Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЙРЗАДАНОВА АЙГЕРИМ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329 Кб
Скачать
☆

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын дамытудың қазіргі негізгі бағыттары

Педагогика саласының бүгінгі жаңалықтарына сүйеніп, өмірден алған тәжірибемізді пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының кешегі кеңестік оқушыларынан ерекше екендігін ескеріп, болашақ бастауыш мектеп оқытушыларына оқушыларға жаңаша білім беруді қарастырудың керек екеніне мән берудеміз. Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.[1]

Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынандай екі түрлі жолмен ұсынылады: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігіне іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді, оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның мәтіні беріледі, мұнда мәтінге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады, дегенмен тапсырманың бұл түрі сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және проблемалық мәселелерді орындай білуді айтады, бұған математикадан есептер шығару жұмысын жатқызуға болады. Баланың оқу әрекеті деп отырған сол тапсырмаға кіріспей тұрып, соны орындауға арналған ережелерді білу, не сол жөнінде тиісті мәліметтерге ие болу, мысалы, есепті шығару үшін, әуелі мағлұматтардың немесе сандардың өзара байланысын, байланысты қалай табу тәсілдерін бір амалдан екінші амалға қалай көшуді т.б. білу қажет. Есепті шығару сол кездегі әрекеттесудің жемісі емес, мұны орындау үшін оқушы алдын – ала дайындық жұмысынан өтуі тиіс. Егер бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның немесе бірнеше тізбегін орындауға үйренбей тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін емес. Бұл жерде оқу жағдаяты деп отырғаны мәселелерді шешу үшін осыған орай ережелерді еске алу керек деген мағынаны білдіреді. Себебі тиісті тапсырманы орындаттыру үшін, соған қатысты мағлұматтар мен жақсы танысып, соларды тиісті жағдайда қолдана білу қажет. [17.179]  Қазіргі бастауыш мектеп оқытушылары жаңаша ойлап, оқушылармен тең құқылы жағдайда білім беріп, баланы шығармашылыққа дағдыландыру, ерік беру қажет. Осы орайда бүгінгі және болашақ бастауыш мектеп оқытушылары негізгі төрт бағытты ұстанғаны жөн деп санаймыз.

Бірінші бағыт – бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін қалыптастыру. Сенім – күрделі. Ол терең тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ соның ірге тасын қалауға болады. Оны отбасынан бастаған жөн. Мәселен, ата – ананың өзіне деген сүйіспеншілігімен, өзіне деген сенімі. Осыны ары қарай дамытып қалыптастыру керек. Бірақ бүгінгі өмірде жағдайдың қиындығына байланысты ересектердің өмірден түңілу, пессимизмге берілуі бастауыш сынып оқушыларының сенімін қалыптастыруға үлгі бола алмай жүр. Осы жерде мектеп ұстаздарының көмегі қажет.

Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін, оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке – жеке ажыратып қарастыра білгеніміз жөн. Бұл жерде мына екі түсінікке зер салайық. Баланы жеке адам деп те, тұлға деп те қарауға да болады. Сонымен жеке бала – тұлға. Сонда ғана біз оларды түсінеміз. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиеттерін ғана білеміз. Ал тұлға деп қарасақ, оның даму процесін де білеміз. Ол ұстаз бен ата – ана, жолдас – жора, қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда, не істеу керек деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз.

Баланы жеке тұлға деп танитын болсақ, онда біз мынандай жағдайларға зер салғанымыз дұрыс.

Біріншіден, жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның перспективтік дамуына, оптимистік болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші идея ретінде пайдаланамыз.

Екіншіден, баланы мектеп оқушысы ретінде танып, елінің азаматы ретінде қарап, осы мііндеттерді атқаруға жағдай жасау.

Үшіншіден, мектеп баласы болғанымен бұл қайталанбас тұлға екеніне көзіне жеткізу, соған талпыныс жасату.

Төртіншіден, балаға ересек адамға қарағандай қарап, тең құқықты азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым – қатынас жүгізу.

Бесіншіден, педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.

Екінші бағыт – қоғамдық қатынасты дамыту, мұғалімнің өктемдігін ескерту, оған жол бермеу.

Осы ойды тарқату үшін мынандай мысалды алайық. Мектепте екі қатар сынып бар дейік. Соның бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де сол принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да тәртіпті, ұқыпты, мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Ал келесі сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де қалай болса, солай жұмысты орындайтын мұғалім сабақ береді. Оның оқушылары да тәртіп жағынан онша дұрыс көріне бермейтін болып өседі. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғаннан кейін, сол бұрынғы тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп кетеді. Біздің мұндағы айтайық дегеніміз – бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген балалар бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің өктемдігі жарамайды. Себебі бастауыш сынып оқушылары өктемдікке үйреніп жалтақ болып қалады. Ал, екінші топтағылар сол өздерінің табиғи жағдайына байланысты дамиды.

Осындай қателіктерден аулақ болу үшін, біз мына жағдайларды ескергенді жөн көріп отырмыз:

Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімі оқушылармен (іс – шаралық) апталық жоспарды бірігіп құру.

Екіншіден, осы құрылған жоспарды бірігіп орындау.

Үшіншіден, атқарылған істің нәтижесін бірігіп талдау.

Төртіншіден, атқарылған іске, соны орындаушыларға, өздеріне баға беру.

Осыны орындап тұрса мұғалім өктемдікке бармайды, осы ескертілген жағдайлар демократиялық қатынастың бастауы болып саналады. Бірақ бастауыш сынып оқушылары демократияның не екенін түсінбейді. Сондықтан да демократияға да шектеу қою керек. Бастауыш сынып оқушылары демократия мен өктемдіктің арасын айыра бермейді. Себебі оларға мұғалімнің айтқаны заң. Сондықтан да мұғалімнің жақсы көрмеген оқушысын олар да жаман көріп, оған күн көрсетпеуі мүмкін.

Баланың жаман қылығын мұғалім оқушыларға және кінәлі оқушыға да түсінікті болатындай етіп ескертіп айтып, жаман қылықтың себебін және неге соқтыратынын талдаған дұрыс.

Үшінші бағыт – әдептің алғашқы қадамын қалыптастыру, адами қатынастағы бір сөзділік. Мектептің өзінің ішкі заңы, тәртібі бар. Ол үйдің, даланың, ауланың немесе балабақша қатынасынан бөлек. Бұл – әлеуметтік, ересектіктің заңы, тәртібі. Алғаш бала мектепке келгенде осы заң, тәртіппен танысады. Оны бастауыш сынып мұғалімі таныстырады. Ал, бастауыш сынып оқушысы осы заң тәртіпті бұлжытпай орындауға тырысады, ересектермен қарым – қатынаста болғанын мақтан тұтады. Оның үстіне ұстазының айтқанын орындау – үлкен шаруаны тындырғанмен тең.

Бірақ бастауыш сынып оқушылары 3 – 4 сыныпқа келгенде, мұғалімнің айтқанын ой елегінен өткізе бастап, оның іс – әрекетін, айтқанын мұқият қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын өзі орындамаса, екі сөзді болса, балаларды бөліп қараса, ондай мұғалім абыройынан айырылады. Мұндай жағдайда айтқан өсиет, ақыл, тәрбиелік іс – әрекетінің бәрі зая кетеді.

Төртінші бағыт – жақсы оқу үлгерім жетістігі, соған жетуге жағдай жасау.[16.3 – 5]

Сабақ қазіргі күні де мектептегі білімнің негізгі формасы болып қалып отыр. Оны жетілдіру мен дамыту екі мәселеге байланысты. Біріншіден, сабақ – біртұтас оқу – тәрбие үрдісінің мазмұнын, оның негізгі белгілері мен заңдылықтарын көрсетеді. Екінші жағынан, сабақ оқу үрдісінің қоғаммен, оның идеологиясымен, моральдық ұстанымдарымен және әлеуметтік іс – әрекеттің түрлерімен байланысын көрсетеді. Байқап қарасаңыздар оқудағы жетістік бар және сол жетістікке жетуге жағдай жасау бар. Бұл екі ұғым бір – бірімен байланысты да және екі бөлек. Оқу үлгеріміндегі жетістік – соған жағдай жасаудан басталады. Жетістік – нәтиже, ал жағдай жасау – соған жетудің жолы. Бала оқуда жақсы нәтижеге жетсе, ие болса, оның қуанышының шегі жоқ. Мұғалім осы сезімді пайдалана білуі керек, оқушының жетістіктен жетістікке жете беруіне атсалысуы тиіс. Бұл жерде мұғалім жетекші. Жетістік уакытша, қысқа, көп уақытқа, ұзақ болуы мүмкін. Ал оның ұзақ, өміршең болуы да мұғалімге байланысты. Жетістікті дер кезінде байқап бекіту қажет.[31.18]

Оқудағы жетістіктің қуанышқа айналуы, жетістіктің бекітілуі баланың өзіндік және жас ерекшелігіне де байланысты. Ұл мен қыздың, бастауыш сынып оқушысы мен жасөспірімдердің оқудағы жетістікке қуануы әртүрлі. Оны өмірден алынған мысалдармен дәлелдеу керек.

Мәселен, бастауыш сынып оқушысы жетістікке қуанғанымен мәніне жете бермейді, бағалай алмайды. Жасөспірімдер жетістікке қуана да алады, түсінеді, мән береді, бірақ нәтижесіне, себебіне жете бермейді. Ал жоғары сынып оқушылары жетістікке қуанады, бағалайды, түп нәтижесіне үңіледі. Қыздардың қуануы мен ұлдардың қуануы бөлек. Қыздардың қуануы сыртқа көрінеді, ал ұлдар іштей қуанады, сыртқа білдірткісі келмейді.

Ата – ана, мұғалім балалардың оқудағы т.б. жағдайдағы жетістікке қалай қуанатынын күні бұрын болжауы, соған акцент жасауы тиіс. Жетістікке жағдай жасау – дәрігердің пациентті дәрімен емдегенімен бірдей болуы тиіс. Дәрігердің пациентке дәрінің қалай әсер ететінін күні бұрын болжағанындай ересектер де баланың жетістігіне жағдай жасағанда, соның қандай нәтижесі болатынын болжағаны жөн.

Жетістіктің нәтижесін тек қана бала көрмейді. Оны жақын қоршаған орта, ата – ана, ұстаз, жора – жолдас көреді, солар қуанышқа ортақтасады. Осы жерде бала өзінің пір тұтатын адамының ерекше қуанғанын көріп, жетістіктің нәтижесінің өте жоғары болғанын сезеді.

Жетістікке жетуге жағдай жасау мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Бұл – арнайы ұйымдастырылған, мақсат көздеген, жетістіктің нәтижесін болжауға болатын ұстаздың ұйымдастырған іс – әрекеті. Жетістік кейде ойламаған жерде пайда болуы мүмкін. Бірақ ұстаз сол мүмкіндікті пайдалана біліп, әрі қарай дамытуы, бекітуі керек. [10.78]

Жетістіктің үш түрі бар:

Біріншісі – күні бұрын болжауға болмайтын жетістік. Мұнда жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Себебі бала жетістікке жету үшін талпыныс жасайды, нәтиже күтеді. Мұғалім осыған көмектесуі, қол ұшын беруі тиіс. Жетістікке жетсе мақтап, қолдап, ал жете алмаса көңілін аулап, көтермелеп, болашағының алда екеніне көзін жеткізу. Мұндай болмағанда бала жолдан таюуы мүмкін. Осындай жағдай ересектерде де болуы мүмкін. Бірақ ересектер жеңіс пен жеңіліске талдау жасай біледі. Ал бала оны жасай алмайды.

Екіншісі – күні бұрын болжауға болатын жетістік. Бастауыш сынып оқушысының қандай бір жақсы жетістіктері болмасын, ол оған қуанады. «Мен осылай болады деп ойлап едім, дегеніме, мақсатыма жеттім» – деген қуаныш оны алға жетелейді. Жетістіктің аты жетістік, ол – жеңіс. Баланы жеңіспен құттықтау керек. «Осылай боларына сенгенмін» деп ұстаз демеу берсе, бала қанаттанады.

Үшіншісі – қорытынды жетістік. Бала жетістіктен жетістікке жеткен сайын, оның жетістікке сенімі күшейеді, соған үйренеді. Мұның жақсы жағы жетістікке жетудің жолын біледі, соған дағдыланады. Бірақ бұл жолдың да кемшілігі бар. Осындай жағдайда кейбір балалар дандайсып кетіп, жетістіктен басы айналып, біртіндеп қолы жеткен жетістіктен айырылады.

Жетістікке жетуде мынаны есте ұстаған жөн. Жетістікте жеңіс пен жеңіліс, ұтыс пен ұтылыс, білген мен білмеу қатар жүреді. Жеңіліс, ұтылыс, білмеу сияқты нәрсені түсінбесе, бала жеңіс, ұтыс, білу дегенді де түсінбейді. Қазақтың «Ренжи білмеген адам қуана білмейді» дегені сияқты. Осыған баланы мектеп қабырғасында үйреніп қалыптастыру керек.[52.215 – 216]

2 бөлімге қорытынды

Оқыту әдістерінің, тәсілдерінің, құралдарының өмірге сәйкес болуы заңды. Сондықтан да оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық.

Оқыту әдісі дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр.

Оқыту әдістері туралы әр түрлі анықтамалар бар. Олар:

а) Оқыту әдістері дегеніміз – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, соның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдығы мен қабілеттілігі артады.

б) Оқыту әдістері деген – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. (И.Д.Щукина)

в) Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет арқылы білім алуы. (И.Д.Зверев). т.б.

Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама – қайшылық жоқ. Бәрінің негізінде оқу, оқыту процесінде ұстаз бен шәкірттің қарым – қатынас және сонда қолданылатын әдіс, тәсіл, іс – әрекеттер жатыр.

Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін, оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке – жеке ажыратып қарастыра білгеніміз жөн. Бұл жерде мына екі түсінікке зер салайық. Баланы жеке адам деп те, тұлға деп те қарауға да болады. Сонымен жеке бала – тұлға. Сонда ғана біз оларды түсінеміз. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиеттерін ғана білеміз. Ал тұлға деп қарасақ, оның даму процесін де білеміз. Ол ұстаз бен ата – ана, жолдас – жора, қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда, не істеу керек деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз. Баланы жеке тұлға деп танитын болсақ, онда біз мынандай жағдайларға зер салғанымыз дұрыс.

Біріншіден, жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның перспективтік дамуына, оптимистік болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші идея ретінде пайдаланамыз.

Екіншіден, баланы мектеп оқушысы ретінде танып, елінің азаматы ретінде қарап, осы міндеттерді атқаруға жағдай жасау.

Үшіншіден, мектеп баласы болғанымен бұл қайталанбас тұлға екеніне көзіне жеткізу, соған талпыныс жасату.

Төртіншіден, балаға ересек адамға қарағандай қарап, тең құқықты азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым – қатынас жүгізу.

Бесіншіден, педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.

Екінші бағыт – қоғамдық қатынасты дамыту, мұғалімнің өктемдігін ескерту, оған жол бермеу.

Осы ойды тарқату үшін мынандай мысалды алайық. Мектепте екі қатар сынып бар дейік. Соның бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де сол принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да тәртіпті, ұқыпты, мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Ал келесі сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де қалай болса, солай жұмысты орындайтын мұғалім сабақ береді. Оның оқушылары да тәртіп жағынан онша дұрыс көріне бермейтін болып өседі. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғаннан кейін, сол бұрынғы тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп кетеді. Біздің мұндағы айтайық дегеніміз – бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген балалар бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің өктемдігі жарамайды. Себебі бастауыш сынып оқушылары өктемдікке үйреніп жалтақ болып қалады. Ал, екінші топтағылар сол өздерінің табиғи жағдайына байланысты дамиды.