Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
762 Кб
Скачать
☆
  1. Толық тізбекті есептеу үшін Ом заңын қолдану.

Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңы – өткізгіштегі ток күшінің осы өткізгіштің ұштары арасындағы кернеумен байланысын анықтайды. Ом заңын 1826 жылы неміс физигі Г.Ом ашқан.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы (2.3 сурет). Тізбек бөлігіндегі “1-2” тоқ, сол бөліктегі кернеуге тура, ал кедергісіне кері пропорционал:

2.3 Сурет

Құрамында ЭҚК - і бар тізбек бөліктері үшін Ом заңы. ЭҚК - і бар тізбек бөліктері үшін тоқ келесі формула бойынша анықталады:

Егер тоқ пен ЭҚК бір бағытта болса “+” таңбамен, қарсы бағытта болса “-“ таңбамен белгіленеді.

Мысалы, электр тізбегінің бір бөлігін қарастырайық (1.4 сурет)

2.4 Сурет

Толық тізбекті есептеу үшін Ом заңы:

-ток көзінің ЭҚК-і

-ток көзінің ішкі кедергісі

-сыртқы тізбектің кедергісі

  1. Электр тізбектердің элементтерін бірізді, паралель, аралас қосу ережелерін көрсетіңіз.

Кедергілер тізбектей және параллель жалғануы мүмкін.

Тізбектей жалғанған кезде барлық қабылдағыштардан (R1,R2,R3) бір тоқ өтеді(2.7 сурет).

2.7 Сурет

Тізбектің қысқыштарындағы кернеу U кедергілердегі кернеулердің қосындысына тең болады:

.

Алынған кернеуді тоққа мүшелеп бөле отырып, келесі өрнекті аламыз:

немесе

тізбектің жалпы кедергісі деп аталады. Тізбектің жалпы кедергісі - бұл тізбектің барлық кедергілерін сол кернеуде ауыстыра отырып, тоқ күшін алғандағы кедергіні айтады. Міне сондықтан, тізбектеліп жалғанған кедергілерден тұратын тізбектің жалпы кедергісі, осы тізбектің барлық кедергілерінің қосындысына тең:

Параллель жалғанған кезде әр кедергінің қысқышы бір түйінге қосылып, ал екінші кедергінің қысқышы басқа түйінге қосылады (2.8 сурет).

2.8 Сурет

.

Кирхгофтың бірінші заңына сәйкес:

,

немесе, тоқтарды кернеулердің сәйкес кедергілеріне қатынасы арқылы өрнектей отырып, келесі теңдеуді аламыз:

,

онда

немесе

мұндағы Rж жалпы кедергі деп, ал Gж. жалпы өткізгіштік деп аталады.

Міне сондықтан, кедергілер параллель жалғанған кезінде, тізбектің жалпы өткізгіштігі жеке тармақтардың өткізгіштігінің қосындыларына тең болады:

немесе

  1. Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбегі. Ток, эқк, кернеудің орташа және әсерлік мәндерінің өрнектерін көрсетіңіз.

Синусоидалы (айнымалы) тоқ деп синус заңдылығымен өзгеретін тоқты айтады:

Айнымалы тоқтың тұрақты тоққа қарағанда ерекшелігі, оны алыс қашықтықтарға қарапайым айнымалы тоқ генератор құрылғысы мен қажетке пайдаланғанда сенімділігі жоғары қозғалтқыштары бар трансформаторлық қосалқы станцияларды пайдалана отырып, тарата алады. Электрмагниттік ЭҚК шамасы магнит индукциясынан В, сымның активті кедергісінен , өткізгішті қиып өтетін магнит күштік сызықтардың жылдамдығынан V және магнит индукциясының векторы мен жылдамдықтың векторының бағыттарының арасындағы синус бұрышынан тәуелді болады. Электр магнитті ЭҚК –і келесі формуламен анықталады:

.

Электр магниттік индукцияның ЭҚК – нің - дан тәуелділігін қарастырамыз:

;

;

.

деп белгілей отырып, электр магниттік индукцияның ЭҚК анықтау формуласы төмендегідей болып анықталады:

.

Егер рамканы кедергімен тұйықтаса, онда рамка мен кедергінің бойымен синус заңдылығымен өзгеретін тоқ өтеді:

.

Бұрыштық жиілік уақыт бірлігінде рамканың бұрылу бұрышына тең:

немесе .

Осы қатынасты есепке ала отырып, тоқтың қисығын пайдалана отырып, айнымалы тоқтың негізгі ұғымдарын анықтаймыз (2.9 сурет).

,

мұндағы - тоқтың лездік мәні, А; – тоқтың максимал мәні, А; – берілген уақыт ішіндегі тербелістің күйін сипаттайтын фаза; - бастапқы фаза.