Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастанны жалпы экономикалы сипаттамасы 9-сынып.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Конспект сұрақтар

  1. Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің басты саласы:

  2. Қазақстанның ең ірі ет комбинаты орналасқан қала:

  3. Тамақ өнеркәсібі салаларын дамытуға және орналастыруға әсер ететін негізгі факторларды атаңыз:

  4. Тамақ өнеркәсібінің шикізат көзіне жақын орналастыратын саласы.

  5. Шикізат көзіне жақын орналасатын тамақ өнеркәсібінің саласы:

  6. Шақпақ қант шығаратын зауыттар:

  7. 1 тонна қант алу үшін қажет қант қызылшасының мөлшері.

  8. Шитті мақта майын өндіретін зауытты табыңыз. 

  9. Балық кәсіпшілігі дамыған көлдерді белгілеңіз. 

  10. Еліміздегі ірі балық консерв комбинаты бар қаланы көрсетіңіз.

  11. Кондитер фабрикасы бар қаланы табыңыз. 

  12. Маргарин, ашытқы, шай фабрикалары орналасқан қала:

  13. Шарап жасайтын зауыттар орналасқан облыстар:

  14. Темекі комбинаты орналасқан қала:

  15. Қазақстанның күріш өсіруге маманданған облысы:

  16. Күнбағыс майын өндіретін облыстар:

  17. Күнбағыс өсірілетін өзен аңғары

  18. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірін табыңыз. 

  19. Ірі тігін фабрикалары бар қалаларды атаңыз.

  20. Жібек маталар комбинаты жұмыс істейтін қаланы табыңыз. 

  21. Жеңіл өнеркәсіп саласы:

  22. Мақта тазалау зауыттары орналасқан қалалар.

  23. Жүн жуу комбинаттары салынған қалалар:

  24. Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібінің ірі кәсіпорны:

  25. Фарфор – фаянс өнімдерін шығарады:

Қазақстанның көлік кешені

Қазақстанның көлік және коммуникация кешенін теміржол, су көлігі, әуе көлігі, автомобиль көлігі, құбыр көлігі және телекоммуникация құрайды. Осы көлік және коммуникация кешеніне қызмет ететін мынадай ірі мемлекеттік кәсіпорындар бар, олар «Қазақстан теміржолы», «Қазақтелеком», «Қазпошта» т.б. Қазақстанның жетекші көлік түрі болып теміржол көлігі саналады.Себебі теміржол еліміздегі жүк айналымының 57,5 % жолаушы жүк тасымалының 56 % -ын құрайды. Теміржолдың артықшылығы жылдың барлық маусымдарында жұмыс істейді, өзіндік құны арзан.

1905-07 жылдары салынған Орынбор Ташкент теміржолы - Қазақстандағы ең ескі теміржол болып саналады. Орынбор-Ташкент теміржолы Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарын байланыстырады.

Бұл теміржолмен ең көп мөлшерде жүк тасымалданады. Еуропалық бөліктен бұл жол арқылы машина, құрал жабдық, химия өнеркәсібінің өнімдері тасымалданады.

Қазақстан теміржолдарының ұзындығы жөнінен ТМД елдері арасында үшінші орын алады. Қазақстанның теміржолдарының жалпы ұзындығы 15,1мың шақырымды құрайды. Қазақстанның солтүстігін, орталығын, оңтүстігін байланыстыратын трансқазақстан магистралі Петропавл- Астана –Қарағанды- Мойынты- Шу арқылы өтеді. Трансқазақстан теміржолының салынуы Қарағанды көмірі мен Орталық Қазақстандағы мыс өнеркәсібінің дамуын тездетті.

Қазақстанның солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай өтетін теміржол Түрксіб деп аталады.Теміржолдың бағыты Семей- Алматы- Құлан -Тараз -Шымкент-Арыс қалалары арқылы өтеді. Құлан мен Семей қалалары арасындағы бөлігі Түркістан-Сібір деп аталған. Бұл теміржолдың салынуына алғаш рет қазақ жұмысшылары қатысқан. Өзен көлігі маусымдық көлік түрі болып саналады. Себебі қараша айынан сәуір айына дейін өзендер қатып жатады.

Қазақстанда өзен көлігін дамытуға қажетті ірі өзендер аз, көбі еліміздің шекарасынан тыс аймақтар арқылы ағып өтеді. Қазақстанның өзен көлігінде жетекші орынды Ертіс өзені алады. Ертіс өзенімен пайдалы қазба кендері, құрылыс материалдары т.б тасымалданады. Автомобиль көлігі жақын қашықтыққа жүк және жолаушы тасымалдауға ыңғайлы көлік болып саналады. Автомобиль көлігінің тағы бір артықшылығы жолаушыны, жүкті «қақпадан қақпаға жеткізеді».

Алматы- Астана автомобиль жолы арқылы Ресейден Қытайға және кері бағытта жүктер тасымалданады. Алматы- Астана автомолиь жолы 2000 жылдары халықаралық стандартқа сай қайта жөнделген болатын. Бұл жол болашақта көптеген елдерді байланыстыратын ірі торапқа айналады деп күтілуде. Құбыр көлігі арқылы мұнай өнімдері мен газ тасымалданады. Құбыр көлігін кез келген бағытта, барлық жерде бірдей салуға болады. Құбыр көлігінің өзіндік құны теміржол салғанға қарағанда едәуір төмен және тасымалдау қашықтығы өзен мен теміржолға қарағанда қысқа болып келеді.

Қазақстанның батыс бөлігі мұнайлы аудан болғандықтан құбырлардың басым бөлігі осы аймақта шоғырланған. Қазақстанның автомобиль жолдары республикалық деңгейдегі және жергілікті деңгейдегі жолдар болып бөлінеді. Қазақстандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 95 мың шақырым.Қазақстандағы республикалық деңгейдегі ең ірі автомобиль жолы Алматы-Ташкент жолы (Алматы- Бішкек- Тараз –Шымкент).

Көліктің бірнеше түрі тоғысып, өзара жүк алмасатын орындарды орындарды көлік тораптары деп атайды. Қазақстандағы жалпы жүк айналымының 57,5%- ын теміржол, 27%-ын құбыр, 15, 5%-ы автомобиль үлесіне тиеді. Әуе көлігі жүк пен жолаушыны алыс қашықтыққа тасымалдаудағы ең маңызды түрі. Басқа көліктермен салыстырғанда өзіндік құны қымбат болып келеді.