- •1. Криминалистиканы талдаудың құқықтық негізі ретінде адам өлтіру қылмыстарының құқықтық сипаттамасы
- •1.1 Адам өлтіру қылмысының құқықтық сипаттамасы
- •1.2 Ауырлататын жағдайда адам өлтіру қылмыстарының құқықтық сипаттамасы
- •2. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмысын тергеудің және іс қозғаудың ерекшеліктері
- •2.1 Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру істерінің криминалистикалық сипаттамасы
- •2.2 Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу және іс қозғау
- •2.3 Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезіндегі тергеу іс-әрекеттері
- •3. Ұйымдасқан қылмыспен күресті жетілдіру жолдары
- •3.1 Ұйымдасқан қылмыспен күресуді жетілдірудің негізгі бағыттары
- •3.2 Ұйымдасқан қылмыстар бойынша алдын алу және олардан сақтандыруды шаралары
- •Қолданылған әдиебиеттер тізімі
2.2 Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу және іс қозғау
Адам өлімі туралы бастапқы тергеу жұмыстарын ішкі істер министрлігінің тергеушілері іске асырады. Адам өлімі туралы іс қозғауға көбінесе зорлық көрсетілген белгілері бар мәйіттің немесе бөлшектелген мәйіттің табылуы және із-түзсіз жоғалып кеткен адам себеп болады. Соңғысында, егер,оны өлтіріп кетуіне нақты себептер болған жағдайда, адам із-түзсіз жоғалып кеткен жағдайда алдын-ала тексеру жұмыстары жүргізіледі.Жоғалған адам барады-ау деген жерлердің бәріне хабар беріп, жауап алады. Туыстарынан, көршілерінен түсінік алып, сәйкес медициналық мекемеден оның ауру тарихы жайлы кітапшасы және т.б. талап етіледі.Тексеру үш күннен артыққа созылмауға тиіс, ерекше жағдайларда ғана он күнге созылады. Бастапқы кезеңде адам өлімін тергеудің жағдайы болып мыналар табылады:
1. Адам өлімі куәнің көз алдында болғанда, яғни істің басынан бастап жәбірленуші мен сезікті адам белгілі болған кезде. Мұндай жағдайда адам өлтірушімен оның болашақ құрбаны арасында, әдетте келіспеушілік пайда болады,ол ұзаққа созылады және олардың мұндай қарым-қатынастары туысқандарына, таныстары мен қызметтестеріне құпия емес. Бұл жағдай үшін келесі тергеу әрекеттерінің шеңбері мен кезегі тән: сезіктіні ұстау, тінту және сезікті адамды куәландыру,қылмыс болған жерді қарау, сезікті адамнан жауап алу, куәлардан жауап алу, мәйітке байланысты сот медициналық, криминалистикалық және т.б. сараптамаларды тағайындау.
2. Адам өлімі қарақшылық шабуылдан немесе жыныстық қатынас немесе бұзақылық әрекеттердің салдарынан болады. Мұнда жәбірленуші белгілі, бірақ жәбірлеуші белгісіз. Дәл осындай жағдай қылмыстық, түсініспеушілік кезінде, сонымен қатар көптеген,жалдамалы адам өлтіру кезінде туындайды [16, б.87].
Тергеудің бастапқы кезеңінде әдетте мынадай тергеу әрекеттері жүргізіледі: оқиға болған жерді қарау, куәлардан жауап алу, сот-медициналық, криминалистикалық және т.б. сараптамалар тағайындау, сонымен қатар тез арада сезіктіге іздеу салу шаралары жүргізіледі.
Адам өлімінің жағдайы түсініксіз. Мұнда екі кезең болуы мүмкін.
Біріншісі, адам із-түзсіз жоғалып кеткен жағдайда. Мұндай кезде әдетте мынадай шаралар жасалады:куәдан жауап алу, шамамен адам өлімі болған жерді қарау, мәйітті жасыруға ыңғайлы деп табылған жерді қарау, криминалистикалық және т.б. сараптамаларды тағайындау. Екіншісі, белгісіз мәйітті немесе бөлшектелген мәйіт табылған жағдайда. Мұнда негізгі міндет өлген адамның кім екенін анықтау. Мұндай жағдайларға тән: оқиға болған жер мен мәйітті мүмкіндігінше мұқият қарау, мәйіттің киімі, оның бүкіл заттары, мәйіттің бөлшектелген бөліктері толық сипатталады, мәйітті немесе оның бөлшектерін тапқан адамнан жауап алу, сот-медициналық, криминалистикалық және т.б. сараптамалар тағайындалады, мәйітті немесе мәйіт бөлшектерін тану үшін көрсетуге дайындау.
Бала өлімінің белгілері табылғанда.Мұнда екі кезең болуы мүмкін.
Біріншісі, жаңа туылған баланың мәйіті табылғанда: яғни мұнда негізгі міндет бастапқы із кесу әрекеттерінің шегі мен кезектілігі таныс емес ересек адамның мәйіті табылғандағы жағдайға сәйкес келеді.
Екіншісі, құқық қорғау органына нақты әйелден жаңадан туылған тірі баласының жоғалып кеткені жайлы мәлімет түскен жағдайда. Бұл жағдайда арнайы тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін мынадай жұмыстар атқарылады: сезікті адамды ұстау,сезіктіден, куәлардан жауап алу,сезікті адламға сот-медициналық, криминалистикалық және т.б. сараптамаларын тағайындау, басқада тергеу әрекеттерін ұйымдастыру
Тапсырысты орындаушыларды анықтау үшін үлкен қалаларда мұндай мүмкіндікті пайдалану тиімсіз. қызметтік іздестіру иттерін пайдалану үй жайларды, жерлерді қарауда, қылмыскерлердің иістік іздері сақталынуы мүмкін жерлерде қолайлы. Мысалы, қылмыс болған жерден біршама қашықтықта қылмыскерлер тастап кеткен заттар (бас киім, маска, қолғап т.б.) табылуы мүмкін. Иістік ақпарат беретін мұндай заттар тек мәйіт табылған жердің маңайында емес, басқа жерлерден де табылуы ықтимал. Оның шекарасы үлкен болуы тиіс. Әсіресе, қылмыс алыс қашықтықтан атыс қаруын қолдану арқылы жасалған болса, осы жерді иттің көмегімен анықтауға болады. Әдетте, снайпер биік үйлердің шатырынан немесе пәтер терезелерінен және құрылысы бітпеген ғимараттардан атады. Осы жерлерде табылған объектілерді (гильза, темекі қалдықтары, газет, ішімдік қалдықтары, т.б.) кинолог-маман тергеушімен бірге бағалай отырып, қызметтік-иттердің көмегі арқылы қылмыскерлердің ізіне түсу мүмкіндігін анықтайды. Мұндай жерлерде иіс іздері табылса (заттарда, аяқ, қол іздерінде, қылмыскерлер қалдырып кеткен киімдерде), олар шыны немесе полиэтилен ыдыстарға салынып алуға жатады. Ауадағы иіс, арнайы воронкамен жабдықталған шприц арқылы алынады. Бірақ, бұл аталғандардың қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, дәлелдемелік мәні болмайды. Олар, тек жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін маңызды болады.
Көп жағдайларда, іздестіру иттері қылмыскерлердің кету жолдарын табады. Бірақ, белгілі бір қашықтықты жүріп өткеннен кейін тоқтап қалуы мүмкін, яғни ол жерде қылмыскерлер автокөлікке отырған деп болжауға болады. Қылмыскерлер автокөліктерін жәбірленуші үйінің кіріс-шығыс есігінің орналасу ерекшелектерін ескере отырып қояды. Егер, үйдің есігі аулаға қарап орналасқан жағдайда, автокөлік үйдің сыртқы жағында қалдырылады, және керісінше, есік сыртқа қарап орналасқан жағдайда автокөлік үйдің аула жағында немесе үйдің терезесі жоқ жағында қалдырылады.
Куәлардан сұрау жүргізу. Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы келгенге дейін, алғашқы болып келген ішкі істер органдарының қызметкерлері куәларды анықтап сұрау жүргізуі тиіс. Оның негізгі мақсаты мәйітті алғашқы тапқан адамдарды немесе қылмыс туралы хабарлаған адамдар туралы мәліметтер жинау болып табылады. Олардың ішінде қылмыстың мән-жайлары белгілі, қылмысты өз көзімен көргендер анықталып,олардың тізімі жасалады. Жедел-тергеу тобы келгеннен кейін, сұрау тергеушінің басшылығымен жүргізіледі.
Ең алдымен қылмыс болған үйдің тұрғындары сұралуға жатады. Бірінші кезекте – жәбірленушінің көршілерінен пәтердің жанында, баспалдақ алаңында, лифтіде, жалпы үйдің маңайында бөтен адамдарды кездестіргендігі туралы сұралады.
Оқиға болған маңайды бірсыпыра қарап шығу. Бұл шаралар қылмыскерлер тастап кеткен қаруды немесе автокөлікті іздестіру үшін жүргізіледі. Мұндай шараны іске асыру және ұйымдастыру үшін көп адам және ұзақ уақыт қажет. Сондықтан да, бұл әрекеттер тез арада қолға алынса тиімді болады. Оқиға болған маңайды бірсыпыра қарап шығу патрульдік қызметкерлердің, учаскелік инспекторлардың, жол полициясы қызметкерлерінің көмегімен іске асырылу керек. Қылмыскерлердің автокөліктері табылған жағдайда, оны кім қалдырғанын және басқа қандай автокөлікке отырғанын көрген адамдарды анықтап, олардан сұрау жүргізіледі. Алынған жаңа мәліметтер қылмыскерлерді ізін суытпай ұстау үшін дереу кезекші бөлімге хабарлануы тиіс [17, б.64].
Ізін суытпай қылмыскерлердің соңына түсу. Жалдамалы адам өлтіруді орындаушылар автокөлікпен қашқан жағдайда, «Ұстау», «Дабыл» сияқты операцияларды енгізу қажет. Бұл операциялардың ішкі істер органдарының кезекші бөліміне қылмыс туралы хабар дереу жеткізілген жағдайларда ғана тиімділігі артады. Жедел-тергеу тобының басшысы қылмыскерлердің автокөліктерін, оның маркасын, түсін, номерін, ерекше белгілерін көрген адамдардан сұрау жүргізеді. Егер, куәнің автокөліктердің маркасы туралы хабары жоқ болса, автокөліктердің альбомын пайдалануға болады. Негізінең, аулаға күнделікті автокөліктерін қойып жүрген адамдардан сұрау жүргізу қажет. Себебі, бұл адамдар аулаға келген бөтен автокөлікті тез байқайды. Осындай мәліметтер алынғаннан кейін, тергеуші кезекші бөлімге дереу хабар берсе (оқиға болған жерге келгеннен кейін 10-15 минут ішінде), қылмыскерлерді ізін суытпай ұстау мүмкіндігі артады. Бұдан кейін, қылмыскерлердің жасырыну бағыттарына ішкі істер органдарының күштерін жұмылдыру арқылы тосқауылдар қойылады.
Оқиға болған жерде барлау-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру. Жалдамалы адам өлтіруге қатысқан тұлғалар туралы, қосымша куәларды анықтау, сонымен қатар осы қылмысқа қатысты басқа да деректерді анықтау мақсатында, жедел-іздестіру қызметкерлері оқиға болған жерде «есту» деп аталатын барлау жұмысын ұйымдастыруы мүмкін.Оның мәні – жәбірленушімен жақсы таныс, қызметтес адамдардың, оқиға болған жерге жиналған көпшіліктің арасына кіріп, олардың қылмыскерлер, қылмыс ниеті туралы айтқан ойларын, тұжырымдарын аулап, іске қатысты болуы мүмкін деректерді жинау. Сонымен қатар, жедел-іздестіру қызметкерлерінің жұмысы жедел-тергеу тобының қызметіне қызуғушылық білдірген, дәрігерлерден, оқиға болған жерге жиналған адамдардан жәбірленуші жөнінде, қылмыстың басқа да мән-жайлары туралы белсенді сұрастырып жүрген адамдарды анықтауға бағытталуы мүмкін.
Тосқауыл қою шаралары. Жалдамалы адам өлтіру қылмыстары бойынша, міндетті түрде тосқауыл қою шаралары жүргізілуі тиіс. Себебі, бұл қылмысты орындауға басқа елдерден адамдар шақырылу фактілері жиі кездеседі. Мысалы, Қарағанды металлургиялық комбинатының бас директоры Свичинскийді өлтіруге Литвадан киллерлер шақырылған. Мұндай адамдарды кейбір әдебиеттерде өз елінен тыс жерлерге қылмыс жасау үшін барып тұратындықтан «гастроллер» деп атайды. Тапсырысты осындай тұлғалар орындаған жағдайда, олар дереу өз елдеріне кетуге байланысты әрекеттер жасайды. Тосқауыл қою жол полициясының, темір жолдағы желілік ішкі істер бөлімшелерінің, автовакзалдардың, аэропорттағы полиция бөлімшелерінің қызметкерлеріне жүктеледі. Оларға фоторобот арқылы жасалған сезіктілердің бейнелері, ал ол мүмкін болмаса, ауызша суреттеу арқылы жасалған портрет, олардың киімдері туралы, т.б. мәліметтер беріледі. Тапсырыс бойынша өлтірілген адам ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі немесе мүшесі екендігі анықталса, қылмысты орындаушының фотороботы немесе ауызша портреті ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу.
Басқармасында есепте тұрған тұлғалармен салыстыруға жіберілуі мүмкін. Бұл басқармада қылмыстық ұйымдар, олардың мүшелері мен жетекшілері туралы жедел ақпарат болады.
Ішкі істер органдары қаладан шығу жолдарының барлығына бекеттер қойып, патрульдік топтардың санын көбейту керек. Аэропортқа мүмкіндігінше арнайы жедел-іздестіру тобы жіберіледі.
Автовокзалдардың, темір жол вокзалдарының және аэропорттағы билет сату орындарына да қылмыскерлердің фотороботтары немесе ауызша суреттемесі таратылуы мүмкін.
Адам өлтіру қылмыстары бойынша, тосқауыл қою ең күрделі жедел-іздестіру шарасы болып табылады.
Адам өлтірудің жалдамалы арқылы жасалғаны анықталғаннан кейін, оның ниетіне қарай бірнеше болжамдар жасауға болады. Егер, бұл қылмыс бойынша экономикалық ниет басым болса келесі болжамдар құрастырылады:
Адам өлтіру пайдакүнемдік ниетпен жәбірленушініңжақын таныстарының тапсырмасы бойынша жасалған. Мұндай болжам шығаруға жәбірленушінің жоғары қызметте істеуі және ол басқаратын фирма, мекеменің заңды бұзбай, қылмыстық элементтермен бірікпей бедел жинауы негіз болады.
Бұл болжамға сәйкес, тапсырыс берушілер ретінде іскер серіктестер немесе жәбірленушіге бағынысты қызметте істейтіндер болуы мүмкін. Бұлардың біріншілері - үлестік меншіктегі мүлікке иелікті толық өз қолына алу мақсатын, ал екіншілері- басшының орнына өздері отыру мақсатын көздейді.
Болжамды тексеру барысында жәбірленуші басқаратын немесе қызмет атқаратын мекемедегі құрылтыашылар арасында болған келіспеушіліктерді, бір-біріне өзара ақшалай талаптарды, қызметкерлердің өзара іскерлік қақтығыстарынанықтау қажет.
Адам өлтіру ауыр қылмысқа жатады және қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Оның ішіне кәсіпшіл қылмыскерлермен жасалынатын тапсырыс бойынша адам өлтіруді ерекше атап өтуге болады. Адам өлтірудің криминалистикалық сипаттамасының негізгі элементтері ретінде қылмысты жасау және жасыру тәсілдері туралы мәліметтер жүреді. Адам өлтірудің тәсілдері әр қилы – атыс және суық қару, жарылғыш заттарды пайдалану, улау, тұншықтыру, суға батыру арқылы және т.б. қылмыс іздерін жою мәйітті немесе оның бөлшектерін жасыру, өлтірген жерден мәйітті басқа жерге апару, мәйітті бөлшектеу немесе қауіпсіздендіру, адам өлтіру құралын, қылмыс жасаған адамның киімдерін, сондай – ақ жәбірленуші заттарын тығу арқылы іске асырылады.адам өлтірудің қандай болсын тәсілін қолдану қылмыстың типтік іздер жиынтығының пайда болуына әкеп соқтырады. Оларға: жәбірленушінің мәйітті, қылмыс қаруы мен құралы, қылмыскердің оқиға болған жерде болуы, қан іздері және т.б жатады. әдетте адам өлтірушілер бейбастықпен, арсыздықпен, дөрекілікпен көзге түседі, көбінесе спирт ішімдіктерін пайдаланады.жәбірленушілер болса кейде өз іс – қимылдарымен қылмысқа итермелейді, беймәлім адамдармен арақ ішеді, мастықтың арқасында жанжалдасады, қылмыстық өмірмен қандай да бір байланысы барлар. Қылмыс жасау орны, уақыты сияқты адам өлтіру жағдайларын білу арқылы жалпы оқиғаның механизмі және кінәлі туралы, қатысушылар жайлы болжамдар құрастыруға болады. Адам өлтіруді тергеу барысында мынандай жағдайларды анықтау қажет:
1) адам өлтіру болды ма; зорлықпен өлу себебі неде;
2) адам өлтіру қашан; қай жерде, қандай тәсілмен, қандай жағдайда;
3) адам өлтіруді кім жасады, қылмыскер қалай сипатталады;
4) егер қылмыс топпен жасалса, әрбір қатысушының рөлі;
5) қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайлар бар ма;
6) жәбірленуші кім және қалай сипатталады;
7) қылмыспен кемен зиянның мөлшері мен сипаты;
8) адам өлтірудің мақсаты мен ниеті;
9) адам өлтіруге итермелеген жағдайлар қандай [18, б.30].
Адам өлтіру кезіндегі қылмыстық іс қозғау себептері:
- азаматтардың арызы;
- ұйым, мекеме және өндіріс мәлімдемелері;
Қылмыс белгілерін тікелей құқық органдарының табуы.
Адам өлтіру кезіндегі қылмыстық іс қозғау міндеттері:
1) зорлап өлтіру белгілері бар мәйітті немесе оның бөлшектерін табу;
2) өлтіруі ықтимал жағдайға сілтейтін кезде адамның жоғалып кетуі.
Адам іс – түссіз жоғалып кеткен кезде қылмыстық іс қозғау туралы сұрақты шешу үшін алдын ала тексеріс жүргізіліп, оның барысында мынадай әдеттей болжамдар шығарылады:
1) жоғалып кеткен тірі, бірақ өзі туралы қандай да бір себептермен хабарлайды.
2) жоғалып кеткен өлі.
Іс – түссіз жоғалып кеткен адамның өлгендігіне сілтейтін мәліметтер алынған кезде қылмыстық іс қозғалады.
Адам өлтіруді тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеулік ситуациялар осы қылмысты жасаған тұлға туралы ақпараттың, өлген адамның жеке басы және иәйіттің орналасқан жерінің, сондай – ақ қылмыс қозғамының болуы және көлемімен сипатталады. Осыған байланысты мынадай типтік ситуацияларды бөліп шығаруға болады:
адам өлтіру жәбірленуші және сезікті мәлім болған жағдайда жасалынған.
Адам өлтіру жәбірленуші белгілі, ал сезікті белгісіз болған беймәлімдік жағдайда жасалынған.
Адам өлтіру анықталмаған қоғам бойынша жасалған.
Бала өлтіру белгілері табылған.
Адам өлтіру жәбірленуші және сезікті мәлім болған жағдайда жасалынған. Мұндай жағдайда жүргізілетін тергеу әрекеттері:
- сезіктіні ұстауға және оның жеке басын тінту;
- сезіктіні куәландыру;
- оқиға болған жерді қарау;
- сезіктіден жауап алу;
- сезіктінің тұрғылықты және криминалистикалық сараптамалар тағайындау.
Адам өлтіру жәбірленуші белгілі, ал сезікті белгісіз болған беймәлімдік жағдайда жасалынған. Аталмыш жағдайда жүргізілетін тергеу әрекеттері:
- оқиға болған жерді және мәйітті қарау;
- куәлардан жауап алу;
- сот медициналық және криминалистикалық сараптама тағайындау.
Адам өлтіру анықталмаған қоғам бойынша жасалған: а) адам іс – түссіз жоғалыр кеткенде, яғни, жәбірленуші белгілі, ал сезікті белгісіз. б) танылмаған мәйіт немесе оның бөлшектері табылғанда
- Танылмаған мәйіт немесе оның бөлшектері табылғанда жүогізілетін тергеу әрекеттері;
- Оқиға болған жерді қарау;
- сот – медициналық және басқа да сараптамаларды тағайындау.
Мәйіт немесе оның бөлшектерін тану үшін көрсету.
Бала өлтіру белгілері табылғанда: а) жаңа туған сәбидің мәйіті табылды; б) жаңа туған сәби жоғалып кетті.
Жаңа туған сәбидің мәйіті анықталған кезде, ересек адамның танылмаған мәйіті табылғандағы алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Жаңа туған сәби жоғалып кеткенде:
сезіктіден жауап алынады;
куәлардан жауап алынады;
құжаттар алынады;
сезіктіге қатысты сот – медициналық сараптама тағайындау.
Адам өлтіру туралы істер бойынша тергеу әрекеттері аталмыш қылмыс түрінің өзіндік ерекшелігіне сай «криминалистикалық тактика » тарауында қарастырылған тактикалық тәсілдер мен жағдайларды сақтай отырып жүргізіледі. Адам өлтіруді тергеу кезінде жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері:
- оқиға болған жерді тергеу;
- куәлардан жауап алу;
- сот – медициналық сараптама тағайындау.
Адам өлтіру тергеудегі оқиға жағдайының түрлері:
оқиғаның өзін жасау;
қылмыстың жасалу тәсілін анықтау;
Адам өлтіруде кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеті ретінде сот – медициналық сараптамасы жүргізеді. Оның шешетін мәселелері:
өлім мерзімі және себебі туралы;
мәйіт денесіндегі жарақаттар тірі кезінде немесе өлгеннен кейін жасалды ма;
жарақаттарды келтіру реті туралы;
қылмыс құралдары жөнінде;
жарақат жасау кезіндегі жәбірленушінің тұрған жағдайы туралы және т.б.
Куәлардан және көзімен көргендерден жауап алу барысында анықтауға қажет мәселелер:
адам өлтіруді кім жасады, ол тұлға куәға белгілі ме;
қандай жағдайда адам өлтіру жасалынды, қандай тәсілмен қылмыскер қай жаққа бой тасалап кетті.
Адам өлтіру кезінде куә қай жерде тұрды және не істеді, оны қылмыскер байқап қалды ма;
Куә жәбірленушімен таныс па және қандай қарым – қатынаста болған;
Жәбірленушінің киген киімі, онда қандай заттар боды жәнеқылмыскер олардың арасынан бір нәрсе алды ма;
Қылмыскер адам өлтірген жерде не тастап кетті, іздер қай жерде қалуы мүмкін.
Өліп бара жатқаннан жауап алу кезінде үн таспа қолданып, медицина қызметкерлерінің қатысуымен кейін жауап алу хаттамасы құратырылады.
Келесі тергеу әрекеттері:
куәлардан жауап алу;
сезікті және айыпталушыны ұстау және олардан жауап алу
айыпталушының тұрған жері мен үй – жайына тінту жүргізу.
Айыпталушыдан жауап алу – тергеу әрекеттерінің маңыздысы. Оған тиянақты түрде дайындалған жөн, жазбаша жоспар құрастырып, жауап алуға қатысы бар іс материалдарын бір жүйеге келтірген дұрыс.
Адам өлтіру қылмысы - өте ауыр қылмыстар тобына жатады. Сондықтан, мұндай қылмыс оқиғасы орын алған кезде оқиға болған жерді қарау кезінде жалпылама түрде объектілерге талдау берген жөн: а) оқиға болған жерде не бар, олар қалай орналасқан; б) қылмыстың ізі; в) іздер; аяқтың ізі, қолдың ізі, тістің ізі, транспорт құралдарының ізі және т.б. г) қанның ізі, темекі тұқылындағы сілекейдің ізі, тер және басқа да адамнан бөлінетін заттар; д) шаш, киімнің талшықтары; е) жәбірленушінің немесе айыпкерлің бойында қалған дақтар; ж) атыс қаруынан қалған заттар [19, б.111].
Оқиға болған жерді қараған кезде ақпарат алуы мүмкін, топтық қылмыстың сипаттамасы көрсетіледі, нақты айтқанда:
түрлі адамдармен қалдырған қол, аяқ іздері;
түрлі маркалы папирос және темекі қалдықтары, темекі қалдығындағы тіс іздері;
қолданылған ыдыстардың саны;
қан іздері,еркектің жыныстық клеткасы, басқа бірнеше адамдармен қалдырған іздер;
ауыр заттарды орнынан қозғау фактілері,яғнм жалғыз адам оны қозғалту мүмкін емес;
тоналған заттың көлемі;
Жәбірленуші мен куәлардан жауап алған кезде қылмыс жасаған адамның санын ғана емес, олардың әрқайсысының іс-қимылын анықтау қажет. Бұнда ұзын бойлы қара күртешедегі еркек, көзәйнектегі еркек деген шартты белгілер қолдануға болады, бұларды міндетті түрде хаттамаға түсіру қажет.
Әр түрлі сараптамаларды тағайындағаннан кейін тергеуші қылмыстық топтың жасаған қылмыстары жөнінде мәлімет алады. Мысалы, дактилоскопиялық сараптама қылмыс орнын қарау кезіндегі қалдырылған қол іздері арқылы қылмыскерлер санын анықтау. Бірінші шынайы жауап береді деген сезіктілерден жауап алу керек. Топтық іс арқылы сезіктіден жауап алынған мыналарды анықтау қажет:
қылмыстық топтың туындау жағдайы;
жасалған қылмыстың кезектілігімен мән-жайы;
қылмысты жасауға нақты кім ұсыныс білдірді;
қылмыс жасалған жерде сезіктінің іс-әрекеті қандай болды;
басқа сыбайластардың іс-қимылы қалай болады;
қылмыстық топ тергеліп жатқан қылмыстан басқа қылмыс жасады ма, егер жасаса қандай;
қылмыстық топ мүшелері арасындағы қарым-қатынас қандай.
Тергеу алғашқы кезеңіндегі анықталуға тиісті жағдай: нақты қылмысты ұйымдасқан қылмыстық топпен немесе қылмыстық қоғамдастықпен жасады деген негізді анықтау.
Бұндай біртектілік белгілер анықталған жағдайда бұл істі жедел іздестіруге байланысты ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасына өткізу қажет. Тәжірибеде көрсеткендей ұйымдасқан қылмыстық топтың жасаған қылмысының белгілері ылғи да ақиқат болмайды.
Жай топтың істеріне қарағанда ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қоғамдастықтың жасаған қылмыстарын тергеуде анықталатын жағдайлары бірталай көп. Бұл жағдайда қосымша мыналарды анықтауға тура келеді:
қылмыстық топ және қоғамдастықтың негізгі бағытын:
топ пен қоғамдастықты қорғаушы жүрегі таза емес құқық қорғау қызметкерлерінің байланыстарын анықтау;
топтың қандай қаржылық және коммерциялық жүйелермен байланыстылығын, қылмыс жолмен пайда болған қаржыны қалай, қайда жұмсайтындықтарын білуіміз керек. ұйымдасқан қылмыстық топтармен немесе қоғамдастықтар жасалған нақты қылмыстардың тергеуі жалпы ережелермен орындалады. Бірақ қаралған дәрежедегі қылмыстарды тергеуде бірқатар жалпы ұйымдастыру тактикалық сипаттағы талаптарды ойға алу қажет:
Әр іс бойынша қылмыстық жедел топты құру қажеттіліг;
Тергеушілер мен жедел іздеу бөлімдерінің өзара жақын қарым-қатынас ұйымдастыру;
Ішкі істер саласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы бөлімдер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы саладағы қылмыспен айналысатын жедел іздестіру қызметкерлерінің қарым-қатынас құру;
Заңдылық жұмыстарымен айналысатын басқа да ұйымдардың мүмкіндіктерін қолдану;
Тергеу тобының жұмысын нақты жоспарлаудың қажеттілігі;
Тергеу құпиясының қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
Тергуеге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тергеудің ең басынан қылмыс жасаған адамдар жағынан қарсылық әрекеттер қолданылуын болдырмауына және қылмыс жасаған адамдар арасынан құқық қорғау бөліміне көмек беретін адамның болуын таба білуіміз керек, қылмыс жасаған адамдардың қарсылық тактикалық іс шаралар арқылы тежеп отыруымыз керек [20, б.34].
Бұл үшін тергеудің басында топ жетекшісін және мүшедегі беделді, белсенділерді ұстап, оларды жеке дара қамауда ұстауымыз керек.
Мәйіттің табылуына байланысты адам өлімі туралы іс бойынша оқиға болған жерге қатыса алады. Мұндай жағдайда қарау мәйіттен өрбиді. Қылмыс болған жерді қарауға кіріспестен бұрын,тергеуші тікелей арнайы маманның көмегімен жәбірленушінің тірі,өлі екенін анықтауға тиіс. Егер жәбірленушіден тіршіліктің нышаны білінсе, оған тез арада медициналық көмек көрсетіледі. Мәйітті қарау белгілі сатыда іске асады. Ең алдымен оның жатқан жерін қарау қажет. Соның ішінде мәйітке жақын жатқан заттарға қатысты ерекшеліктер, оның жанындағы іздер мен тікелей жақын орналасқан әр түрлі объектілерге назар аударған жөн. Сосын мәйіттің жату ерекшелігі зерттеледі. Ол белгілі дәрежеде жасалған қылмыстың түртадамн, адам өлімінің әдісін, кездей соқ оқиғаның немесе өзін-өзі өлтірудің қалай болған көрінісін көрсетуі мүмкін.
Оның киімі мұқият зерттеледі. Жалпы жағдайда ол жыл мезгіліне, қоршаған ортаға немесе осы кезге сәйкес келе ме,мәйіттің қалай жатыр сол күйінде қаралады.Сосын мәйіттің киімінің көрінбеген жерін қарап,тексеру керек.
Киімді қарау барысында сырлы елдіктерді, әйнектен, пластмассадан, металдан жасалған ірі түймелерді т.б. мұқият қараған дұрыс, өйткені оларда саусақтың іздері қалуы мүмкін.
Киімнің зақым келген жерлеріне ерекше назар аударылуы тиіс, өйткені қылмыс жасаған адам қылмыс құралына және оны іске асыру әдісіне нұсқауы ықтимал. Асылып өлтірілген адамды қарағанда оның денесінің сипатына, жіптің құрамына, формасына, мойындағы іздерге, денесіндегі дақтарға, зақымдарға және мәйіттің жан-жағындағы құрал-саймандардың қалай жатқандығына назар аудару керек. Мәйітті жіптен түсірместен бұрын аңғарылатын нәрселер, жәбірленушінің өзі жіпті белгілі бір биіктікке іліп, асылып өлуі мүмкін бе, әлде оны біреулер асып өлтірген бе т.б. яғни мәйіттің қалай тұрғанын және позасын суретке, қағазға сызып түсіру керек.
Егер адамды алдымен өлтіріп, одан кейін барып асып кеткен деген күдік туған жағдайда, адам өлтіруші мұны жалғыз істеді ме, әлде оған басқа да адамдар көмектесті ме, осыны анықтау керек.
Оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелер, іздер ең алдымен суретке түсіріліп, сосын зерттеудің келесі кезеңі үшін алынады.Бастапқы із кесу әрекетінің бірі мәйітті және оқиға болған жерді қараудан кейін бірден іске асырылатын әрекет куәлардан жауап алу болып табылады.
Тергеуші ең алдымен қылмысты өз көзімен көрген куәлардан, адам өлімі туралы бірінші білген адамдардан, сонымен қатар мәйітті тауып алған адамдардан жауап алады. Адам өлімінде айыпталушы жауабының қылмысқа қатысты барлық жағдайлар мен фактілерін анықтау үлкен маңызға ие. Өз кінәсін мойнына алған айыпталушыдан жауап алу кезінде келешекте оның жауабын тексеруге мүмкіндік болуы үшін, жеке фактілер мен оның түсініктемелерін нақтылау маңызды болып табылады.
Адам өлімін тергеу барысында кідіртуге болмайтын бастапқы тергеу әрекеттерінің қатарына сот-медициналық, криминалистикалық сараптамаларын тағайындау да жатады. Сот-медициналық сарапшылар әдетте, мынадай мәселені анықтауға тиіс: өлімге не себеп болған, тол қашан болған, дене зақымдары қандай құралдың әсерінен және қандай реттілікпен болған, олардың қайсысы тірі кезінде және қайсысы өлгеннен кейін жасалған, зақымдардың қайсысы өлімге себеп болған, зақым келген сәтте жәбірленуші қалай тұрған, жәбірленушінің қанының тобы қандай. Нақты жағдайлар мен адам өлімінің әдісіне байланысты сарапшыға т.б. да сұрақтар қойылуы мүмкін.
Адам өлімін тергеуге байланысты тінту тергеудің аса қажетті және тиімді әрекеттерінің бірі болып табылады. Мұқият дайындалған және дер кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттері қылмыс жасаған адамды әшкерелейтін деректі дәлелдерді табуға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен қатар адам өлімінің себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Адам өлімін тергеу кезінде қылмысты істеген деп айыпталған айыптаушыны немесе сезікті адамды тануға апаруға қажеттілік туатын кездер көп кездеседі.
Тану нысаны ретінде тексеру немесе айыпталушыны тінту кезінде қылмыс орнынан табылған қылмыс құралдары немесе қылмыстық жолмен иемделініп алынған заттай дәлелдемелер мен нәрселер болып табылады.
ҚР ҚПК-нің 219-бабына сәйкес, оқиға болған жерді қарау қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді, сондай-ақ іс-үшін маңызы бар жағдайларды анықтау мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті болып табылады.
Тәжірибелік материалдар:
21.01.2016 жылы сағат 03.00 шамасында, coттaлушы Ж.A.Aқмaмбетoвa жәбірленуші A.Бегaлиевa, куәлaр Ш.Жacaнбaев пен Б.Oрзaлиев төртеуі Алматы қaлacы, Әл-Фaрaби көшеcі, 600 квaртaл, №2 үйде aлькoгoлдік ішімдік ішіп oтырғaн. Oтырыc бaрыcындa, үй иеcі A.Бегaлиевa мен coттaлушы Ж.A.Aқмaмбетoвaның aрaлaрындa төбелеc oрын aлғaн.
Coл cәтте, aлкoгoльден мacaң күйіндегі coттaлушы Ж.A.Aкмaмбетoвa aдaм өлтіру, яғни бacқa aдaмды құқыққa қaрcы қacaқaнa қaзaғa ұшырaту мaқcaтындa cтoл үcтінен acхaнa пышaғын coл қoлынa aлып қaрулaнып, өзіне қaрaй келе жaтырғaн мaрқұм A.Бетaлиевaның өміріне мaңызды мүшеcі, яғни coл жaқ кеуде тұcынaн жoғaрыдaн төмен бaғыттaп бір мәрте ұрғaн. Aлғaн aуыр дене жaрaқaтының caлдaрынaн A.Бетaлиевa қaзaғa ұшырaғaн.
30.01.2016 жылғы №309 caнды Coт-медицинaлық caрaптaмa қoртындыcымен, A.Бетaлиевaның өлімі кеуде қуыcынa енген жaрaқaттың әcерінен, coл жaқ өкпеcі, жүрек қaпшығы жaрaқaттaнып, coл кеуде қуыcынa қaн кетуінен бoлғaн. Кеудеcінің coл жaқ 2-қaбырғacының төc мaңы шеміршек тұcынaн кеcіп кеуде қуыcынa қaрaй еніп, coл өкпенің жoғaрғы бөлігін, жүрек қaпшығын жaрaқaттaғaн, кеуде қуыcынa 2,5 литрден астам қан кеткен. Ішкі ағзаларының аз қандылығы. Басының тері асты сол самай аймағы қанталған. Оң көзінің сыртқы бұрышында, бетінің сол бөлігінде, сол қолбасы сыртқы беті сыдырылған жарақаттары. Сол білезік буыны ішкі беті қанталағаны; кеуде тұсынан алған дене жарақтынан соң шамалы уақыт кеуде қуысына аталған мөлшерде қан жиналғанша тірі болу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайтыны; аталған дене жарақатынан кейін аз уақыт ішінде қозғалуға, сөйлеуге,жүруге мұршасы болуы мүмкіншілігі жоққа шығарылмайтын;жарақат алғаннан кейін дер кезінде жедел түрде мамандырылған дәрігерлік көмек көрсетілсе тірі қалуы мүмкіншігі жоққа шығарылмайтын; кеуде қуысына енген жарақттың әсерінен сол өкпесімен жүрек қапшығының зақымдануы өміріне қауіпті, сондықтан денсаулығына «ауыр» зиян келтірген дене жарақатына жататыны; жарақаттың бағыты алдынан артына, жоғарыдан төмен, солдан сәл оңға қарай бағытталғаны; кеуде алдындағы теселіп-келген жарақаты үшкір тесіп кесетін қаблеті бар заттың әсерінен алынғаны (мысалы пышақ); басының тері асыт сол самай аймағында қанаталғаны, оң көзінің сыртқы бұрышында, бетінің сол бөлігінде, сол қолбасы сыртқы бетінде сыдырлаған жарақаты, сол білезік буыны ішкі бетінде қанаттлаған жарақаттары денсаулығының қысқа уақыттық, яғни 21 күнге дейінгі мерзімге бұзылуына әкеп соқтыратын белгі бойынша денсаулығына «жеңіл» зиян келтірген дене жарақатына жататыны; қатты жұмыр заттың әсерінен алынуы мүмкін екен; дене жарақаттары қаулыдағы оқиға мән-жайына қарсы келмейтіні; қанның құрамында 0,58 промилле, зәрінің құрамында 0,53 промилле этил спирті табылғаны; бұл тері адаммен салыстырмалы араққа «жеңіл» дәрежеде мас болғандылығы тұжырымдалған.
Сөйтіп, сотталушы Ж.Акмамбетова адам өлтіріп, яғни, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқан.
21.01.2016 жылғы №1983 санды «Сот-медециналық» сараптама қортындысымен, сотталушы Ж.А.Акмамбетованың бетінің оң бөлігінде, мойнының оң бөлігінде 3 қатар орналсақан сыдырылған жарақат, оң ұрты тұсында жара, оң қары сыртында қанталаған түріндегі дене жарақаттары анықталғаны, бұл алған дене жарақаттары денсаулығының қысқа уақыттық, яғни 3 аптаға дейінгі мерзімге бұзылуына әкеп соқтыратын белгісі бойынша , денсаулығына «жеңіл» зиян келтірген дене жарақаттарына жататыны;алған дене жарақаттары қатты жұмыр заттың әсерінен болғаны; жарақттың пайда болу мерзімі қаулыда көрсетілген оқиға уақытына сәйкес келетіндігі тұжырымдалған.
11.03.2016 жылғы №1 санды «Сот-биологиялық» сараптама қорытындысымен, жәбірленуші А.Бегалиеваның қаны анти-А және анти-В изогемагглютининдері бар 0 (1) М тобына жататыны, күдікті Ж.А.Акмамбетованың қанты анти-А және анти-В изогемагглютинині бар 0 (1) MN тобына жататыны; сілекей, тері май үлгілерінен осы топқа тән Н антигенін бөлетіндігі анықталған.
Зерттеуде ұсынылған заттарда: жәбірленуші А.Бегалиеваның қара түсті жемпірінде, қара түсті шалбарында, ішкі кимімі мен төс тартқышында , күдікті Ж.А.Акмамбетованың қызыл түсті халатында, Әл-Фараби көшесі, 600 квартал, №2 үйден алынған асхана пышағында, кіре беріс бөлмесінің еденінен екі дана мақтаға алынған суретінде адамның қаны табылғаны; тобын анықтау барысында жүргізілген зерттеулермен Н,М антигендері анықталып, 0 (1) тобына жататын адамнан болуы мүмкін екендігі бекітілген.
Сондықтан, жоғарыда көрсетілген айғақ заттардағы адамның қаны жәбірленуші А.Бнегалиевадан болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайтыны; Әл-Фараби көшесі, 600 квартал, №2 үйден алынған асхана пышағының сабына 0 (1) тобына жататын кез келген адамнан бөлінетіні тері май бөліндісінің іздері анықталғаны; сондықтан пышақтың сабындағы тері май бөліндісінің іздері жәбірленуші А.Бегалиеваның және күдікті Ж.Акмамбетованың тері май бөліндісінің іздерінен араласуынан болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайтыны бекітілген.
15.03.2016 жылғы №453 санды «Амбулаторлық сот-психиатриялық» сараптама қорытындысымен Ж.Акмамбетованың психикалық аурумен ауырмайтыны, медециналық мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану қажет етпейтіні, қылмысты жасау барысында өзінің істеген іс-әрекетіне баға беріп, оны басқара алатын күйде болғаны және қазіргі уақытта өзінің әрекетіне есеп бере алатыны, тергеу барысында және сотта дұрыс жауап бере алатыны, қылмыс жасау кезінде жан күйзеліс жағдайында болмағаны тұжырымдалған.
20.03.2016 жылғы №07-04-12 санды «Сот медико-криминалистикалық» сараптама қорытындысы бойынша А.Бегалиеваның жемпірінде бір, тері препаратында бір кесе-тесіліп алынған жарақат, зақымдары анықталғаны, олар кесе-тесе алатын қаблеті бар заттың әсерінен алынғаны, А.Бегалиеваның тері препаратындағы жарақат, жемпіріндегі зақым сараптамаға ұсынылған пышақпен алынуы жоққа шығарылмайтындығы бекітілген.
21.03.2016 жылғы №232 санды «Сот-психологиялық-криминалистикалық» сараптама қорытындысында, тергеу әркетін өткізу барысында Ж.Акмамбетованың интелектуалды-ерікті күйі өзгермегені; интелектуалды ерікті күйін құқық қорғау органдарының заңды өкілі ретінде тергеушімен қатынасқа түсуге келісуі ретінде сипаттауға болатыны; тергеу әрекетін жүргізу барысында Ж.Акмамбетованың тілі ақпаратты хабарлаушы сипаттағы ауыз екі тілдің бірі түрі болып табылатыны; құрлымы мен мазмұны жағынан және күрделі сөйлемдердің бір қалыпты дауыспен баяндалатыны; жаттау белгілері жоқ, алдын-ала дайындалмаған ауыз екі тіл, яғни спонтандық әсер қалыптастыратыны; тергеушінің, қорғаушының, оператордың әрекеттерінде күдіктінің беретін жауабының мағынасын өзгерту мақсатыдағы өрсекел психологиялық қысымның қандай да бір түрлері, шантаж күштеп қорқыту,негізсіз уәделер беру белгілері жоқ екені тұжырымдалған.
Жалдамалы адам өлтіру қылмыстары бойынша, оқиға болған жерді қарау жүргізілуі үшін шарттар сақталуы міндетті:
жедел тергеу тобы келгенге дейін оқиға болған жер күзетке алынуы тиіс
жедел-тергеу тобының құрамына екі тергеуші, екі-үш жедел іздестіру қызметкері, дәрігер-маман, сарапшы-криминалист, кинолог (қызметтік-іздестіру итімен бірге) кіруі тиіс;
- оқиға болған жерді қарауға екі тергеушінің қатысуы қаралатын орын көлемі жағынан аумақымды (мысалы, жарылыс арқала жасалғанда) немесе бірнеше мәйіт табылған кезде немесе бірнеше учаскені (мысалы, мәйіт жатқан жерді, қылмыскерлердің күтіп тұрған жерлерін, снайпер атқан жерді, қылмыс жасап болғаннан кейін қылмыскерлердің кету жолдарын) қарау қажет болғанда тиімді;
- жедел іздестіру қызметкерлерінің қызмет келесі тәртіппен бөлінеді – бір қызметкер, егер ит «іздің соңына түссе» кинологпен бірге жүреді, екіншісі оқиға болған жерді қарауға қатысады, үшінші қызметкер оқиға болған жерді қараумен қатар, іздестіру жұмысын жүзеге асырады.
Оқиға болған жерге келгеннен кейін, қарау басталғанға дейін, жәбірленушінің тірі екендігін не өлгенін толық анықтау қажіт. Егер, тірі болса, дереу ауруханаға жедел-іздестіру қызметкерінің біреуі жәбірленушіден жауап алуға жіберіледі (мүмкіндігінше жауапты диктафонға жазып алу керек). Тергеуші оқиға болған жердің күзетілуін тексергеннен кейін, ол жерде бөтен адамдардың болмауын қадағалайды, куәларды, мәйітті алғаш тапқан адамдарды, оқиға болған жерге бірінші келген ішкі істер қызметкерлерін анықтап, олардың сұрау жүргізуге, олардың тұрғылықты жерлерін, телефондарын, басқа да мәліметтерді анықтауға байланысты жедел-іздестіру қызметкерлеріне тапсырма береді. Тергеуші сонымен қатар, оқиға болған жерді қарау шекараларын белгілеуі қажет [21, б.47].
Бұл қылмыс түрі бойынша, оқиға болған жерді бірнеше учаскеге бөлуге болады: 1) мәйіт табылған жер; 2) қылмыскерлер жәбірленушіні күтіп тұрған жер; 3) ату орны, (жәбірленушіні күтіп тұрған жермен сәйкес келмеуі мүмкін); 4) қылмыскерлердің кету жолы; 5) қылмыскерлердің көлік құралы тұрған жер.
Оқиға болған жерді қарау мәйіттен басталу қажет. Егер, оның айналасында қандай да болсын іздер табылса, алдымен оларға қарау жүргізіп, содан кейін алынып, бекітілуге жатады.
Адам өлтіру көптеген жағдайларда атыс қаруын қолданып жасалады, сондықтан мәйітті қарау кезінде ең алдымен жарақаттардың атыс қаруымен келтірілгенін алдын ала анықтап алу қажет. Егер, бұл расталса оқ, қару, гильзаны іздестіру керек. Оқ, гильзалар мәйіттің киімінде, мәйіттің астында, оның айналасындағы заттардың ішінен табылуы мүмкін. Оларды табуға бағдар беретін –мәйіт денесіндегі және оның айналасындағы заттарды зақымдар болып табылады. Егер, жәбірленуші баспалдақ алаңында табылса, қабырғалар, төбе, терезе алды, пәтер есіктері, баспалдақтар, таяныштар қаралады. Мәйіт үйдің кіріс-шығыс есігінің алдында табылса, есік, есік алдындағы орындықтар, оның айналасындағы ағаштар, газон т.б. мұқият қаралуы тиіс.
Қылмыскердің атқан орнын «визирование» әдісін қолданып анықтауға болады. Бұл әдіс тиімді болуы мүмкін егер:
а) оқ атылған жерден бастап түзу ұшқан болса (қысқа оқпанды қару үшін – 50 м, автомат үшін –100 м, винтовка үшін-200 м);
б) нақты белгіленген кедергілерде орналасқан кем дегенде екі оқ ізі болса: в) кедергілерді оқ іздері дөңгелек болса.
Жәбірленушінің жеке күзеті болған жағдайда, ату орнын бес зонаға бөлуге болады: 1) 0-ден 3-5 метрге дейін- тікелей жақын аймақ, бұл жерде кенеттен өлтіруге болады, бірақ бұл аймақ қатан бақыланады; 2) жақын аймақ –5 тен 20 метрге дейін, бұл жерде көбінесе жеңіл атыс қаруы қолданылады; 3) 20-дан 300 метрге дейін, көбінесе жеңіл атыс қаруы қолданылады; 4) бақылау, ақпарат жинау аймағы – 400 метрге дейін; 5) 500 метрге дейін, бұл ең шекті қашықтық. Осы аталған аймақтардың ішінде ең тиімдісі (жәбірленушінің оққағалары болған жағдайда) 300 метр болып табылады. Бұдан жақын қашықтық киллер үшін қауіпті, алыс қашықтық –тиімсіз. Демек, ату орны мәйіт табылған жерден осындай қашықтыққа дейін орналасуы мүмкін.
Қылмыскерлердің жәбірленушіні күтіп тұрған жерінде көптеген іздер табылуы мүмкін. Мысалы, аяқ киім іздері, темекі қалдықтары, суйену белгілері, егер жәбірленуші күту бірнеше сағаттарға созылса, ішімдік, тамақ қалдықтары қалуы мүмкін. Сондықтан, бұл орынды дұрыс қараудың маңызы зор. Ал, қылмыскерлердің келі-кету жолдарында протектор іздері, аяқ киім іздері , маска, қолғаптар табылуы мүмкін. Кейде, қылмыскерлер автокөліктерін тастап кетеді. Мұндай автокөліктер де мұқият қаралуға жатады.
Көптеген адам өлтіру қылмыстары жарылғыш құралдарды қолдану арқылы жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда, оқиға болған жерді қараудың өзіне тән ерекшіліктері бар.
Ең алдымен қарауға осы саладағы арнайы маман, өрт сөндіру қызметкерлері, төтенше жағдайлар жөніндегі орган қызметкерлері, және қажет болған жағдайда (тағы жарылыс болуы мүмкін деген қауіп төнсе) саперлар шақырылуы мүмкін. Терегуші қарау кезінде осы мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Жарылғыш зат толық жарылмаған болса, ол аумақ қауіпсіз қашықтыққа дейін ішкі істер органдарының қызметкерлерімен қоршауға алынып, адамдар толық шығарылуы тиіс.
Адам өлтіру қылмыстары бойынша, оқиға болған жерді қарау нәтижесі бойынша хаттама толтырылады, сот жедел фотосуретінің ережелерін сақтай отырып, мүмкіндігінше оқиға болған жерде табылған обьектілерді түрлі - түсті суретке түсіріледі және схема сызылады, бейнежазбаны да қолдану тиімді болып табылады.
Тапсырыспен өлтірілген тұлғалардың киімдерін және заттарын қарау барысында табылған жазба кітапшалар, кілттер алынуы тиіс.
Бұлар бухгалтерлік, банктік, т.б. маңызды құжаттар, қымбат заттар қалдырылған пәтер, қызмет кабинтінің, сейфтердің кілттері болуы мүмкін. Ол құжаттар мен заттарды қарау және зерттеу сезіктілерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан оқиға болған жерді қарау аяқталғаннан кейін, жәбірленушінің пәтерінде, саяжайында, қызмет кабинетінде іске қажетті құжаттар мен заттарды табу мақсатында қарау және тінту әрекеттері жүргізілуі қажет. Жәбірленушінің үй-жайын қарағанда, мүмкіндігінше, оның отбасы мүшесінің біреуін қатыстыру қажет. Жәбірленушінің үй-жайын қарағанда, мүмкіндігінше, оның отбасы мүшесінің біреуін қатыстыру керек. Мұндай үй-жайларды қарау барысында, құжаттарды іздеумен қатар, маманның көмегі арқылы онда жасырын тындау, жасырын бейнетаспаға жазу құралдары орнатылғанын анықтау керек. Бұл арнайы құралдар электр желісіне, телефон ішіне, қабырғалардың арасына, стол астына, сувенирлерге, темекі қорабына және т.б. жерлерге қойылуы мүмкін. Осы құралдар қарау кезінде табылса, оларды зерттеу, шығу тегін анықтау арқылы қылмыскерлермен байланысы бар адамдарды табуға мүмкіндік туады [22, б.52].
Адам өлтіру қылмыстары бойынша, тергеу барысында орындаушының қарудан атып жаттыққан жерлері табылуы ықтимал. Ал, ол жерлерде оқтар мен гильзалар табылуы мүмкін. Мысалы, Түстікбаев деген азаматты тапсырыспен өлтірушілер, саяжайларында атып жаттыққан. Сондықтан, мұндай жерлерді қарау кезінде металл іздеуші құралды пайдалану керек. Жалдамалы адам өлтіру қылмыстары бойынша, сараптамалардың дәлелдемелік ақпарат жинаудағы маңызы зор.
Осы қылмыс түріне қатысты келесі сараптамалар тағайындалуы мүмкін:
Сот-медициналық сараптама. Мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізу нәтижесінде, жалпы барлық зорлық қылмыстары үшін ортақ мән-жайлар анықталуға жатады:өлімнің себептері мен уақыты, мәйттің денесінде қандай жарақаттар бар, олардың сипаты және орналасуы, мәйттің позасы өзгерген бе, қан тобы қандай, т.б. Егер, мәйіт денесінде атыс жарақаттары болса, сараптамаға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін: жарақат атыс қаруымен келтірілген бе; атыс қандай қашықтықтан жасалған; жарақат тесіп өткен бе немесе жабық жарақат па; оқтың кіру және шығу тесіктері қалай орналасқан және жарақат каналының бағыты қандай; нақты қай жарақат өлімге әкеп соқтырған; жарақаттар даралап ату нәтижесінде келтірілген бе немесе автоматты кезекпен ату нәтижесінде келтірілген бе. Қылмыскерлердің жәбірленушіні күтіп тұрған жерден табылған қан іздері, сілекей, тері, шаш сияқты объектілерге сот- биологиялық сараптама тағайындау арқылы олардың топтық қасиеттерін анықтап, сезіктілердің шеңберін азайтуға болады.
Егер, қылмыс қаруында дактилоскопиялық идентификацияға жарамсыз терімайы іздері табылса,оларды АВО/Н/ жүйесінің топтық антигендерін анықтау үшін сот-биологиялық сараптамаға жіберілуі мүмкін.Жалдамалы адам өлтіру істері бойынша, оқиға болған жерде, жәбірленушінің киіміндегі және денесндегі табылған іздер арқылы өлтіру механизмін анықтау керек. Ол үшін оқиға болған жерді қарау, сот-медициналық, сот-биологиялық, киімнің криминалистік және физико-химиялық, сот-баллистикалық сараптамалардың қорытындыларын есепке ала отырып, кешенді медико-криминалистік (ситуациалық) сараптама тағайындалады.
Сот-баллистикалық сараптама. Оқиға болған жерді қарау немесе тінту кезінде табылған қаруға сараптама тағайындау арқылы қарудың түрі, жүйесі, моделі; моделі; атуға жарамдылығы; оқиға болған жерден табылған оқ, гильзалардың осы қарудан атылу мүмкіндігі анықталады.
Әр түрлі кедергілердегі зақымдарды жан-жақты зерттеу арқылы қылмыстың мән-жайлары туралы бағалы ақпараттар алуға болады. Жалдамалы адам өлтіру қылмыстары бойынша, сот-баллистикалық сараптаманың шешуіне, жалпы қойылатын сұрақтармен қатар, келесі сұрақтар қойылуы мүмкін: 1) қаруға қатысты: қару соңғы рет қашан қолданылған; атыс жасалғаннан кейін қарудың оқпаны тазаланған ба; маркалық белгілері өшірілген бе; оқиға болған жерден, мәйіт денесінен табылған оқ, гильза осы қарудан атылған ба; 2) оқ, гильзаға қатысты: оқиға болған жерде табылған оқ, гильза қандай қару түрінен атылған; патрондар қай зауытта жасалған; зақымдар бар қарудан атылған оқтармен келтірілген бе; оқтың техникалық сипаттамасы қандай және т.б.
Егер, жалдамалы адам өлтіру жарылыс құралын қолданып жасалған болса, жарылыс-техникалық сараптама тағайындалуы мүмкін. Бұл сараптама жарылыс оқиғасын, жарылғыш құралдың құрылымын, жарылғыш заттың түрін, санын, жару әдістерін,жарылғыш құралдың қолдан жасалғанын немесе зауытта жасалғанын анықтауы тиіс.
Оқиға болған жерде қалдырылған атыс қаруында, жарылғыш құралдың бөлшектерінде қолдын іздері табылса, олар алынып, дактилоскопиялық сараптамаға жіберуге жатады. Орындаушылардың жәбірленушіні күтіп тұрған күтіп тұрған, олардың автокөліктерін қойған жерлерден табылған іздерге қатысты трассологиялық сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Кейде, істің ерекшеліктеріне байланысты қолжазба сараптамасын да тағайындау қажет болады. Мысалы, бұл істерді тергеу кезінде құқық қорғау органдарына анонимдік хаттар жіберілуі мүмкін. Бұл қылмысқа қатысушылар, көбінесе жәбірленушінің жақын туыстары, жолдастары болғандықтан, олардың қолжазбалары тексерілуі мүмкін. Анонимдік хаттағы қолжазудың ерекшілік белгілерінің сипаттамасын көрсетіп, сарапшылар дайындап берген кестені пайдалану арқылы, тергеушінің өзі маұндай тексеруді алады. Жәбірленушінің қызметтк кабинетін қарау кезінде жасырын тыңдау, жасырын бейнетаспаға жазып алу құралдарына ұқсас заттар табылған жағдайда, осы саладағы арнайы маманды шақыртып келесі мән-жайларды анықтауға болады: бұл қандай заттар: олар жасырын тындау немесе бейнетаспаға жазу мақсатында қолданылатын құралдарға жата ма: бұл құралдар қалай жұмыс істейді: қолдан жасалған ба немесе зауытта жасалған ба: техникалық сипаттамасы қандай: қандай қашықтыққа дейін жеткізе алады.
