ететін факторларды зерттей келе, олардың негізгілерінің бірі кадрларды таңдау сәтінен басталатын тергеу субъектілерінің кәсіби даярлығы болып табылатындығы анықталған. Дипломант осы кезеңдегі жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтайды.

  2. Шетелдегі жасөспірімдер қылмыстылығының алдын алу тәжірибесін қарастыруда автор қылмыстылықпен күрестегі міндеттерді шешуде құқық қорғау органдарының қызметін құқықтық реттеудің отандық тәжірибесі үшін зор маңызға ие болатыннегізгі тенденцияларды атап көрсетіп, оларға талдау жасайды.

  3. Дипломдық жұмыста жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын алудың соңғы бес жылдағы жалпы шараларына талдау жасалып, оны дамыту мен жетілдіру жөнінде тұжырым қалыптастырылады, осы жұмысқа коммерциялық және үкіметтік емес ұйымдарды тартудың негізгі жолдары ұсынылады.

Жалпы қорытынды жасай отырып, тергеу мен анықтау бөлімдерінің нақты қызметіндегі, сондай-ақ тергеу мен анықтау қызметкерерін даярлау бойынша жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмысындағы қолданбалы сипаттағы теориялық тұжырымдар мен ұсыныстарды жүзеге асыру, біздің ойымызша, жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді жетілдіру мәселелерін анағұрлым нақты шешуге ықпалын тигізері сөзсіз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы, 2016.

  2. Буколов В.К. Уголовно-процессуальные особенности производства по делам несовершеннолетних в суде первой инстанции: автореф… канд. юрид. наук: 12.00.09. – М., 1982. – 21 с.

  3. Бегалиев К.А. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних. – Алматы, 1980. – 264 с.

  4. Токторов Э.С. Особенности судебного рассмотрения уголовных дел несовершеннолетних в суде первой инстанции (по материалам Кыргызской Республики): дис... канд. юрид. наук: 12.00.09. – Алматы, 1997. – 216 с.

  5. Бегалиев К.А. Особенности судопроизводства по делам несовершеннолетних. – Алматы, 1991. – 137 с.

  6. Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот Практикасы туралы (ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 4 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) ҚР ЖС 11 сәуір 2002 жыл № 6 нормативтік қаулысы // Справочная правовая система «Юрист».

  7. Акбаров Н.Г. Состояние и тенденции преступности несовершеннолетних. Региональные проблемы борьбы и профилактики. – Казань: Издательство Казанского государственного университета, 1999. – 58 с.

  8. Дао Чи Ук. Борьба с преступностью несовершеннолетних в Социалистической Республике Вьетнам. – М.: Наука, 1986. – 142 c.

  9. Парнищев А.Ф. О характере групповых преступлений, совершаемых несовершеннолетними, и вопросы уголовной ответственности соучастников преступления // Преступление и ответственность. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1979. – С. 64-71.

  10. Синигибский И.А. Процессуальные и криминалистические особенности судебного разбирательства дел о преступлениях несовершеннолетних: дис... канд. юрид. наук: 12.00.09. – М., 2002. – 176 с.

  11. Хисматтулин Р.С. Особенности судебного следствия по делам несовершеннолетних // Российская юстиция. – 1999. – №12. – С.173.

  12. Меркушов А.Е. Некоторые вопросы судебной практики по делам о преступлениях несовершеннолетних // Бюллетень Верховного суда Российской Федерации. – 2000. – №6. – С. 67.

  13. Сафин Н.Ш. Допрос несовершеннолетнего подозреваемого в советском уголовном судопроизводстве: процессуальные и криминалистические аспекты. – Казань, 1990. – 76 с.

  14. Баев О.Я. Тактика следственных действий: Учебное пособие. – Воронеж: НПО «МОДЭК», 1995. – 224 с.

  15. Колесниченко А.Н., Коновалова В.Е. Криминалистическая характеристика преступлений: Учебное пособие. – Харьков: Харьковский юрид.ин-т, 1985. – 93 с.

  16. Еркенов С.Е., Сұлтанов С.И. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. – Алматы: Дәнекер. 2002. – 227 б.

  17. Шакиров К.Н. Судебная экспертиза: проблемы теории и практики. – Алматы: Аркаим, 2002. – 316 с.

  18. Тілеубергенов Е.М. Криминалистикалық сараптамаларда шешілетін сұрақтар. Оқу құралы. - Алматы, 2003. – 186 б.

  19. Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы, 2006. – 520 б.