Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастанны жалпы экономикалы сипаттамасы 9-сынып.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Конспект сұрақтар

  1. Қазақстанның жер көлемі:

  2. Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығын табыңыз. 

  3. Республикамызбен шектесетін мемлекеттерді анықтаңыз. 

  4. Қазақстанмен ең ұзын құрлықтық шекарасы өтетін мемлекетті көрсетіңіз.

  5. Қазақстанмен ең ұзын шекарасы өтетін мемлекетті табыңыз. 

  6. Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекетті табыңыз. 

  7. Қазақстанмен шығыста шекараласатын мемлекетті табыңыз. 

  8. Қазақстанмен оңтүстікте шекараласатын мемлекетті табыңыз. 

  9. Қазақстанмен өтетін Өзбекстан шекарасының ұзындығы:

  10. Қазақстан орман ресурстарының басым бөлігін ..... құрайды.

  11. Сарқылмайтын табиғат ресурстары:

  12. Сарқылатын қалпына келетін табиғат ресурстарын белгілеңіз.

  13. Еліміздегі минералды ресурстардың орналасу ерекшелігін ажыратыңыз..

  14. Қазақстан жер ресурстарының қоры (га):

  15. 1997 жылғы еліміздегі облыстар саны:

  16. Республикамыздың әр тұрғынына келетін ауылшаруашылық жерінің мөлшері:

  17. Еліміздегі ішкі су ресурстарының жалпы мөлшері (м³):

  18. Сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстарды табыңыз. 

  19. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны:

  20. Республика аумағындағы халықтың орташа тығыздығын табыңыз. 

  21. Халықтың орналасуына әсер ететін факторлар қатарын көрсетіңіз.

  22. Республикамыз бойынша халық сирек қоныстанған аудандарды көрсетіңіз.

  23. Елімізде тұратын ұлттардың шамамен санын табыңыз.  

  24. Белгілі бір халықтың басқа бір елдегі бөлігі:

  25. Каспий теңізі арқылы өтетін шекараның ұзындығын (км) табыңыз. 

Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама

Қазақстанның өнеркәсібі 2 саладан тұрады:ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп.

Ауыр өнеркәсіпке өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар жатады. Ауыр өнеркәсіп салаларына отын энергетика кешені, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсіптері, құрылыс өнеркәсіптері кіреді.

Жеңіл өнеркәсіп салалары халық тұтынатын тауарлар өндіреді. Жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат ретінде пайдаланып жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіп салаларына тоқыма, тігін, аяқ киім, ет, сүт, консерв, балық өнеркәсібі жатады.

Қазақстан өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп жетекші орын алады. Республикамызда өндірілетін өнімнің 75 пайызы ауыр өнеркәсіптің үлесіне тиеді. Ал жеңіл өнеркәсіп үлесіне өнеркәсіп өнімінің 25 пайызы тиесілі. Қазақстанның отын-энергетика кешені негізгі 2 саладан тұрады. Отын өнеркәсібі: көмір, мұнай, газ өндіруден тұрады.Электр энергетикасы: су электр станцияларында, жылу электр станцияларында, атом электр станцияларында электр энергиясын өндіруден тұрады.

Энергетикалық ресурстарға көмір, мұнай, газ, судың құлау күші, ядролық энергия көздері жатады.

Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Зауыттар Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларында орналасқан. Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау Ембі, Маңғыстаудың мұнайын өңдейді. Ал Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары шикі мұнайды Ресейдегі Батыс Сібірден алады.

Қазақстанның батысында еліміздегі газ қорының 70 пайызы шоғырланған Қарашығанақ кен орны игерілуде. Қарашығанақ газ кен орнын игеруге Италияның ЭНИ, Ұлыбританияның Бритишгаз, АҚШ-тың (Шеврон Тексако), Ресейдің Лукойл компаниялары игеруде. Көмір - Қазақстандағы негізгі отынның түрі. Қазақстан көмірдің қоры жөнінен дүниежүзінде сегізінші, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады.Еліміздегі көмірдің негізгі қоры солтүстік пен орталықта шоғырланған. Қазақстандағы Қарағанды көмір алабы 100 пайыз кокстелетін көмір береді. Кокс дегеніміз - тас көмірді жоғары температурада ауа жібермей қыздыру нәтижесінде алатын отын түрі болып саналады.

Қазақстанда көмірдің геологиялық қоры өте мол. Қазақстанның өнеркәсібі 2 саладан тұрады:ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп. Ауыр өнеркәсіпке өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар жатады. Ауыр өнеркәсіп салаларына отын энергетика кешені, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсіптері, құрылыс өнеркәсіптері кіреді.

Жеңіл өнеркәсіп салалары халық тұтынатын тауарлар өндіреді. Жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат ретінде пайдаланып жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіп салаларына тоқыма, тігін, аяқ киім, ет, сүт, консерв, балық өнеркәсібі жатады.

Өндірістік салаларға электр энергетикасы, машина жасау,тамақ өнеркәсібі, көлік, байланыс жатады.

Өндірістік емес сала дегеніміз адамдарды рухани және тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ететін сала. Өндірістік емес салаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, демалыс мекемелері, коммуналдық, тұрғын үй шаруашылығы жатады.

Қазақстан өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп жетекші орын алады.

Республикамызда өндірілетін өнімнің 75 пайызы ауыр өнеркәсіптің үлесіне тиеді. Ал жеңіл өнеркәсіп үлесіне өнеркәсіп өнімінің 25 пайызы тиесілі.

Қазақстанның отын-энергетика кешені негізгі 2 саладан тұрады. Отын өнеркәсібі: көмір, мұнай, газ өндіруден тұрады.Электр энергетикасы: су электр станцияларында, жылу электр станцияларында, атом электр станцияларында электр энергиясын өндіруден тұрады.

Энергетикалық ресурстарға көмір, мұнай, газ, судың құлау күші, ядролық энергия көздері жатады. Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Зауыттар Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларында орналасқан. Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау Ембі, Маңғыстаудың мұнайын өңдейді. Ал Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары шикі мұнайды Ресейдегі Батыс Сібірден алады. Қазақстанның батысында еліміздегі газ қорының 70 пайызы шоғырланған Қарашығанақ кен орны игерілуде.

Қарашығанақ газ кен орнын игеруге Италияның ЭНИ, Ұлыбританияның Бритишгаз, АҚШ-тың (Шеврон Тексако), Ресейдің Лукойл компаниялары игеруде. Көмір - Қазақстандағы негізгі отынның түрі. Қазақстан көмірдің қоры жөнінен дүниежүзінде сегізінші, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Еліміздегі көмірдің негізгі қоры солтүстік пен орталықта шоғырланған.

Қазақстандағы Қарағанды көмір алабы 100 пайыз кокстелетін көмір береді. Кокс дегеніміз- тас көмірді жоғары температурада ауа жібермей қыздыру нәтижесінде алатын отын түрі болып саналады. мол. Еліміздегі негізгі көмір кен орындарына Қарағанды, Екібастұз алаптары кіреді. Қарағанды мен Екібастұз алаптарында Қазан революциясына дейін жылына 90 мың тонна көмір өндірілген болатын.

Қарағанды көмір кен орны маңыздылығы жөнінен бірінші орын алатын алап. Қарағанды кен орнын 1831 жылы қойшы бала Апақ Байжанов тапқан.

Екібастұз алабы елімізде өндірілетін көмірдің жартысынан астамын беретін, маңыздылығы жөнінен екінші көмір алабы. Екібастұз көмір алабын ең алғаш рет 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашқан. Көмір кен орнын тапқан ол белгі ретінде екі бас тұз қалдырған болатын.

Елімізде өндірілетін электр энергиясы ЖЭС-тарда (жылу электр станцияларында), СЭС-тарда (су электр станцияларында) және АЭС-та (атом электр станциясында) өндіріледі. Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 80-90%-ын ЖЭС-тар береді. Қазақстанда 1717 жылы Алтайда қорғасын мен мырыштың мол қоры табылғаннан кейін түсті металлургия дами бастады.

Қазақстанда түсті метал кен орындары анықталғаннан кейін ең алғашқы түсті металлургия кәсіпорындары ашыла бастады. Республикамыздағы ең алғашқы түсті металлургия кәсіпорындарына Шығыс Қазақстандағы Риддер полиметалл комбинаты мен Орталық Қазақстандағы Қарсақбай мыс комбинаты жатады. Түсті металдардың өздеріне тән бағалы қасиеттері болады. Мысалы алюминий, мыс, күміс электр өткізгіштік қасиетке ие болса, қорғасын, қалайы, никель коррозияға төзімді болып келеді.

Мыс кені - түсті металдардың ішінде ең көп қолданылады. Қазақстанның аумағындағы мыс кен орындарының басым көпшілігі Орталық Қазақстанда шоғырланған. Мыстың ірі кен орындары болып Жезқазған, Балқаш, Қоңырат, Бозшакөл, Ұлытау кен орындары болып саналады.

Қазақстандағы мыс комбинаттары Жезқазған мен Балқаш қалаларында орналасқан.Жезқазған мыс комбинаты 1995 жылы Оңтүстік Кореяның «Самсунг» корпорациясының басқаруына берілген болатын.1997 жылы бұл корпорация Балқаш комбинатын қосып алып, «Қазақмыс» корпорациясы болып қайта құрылды. Қазақстандағы қорғасын мен мырыш кен орындары қатарына Шығыс Қазақстандағы Кенді Алтай мен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасындағы Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын мырыш кен орындарын жатқызуға болады.

Алюминий өндірісі энергияны өте көп қажет ететіндіктен, алюминий зауыттарын арзан электр энергиясын өндіретін жерлерге жақын салады.1 т алюминий өндіру үшін 18 мың кВт сағат энергия қажет. Мысалы, Павлодар қаласында алюминий зауыты бар. Бұл зауыттың Павлодарда салыныуының басты себебі мұнда элетр энернгиясы арзан, Екібастұздың арзан көмірін тұтынып,жұмыс істейтін ЖЭС-тар көп.

Өскемен қаласындағы қорғасын - мырыш және титан магний зауыттары Кенді Алтайдың полиметалл кендерін пайдаланып жұмыс істейді.Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинаты ТМД мен Қазақстандағы технологиясы жоғары дамыған кәсіпорындар қатарына жатады.

Химия өнеркәсібі ауыр өнеркәсіптің ешқандай қалдық қалдырмайтын саласы. Химия өнеркәсібі үш саладан тұрады: кен химиясы, негізгі химия, жасанды материалдар химиясы (органикалық синтез химиясы).

Минералды тыңайтқыштар өндіруге қажетті шикізаттар қорының молдығына байланысты Тараз, Шымкент, Ақтөбе қалаларында Қазақстаннңың ең ірі минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттар жұмыс істейді.

Химиялық жолмен алынатын жасанды материалдар полимерлер деп аталады. Жасанды синтетикалық заттарға полиэтилен, пластмасса, кір жуатын ұнтақ, жасанды талшық, жасанды каучук жатады.

Теміртау қаласындағы зауыт синтетикалық каучук шығарады. Табиғи каучукты гевея ағашынан алады. Қарағандының кокстелген көмір қалдықтарынан алынған шикізаттан жасанды каучук алынады. Синтетикалық каучук қасиеттері жөнінен табиғи каучуктан асып түседі.

Қаратау - Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай аймақтарының бірі. Кентау мен Қаратау Қазақстандағы фосфор мен полиметалл өндіретін кенді аймақ болып саналады.

Құрылыс матераилдары өнеркәсібінің негізгі саласы болып темір мен темір- бетон бұйымдарын жасау болып саналады. Темір- бетон бұйымдары болат, арматура, бетон толықтырғыштар мен цементтен тұрады. Бетонның ерекше қасиеті бар, ол жыл өткен сайын қатая береді. Құрылыс өнеркәсібін дамыту үшін жергілікті құрылысқа қажетті минералды шикізаттар қажет.

Минералды құрылыс шикізаттарына құм, қиыршық тас,мәрмәр, саз, т.б жатады. Кварц құмы Павлодар мен Ақмола облыстарында өндіріледі.

Құрылыстың негізі болып саналатын цементті «құрылыс наны» деп те атайды. Цемент құрылыста біріктіретін, байланыстыратын материал ретінде қолданылады. Цемент әктас, мергель , әктастың қоспалары мен домна пештерінің қалдықтарынан жасалады.