- •Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
- •Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ
- •Сабақтың құрылымы, типтері, сабаққа қойылатын талаптар
- •1.3 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру мәселелері
- •Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың әдіснамалық негіздері
- •Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары, әдіс – тәсілдері
- •2.2 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын дамытудың қазіргі негізгі бағыттары
- •Тәжірибелік – эксперименттік бөлім
- •1Кезең. Анықтау кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді:
- •2Кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді
- •3Кезең. Қорытынды кезең
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың әдіснамалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары, әдіс – тәсілдері
Оқыту әдістерінің, тәсілдерінің, құралдарының өмірге сәйкес болуы заңды. Сондықтан да оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық.
20 – жылдары ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, зертханалық әдістерін ұсынды.
30 – жылдары ресейлік М.М.Пистрак, П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, дәріс, кітаппен жұмыс, зертханалық жұмысты ұсынды.
50 – жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту – тәжірибелік.
60 – жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М. Верзилин білім көзін негізгі алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік , тәжірибелік.
И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классфификациясын (жіктеп – топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс – әрекетін дамытуды ұсынды.
Оқыту әдісі дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр.
Оқыту әдістері туралы әр түрлі анықтамалар бар. Олар:
а) Оқыту әдістері дегеніміз – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, соның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдығы мен қабілеттілігі артады.
б) Оқыту әдістері деген – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. (И.Д.Щукина)
в) Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет арқылы білім алуы. (И.Д.Зверев). т.б.
Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама – қайшылық жоқ. Бәрінің негізінде оқу, оқыту процесінде ұстаз бен шәкірттің қарым – қатынас және сонда қолданылатын әдіс, тәсіл, іс – әрекеттер жатыр.[46.404 – 405.]
Әдіс деген сөз гректің « metodos » деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. «Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “ белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым – қатынас және іс – әрекет ”.
Олай болса оқыту әдістері – оқытудың мақсат – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс – әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынас екі жақтылық негізінде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым – қатынас субъект – субъект түрінде болады, яғни оқушының өзінің белсенді рөлі де болуы керек. [38.47]
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім – тәрбиелік мәні жан – жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс – тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі. Мектеп жасындағы оқушыларды технология пәніне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады. Технология пәні адамның өз ортасының әсемдігін түсінуге, эстетикалық талғамның дұрыс қалыптасуына жол көрсететін алғашқы қадам. Ол адамның ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемділікке үйретеді. Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншелікке баулиды.[34.3]
Ғылыми әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап – жіктеудің жиырмадан астам түрі бар. Әдістерді топтап – жіктеу ғалымның қөзқарасына байланысты. Олар әдістерді қай тұрғыдан алып қарайды? Мысалы, И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, т.б. ұсынған оқыту әдітерінің жүйеленуі – әдістердің ең кең тараған түрлері. Олар: ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс), көрнекілік (иллюстрация, демонстрация), тәжірибелік (зертханалық, тәжірибелік).
Ауызша әдістерде сөзге, көрнекілікте көркемдік бейнеге, ал тәжірибеде іс – қимылға сүйенеді. Оқыту әдістерін қолдана отырып, мынаны есте сақтағанымыз жөн. Бала есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы 20 – 60 пайызын, сөйлеу қабілеті арқылы 90 пайызын қабылдайды.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі.
2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер ...» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен әрекет ситуацияны қоюмен ерекшеленеді.
4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың ерекшелегі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын – әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым – қатынасына негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоционалдық түрде белсендіруге бір сөздікке әрекет жасауға бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Бүгінгі мектептерде ауызша, көрнекілік, тәжірибелік әдістерінің үшеуі де қолданылады. Әсіресе жаңашыл ұстаздар В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, т.б. бұл әдістерге жаңа мән беруде.[49.26]
Топталып – жіктелудің тағы бір кең тараған түрі – оқыту әдісін оқушылардың таным белсенділігі деңгейіне сай құру. Бұл бағытты ұстағандар И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин. Олар оқыту әдістерінің бес тобына ұсынады:
а) Түсіндіру (әңгіме, дәріс, көрсету, сипаттау әдісі, оқулықпен жұмыс істеу, жазбаша жаттығулар);
б) Қайталау (жаттығу, әңгіме, өз сөзімен айтып беру);
в) Мәселелік баяндау әдісі (саяхат, демонстрация, оқушының дәлелді түрде баяндауы);
г) Ізденіс түрлері (байқау, жоспар жасау, эвристикалық әңгіме);
д) Зерттеушілік (тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс, сурет салу).
Олар:
а) Оқу – танымдық іс – әрекетін ұйымдастыру әдістері. Оған сөздік (әңгіме, дәріс, семинар, кеңесу, кітаппен жұмыс), көрнекілік (иллюстрация, демонстрация, теледидар, оқулық кино, тәжірибелік және зертханалық жұмыс), индуктивті, дедуктивті, репродуктивтік, мәселелік немесе өз бетінше ізденіс әдістері жатады.
б) Оқыту процесінде оқытудың іс – әрекетін ынталандыру әдістері. Бұл топқа: оқу кезінде мотивтің рөлі, танымдылық ойындар, оқу кезінде қолайлы жағдаят туғызу, өмірден алынған жағдаятты талдау, жауапкершілікке және парызға жүгіну, баланы оқуға ынталандыру (оқудың қоғамға, баланың өзіне пайдасы), оқушыға қажетті талаптарды қоя білу, мадақтау немесе жазалау жатады.
в) Оқыту процесіндегі оқу – танымдық іс – әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін – өзі бақылау әдістеріне: ауызша тексеру, жазбаша тексеру, зертханалық тексеру, машинамен тексеру жатады.[27.29]
Әдіс өте құбылмалы. Ескі әдістер жойылып жаңа әдістер пайда болады. Мысалы, догматикалық әдіс өмірден өтіп, жаңадан программалық, проблемалық әдістер өмірге келуде.
Ұстаз сабақ өткізген кезде таза бір әдісті ғана қолданбайды. Сабақ бірнеше әдісті қолданудың нәтижесінде өтеді. Оның үстінде әрбір әдіс элементтерден тұрады. Оны тәсілдер деп атайды. Мысалы, кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәсілдеріне: оқыған кітапқа жоспар жасау, қайта айтып беру, конспект жасау, т.б. жатады.
Тәсіл мен әдіс қатар жүреді. Тәсілдерден әдістер туындауы мүмкін. Егер тәсіл іс жүзінде өзін ақтаса, ол күрделене келе әдіске айналады, ал әдіс өзін ақтамаса, ол тәсілге айналуы мүмкін.
Оқытудың сапасы әдіс, тәсілдерге ғана байланысты емес. Ол мектептің оқу – материалдық және техникалық базасыда байланысты. Оқыту әдістерін, тәсілдерін және құралдарын үйлесімді пайдалануда оқу пәндерінің ерекшелігін ескеріп, мектеп зертханаларының, оқу қабинеттерінің түрлі көрнекті және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.[47.8]
Құралдардың түрі:
а) Оқулықтар, плакаттар, жаттығулар, сабақта қолданылатын құралдар;
б) Көрнекті құралдар: диаграммалар, кестелер, табиғи объектілер, тарихи және жағрапиялық карталар;
в) Техникалық құралдар: бейнефильмдер, компьютер, оқу машиналары, т.б. құралдар;
г) Түрлі объектілер: өндіріс орындары, көрмелер, мұражайлар, т.б.[59.37]
Әдіс, тәсіл және оқытудың құралдары – педагогикалық ұғым. Әр пәннің өзіне лайықты әдістері, тәсілдері, қолданылатын оқыту құралдары бар. Ұстаздың осы ерекшеліктерді білгені жөн.
Сонымен оқыту әдісі шәкірттердің білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған шәкірт пен ұстаз арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс – әрекеттің субъекті – субъектілік қарым – қатынас құралдары ретінде анықталады. Оқыту әдістері оқыту тәсілдерінен тұрады. Тәсіл – әдістің құрамды бөлігі.
Оқыту әдістері өте көп. Ол пәнге, тақырыпқа, мақсатқа, оқушылардың жалпы деңгейіне, ұстаздың шеберлігіне, сабақтың керекті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, т.б. байланысты. Сондықтан оқыту әдістері топталып, жіктеледі (классификацияланады).[58.3]
Әдістердің ең кең тараған түрлері: ауызша, көрнекілік, тәжірибелік.
Оқыту құралдары дегеніміз – сабақта қолданып пайдаланатын заттар мен бейнелер. Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі қолдану қажет. [50.35-38]
