Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адебиет адистеме МЕ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
954 Кб
Скачать
☆

Мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

1. Қазақ әдебиетінің мектептегі оқу пәні ретінде алатын орны, оған арналған бағдарламалардың құрылысы.

Пән бағдарламасының мемлекеттік құжат екендігі. Әдебиет пәнінің бағдарламасының әдебиеттану, педагогика, психология ғылымдарымен байланысты жасалатыны. Бағдарламаның жаңарып жетіліп отыратындығы, методикалық аппараты.

Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мазмұны мен оны жаңартудағы ізденістер. Бағдарлама жасау талаптары.

Әдебиетті оқыту мазмұнының бастауыш оқу (1-1У), әдебиеттік оқу (У-УШ) әдебиет тарихы курсының негізі болып құрылатыны, мақсаты мен міндеттері.

У-УШ сыныптардағы әдебиет курсы. Бұл сыныптардағы балалардың әдеби эстетикалық түсініктері мен көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктері. Оқу материалдарының жанрлық, хронологиялық принципке негізделетіні.

1Х-Х1 сыныптардағы әдебиеттің тарихы әдеби принциппен жүйелі түрде оқылатыны. Оқу материалдарының шолу және монографиялық түрде болатыны.

2. Жазушы өмірбаяны, әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту.

Оқушының көркем шығарманы оқып-түсінуіне оны жазған автор туралы мәлімет қажеттілігі. У-УШ сыныптарда жазушының өмірбаяны оқу материалына сәйкес кіріспе әңгіме ретінде болатыны. 1Х-Х1 сыныптарда жазушының идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық мұрат-мақсаттарымен таныстыруға арналған сабақтардың түрлері.

Әдеби-теориялық ұғымдар – көркем шығарманы оқып-үйренудің құралы.

1Х-Х1 сыныптарда берілетін әдеби-теориялық ұғымдар, олардың көлемі, қалыптасу жолдары. Жоғары сыныптарда берілетін әдеби-теориялық ұғымдардың күрделене түсуі, оқытылу ерекшеліктері, оқушыларға әдеби білім берудегі орны.

3. Әдебиет пәнінің мұғалімі.

Мұғалімнің әдебиетті оқытудағы орны, оған қажетті кәсіби, адамдық, азаматтық өлшемдері. Сабақтың теориясы мен практикасын білуде әдебиеттану, педагогика, психологияға сүйенуі шартты болуы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Көшімбаев А. Сегізжылдық мектепте әдебиетті оқытудың методикалық мәселелері. Алматы, 1962.

2. Ысқақов А. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысының жайы мен міндеттері. Алматы, 1957.

3. Шәріпов Ә. Қазақ мектептері дамудың жаңа кезеңінде. Алматы, 1959.

4. Қазақ әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесі. Алматы, 1972.

5. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. Алматы, 1985.

6. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері. 1958, 1961.1968.

7. Құтқожина Р. Пәнаралық байланыс. Алматы, 1982.

8. Рыбникова М.Н. Очерки по методике литературн. М., Просвещение, 1985.

9. Әдеби білім стандарты. Алматы, 1988.

10. Әдеби білім тұжырымдамасы. Алматы, 1997.

11. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы. Алматы, 1991.

12. Қазақ әдебиетінің білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері. А:, 1990.

13. Ақшолақов Т. Жақсы оқулық керек-ақ. Қазақ тілі мен әдебиеті.1995. № 2.

14. Әбілқасымова К. Әдебиет пәнінің мазмұнын құру жолдары.Қазақ тілі мен әдебиеті.1992. № 4.

Әдебиет пәнінің негізі – көркем шығарманы оқыту

1. Әдебиетті оқыту әдістері.

Оқыту процесі, оның екі жақты мәні. Оқыту әдістерін негіздейтін принциптер. Әдістердің өзара сабақтастығы, жекеленген әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асатыны. Әдістерді жүйелеу мәселелерінің зерттелуі, шешімдері (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, Н.И.Кудряшев).

Творчестволық оқу әдісі. Бұл әдістің шығарманы оқытуда қолданылатыны, мақсат міндеттері. Творчестволық оқу әдісінің әдістемелік тәсілдері.

Эвристикалық әдіс. Эвристикалық әдістің оқытудағы мақсаты, оқушылардың алғашқы шығармаларын оқудағы эмоциональдық көңіл күйінің интеллектуальдық қалыпқа ауысуындағы алатын орны. Эвристикалық әңгімедегі ізденушілік бағыт. Эвристикалық әдісті жүзеге асыру тәсілдері.

Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің қолданылу мақсаты, орны. Әдебиетті проблемалық түрде оқыту. Проблемалық сұрақтардың шешуші ролі. Дәстүрден тыс сабақтардағы зерттеу әдісімен жұмыс істеу тәсілдері. Зерттеу әдісінің дамыта оқытуда, оқушының қызығушылығын арттыруға жасайтын игі ықпалы.

Репродуктивтік әдіс. Репродуктивтік әдіспен жұмыс істеу түрлері, әдіске тән амал-тәсілдер. Әдістің тиімділігі.

Оқыту әдістерінің сабақтастығы, оқу материалы мен сабақ мақсатына байланыстылдығы.

2. Көркем шығармамен жұмыс істеу реті мен кезеңдері.

Кіріспе сабақтар. Кіріспе сабақтардың мазмұны мен маңызы. Кіріспе сабақтардың түрлері, оларға бөлінетін уақыт. Кіріспе сабақтардағы пәнаралық байланыс.

Көркем шығарманы оқыту мен талдау кезеңі. Көркем шығарманы оқытудың түрлері, мәні, мақсаты. Үйде оқудың нәтижелі болуына мұғалімнің жетекшілігі. Шығарманы талдаудың күрделілігі. Мәтінді талдауға әзірлеу (сабақтарға бөлу, материалды көтерілген мәселелерге жүйелеу, т.б.). Талдау жолдары. Тура және «астыртын» тәсілдерді пайдалану.

Қорытынды сабақтар. Қорытынды сабақтардың мақсаты, оларға қойылатын талаптар. Қорытынды сабақ мәтінді талдаудың жауапты кезеңі. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бейімдейтіні.

3. Көркем шығармаларды жанрлық ерекшеліктеріне тән оқыту.

Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері У-У1, УП-УШ, 1Х-Х1 сыныптарда талдпудың өзіндік талаптары эпикалық шығармаларды сюжеттік, композициялық негізіне қарай талдау жолдары. Образдық талдау жасатудың талаптары мен әдіс-тәсілдері. Проблемалық талдау.

Лириканы оқыту. Лириканы көркемдік табиғаты мен оны оқып талдаудың сабақтастығы. Лирикалық шығармаларды У-УШ, 1Х-Х1 сыныптарда оқытудың ерекшелігі, жолдары, теориялық жағынан оқып үйренудің мәні, бағдарламалық талабы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. Алматы, 1987.

2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы.Алматы, 1969.

3. Кудряшев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы.М., 1981.

4. Никольский В.И. Методика преподав. лит-ры в средней школе.М., 1971.

5. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. Алматы, 1979.

6. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту. А:,1974.

7. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. Алматы, 1982.

8. Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Алматы, 1974.

9. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіровтің шығ-рын оқыту жолдары. –А:, 1974.

10. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. Алматы,1974.

11. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997.

12. Сүлейменова Қ. Қазақ совет әдебиетін оқытудың кейбір мәселелері.-А:, 1982.

13. Маранцман Б., Чириковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М., Просвещение, 1977.

14. Нұрмұқанов Ж. , Дайырова Ә. Орта мектепте лириканы оқыту. Алматы, 1991.

15. Әбілқасымова К. Талдай білген ұтады. Қазақ тілі мен әдебиеті, 1994, № 2.

Әдебиет сабағы және сыныптан тыс жұмыстар

1. Әдебиет сабағы және оның түрлері.

Әдебиетті оқытудағы сабақтың негізгі оқыту түрі екендігі. Әдебиет сабағының басқа оқу пәндерінен айырмашылығы. Сабақта оқушы мен оқытушының жұмыстарының арақатынасы. Қазіргі әдебиет сабағына қойылатын талаптар. Дәстүрден тыс сабақтар. Сабақтың тәрбиелік мәні, мазмұны. Сабаққа дайындалу жолдары. Сабақ құрылысы. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар, сабақтың шартты кезеңдерінің жоспарлануы. Үйге тапсырма және тексеру, бағалау. Үйге берілетін тапсырманың педагогикалық, әдістемелік негіздері. Әдебиет сабағында көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері.

2. Шығарма жаздыру әдістемесі.

Мектептегі шығарма жаздырулдың мәні, атқаратын қызметі. Шығарма түрлері. У-УШ, 1Х-Х1 с ыныптарда шығарма жаздыру жұмысының ерекшеліктері. Шығарма - әдеби шығарманы талдау әдісі және тіл дамытудың тиімді құралы.

Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайтуға арналатын жұмыс түрлнрі. Шешендік өнерге баулу, төселдіру жолдары.

3. Сыныптан тыс жұмыстар.

Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың түрлері, әдебиетті оқытудан алатын орны. Сыныптан тыс жұмыстардың сабақ мазмұнымен байланыстылығы. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бейімдейтіндігі. Әдеби кеш, мерекелер, конференция, үйірме жұсмыстарын өткізудің принциптері.

Оқушыларды кітапты өз бетімен оқуға тәрбиелеуді сыныптан тыс оқудың ролі. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру, бақылау жолдары.

Әдебиеттер

1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы, 1985.

2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. Алматы, 1994.

3. Құрманбаева Г. , Дүйсебаева С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.Алматы, 1999

4. Дайрабаев Е. Мектепте шығарма жаздыру методикасы. Алматы, 1963.

5. Тілешова С. Әдебиет сабағында жазу жұмыстары. Алматы, 1971.

6. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. Алматы, 1987.

7. Мұхтаров Ә. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары.Алматы, 1997.

8. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. Алматы, 1972.

9. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы, 1995.

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

Ғылыми кеңесінде бекітілді.

30.06.2009 жыл. Хаттама № 10

Ғалым хатшы Тазабекова Е.Т.

КӨРКЕМ МӘТІНДІ ОҚУ-ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ

Әдебиет — өнер пәні.  Әдебиет  пәні  арқылы  оқушылардың  рухани дүниесі байиды,  туған тілін  сүюден  елін,  адамзатты  құрметтеуге  дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы — әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы      парасаттылыққа , имандылыққа , инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу  түрлерін жіктеп ажыратамыз:

1)  көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу.  Қиын, түсініксіз образды,  айшықты сөздерді ұғына оқу,  яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;

2)  таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

3)  іштен оқу немесе өздік оқу.   Іштен оқудың оқушыны жеке,  өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы  маңызы ерекше зор. Ойлану,  өз бетімен іздену,  жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;

4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі,  қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда,  сабақтың эмоциялық,  психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;

5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру,  мәнерлі,  айқын оқу,  көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;

6) ұжымдық оқу.  Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды,  мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын  арттыруға әсер етеді;

7) жұптық оқу.  Жұптық оқудың тиімділігі,  біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады,  екіншіден ұқыпты тыңдай білуге,  бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;

8) мәнерлеп оқу.  Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.  Мәнерлеп оқудың мақсаты:

а) оқушыларға  көркем туындының  эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;

ә) көркем мәтінге жан беру,  әр сөздің мәні мен мағынасын,  сөз бояуларының нақышын сезе білу;

в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.

Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол — ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына,  пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша,  жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып,  «Ол қай оқиғадан алынды,  кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі  әдеби ойындарын жүргіземін.

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда,  оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау,  қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен  мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге  үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы  үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.

—  «Арысыңды,  ендеше,  арыстан жеді» (Бөжейдің сөзі).

—  «Ақ қарамды тексермедің бе,  өңшең қан жұтқан қара бет?!» (Қодардың сөзі).

Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын,  пікірін  әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.

Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә.Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов, т.б.  Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби — эстетикалық жолмен қарауды ұсынды ». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт — осында. Өйткені,  көркем әдебиетте сөз -мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету — әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар,  жазушы стилін,  шығарма стилін аңғарар еді.

Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге,  өздігінен білім алуға үйрету -ең ұтымды жол» (1,92бет).

Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе  сөздің дұрыстығын, анықтылығын,  тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті,  әуезді болу жағын талғайды» деп жазады (2,127бет).

Көркем туындының  құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын,  көзқарасын,  психологиясын танытып отырады,  яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын,  көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады.

Көркем мәтінді талдауда композиция,  сюжет,  жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея,  оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді,  ойларына ой,  пікірлеріне пікір қосып,  бүкіл жан дүниесін оятады.

Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің  де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу,  оқушының өзіне ұнаған эпизодын,  әсерін әңгімелеу,  шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке,  ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын,  өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі — оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге , ойын шашыратпай, қысқа ғана,  негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес.  Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескерген жөн.  Шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде  жатқан авторлық ойдан ауытқымау керек, қайта сол ойды дамыту қажет. Көркем мәтінді бірінші не екінші жақта әңгімелеуде,  автор баяндауын өзгертіп,  мәтін мазмұны,  негізгі айтар ойы өзгертілмейді.  Тек бірінші жақта жазылса, оны үшінші жақта әңгімелеу талап етіледі.  Әңгімелеудің бұл түрінің маңыздылығы оқушының тілін дамытады,  кейіпкерлер іс -әрекетін түсінуге, талдауға баулиды. Әсіресе, бас кейіпкер атынан сөйлеу қызықты да,  күрделі де болып келеді. Бұл жұмыста оқушылар  кейіпкер іс-әрекетін тереңірек түсінеді, өз сезімін,  толғанысын да арқау етеді.

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын,  ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь,  көркемдік тәсіл белгілі бір ойға,  мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы,  икем машықтарына қойылатын талаптар,  осыған байланысты істелетін жұмыстар:

а) Өз бетімен, жеке талдау.  Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ,  көмек-карточкалар ұсынылады.

ә) Ұжымдық талдау.  Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау,  бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге,  қорытынды жасауға жетелейді.  Ұжымдық талдау сұрақ-жауап,  мәтінмен практикалық жұмыс,   пікірлесу,   әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.

Көркем  мәтінді  талдаудың  жолдары мен бағыттары  Рәбиға Сыздықова мен  Бердібай  Шалабай  еңбектерінде  жан-жақты сараланады.  Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.

Көркем мәтіннің негізгі белгілеріне байласым, тұтастық және эмотивтілік жатады.  Байласым- лингвистикалық ұғым,  ал тұтастық-психолингвистикалық ұғым.  Байласым көмегімен  мәтін құрылысының феномендері талданады, ал тұтастық ұғымы арқылы мәтіннің терең қабатындағы орналасқан әрекеттері түсіндіріледі (3, 8 бет).

Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор.  Әдіскер ұстаздың қаламынан М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазылған.  «Оқулықта… талдаудың бір түрі-образдық талдау жүйесі негізге алынған».  Көркем шығарманы талдау жүйесі,  ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған,  баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу,  мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша  тірек сөздерді қолданып мазмұндату, шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы, уақиғаның шарықтау шегі, шешімі айқындалады. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып,  іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындала түседі. Кейіпкерді танытатын,  айқындап,  даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, қақтығысы,  күресі т.б.  Кейіпкерді талдап, тану барысында оқушы көркем шығармадағы кейіпкердің жүйесін нақтылайды, өзара байланысын,  жазушының әр кейіпкерге қандай сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлердің диалогтары арқылы олардың мінезін ерекшелеп айқындап, негізгі орталық тұлғаны анықтайды (4, 62 бет).

Оқушы  көркем   мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады.  Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек.  Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық,  айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек.  Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді.  Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ.  Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты.  Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар,  фигуралар түрін меңгерту,  теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге,  бейнелі  оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы,  сөздің,  фразаның құдіретін дұрыс танытады.

Көркем мәтінмен жасалатын жұмыс түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру Көркем мәтін түрлері Көркем мәтінмен жұмысты ұйымдастыру жолдары Негізгі ұғымдар:мәтін, көркем мәтін, әдеби талдау, мазмұндау, көркем мәтін түрлері, жанр Жазушы көркем туындының болмысын танытатындай, ондағы оқиғаларды бірбірімен байланыстырады. Ондағы кейіпкерлер тіршілік кешеді, еңбек етеді, бірбірімен қарымқатынасқа түсіп, тартысқа да барады. Соңында уақыт пен кеңістікке сіңісіп, орнығады. Осы кезде ең бірінші көзге түсетіні – создатель баяндайтын оқиға. Ол жекелеген эпизодтардан құралып, шығарманың тақырыбын, идеясын, жанрлық ерекшелігін ашады. Создатель өз шығармасында өмірдің әлеуметтікқоғамдық жағдайын, бір кезеңдегі адамдардың өмірін суреттейді. Көркем шығармада адам, адамгершілік, табиғат, атамекен, махаббат мәселелері сипатталады. Яғни, әдебиет – заманның рухани, адамгершілік, моральдық жағын ашып, көркем бейнелейді. Көркем мәтіннің осындай ерекшеліктері әдебиет сабақтарында игертіледі. Оқушы көркем шығарманы тек өтілген материал, баға алу үшін қажет міндетті оқу деп түсінбеу керек. Көркем шығарманы оқушы жан дүниесімен ұғып, одан алған әсерін, көркем танымын одан әрі қолдана алуы керек. Яғни, көркем дүние оқушы жанына эстетикалық жарасымды ықпал тудырып, таным көкжиегін кеңітуге, мінез қасиетін қалыптастыруға жәрдем етуі, ойға шақыруға тиіс. Көп ретте көркем шығарма, оның ішінде көлемді туынды үстірт қана өтіледі. Оған себеп біріншіден, шығарманың ауқымдылығы, мазмұнының көпқырлылығы, мәтіннің психологиялық жағының күрделілігі; екіншіден, шығарманы оқыпүйренудегі уақыттың аздығы, бір сарынды әдістәсілдердің қолданылуы. Көркем мәтінге барудағы жол – мазмұнды игеруден басталады. Көркем мәтіннің мазмұнын меңгертудің бірнеше жолдары бар. 1) Шығарманың таңдап алынған тұстарын, яғни мейілінше әсерлі тұстарын мазмұндау. Бұл мәтінді үстірт оқу дегендік емес. Оқушы шығарманы толық оқығаннан соң, оның ең қызықты тұстарын есіне көбірек сақтайды. Осы дағдыны пайдаланып, мұғалім оқушыларға шығарманың маңызды сәттері бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың жауабын тыңдайды. Сол тұстардың мазмұнын ашуды сұрайды. Оқушы әңгімелеу барысында, өзінің мазмұндайтын бөлігін неғұрлым қызықтыра, өз сөзімен беруге талпынады. Мұның өзі оқушының мәтіннен алатын әсерін қалыптастырады. Осындай әсерлі тұстарды басқа шығармалардан табуға ұмтылады. Соның арқасында көркем мәтін оқуға деген ықыласы қалыптасады. 2) Логикалық тізбекті мазмұндау. Бұған шығарманың мазмұнын қуалай отырып, жүйелі мазмұндауды жатқызамыз. Бұл оқиғаларды ретімен, ішкі байланыстарын сақтай отырып, мазмұндауға да жол салады. Екінші бір тиімді жағы көркем шығарманы сыныпта мазмұндатқанда, тек бір оқушыдан ұзақсонар сұрай алмайсыз. Осы кезде сөйлеп тұрған оқушының жауабын тиянақтатып, әрі қарай екінші оқушының нажималғастыруын сұрағанда, ол сол тоқтаған жерден әрі іліп әкету керек. Бұл сабақ үстінде оқушының ықыласты отыруына, бірбірін тыңдауына, ой қосуына дағдыландырады. Бір жағынан бірінің мүдірмей бастап, соны екіншісінің кідіріп қалмай, нажималғастырып әкетуі жарыс секілді әсер етеді. 3) Бүкіл мазмұны немесе жекелеген эпизодты шығармашылық түрде мазмұндау. Мұнда ең маңыздысы оқушының өз көзқарасын, ойын айта білуі. Оқушы мәтін мазмұнын сақтай отырып, оны өз атынан немесе кейіпкердің біреуінің атынан жеткізеді. Бұл тәсіл оқушының ойөрісін ұштайды, шығарма мазмұын жақын қабылдауға, кейіпкерді айқын елестете алуға шақырады. 4) Создатель тақырыбына өзінің қиялын (фантазиясын) қоса отырып мазмұндау. Бұл оқушының шығармашылық белсенділігін өсіреді. Мәселен, ортаңғы сынып оқушыларына белгілі бір мәтінді мазмұндатқызу үстінде, оларға тқмендегідей сұрақтар қойып, ойқиялдарына қозғау салуға болады: Загрузка... - егер көп уақыттан соң, сен осындағы кейіпкердің орнында болатындай жағдайға кездессең, не істер едің? - Осы шығармадағы ең қызықты оқиғаға не қосар едің? - Егер сен создатель болсаң, шығарма оқиғасын қалай аяқтар едің? Яғни, оқушы мәтін мазмұнын айту үстінде тек автордың дайын дүниесін баяндап тұрғандай емес, өзі соған қатыып отырғандай жанды әсер алады. Бұл әрі қарайғы көркем мәтінді терең талдауға апарады. Ғ.Мүсірепов өзінің суреткерлік жолында қазақ халқы өмірінің әр алуан жақтарын суреттеп, өткен тарих пен жаңа қоғам бейнесін көркем бейнеледі. Жазушының шағын жанрдағы туындылары “Тулаған толқында”, “Көк үйдегі көршілер”, “Өмір ертегісі”, “Алғашқы адымдар”, “Үздіксіз өсу”, “Кездеспей кеткен бір бейне” қазақ әдебиетіндегі толымды көркем дүниелер болды. “Кездеспей кеткен бір бейне” повесінде Еркебұлан мен сол ортаның жуандары арасындағы тартыс көрінеді. Жалпы, қай жанрда болсын тарихи тұлға туралы шығарма жазу қаламгерден дәлдікті қажет етеді. Жазушы шығармасында Сәкен өмірінің әр қилы оқиғаларға толы сипатын ашқан да, соның аясында қоғамдықәлеуметтік тартысты көрсетеді. Бұл жөнінде зерттеуші Р.Бердібай: “... шығарма кейіпкері Еркебұланды бірнеше қиынқыстау, отпрыск кезеңдерден көреміз. Оның өмірі ылғи тартыс үстінде, әрбірі қаһармандыққа барабар асу, тосуларда өтеді. Алған мақсатынан таймайтын, ісінің әділдігіне нық сенген, өз өмірін халық тәуелсіздігі жолында бағыштаған ер көз алдымызға келеді”, дейді. Осы хикаяттағы Еркебұланның әрекеттерін Сәкенің қоғамдық қызметтері жайлы мағлұматтармен байытып, “Тар жол, тайғақ кешу” романымен байланыстыруға болады. Шығарма оқиғаларын топтап, бас кейіпкер Еркебұланның айналасында жинақтай мазмұндауға болады. Әдебиеттану әдіснамасындағы күрделі мәселенің бірі – мазмұн мен пішіннің бірлігін басшылыққа ала отырып, талдау тәсілдері мен жолдарын табу. 

Қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістері туралы қазақша реферат

Жоспары:

1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы»  , «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйрету:

2. Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері.

3. Тарих, тіл білімі, музыка, бейнелеу өнері, философия, әдебиеттану, эстетика т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылады.

Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды. «Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», — деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.

«Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы  сөз ететіні, ал жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», -деп бағалайды. Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін  жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі  субъектілік қызметін арттыру  міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын … білімнің ұзақ жолы үшін … балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа  қарай түзеп отыру», — деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі  Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын  бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде  төрт жылдық  бастауыш мектептің  әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту  үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған. Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова  «Әдістеме дегеніміз- уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау,  оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі,  оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне  ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына  анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков  былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме  оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің  өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде  оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру  заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі. Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.

Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер  әдебиет пәні құрылымын құрайды.

Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады. Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді. Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның  және  мәдениеттің  даму өзгерістеріне  сай әдебиет  пәнінің  бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің  шығармашылық әрекетінің  жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол  әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.

Сонымен оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.

Ол бағыттар:

— әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының  жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай  екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау; — әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде  жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту; — оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа  сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру; — оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды  қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу; — оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби  білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау; — әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау; — әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім  берудің жаңа технологиясын ендіру. Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады. «Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы  дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариативті  бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады».

Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.

Пайдаланылатын әдебиеттер: 

1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.

2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.

3. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған    бағдарлама. V – IX,  X – XI  сыныптар, — А., 1999.

4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.

5. Көшімбаев А. Қазақ  әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.

6. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993.

7. Бітібаева Қ.Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А., 1997.

8. Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми — әдістемелік негіздері. А., 1995.

9. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. – А., Мектеп, 1979.

10. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. – А., 1969.

11. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. – А., 1974.

12. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – А., 1981.

13. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. – А., 1981.

14. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1994.

15. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбіп мәселелері. – А., 1994.

16. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1964.

17. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – А., 1970.

Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.

 

«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.

Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер  етеді.»

М..А. Рыбникова.

 

Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси — әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу — негізгі міндеттердің бірі.

Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын

пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына

Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» — деп атап көрсетті.

 

 

 

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.

«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз ҚажымЖұмалиев.

Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.

Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:

  1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;

  2. Оның ұлттық қазына екендігі;

  3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;

  4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;

  5. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;

  6. Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту;

Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек. Міне, осы жүйелі байланысты өз тәжірибемде қалай іске асырып жатқандығымды көрсету үшін, көркем шығарманы оқытудың қағидаларында кездесетін кейбірқиыншылықты шешудің тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.» атты тақырыпты таңдап алдым.

 

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу  түрлерін жіктеп ажыратамыз:

1)  көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу.  Қиын, түсініксіз образды,  айшықты сөздерді ұғына оқу,  яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;

2)  таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

3)  іштен оқу немесе өздік оқу.   Іштен оқудың оқушыны жеке,  өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы  маңызы ерекше зор. Ойлану,  өз бетімен іздену,  жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;

4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі,  қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда,  сабақтың эмоциялық,  психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;

5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру,  мәнерлі,  айқын оқу,  көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;

6) ұжымдық оқу.  Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды,  мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын  арттыруға әсер етеді;

7) жұптық оқу.  Жұптық оқудың тиімділігі,  біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады,  екіншіден ұқыпты тыңдай білуге,  бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;

8) мәнерлеп оқу.  Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.  Мәнерлеп оқудың мақсаты:

а) оқушыларға  көркем туындының  эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;

ә) көркем мәтінге жан беру,  әр сөздің мәні мен мағынасын,  сөз бояуларының нақышын сезе білу;

в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.

Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол — ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына,  пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша,  жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып,  «Ол қай оқиғадан алынды,  кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі  әдеби ойындарын жүргіземін.

Время туфель

Да ещё и со скидками!

lamoda.kz

Никто не устоит!

Платья и сарафаны для романтичных ужинов и деловых встреч.

lamoda.kz

от 2 600 тенге

Яркие балетки

Стильные модели, доступные цены. Найдите свою парочку!

lamoda.kz

от 3 300 тенге

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда,  оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау,  қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен  мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге  үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы  үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.

—  «Арысыңды,  ендеше,  арыстан жеді» (Бөжейдің сөзі).

—  «Ақ қарамды тексермедің бе,  өңшең қан жұтқан қара бет?!» (Қодардың сөзі).

Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын,  пікірін  әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.

Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә.Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов, т.б.  Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби — эстетикалық жолмен қарауды ұсынды ». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт — осында. Өйткені,  көркем әдебиетте сөз -мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету — әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар,  жазушы стилін,  шығарма стилін аңғарар еді.

Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге,  өздігінен білім алуға үйрету -ең ұтымды жол» (1,92бет).

Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе  сөздің дұрыстығын, анықтылығын,  тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті,  әуезді болу жағын талғайды» деп жазады (2,127бет).

 

Көркем  мәтінді  талдаудың  жолдары мен бағыттары  Рәбиға Сыздықова мен  Бердібай  Шалабай  еңбектерінде  жан-жақты сараланады.  Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.

Көркем мәтіннің негізгі белгілеріне байласым, тұтастық және эмотивтілік жатады.  Байласым- лингвистикалық ұғым,  ал тұтастық-психолингвистикалық ұғым.  Байласым көмегімен  мәтін құрылысының феномендері талданады, ал тұтастық ұғымы арқылы мәтіннің терең қабатындағы орналасқан әрекеттері түсіндіріледі (3, 8 бет).

Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор.  Әдіскер ұстаздың қаламынан М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазылған.  «Оқулықта… талдаудың бір түрі-образдық талдау жүйесі негізге алынған».  Көркем шығарманы талдау жүйесі,  ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған,  баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу,  мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша  тірек сөздерді қолданып мазмұндату, шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы, уақиғаның шарықтау шегі, шешімі айқындалады. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып,  іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындала түседі. Кейіпкерді танытатын,  айқындап,  даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, қақтығысы,  күресі т.б.  Кейіпкерді талдап, тану барысында оқушы көркем шығармадағы кейіпкердің жүйесін нақтылайды, өзара байланысын,  жазушының әр кейіпкерге қандай сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлердің диалогтары арқылы олардың мінезін ерекшелеп айқындап, негізгі орталық тұлғаны анықтайды (4, 62 бет).

Оқушы  көркем   мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады.  Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек.  Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық,  айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек.  Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді.  Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ.  Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты.  Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар,  фигуралар түрін меңгерту,  теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге,  бейнелі  оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы,  сөздің,  фразаның құдіретін дұрыс танытады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиет

  1. Т. Ақшолақов, Шығарманың көркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 1998.

  2. А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы, А,  «Жазушы», 1992.

3.Р. Сыздықова,  Б. Шалабаев,   Көркем тексті лингвистикалық талдау,  А., «Мектеп», 1989.

4.Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А.,  «Жазушы», 1990.

5.Қ. Бітібаева.  М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту  А.,  «Жазушы», 1

Қазақстанның тұңғыш мектептері 01 Қыркүйек 2014 Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады. Жәңгір хан – өзінің қысқа ғұмырында ғылымға ден қойып, ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыруды мақсат тұтқан қазақтың алғашқы оқыған билеушісі. Қазақ даласындағы ең алғашқы мектепті Жәңігір хан ашты. Жәңгір хан XIX ғасырдың 30-шы жылдарының орта тұсында хан ордасында орталық мектеп ұйымдастыруды ойластыра бастайды. Оның ойы бойынша, бұл мектептің балаларды Ресейдің арнайы оқу орындарына түсу үшін дайындауы керек еді. 1841 жылы хан ордасында алғашқы мектеп ашылды. Мектепті ұстап тұру шығындарын хан өз мойнына алды. Жәңгір хан 1845 жылы дүниеден озды. Ол өзі қайтыс болғанға дейін мектептің шығындарын жеке қаражатынан төледі, тіпті, шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды. Іс жүзінде ол мектептің алғашқы ұстазы болды, ал татар Садриддин Аминов мектеп ісі бойынша оның көмекшісі қызметін атқарды. Кейіннен Орынбор кадет корпусын тәмамдаған бұл мектептің түлектері алған білімдерімен қатар офицер шендеріне де ие болды. Алғашқы мектеп Қазақстанның жалпы мәдени қозғалысында маңызды роль атқарды. Жәңгір хан: «Біздің балаларымыз білім ала отырып, қоғамға қызмет ету үшін қажет барлық ғылымдарды үйренетін болады. Мұның бәрі мені қуантады. Өйткені, білімге қол жеткізу – менің халқым үшін үлкен бақыт!» - деп жазған еді. Сондай-ақ көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы — Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады. 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасы Алтынсаринның үзбей жазған өтініштерін қанағаттандырып, қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ). Облыстық басқарма мен жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі де халықтың сауатын ашуды, ағарту жұмыстарын жасауды мақсат етпеген еді, оған тек тілді білетін іс жүргізушілер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринге кедергі бола алмады. Оның үстіне, Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне атанған тұңғыш қазақ еді. Осы қуанышымен және өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарды аралап, елге зайырлы білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды. Жергілікті тұрғындардан қаражат жинап, өзінің жеке жинақ ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратының құрылысына кірісті. Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып қызмет істеп жүріп, Алтынасарин ауылдардан балалар әкелды, өз үйінде оларды орыс тіліне оқытты. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды. Бұл өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және осы күнге дейін сақталған. 1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп 1879 жылы Қостанай қаласы облыс орталығы болып құрылғаннан кейін мектеп үшін тастан ғимарат салу мәселесі шешілді. Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды. Жабылу шегінде тұрған мектептің жаңа ғимаратқа көшірілуі — Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі. 1884 жылы Ыбырай Алтынсарин құрған Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі «Ыбырай Алтынсарин мектептің ашылуындағы» диорамасы Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек білімінің мәселелеріне де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды. Торғайдағы қолөнер училищесі Ол басынан бастап облыстың уездік қалаларының барлығында бір-бірден орталық училищеден ашуды көздеген еді. Торғай облысы аумағындағы ауылдарды аралап жүріп, халықтан қаражат жинады. Илецк, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-екі сыныптық орыс-қазақ училищеден ашты. Бұл оқу шаңырақтарын мұғалімдермен қамтып, шәкірттермен толтырды. «Торғай қолөнер училищесінің оқушылары» диорамасы Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын-ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті. Қазақстан жерінде әйелдерді оқыту ісінің басталуы да Алтынсаринның есімімен байланысты. Бұл маңызды бастаманы іске асыру кезінде де ол патша өкіметі тарапынан жасалған кедергілерге тап болды. Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда оның қуанышында шек болған жоқ. Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі — 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярланды. 1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Қостанай уезінде Обаған бір сыныптық болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді. Обағандағы болыстық мектеп Бұл мектеп кейіннен орыс-қазақ училищесі болып өзгертілді және 1940 жылы 7 шілдеде 2 курс құрамымен Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 1949 жылы училищеге қазақ халқының ұлы перзенті, оның негізін қалаушы - Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. 25 жыл өткеннен соң училище Рудный қаласына көшірілді, ал 1992 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып ауыстырды. Алтынсарин өз отбасымен бірге, 1889 жыл Алтынсарин жастардың, бүкіл қазақ халқының сүйікті адамы болды. «Біз, яғни көшпенділер үшін Ы.Алтынсаринның өзі де және оның шығармалары да өте қымбат. Мұны Ресейдің алғашқы зайырлы әдебиетінің маңызын білетіндер түсіне алады. Біз Алтынсаринның тұлғасынан бүкіл халықтың рухы, ойы, пейілі, мінезі және түм өмірінің бейнесіне айналған қаһарманды көруге дайынбыз». Ыбырай Алтынсаринның тағдыры — одан кейін өмір сүргендер мен сүріп жатқандар үшін өнегелі мысал болады.