І.
Лирикалық шығармалардың
түрлері және оны оқудың мақсаттары
1.1.
Лирикалық шығармалардың
түрлері, зерттелуі.
Лирикалық
жанрдың да өзара түрлері бар. Бұл
түрлер көрсетпек болған өмір құбылыстарын
қалай суреттеуі, ақынның көңіл күйі
қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға
тән ақынның дүниетанушылығы, көзқарасы
мен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін
дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы,
жоғарғы айтылғандар тәрізді, қалай
жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш,
асқақты білдірсе, кейде мұң, зарды,
кейде көңілдің бейжай қоңыр күйін
сездіруі мүмкін. Міне, осы сипаттарына
қарап, лирикалық жанр әлденеше түрлерге
бөлінеді..
XVIII
ғасырда дворян әдебиетіндегі лирикалық
шығарманың негізгі бір түрі ода болады.
Бір таптық топтың ең керекті санаған
адамы не нәрсесі туралы ақынның өте
қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған
лирикалық өлеңдерді ода деп атайды
(мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған
мейрам т.б.). Россияда ода жазушылар
Ломоносов, Державин т.б. болды.
Қазақ
хандарының дәуірлеп тұрған кезінде
ханның қасындағы ақындардан ода
шығарушылар көп болған. Жәңгірдің хан
боп тұрған кезінде ханның сарай ақыны
болған Байтоқ ақынның одаға жататын
бірнеше өлеңдері бар.
Әртүрлі
маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты
өлеңдер олардан кейін де болған және
күні бүгінге шейін бар. Бірақ бүгінгі
оданың тақырыбы, мазмұны бұрынғы
одалардан мүлде бөлек.
XVIII
ғасырдың аяқ кезі, ХІХ ғасырдың бас
кезінде орыстың дворян әдебиетіндегі
оданы элегия шетке қаға бастады. Элегия
деп өзінің жай өмірімен байланысты,
басында болған күйініш-сүйініштерді
(сүйіспендік, табиғат күйін т.б.)
суреттеген шығармаларды айтады.
Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу
өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия
қайғылы өлең деген түсінік туды.
Элегияның өрбіген дәуірі
феодалдық-крепостнойлық құрылысты
капиталдық жаңа қатынас әлсіретіп,
феодал құрылысы құлауға айналған
дәуірде болды. Соның салдарынан жеке
бақыттылық, жеке рақатты аңсаған
қайғылы ой, жеке өмірді көксеген тілек
элегияда терең із қалдырды.
Қазақ
әдебиет тарихын алсақ, элегияның
күшейген кезін ХІХ ғасыр деп айтуға
болады. Қазақ хандығы жойылып, отарлау
саясаты күшейіп, қазақтың ескі феодалдық
өміріне өзгеріс ене бастаған кезде
кейбір қазақ ақындарында элегияға
берілушілік көп болды. Мысалы, Шәңгерей
ақынның көп өлеңдері де элегияға
жатады.
Сатиралық
эпос сықылды, сатирамен жазылған
лирикалық шығармалар да болады. Сатира
дворян әдебиетінде де болды. Бірақ
олардың сатирасы крепостнойлық
қоғамның негізіне қарсы жұмсалған
жоқ, сол қоғамның кейбір жеке
кемшіліктеріне ғана қарсы жұмсалды.
Мысалы,
Россияда XVIIІ ғасырдың жиырмасыншы
жылдарындағы жаңа туып келе жатқан
буржуазия әдебиетінде дворяндар
үкіметінің жүгенсіздік кесепаттарын
мысқылдағанын көреміз.
Бірақ
сатиралық лириканың төтенше дәуірлеген
кезі тап күресінің күшейіп, нағыз
шиеленіскен дәуірде болды. Мысалы,
ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы революцияшыл
разночинецтер кертартпа помещик және
ымырашыл буржуазия ақындарымен қарсы
күрестерінде сатираны көп қолданды.
Сатиралық көп өлеңдер жазды («Искра»
ақындары және Добролюбов, Некрасов
т.б.).
Некрасовтың
«Ұмытылған деревня» тағы осы сияқты
көп өлеңдері сатираға жатады. Бұл
өлеңдерінде Некрасов феодалдық-крепостнойлық
құрылыстың кейбір кемшілігін түзеу
үшін күрес ашып қана қоймай, сол
құрылыстың негізіне қарсы шығады.
Революцияшыл-демократтық идеал үшін
күреседі.
ХІХ
ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде
сатиралық лириканы көп жазған адам
Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді
шенеп-мінеп, сынға алып, мысқылдап
жазған «Дүтбайға», «Болыс болдым,
мінекей» деген өлеңдері сатиралық
лирикаға жатады.
Қалың
бұқараның революциялық қозғалысының
кезінде өте өскен, көбейген лириканың
бір түрі әнмен айтылатын революциялық
өлеңдер болды. Ән өлеңі деп әнге салып
айтуға арналып шығарылған өлеңді
айтады. Ән өлеңі ауыздан-ауызға көшіп
жүреді. Еңбек уағында болсын, демалыс
уағында болсын, демонстрация кезінде
болсын, коллектив болып ән салатыны
мәлім. Әнмен айтылатын өлеңдер,
лириканың қай түрінен болса да,
көпшілікке жақын тұрады. Ән жұртшылыққа
кең тарайды. Революциялық әндер арқылы
қалың бұқара жұртшылығы зорлық-зомбылыққа,
қанаушылыққа қарсылығын, еңбек пен
күреске әзірлігін, қиыншылықты
жеңетініне сенімін білдірді. Жұртшылыққа
белгілі көп әндердің авторы (ХІХ
ғасырдың алдыңғы жарымындағы) француздың
революцияшыл ақыны Беренже болды.
Пролетариаттың революциялық күресі
де өзінің әнін туғызды. Даңқты
«Интернационал» әні жер жүзі
пролетариатының гимні болды. Сол
сықылды көп жайылған әндердің бірі
«Коминтерн», «Заводтар, тұрыңдар»,
басқа да революциялық әндердің ішінен
көп тараған әндер деп «Біз ұсталар»,
«Жас қайрат», міне, осыларды айтуға
болады.
Лирикалық
шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына
қарай да бөлінеді: саяси-азаматтық
лирика (тақырыбы да, мазмұны да
әлеуметтік мәні зор ірі мәселелерді
сөз етеді); сүйіспендік, махаббат
лирикасы (негізі әңгіме сүйіспендік,
махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде
қайғылы болуы мүмкін); философиялық
лирика (ақын лирикалық өлеңін
философиялық терең мазмұнға құрады.
Мұндай лирикалар орыстың думы дейтін,
қазақтың толғау деп аталатын кейбір
өлеңдеріне жақын келеді). Осылардың
ішінде ерекше тұратыны - табиғат
лирикасы. Жаз, күз, қыс, теңіз, тау,
орман, тоғай тәрізді әр алуан табиғат
құбылыстарын жырлауға арналған
лирикалық өлеңдер. Әрине, лирикалық
өлеңдердің мазмұны да, түрі де, оларда
байқалатын көңіл күйлері де ақынның
өмірге көзқарасымен байланысты.
«Сөз
өнерінің өзге тектері (эпос пен драма)
тәрізді лириканың да суреттейтін
құбыльістары көп. Қандай суреткер
болсын, қөркем шығарма жазудага мақсат
-өмірдегі өзекті шындықты көрсету.
Осы тұрғыдан алғанда, лириканың өзге
текстерге, айталық эпосқа принциптік
қайшылығы жоқ, олардан тек тәсіл
жағынан айырмасы бар Ендеше эпостық
шығармалардың өмірдегі қат-қабат,
шытырман окиғаларды суреттеуде
мүмкшдігі лирикадан әлдеқайда мол,
құрамы кең. Эпиқалық шығармалардың
көбі сюжетке құрылады. Адам образын
жан-жақты бейнедеп, шындық сырын
неғұрлым толық ашуға бейім.
Ал
лирикалық шығарма олай емес. Көлем
жөнінен эпосқа қарағанда, әлдеқайда
ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді.
Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау,
күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы
тұжырымды бірер философиялық ой маңына
жинақталады. Ашуландырған, қуантқан,
ренжіткен, рақаттандырған, қинаған,
мазасын алған. Не тыныштық берген
нәрсенің бәрін де лирика өзінің заңды
еншісіңдей қабыл алмақ [5,343].
Академик
Қ.Жұмалиев пікірінше; «Лирика - өмір
құбылысына ақынның көз-қарасы, түсіну,
сезімі, күйініші — сүйініші, онда адам
өмірінің асқақтығы да кейде қоңыр
күйі де көрінеді» [6,69].
Адамның
психологиялық көңіл-күйі өзіңен-өзі
құбылып өзгермейді. Көңіл-күйдің,
шаттық сезімнің, қуаныштың, мысқыл
кекесін, ашу-ызаның, адам бойын билеген
ой-арманның пайда болуы өмірдің оралуан
көрінісіне, жағдайға, табиғатқа,
әлеуметтік ортаға байланысты туады.
Мәселен,
«Махамбеттің Баймағамбетке
айтқаны» хан-сұлтандарға деген
кекті ашу-ызадан туған сөздер. Өлеңді
оқығанда ақынның қандай көңіл-күйінен
туындаған не сол сөзді айту үстінде
оның жанын тербеген сезімнің көрінісі
байқалғандай болады.
Өзекті
жанға бір өлім,
Орданды
талқан қылып шабармын...
Күндердің
күні болғанда,
Бас
кесермін, жасырман... деген жолдарынан
Баймағамбет сұлтанның алдында тұтқын
дәрежесінде тұрып-ақ қаймықпай,
көтеріліс бағдарламасьша сай халықтың
қайнаған кегі мен өшпеңділігін
білдіретін ерлікті айқын аңғаруға
болады. Сол дәуірде бұл мәселеге
Махамбетпен ешкім таласа алмайды.
Академик З.Қабдолов лириканы: «Нұрлы
ой, ішкі сырлы дүние жанры. Бір өленде
бірнеше сөз болуы мүмкін. Лирикадағы
бас қаһарман -ақынның өзі. Лирикалық
кейіпкер, әдетте ұнамды кейіпкер.
Лирикада тартыс та болады. Лирикада
негізінен мінез болады» [6,70] - деп
бағалайды.
Лириканың
табиғаты, сипаты, түрлсрі туралы сонау
көне дәуір ойшылдары Аристотель, Әл
- Фарабиден бастап XIX ғасырда5ы орыс
классикалық сыны өкілдерінін
(В.Г.Белинский т.б.), бүгінгі қазақтың
белгілі ақын-жазушылары, ғалымдары
еңбектеріиде кеңінен сөз болады.
Ұлы ағартушы,
оқымысты Шоқан
Уәлиханов әдебиет теориясының
да кейбір мәселелерімеи. шұғыдданған
қазақтың поэзиясының жанр, түр, өлең
құрылысын зерттеген, қазақтың өлең
құрылысымен орыс ғалымдарын таныстырмақшы
болған. қазақ өлендерін Шоқан: жыр,
жоқтау, қара өлеи, қайым өлең, өлең
[7,41] -деп бөледі. қайсысы ескі түр,
қайсысы жаңарақ, олардың қайсысыи
кімдер айтады, міне осы жағынан
талдаулар береді.
Қ.Жұмалиев
«Әдебиет теориясы» еңбегінде [1,131]
атап өтеді. «Ода, элегия, сатиралық
элегия, ән өлең», ал З.Қабдолов «Сөз
өнерінде» [1,343] төмендегі түрлерін
көрсетеді: баллада, идиллия, мадригал,
ода, сонет, арнау, канцонетта, элегия,
эпиталама, эпитаорма, эпиграмма т.б.
Зерттеуші -
ғалым С.Мақпырұлының «Әдебиеттің
тектері мен түрлері» атты әдістемелік
талдау еңбегінде (3) лирикалық
шығармалардың түрлерін (жанрларын)
ақынның қоршаған орта, қоғамдық шындық
туралы толғаныс сезімдерін, оны танып,
бағалауын, жалпы көңіл-күйін таныту
тәсілдерінің сипатына қарай талдап
көрсетеді: ән өлеңі, ода, элегия, сонет,
сатира, арнау, эпиграмма.
Лирикалық
шығармаларды жүйелегенде тағы бір
ескертетін нәрсе-оларды тақырыптық
тұрғыдан қарастырып талдау.
Бұл
ретте академик З.Қабдолов: «Әуелі Көне
дүние тұсында, кейін Классицизм кезінде
сыршыл өлендерді түр-түрге бөліп
келгендер болды. Бірақ бұл онша жемісті
әрекет емес, әншейін сырттай ғана
жеңіл-желпі топтау, дұрысында бұлайша
бұтарлау лириканың мазмұнын жеделдетеді,
сондықтан қазіргі лирика бұлай
жіктелмейді. Оның орнына әдебиет
зерттеушілер шартгы түрде болса да
әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына
қарай талдап, саяси лирика, философиялық
лирика, табиғат лирикасы, махаббат
лирикасы деген сияқты санаулы салаларға
ғана бөліп тексеріп жүр. Лириканы
бұлай салалап тексерудің бірқатар
мәні бар: әр түрінен ақынның әр қырын
тануға болады. Айталық, махаббат
лирикасы. Абайдың осы саладағы
лирикасынан не аңғаруға болар еді?
Сөз жоқ, ақынның сұлулыққа көзқарасынан
бастап гуманизміне дейінгі талай
қырын аңғарған болар едік. Бұларды өз
алдына қойғанда, ақынның творчестволық
эволюциясын, суреткерлік шеберлікке
жетілу сырын таныған болар едік»
[1,331]- дейді.
Лирикалық
шығармаларды топтастыру, жанрлық
ерекшеліктерін бір ізге түсіруде орыс
галымдары М.Бахтин, В.Д.Сквозников,
Л.Тимофеев, Д.С.Лихачев, Г.Л.Абрамович,
Г.Н.Поспелов, Л.Я.Гинзбург, Н.А.Гуляев,
И.Гинберг, Л.Г.Фризман еңбектерінің
(8) мәні зор. Бүлардың пікір –көзқарастарының
арасында да өзара келіспеушіліктер,
қайшылықтар кездесіп отырады. Десек
те, олар лириканың сыр-сипатын ашып,
түрін түстеуге, қоғам жаңарған сайын
қайта-қайта оралып, жаңа қырынан келіп,
құнды пікірлер айтып отыр. Осы
эергтеушіілердің тұжырымдарын жинақтап
түйіндесек, лириканы екі улкен салаға
бөліп қарауға болады екен. Бірі-
медиативті (толғау) лирика, екіншісі
- баяндау лирика (повествовательная
лирика).
Соңғы
кездері қазақ әдебиеттану ғылымында
да қазақ лиркасының жанрлық ерекшеліктері
жайында ғылыми еңбектер жариялана
бастады. Солардың бірі Б.Кәрібозұлының
«Қазақ лирикасының жанрлық спецификасы»
атты еңбегі [11,35]. Ғалым өз еңбегінде
лириканы — арнау, толғау, баяндау
лирикасы деп үш топқа бөледі.
Бұл
қазақ өлеңдерінің ерекшеліктеріне
өте жақын келеді ғой деп ойлаймыз.
Дегенмен,
мектеп бағдарламасындагьі берілген
лирикалық шығармалардың дені
қалыптасқан тақырыптық
түрлеріне қарай талдауға бейім
боп келетіндігі. Бұл жерде «лириканы
тақырыбына қарай топтап талдау, оны
жазған ақынның творчестволық бітімін
пайымдау үшін айырықша мәні бар нәрсе:
әр түрінен ақынның әр қырын тануга
болады» [1,331] — деген академик З.Қабдолов
пікірін ескеруіміз керек. Зерттеуші
ғалымдардың пікірлерін жүйелей
келгенде, лирикалық шығармалардың
тақырыптық жағынан төмендегі түрлері
бойынша курстық жұымста тоқталмақпын.
Ал, лирика, өлең жанрын: баллада, толғау
(монолог), арнау, жоқтау (эпитафия),
мысқылдау (эпиграмма), мадақтау (ода),
бейне өлең. ой өлең, сонет, ән өлең -
деп лирикалық шығармаларды талдауда
осы жүйеге сүйенетінімді айта кеткен
жөн.
Қорыта
келгенде, лириканың жанрлық ерекшеліктерін
оқыту үрдісінде танытуға байланысты
зерттеуші ғалымдар мен әдіскерлердің
піқірлерін саралап қарағанда байқағаным,
мұғалім көркем мәтіндердің тақырыбы
мен кейіпкерлерін, идеялық мазмұнын
талдап қана қоймайды. Сол мәтіннің
түрін (табиғат, көңіл күй, саяси т.б.)
де атап, қай жанрға жататынын, сол
жанрдың ерекшелігін таныстырып отыруы
дағдыға айналуы тиіс. Өйткені, жанрлық
ерекшелік деген - көркем мәтіннің өзге
шығармалардан өзін айырып, танытатын
ерекшелік. Ол тақырыбы мен идеялық
мазмұны жағынан ғана емес, өзіндік
табиғатынан, баяндалу, бейнелену
түрінен де, шығарманың композициясы,
тілі, көлемі жағынан да танылады.
Әдебиетті оқытудағы әдістемелік жұмыс
түрлері көркем мәтіннің жанрлық
ерекшелігіне де байланысты өзгеріп,
алмасып отырады. Осыған байланысты
лирикалық жанр табиғаты сабақта қандай
әдіс-төсіддер қолдануды күні бұрын
айқындауды талап
етеді.
1.2.
Лириканы оқытудың дидактикалық және
әдістемелік мақсат-міндеттері
Мектепте
берілетін білім оқу үрдісінің
мән-мазмұнынан, оқыту принциптерінен,
оқуды ұйымдастырудың формасынан,
оқыту әдістерінен, оқушылардың
білімін тексеру мен бағалаудан,
сабақ жүргізетін мұғалімнің дайындығы
дәрежесінен құралса, дидактика -
оқыту мен білім берудің теориясы,
оның принциптері гноселогиялық,
логикалық, психологиялық негіздерден
құралатыны белгілі.
Ал
дидактика принциптеріне келсек, 1)
Ғылымдылық принципі 2) білімді саналы
игеру принципі, 3) оқытудың жүйелігі
мен үздіксіздігі принципі, 5) оқытуды
өмірмен байланыстыру принципі, 6)
көрнекілік принципі, 7) білім берумен
тәрбиенің байланыстылық принципі.
Әдебиетті
оқытудың дидактикалық негізі —
мектептегі әдебиет пәнінен тұтас
бір тарихи кезеңді ашу, суреткердің
қалыптасуына әсер еткен орта,
жазушының «ішкі», «сыртқы», өмірбаяны,
дүние танымы, ең ақырында оның қоғам
өміріндегі және әдеби күресте алатын
орнын ашу (барлық жаганан зерттеу),
мектептегі әдебиет пәні үшін әр
түрлі ағымдар мен әдістердің, әдеби
топтар мен адамдардың идеялар күресін
нақты тарихи дәуірдегі күрделі
мәселелерді қоғамдық жөне әдеби
тартыста әр түрлі көзқарастағы
адамдар тобының қалай шешкеиін
көрсету болып табылады. Бұл айту,
баяндаумен бірге көрсету, көзін
жеткізу керек деген ұғымды білдіреді.
Мәселен, Абайдың саяси-өлеуметтік
лирикасын өткенде ақын өмір сүрген
заман шындығы «кесслді пысық»,
«қулар» мен екі жүзді болыстардың
сатиралық бейнелері мен береке-бірлігі
кеткен замана бейнесін сынаған
өлеңдерінен үзінділер келтіріп,
дәлелдеп отыру керек болады. Бұл
сабақтың ғылыми негізділігін
сақтайды.
Лириканы
оқытуда оқытудың өмірмен байланыстылығы
принципі маңызды орын алады. Өтілетін
сабақтың толық ұғылуы, есте сақталуы
үшін сабақтың мазмұны, теориялық
және практикалық маңызы туралы
алдын-ала мәлімет беру педагогика
ғылымында бұрыннан бар. Мұны,
оқушылардың бастағалы отырған
тақырыптың ғылыми негізі мен оның
өмірмен байланысына қажетгілік
сезімін оятып, назарын еріксіз
аударып, қызықтыруды сабақтың кіріспе
бөлімі деп те атайды.
Мұғалімдердің
пікіріне сүйенсек, көпшілігі өтілетін
тақырыптың өмірдегі, практикадағы
маңызын алдын-ала баяндау - тақырып
мазмүны есте қалуының шарты деп
біледі. Өйткені теория мен практиканың
бірлігі — оқудың өмірмен байланыстылығы
принципінің негізі болып табылады..
Оқушылардың
оқығалы отырған жаңа материалдарды
меңгеруге бұлай дайындау — тақырыптың
мазмұны мен дидактикалық мақсатына
қарай түрліше болады. Бірінде - сабақ
оқушылардың тақырып туралы бұрыннан
білген тәжірибелерін хабарлаудан
басталса, екіншісінде — мұғалімнің
жаңа тақырыптың ғылымдық және
практикалық маңызын алдын-ала
ашуынан, үшіншісінде — оқушылардың
бақылау және практикалық жұмыстарын
ұйымдастырудан басталады.
Лириканы
оқьпуда дидактиканың жүйелік пен
бір ізділік принциптері сабақ
құндылығының екінші бір қырын - әдеби
материадцардың берілуі мен орналасу
ретін - жананы түсіндіру барысында
бұрын оқығаңдары мен игергендеріне
сүйенуді қамтамасыз етудің тәртібін
аньгқтайды. Оны А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, М.Өтемісов, СДөнентаев,
С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Сейфуллиннің,
Б.Майлиннін, Ж.Жабаевтың т.б. оқушылар
мектептің орта сыныптарында танысқан
шыгармаларының жоғарғы сыныптарда
шолу, монографиялық тақырыптарды
оқуда негіз болатыны сияқты, құрылым
үдемедігінен байқауға, түсінуге де
болады. Сондықтан да (дидактикалық
жағынан) фактілердің орны мен реті,
оны жинақтау мен білгенін тәжірибеде
қолдана білу дағдысын жетілдіру
кезеңдері сабақта ғана жүзеге асады.
Сонымен сабақта білуге тиісті факті
мен элементтсрдің жинақталып, ретімен
дұрыс берілуі тақырып игерудегі
негізгі үрдіс екенін ұстаз әр уақытта
есте сақтауға міндетті.
Қазіргі уақытта мектептегі
оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі
дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар
мен іскерліктерді меңгерту, сонымең
қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін
дамыту міндеті қойылған. Сол себепті
мектептегі оқыту үрдісі дамыта
тәрбиелейтін оқыту делінеді. Осыған
байланысты оқыту мен ақыл-ойды
дамытудың біртүтас үрдіс (процесс)
ретіндегі ішкі байланысын, бір-біріне
жасайтын әсер-ықпалын айқындап
алудың маңызы зор. Бұл жерде барлық
адамның қабілеті бірдей еместігін
ескерту қажет. Оқыту мен тәрбиелеу
арқылы адамның қабілетін белгілі
бір бағытта дамытуға болады, бірақ
оның шегі жоқ емес. Сондықтан әрбір
адамның өз табиғатындағы қабілет
мүмкіндігін өз биігіне дайін дамытып
тәрбиелеу-оқыту процесінің басты
міндеті.
Бұл
бағытта лирикалық шығармалардың
алатын орны ерекше.
Адамның
сезім дүниесін оятып, өмірге
құлшындыратын, сенімді тұрақтандыратын,
қиялды қанаттаңцыратын лирика-адамгершілік
биік мүраттарға тәрбиелеуші ретінде
оқушылардың білуге құштарлығын
арттырып, ойлау жүйесін дамытады.
Лирика сабағы - оқушыны өнерді
эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан
түйсіне білуге үйретеді. Лирика —
оқушының өмір, болмысқа эстетикалық
қарым-қатынасын қалыптастырушы
құрал. Ол психологиямен,
дидактикамен астасып,
оқыту-тәрбиелеу мәселелерінің
міндетгерін орындауға белсенді ат
салысады.
Лириканы
оқытудағы көрнекілік принципіне
тоқталсақ, әдебиетгі оқытуда
қолданылатын көрнекіліктердің
барлығы бірдей қолданылады деп айта
алмаймыз. Өйткені лирика өзіндегі
ой нақтылығымен, ақындық тіл, табиғи
бояу, суреткерлік қуатымен сабақ
көрнекілігін қамтамасыз ете алады.
Бұған қарап лирикалық шығармаларды
өткенде көрнекілік атаулыны мүлдем
қолданбау керек деген ой тумау керек.
Жалпы оқу-тәрбие үрдісін жүзсге
асыруда көрнекіліктердің өзіндік
маңызы, орны бар. Оның үстіне таным
үрдісінің (процесінің) есту, көру,
сезу арқылы жүзеге асатынын физиолог
ғалымдар өте ертеден-ақ айтқан.
Сондай-ақ сабақта көрнекілік
пайдаланудың тиімділігін педагог
ғалымдар, әдіскерлер дс, педагог -
практиктер де өз тәжірибелерінде
дәлелдеп келеді. Осы бағытга
«көрнекіліктің маңызы, тиімділігі
неде?» -дсген сұраққа белгілі
ұстаз-әдіскер Қ. Бітібаева: «Біріншіден;
көрнекілік білім мазмұнын байыта
түседі, екіншіден: есту арқылы алған
білімін көру арқылы бекіте түседі,
үшіншіден; көрнекіліктер оқушылардың
ынтасын, қызығушылығын арттырады,
ойлау, таным белсенділіктсрін
дамытады, төртіншіден; эмоциясына
әсер етеді, бесіншіден; алған
білімдеріи практикада жүзеге асыруға
жетелейді» {3,41] - дейді .
Лириканы,
оқытудағы басты көрнекілік-сыныпта
бастапқы күйінде қайталанатын
ақынның үні – «дыбыстық корнекілік».
Лирикадағы мұңдай табиғи көрнекілік
- оқулықта шығарманың белгілі бір
ерекшеліктерін көрсететін мәтін
(үзінділер, эпизодтар, баяндаулар,
жеке сөздер) берумен шектелмеуі
керек. Ақынның сезімге толы сөзі
мәнермен оқу кезінде эмоциямен қайта
жаңғырады, тыңдаушыны көркем
шығарманың сыры өзіңе тартып
еліктірсді. Осыған байланысты
оқулықта оқушылардың төменгі
сыныптарда мәнерлеп оқудан алған
білімдерін, дағдыларын жинақтайтын
арнайы материал беріліп, жүйелі
түрде мәнерлеп окуға, мәтіннен
жаттауға тапсырмалар ұсынылып
отырады.
Лирикалық
шығармалардағы әр дыбыс, үн ырғақ,
әуез, бейнелі сөздер – бәрі де сол
көрнекілік қызметін атқаратындықтан,
лирика көрнекілікті көп қажет ете
бермейді. Техникалық құралдарды,
альбом, көркем суреттер қосалқы
мәнде пайдалануы мүмкін, жәие шолу,
кіріспе, қорытыңды сабақтарды ғана
қолданылуы тиіс. Мысалы, мәнерлеп
оқу техникасын үйрету үстінде ақыниың
өленін өз басы оқуына, Абай, Мағжан,
Мұқағали өлеңдерін өнер адамдарының
(К.Қожабеков, Р.Сейітметов, Ф.Шәріпова
т.б.) оқуына көніл бөлген жөн.
Лириканы
оқыту әдебиет пәнін оқытудың талабынан
туыңдайды. Әдебиетті оқыту дегеніміз
- коркем шығарманың өзін оқу. Алайда
күні бүгінге дейін оқушылар арасында
оқулықты бас құрал етумен шектелушілер
аз емес. Әдеби білім беру ең алдымен
шығарманың өзі арқылы іске асады.
Ал, оқулық мәтінді оқудан түйгендерін
баянды етуге, алған әсерді тереңдетуге,
шығарманың қыры мен сырын оң көзімен
қабылдауға қажет.
Қандай
жақсы оқулық болса да, ақынның
шығармасы беретін эстетикалық
ләззатты бере алмайды. Мұғалімдер
мен оқушылар оқулықты ғана оқыса,
оқулықпен ғана жұмыс істесе, бұл
әдеби шығарманы емес, ол жөніндегі
оқулық авторының пікірін оқығандық
болып шығады. Негізгі мақсат —
ақын-жазушының туындысын оқыту,
білім негізін сол арқылы беру,
жасөспірімді Отан сүйгіштік,
адамгершілік мұратгарға тәрбиелеу.
Лириканың күрделі ішкі-құрылымын,
стильдік бітіміне - үңілу міндетін
орындау, мәтінді талдау, жоспар
жасауда, оқу материалдарын сабаққа
бөлгенде де, сабақта баяндағанда
да: «белгіліден белгісізге, оңайдан
қиынға, жайдан күрделіге қарай» -
деген дидактикалық ережені сақтау
міндетті. Сабаққа бөлінген тақырыптар
бойынша бағдарламалық білімді толық
және тиянақты игеруге жердемдесетіңцей
өз бетіндік жұмыс пен тапсырмалардың
түрлері жеткілікті болуы шарт.
Оқушылардың өз бетінше істейтін
жұмысты орындауы үстінде ғана мұғалім
және оқушының өзіне тен ерекшелігін
ескере отырып жұмыс жүргізғенде .
ғана икемдік дағдысын қалыптастыра
алады. Дифференциялаудың мәні мен
әсері жұмыс санының аз я көбінде
емес, дайындық дәрежесінде, оқушының
ой-өрісінің жетілуі мен ойлай білу
қабілетінің артуында, есте сақтай
білуі мен пәнге деген ынта-ықыласының
жетілу дәрежесінде ғана. Бұл жағдайда
сабақты орташа үлгеретін оқушылар
өздеріиің шала мецгергендерін толық
меңгереді де, алдыңғы қатарлы оқушылар
алған білімін
тереңдетеді.
ІІ.
Лирикалық шығармаларды оқытудың
жолдары
2.1.
5-9- сыныптарда лирикалық шығармаларды
оқыту жолдары.
Бүгінгі
қоғам талабына сай егемен елімізде
болып жатқаң әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер, Республиканың қазіргі
кезеадегі мемлекеттік білім беру
саясатының жүзеге асырылуы: білім
беру мен оқытудың барлық әдістемелік
жүйесін қайта қарауды талап етеді.
Сол ниетге болашақ ұрпаққа жүйелі
білім бсру ісінде қазақ педагогакасы
мектебінің алдына жаңа міндеттер
қойылып отыр.
Мемлекеттік
мәртебеге ие болған ұлттық мәдениетке,
ана тілге деген қоғамдық сұранысқа
орай қазақ әдебиеті пәнін оқыту да
жаңа бағытта жүргізіле бастады.
Өйткені әдебиет пәні білім беру
жүйесіндегі басты пәндердің бірі
боп саналатындықтан, оның алдына
қоятын мақсаты да пәнге қойылатын
талаптар деңгсйіне сай болуы қажет.
Бұл ретте халқымыздың данагөй
ұлдарының бірі, ағартушы - ғалым
А.Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінде
(1914 ж.), «Мектеп керектері» деген
мақаласында:... «Ең әуелі мектепке
керегі - білімді, педагогика,
методикадан хабардар оқыта білетін
мұғалім.
Екінші
- оқыту ісіне керек құралдардың
қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралсыз
іс істемейді, һәм құралдар
қандай болса, істеген іс те сондай
болмақшы.
Үшінші
- мектепке керегі белгіленген
бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып
шығуы үшіи оның үлгісі я мезгілді
өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз
істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы»
(9) - деп оқытудың дидактикалық
принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы
белгілеп бергеніндей, жас ұрпақты
оқыту, тәрбиелеу, оларды өмірге
білімді, жан-жақты жетілген азамат
етіп әзірлеу оп- оңай жұмыс емес.
Қиын да қызық, қыр-сыры мол ұстаздық
жұмыс терең білім, озық тәжірибені,
ізденгіштік пен табанды талапкерлікті
талап етеді.
Әдебиет
пәнінің негізі көркем шығармада
халқымыздың елдік, ерлік дәстүрлері,
тарихи жүріп өткен жолдары,
тұрмыс-салты, өзіндік ділі, тілі,
психологиясы негізінде жинақталған,
табиғаты кескінделген, адамгершілік
ұғым-түсінігі көрініс табады.
Сондықтан
да заманға келбеті мен болмыс жайын
жеткізетін, ұлттық сананы тәрбиелейтін,
адам мен қоғам жайындағы түсінігі
мен тәжірибесін, үйрететін әдебиет
пәнінің негізі көркем шығармалар
десек, дәстүрлі бағдарламалар
негізінде бүгінгі күн тұрғысынан
талапқа сай келмейтін (кеңестік
кезең идеологиясына сай) шығармаларды
өзгеріссіз оқыта беру, бүгін де ертең
де біртектес көрнекі құралдарды
пайдалану сабақты бір сарынмен
жүргізу оқушыларды жалықтырып,
естігендерін тез ұмьптырады. Егер
тақырыпқа ыңғайлы көрнекі құралдарды
да, түсіндіру әдістерін де алмастырьш,
жаңартып отырса, жаттығулар мен
тапсырмаларды түрлендіріп, әр түрлі
ситуация тудырылса, әсіресе оқушылардың
шаршайтын кезендерінде әр түрлі
педагогикалық әдіс-амалдарды
алмастырып отырса, сөз жоқ олардың
білімді саналы түрде игеру ынтасы
артады, оқудың білімдік сапасы
нығаяды.
Түптеп келгенде,
оқыту жұмысын бүгінгі күннің
талабына сай жүйелі түрде іске
асыруға пән бағдарламаларының
тигізер көмегі олшеусіз.
Бұл
ретте Қазақстан Республикасы білім
және тғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин
атындағы қазақтың Білім академиясы
жалпы білім институтының қазақ
әдебиетінеи 5-11 сыныптарға арналған
бағдарламаларына /10/, тоқталсақ
білім- беру жүйесіндегі өзгерістер
мен жаңартулар мемлекеттің саяси
жене рухани дамуынан туыңдайтын
мәселелерге байланысты екеңдігі
еліміздегі мектептердің түрлі
бағдарлы білім беруінен айқын
көрінетіні даусыз. Осыған байланысты
бағдарлама берілетін білім жүйесіне
қарай төмендегідей топтастырылған:
1.
Жалпы білім беретін мектептің 5-9
сыныптарына арналған қазақ әдебиеті
бағдарламасы.
2.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағдарлы меқтептің
10-11 сыныптарына арналған қазақ
әдебиеті бағдарламасы.
3.
Жаратылыстану-математикалық
бағдарлы мектептің
10-11 сыныптарына арналған қазақ
әдебиеті бағдарламасы.
4.
Жалпы білім беретін мектептің 10-11
сыныптарына арналған қазақ әдебиеті.
Осылардың ішінен біздің жұмысымызға
байланысты талдап қарастыратынымыз
- жалпы білім беретін мектептің 5-9
сыныптарына арналған қазақ әдебиеті
бағдарламасы.
5-8
сыныптарда өтілетін лирикалық
шығармалар саны - 93. Оның ішінде:
1)
Табиғат лирикасы - 9
2)
Азаматтық, адамгершілік тақырыбы
- 53
3)
Қоғамдық саяси лирика - 14
4)
Өнер - білім тақырыбы - 11
5)
Көңіл-күй лирикасы - 6
Курстық
жұмыстың көлемі жоғарыда берілген
барлық, лирикалық шығармаларды жеке
талдауды көтермейтіндіктен, академик
З.Қабдоловтың «Лириканы тақырыбына
қарай топтал талдау оны жазған
ақынның творчестволық бітімін
пайымдау үшін айырықша мәні бар
нәрсе: әр түрінен ақынның әр қырын
тануға болады (11) — деген пікірін
ұстана отырып, 5-8 сыныптарда өтілетін
лирикалық шығармаларды тақырыптық
жағынан топтастырып, талдау және
оқыгу жолдарын қарастыру мақсатындағы
жұмыс жүйесі мен сабақ үлгілеріне
тоқталдық.
Мағжан
Жүмабаев «Сағындым» өлеңі 5 -сыныпта
(«Қысқы жолда» өлеңімен бірге) оқытуға
беріліп, сағат бөлінген. Мәтінді
оқытпас бұрын мұғалімге ақынның
азаматтық тұлғасы мен өлеңнің жазылуы
туралы оқушыларға түсінік беруінің
қажеттігі өздігінен туындайды.
«Сағындым»
өлеңі-ақынның шалқып-тасып, сезім
кемерінен асып-төгілуінен емес,
ақынның нақатан күйіп, «темір
терезелі», «қабырғасы - қара тас,
есігінде қара құлпы бар тар үңгір»
абақтыда жатқан азапты күндерінде
туған өлеңі элегиялық жанрда
жазылған, аянышты, трагедиялық өлең.
Абақтыда
айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым
ғой cap даламды сағындым. «Қарашығым,
құлыным!» — деп зарлаған, Алыстағы
сорлы анамды сағындым — деп басталған
өлеңнің эмоционалды әсерін үзбестен
әр шумағын оқушыларға мақамдап
оқыту, әр тармақ жолдарына мағыналық
талдау жасату, сұрақ-жауап әдісі
арқылы тұтас талдату жұмыстары
жүргізіледі. 11 шумақ өлеңнен тұратын
мәтіңдегі мазмұн негізінен ақын
сағынышынан құралған. 2, 3 шумақтарда
ақын жатқан абақты суреттелсе,
4-шумақта —ақын сағынышына арқау
болған «алтын күн», «қара жер»,
«жүйрік жел», «ағайын, туған ел»
айтылады, 5-шумақта «сасық сорпа»,
«қара наеды» қорек еткен ақынның
қорғансыз халі, таң атпастан қоңырау
қағып оятып, қинаған абақты жайын
ашына жырға қосады. 6-7 шумақтарда
«бостандықта еткен», «желдей зулап
кеткен» еркін күндерді аңсау айтылса,
8-шумақта:
Не көрсем
де - Алаш үшін көргенім,
Маған
артық ұлтым үшін өлгенім!
Мен
өлсем дё Алаш өлмес, көркейер.
Істей
берсін қолдарынан келгенін - деп ақын
өзінің өршіл рухын, халқын жак-тәнімен
сүйген азаматтық қайратын ашық
көрсетеді. Оқушыларға өлендегі
ақынның осы асқақ сезімімен мейірлі
махаббатын жете меңгерту - мұғалімнің
сабақтағы басты міңдеті. Өлеңнің 11
буынды қара өлең ұйқасымен жазылғандығын
окушылар талдау барысында анықтайды.
Өлең
тақырыбы мең мазмұнына орай
С.Сейфуллиннің «Қамаудан», «Тұлпарым»
өлендерімен сабақтастыра, салыстыра
өтуге де болады. «Қамаудан» өлеңіндегі
тұтқын боп отырған ақынның дәрменсіз
күйі табиғат құбылыстарымен үйлесімді
түрде суреттелуі; торғайлардың
ақынды аяп, терезесінен алдына кеп
ән салғанын, көктің жас иісін жел
жеткізгендігін, көкжиектен көрінген
күннің (Мағжанда алтын күн, жан
жолдасым - жүйрік жел) алтын шұғыласын
тауып бейнелі сөздерімен жеткізуінде,
«Ғашығым менің бостандық» деген
ортақ армандарында үндестік бар
екендігі оқушыларға түсіндіріледі,
сөздер мен сөз тіркестері дәптерлеріне
жаздырылып, мағыналары талданады.
Сәкеннің «Тұлпарым» өлеңінің
азаматтық идеясы - қанатты серігі
тұлпарын шақырып алып, «шу!» - деп
желмен жарысып, еліме жетейін
деген деген арман, өршіл
романтизм болса, Мағжанның
«Сағындым» өлеңінде:
Тәңірі
ием, өзің алшы панаңа,
Тас
бауырлар зарға құлақ салама!?
Баласынан
тұтқын болып сарғайған,
Кім
жеткізер сәлемімді анама
-
деген ақын сөзі анаға деген сағыныш
сезімімен ұласады. Сабақтың қорытынды
кезеңінде мұғалім «Сағыныш» дсген
сезімнің адам баласының бәріне тән
қасиет екендігін айта келіп, Төлеген
Айбергеновтің «Сағыныш» атты өлеңінен
үзінді оқып берсе, оқушыларға осы
тақырыпта әркім өз ойын әңгіме, өлең
түрінде жазып келуге тапсырма берсе,
өлеңнің тәрбиелік әсерінің арта
түсері анық.
Лириканың
қай түрі (табиғат, өнер-білім, көңіл-күй
т.б. тақырыптарға байланысты) болмасын,
оны окушыларға терең таныту шығармаға,
эстетикалық талдау жасауға байланысты.
Көркем шығарманы талдай білген оқушы
әдебиетіміздің тегі мен түрлерін
ажыратып, жанрлық ерекшеліктерін
еркін аңғарады, мәтінді жан-жүрегімен,
зердесімен қабылдайды. Сондықтан
оқу мен талдау өзектес, бірінсіз
бірін жүзеге асыру мүмкін- емес.
Мұғалім көркем шығарманы талдауда
қандай әдіс-тәсілді қолданады ерікті.
Бірақ қайткен күнде де шығарманың
бойындағы тұтастықты бұзбай, образдар
жүйесіне сүйене отырьш, шың
идеялық-эстетикалық мазмұнын танытып
аша алса, сол әдістің бәрін ұтымды
деп білеміз. Шығармадағы мазмұн мен
форманы бірлікте алып талдау
зерттеудің негізгі өзегі. «Белсенді,
тұтас, жүйелі қабылдау»- дейді белгілі
әдебиетші-ғалым Б.С.Мейлих,- бұл
шығарманы оның мазмұны мсн формасының
тұтастығына қабылдау (12). Лирикалық
шығармаларды оқытқанда осыны басгы
назарда ұстау
керек
2.2.
Жоғары сынып бағдарламасындағы
лирикалық шығармаларды оқытуда
педагогикалық инновацияның
мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.
9-шы
сыныпта оқылатын шығармалар тізбегі
бір жағынан әдеби білім берудің
негізгі буыны базалық меқгепті
аяқтаса, екінші жағынан ол оқушыларды
жоғары сыныптарда, бағдарлы оқу
орындарында білім алуын одан әрі
қарай жалғастыруға даярлайды.
9
- сынып бағдарламасы бойынша жалпы
әдебиет пәніне бөлінген 102 сағаттан
- 26 сағат лириканы оқытуға берілген.
Лириканың жанрлық, ерекшеліктеріне
қарай арнау, толғау, (элегия) баяндау
түрлері бар. Тақырыптық жағынан
алғанда саяси-әлеуметтік, азаматтық,
адамгершілік, көңіл күйі, табиғат
лирикалары. Бұған дейін 9 - сыныпқа
арналған бағдарлама мен оқулықтарда
(Алматы, 1995 ж.) халық ауыз әдсбиеті
үлгілері мен батырлар жыры, айтыс,
XI-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
оқытылса, лирикадан Бұқар мен Махамбет
шығармалары ғана болғанын айта
кеткеніміз жөн, өйткені біз қарастыратын
лирькалық шығармалар жана бағдарлама
мен оқулықтарда (XV, XVII, XVIII-ХХғ.)
жеткілікті берілген. Курстық жұмыста
9-сынып бағдарламасында берілген
лирикалық шығармаларды педагогикалық
технология талаптары мен педагогикалық
инновация негізінде лирикалық
шығармаларды оқьпуға байланысты
сабақ үлгілері қарастырылды.
Әдіскер -
ұстаз Қ.Бітібаева өзінің
«Педагогикалық технология талаптары»
(13) — деген мақаласында: «Педагогикалық
технология деген не?» — деген сүраққа
педагог - ғалым В. П. Беспальконың
«Оқу тәрбие процесінің алдын-ала
жүйелі түрде жоспарлануы және оның
тәжірибеде жүзеге асуы-белгілі бір
педагогикалық жүйенің тәжірибеде
жүзеге асу жобасы» — деген анықтамасымен
жауап береді.
«педагогикалық
жүйе - бір-бірімен байланысты әдістер,
педагогикалық процестер, жеке тұлға
қалыптастырудағы әсер ететін нақты
мақсатты, бағытты, педагогикалық
әсер»(14) — делінген В.П.Беспальконың
еңбегінде. Ол өзгеріп, түрленіп,
күрделеніп, жүйеленіп, дараланып
отырмақ. Оның мәтінді оқу, мақамдап
оқу жаттау, эвристикалық әңгіме
сабағы, кино сабағы, концерт сабағы
т.б. алуан түрлері бар.
Педагогикалық
жүйе тәжірибеде
Дидактикалық
мақсат арқылы Оқыту технологиясы
жүзеге асады.
«Педагогикалық
технология ерекшелігі» - дейді
Қ.Бітібаева мақсатқа жету оқушының
өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын
дамыта отырып жүзеге асыруды
қарастырады» (13).
Беспальконың
еңбегінде оқушының білімді меңгеру
сатысы төмендегі үлгіде көрсетілген.
ІУ -
шығармашылық
III
-эвристикалық
II
-алгортмдік
I-
оқушы деңгейі
Бұл
кестеде жоғарыда біз сөз еткен
мақсатты қою технологиясы білімінің
бастапқы оқушы деңгейінен шығармашылыққа
дейінгі жобасы айқын көрсетілген.
I
— сатыда (оқушы деңгейі) мұғалім
көмегімен оқушы алдындағы мақсатты
шешеді, II алгоритмдік сатыда (көмексіз,
ақыл кеңессіз) оқушы мақсатқа өз
бетімен жетеді. (алдыға қойған мақсат,
ситуация айқын болған жағдайда). Ал
мақсат айқын, ситуация түсініксіз
болса, оны оқушы өздері шешсе, ез
еңбектерімен жаңа мәлімет, білім
алса, ол эвристикалық саты болмақ.
IV саты — ең жоғарғы шығармашылық
саты. Мақсат-нақты емес, жалпылама,
оқушы мақсатты айқындап, сол арқылы
шешуге кіріседі, жаңа білім игеріледі,
тың мәлімет шешіледі.. Іс-әрекеттің
ең өнімдісі осы III-IV саты. Оның
технологиясы бойынша оқушының осы
шығармашылық сатыға жету холдары
тек мұғалім арқылы емес, оқушының
өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Технологияның негізгі ерекшелігі
де, тиімдалігі де осында.
Тәжірибелер
көрсетіп жүргендей кез келген
инновация -мөлшерлі іс -әрекеттің
шегіне ұмтылуы және одан шығуы.
Соңғы
жылдары ғылым саласында жаңа мектсн
құруда мектептің жаңа үрдісін
зерделеуде бшімнің жаңа бағыты
ретінде педагогикалық инновация
дамып келеді.
«Инновация»
- деген сөз латынның «novus» - жаңалық
және «in» - енгізу деген сөзінен
шыққан, ал оның қазақша аудармасы
- жаңарту, жаңалық, өзгеру деген
мағынаны білдіреді. Т.И.Шамова,
П.И.Третьяковалардың еңбегіңде
«Инновация» - дегеніміз жаңа
мазмұнды ұйымдастыру, яғни инновация
үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны
ұйымдастыруды қалыптастыруды
анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның
мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі
мен технологиясын қамтитын
құбылысты түсінеміз - делінген.
Энциклопедиялық сөздіктерде
инновация әр түрлі анықталады.
Үлкен
энциклопедиялық өоздікте бұл ұғым
«жаңаша білім беру»-деп түсіндіріледі.
Тәжірибелер
көрсетіп жүргендей, кез келген
инновация – мөлшерлі
іс-әрекеттің шегіне ұмтылуы
және одан шығуы. Педагогика
ғылымы инновациялардың
ерте уақыттарда да
болғанын көрсетеді.
Мысалы:
Сократ мектебі – «Қуаныш үйі»,
К.Д.Ушинский мен Л.Н.Толстойдың
ғылыми идеялары.
Инновациялық
құбылыстар білім беру саласында
өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан
кеңінен тарала бастадьі, Әдетте,
инновация бірнеше өзекті меселелердің
түйіскен жеріңде пайда болады да,
берік түрде жаңа мақсатты шешуге
бағытгалады. Педагогикалық
құбылысты үздіксіз жаңғыртуға
жетелейді [15]- дейді зерттеуші
ғалым М.Жанпейісова.
Бала
білімін оқушы деңгейінен шығармашылық
деңгейге жетелеуде дамыта оқыту
(развивающее обучение), проблемалық
оқытудың атқаратын орны ерекиіе.
Қазір педагог ғалымдар оқыту
әдістерін төмендегідей жүйелейді:
1. Түсіндірмелі иллюстративтік,
2. Программалық, 3. Эвристикалық,
4. Проблемалық, 5. Модельдік.
Бұл
әдістер мұғалімдерге жете таныс,
тәжірибеде жиі пайдаланып жүрген,
өнімді нәтижелер беріп жүрген
әдістер. Белгілі ғалымдар Эльконин
мен Давыдовтардың дидактикалық
жүйесі дамыта оқыту соңғы кездерде
жаңашыл, ізденімпаз мұғалімдердің
тәжірибесінде негізінеи енуде.
Дамыта оқыту технологиясын барлап
қарасақ, ол алдымен «нені дамыту
керек» - деген сұрақтарға жауап
іздестіреді.
1.
Сезімін, түйсігін. 2. Қабылдауын,
тұшынуын, ынтасын. 3. Зейінін, есте
ұстауын. 4. Ұғынуын. 5. Ойлау, қиялдау,
болжау қабілетін. 6. Ерік-қайратын
(жігер), оқу іс-әрекеттерін, дағды
машықтарын. 8. Жауапкершілігін,
дербестігін, өз бетінше.
ізденісін (жеке адам қасиеттері).
2.
Дамыта оқыту ең алдымен өтілгелі
отырған оқу материалының негізінде,
басты ерекшеліктеріне байланысты
жүзеге асырылады.
3.
Екіншіден, оқу мақсатын шешу
кезінде, яғни мұғалім мен оқушы
іс-әрекетінің негізінде жүзеге
асады. Бұл процесте (үрдісте) оқушы
белсенді субъектіге айналады да,
ал мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушы,
бағыт беруші деңгейінде болады
(мысалы, түсіндір, дәлелде, сарала,
салыстыр, қорытынды жаса).
Дамыта
оқыту үлгісімен 9-сыныпта өтілетін
Ж.Жабаевтың «Кәдірбайдың төбеті»,
«Шағым», «Ата жаумен айқастық»,
«Ленинградтық өренім» өлендерін
талдап көрелік:
1.
Өлеңдегі проблема ізденіс.
а)
«Кәдірбайдың төбеті», «Шағым»
өлендеріндегі негізгі ой - ескі
өмірді сынау.
2.
е) «Ата-жаумена айқастық»,
«Ленинградтық өренім»- кеңестік
дәуірді мақтау, жырлау
|
а)
«Кәдірбайдың төбеті», «Шағым»
өлендерін оқуға нұсқау беріледі.
Проблема — лирикалық шығарманың
тақырыбының атауы, оқушы осыны
негізге ала отырып мәтін мазмұны
мен идеясын толық талдап, тақырып
пен форма, мазмұн бірлігінің
тұтастығын дәлелдейді. Сол сияқты
«Шағым» да мазмұн, тақырып, идея
жағынан талдау арқылы (бір баланың
ғана емес, жинақтау мағынасында
замана шындығы, қазақ халқының
XIX ғасырдағы өмірінің бір көрінісі
екендігін сынайды, қазіргі
өмірмен салыстырады).
ә)
Қатар өтілетін «Ата жаумен
айқастық», «Ленинградтық өренім»
өлеңдеріндегі тақырып, мазмұн,
идеяға қазіргі күн тұрғысынан
сын көзімен қарап, «кеңестік
саясатқа қызмет еткен шығармалар»
деген қайшы пікірлер проблема
етіп қойылады. Оқушы өлең
мәтіндерінен мысалдар келтіре
отырып, (шығармалардың тарихи
шындықпен тура келетіні, ақынның
соны таза қалпында бейнелеуі,
достық тақырыбын көтеруі т.б.)
өзіиің дәлелді ойларын айтып,
мұндай пікірді жоққа шығаруы
мүмкін
|
ДО
(дамыта оқыту моделін барлап
қарасақ, оның әсіресе, талдау,
жинақтау, бағалау сынды мақсаттар
жүйесін жүзеге асыруда, білім
деңгейін шығармашылық сатыга
жеткізуде тиімді екеніне көз
жеткіземіз).
Қазақстанда
білім берудің өзіндік ұлттық
үлгісін қалыптастыру, тұлғасын
дамыту бағытында тағы басқа озық
оқыту технологиялары
қарқындап келуде. Егеменді
еліміздің дамушы елу мемлекет
қатарында болудың негізгі бір
талабы – мектептегі білім беру
жүйесінің алдына оқыту үрдісін
жаңа технология элементтерін
сабақта қолдануды талап етіп
отыр. Қазіргі жаһандану заманында
жаңа технологияның басты мүддесі
– оқушыны жай білімнен шығармашылыққа
дейін көтермелеу. Қазіргі заманда
жаңа технологиямен қаруланған
ұстаздардың жеке тұлғаны
қалыптастыруда көп ұтары сөзсіз.
Соған мысалға Шәкәрім шығармаларын
оқытуды алсақ.
Шәкәрім
шығармаларын оқытуда жаңа
технология элементтерін тиімді
қолданудың негізгі мақсаты –
оқушыға берілетін білімнің ғылыми
жүйелілігі және білімді белсенділікпен
саналы меңгере отырып, білімнің
тиянақтылығына ерекше мән беру.
Шәкәрімнің
ақындық жолының бір арнасы
– поэмалары. Жалпы білім беретін
орта мектептің әдебиет пәнін оқыту
бағдарламасына енген Шәкәрім
өлеңдерін оқыту барысында байқалатын
басты ерекшелік, ақынның, ең
алдымен, сыршылдығы, өсиетшілдігі,
қатал сыншылдығы, өлең тақырыптарын
уақыт талабы, заман көшіне қарай
асқақтата жырлай отырып, соның
бәрінде де мәңгілік жолдарын
негізгі нысана ету белгілері
болса, ал поэмаларында осы жанрдың
негізгі қасиеттері – мазмұны мен
көркемдіктің бірлігін, оқиғамен
өрілген образдылық пен идеяның
ұштасатынын оқушының тануына және
де әр поэманың мазмұндық желісі,
көркемдік шешімі, образдар әрекеті
сол оқиға болған тұстың шындығымен
жырланатынына көңіл аударылуы
қажеттігі зерттеу жұмысында талдап
көрсетілген.
Поэманы
талдау барысында оқытушы:
«Поэмадағы қазақ ауылының
шынайы келбеті қандай?» т.б.
ізденгіш тапсырмалар беру кезеңінде
оқушының көз алдына ауыл өмірі
жанды сипатымен елес берері сөзсіз.
Поэмадағы
үлкен ерекшелік – тұрмыстық,
әдет-ғұрыптық көріністердің тапқыр
суреттелуін яғни, ескі
қазақ ауылының бүкіл тіршілік
дүниесін реалистік
тұрғыда суреттегенін оқушы
танып қана қоймай, ақынның ауыл
өмірінің шындығын бейнелеуде
қажет детальдарды орынды қолданғанын
байқату. Мысалы, «Қалқаман-Мамыр»
поэмасында байдың «еркек-шора»
қызы Мамырдың балалық, жастық
өмірі, Қалқаманмен жылқыда жүріп
кездесуі, жұмбақ айтыстары,
«Бастаңғы» ойыны, тағы сол сияқты
ұсақ көріністердің қай-қайсысы
да ауыл өмірінің шындығын бейнелеуде
көмегін тигізетін қажет детальдар
екендігін оқушыларға поэманы
талдау барысында айқындап танытудың
маңызы ерекше. Өйткені, ақын поэма
желісінің басталу, байланысу,
шиеленісу, шарықтау кезеңдеріне
жанды динамикалық сипат берген.
Поэманың сюжеттік, композициялық
жинақтылығы, құрылымы оқырманды
өзіне баурап, тартымдылығымен
қызықтырады.
«Қалқаман-
Мамыр» поэмасын топтық жарыс сабағы
және деңгейлік тапсырмалар
арқылы оқыту сабақтың құндылығын
арттырады.
І
топ. Тапсырма. 1. Шәкәрім
қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Шәкәрім кім? ассоцация құрастыр.
2.
Абайдың Шәкәрімге қандай туыстық,
қамқорлық, тәрбиелік әсері болғаны
туралы не айтар едің?
ІІ
топ. Тапсырма. 1.
Шәкәрімнің әр тілді меңгеруіне
кімдердің ықпалы болды?
2.
Шәкәрім қандай шығыс классиктерінің
шығармаларын оқып, танысты? Ассоциация
құрастыр.
ІІІ топ. Тапсырма. 1.
Поэмадағы басты кейіпкерлер
бейнелерін мәтіннен мысалдар оқи
отырып талдау.
2.
Қалқаман мен Мамырдың
аталары кім? Туыстық тегін таратыңыз.
Әр
топ оқушыларының
орындаған тапсырмаларын
талдай және толықтыра отыра,
оқушылармен
әрі қарай деңгейлік тапсырмалар
арқылы жұмыс жүргізіледі.
1-деңгей.
1.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасы қашан
жазылып, жарық көрген?
2.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасында қандай
оқиға суреттелген?
3.
Жырдағы басты кейіпкерлер кімдер?
2-деңгей.
1.
Жырдағы басты кейіпкерлерге
мінездеме бер, ақынның кейіпкерлерді
таныстыруын мәтіннен тауып оқы.
2.
Екі жасты қатаң жазалануындағы
негізгі себеп қандай? Өзіндік
ой-тұжырымың?
3.
Әнет баба алғашқы бітімінен
неге ауытқыды?
3-деңгей.
1.
Қалқаман мен Мамыр арман-мұратына
жетті ме, жетпесе кім кінәлі?
2.
Қалқаман-Мамыр тағдыры қандай
тағдыр деп ойлайсың?
Сенің өзіндік көзқарасың
қандай?
3.
Мәмбет сопы, Кішіктің шешесі
бір,
Қатаған
Тұрсын ханның ханшасы, - деген
өлең жолдарын ақын қай шығармасында
талдап көрсеткен?
4-деңгей.
Оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту
мақсатында «Егер мен Қалқаман
болсам» тақырыбында ой-толғау
жазу тапсырылады.
Деңгейлік
тапсырмалардың тиімділігі: әр
деңгей бойынша оқушылар өз білім
дәрежесіне, қабілетіне қарай
тапсырмаларды орындайды. Бұл
тапсырмалар оларды поэманың
мазмұнын игеріп қана қоймай, өз
бетімен ізденуге, дүниетанымдық
көзқарастарын қалыптастыруға,
шығармашылық қабілеттерін шыңдауға,
өзіндік ой қорыту, тұжырым жасауға
дағдыландырады.
Әрі
қарай мәтін бойынша түсініксіз
сөздермен жұмыс жүргізіледі
(еркек-шора, бастаңғы, оғат, халал,
асық, шаһит болу).
Сабақтың
ұтымдылығы: оқушылар
мұндай сабақтарда Шәкәрім
еңбектерінің әрқайсысын өз бетінше
талдауға үйренеді. Шәкәрім
шығармаларындағы ізгілік, шапағат,
мейірімділік, т.б. қасиеттерді
бойына сіңіре отырып, қатігездік,
заманның ескі ойларынан шыға
алмайтын мінездерден, қайырымсыздық
қасиеттерінен өздерін аулақ ұстау
жөнінде тағлым алады. Әр түрлі
әдістер қолдану негізінде
оқушылардың сабаққа деген ынтасы
оянып, қызығушылығы артады. Шәкәрім
шығармаларын дамыта оқыту
технологиясымен игерту барысында
жұмыста төмендегідей
жаттығу-тапсырмалары берілді:
1-жаттығу. «Қалқаман-Мамыр»
мен «Еңлік-Кебек» поэмаларындағы
Әнет баба мен Кеңгірбай бейнелерінде
ұқсастық бар ма?
Мақсаты: оқушылардың
шығарма мазмұнын жүйелі меңгеріп,
оны талдай алу қабілетін дамыту.
Ұтымдылығы: поэманың
желісін жетік білуі, шығарманың
өн бойынан басты кейіпкерлерді
тани білуі, кейіпкерлердің бейнесін
сомдауға ұмтылуы, жағымды, жағымсыз
қасиеттерді ажырата отырып, өзіндік
көзқарасын дәлелдей білуге баулу.
2-жаттығу. Шәкәрім
неліктен «талап пен ақыл» ұғымдарына
ерекше мән береді? Бұл ұғымдар қай
өлеңінде кездеседі?
Мақсаты: оқушыны
өлеңді мәнерлеп оқудан соның
ішіндегі тәрбиелік мәні бар
сөздерді талдау деңгейіне жеткізу.
Ұтымдылығы: әр
баланың ойлау, байқампаздық
қабілеттері жетіледі. Ашық пікірін
білдіруге талпынады. Мәтін
мазмұнындағы басты ойды түсінуге
тырысады. Өзін-өзі бағалай білуде
өзіндік пікір қалыптастырады.
Білім
алу – адам өмірінің ең басты
қажеттілігі және шығармашылық,
эстетикалық дүниетанымын
дамытуға, рухани келбетін
қалыптастыратын ең бағалы байлық.
Демек, жүйелі түрде тиянақты
тапсырмалар беру арқылы оқушы
зейінін, назарын, ойлауын белгілі
бір шығармашылық бағытқа баулу –
оқушыларды ғылыми негізде ойлауға,
өмірді танып-білуге, өзін-өзі
дамытуға үйретеді. Әдеби көркем
шығарманы қабылдаудың жоғарғы
деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік
болатынына нақтылы тәжірибелік
зерттеу қорытындысы арқылы
байқадық. Яғни, алдын-ала берілген
проблемалық сұрау-тапсырмалары
арқылы жүргізілген дайындық кезеңі
оқушылардың психологиялық жағынан
өзін-өзі дайындауына, оқуға
қызығушылығын арттырып, тиянақты
білім алуына жетелейді. Оқушы
өзіндік ой-пікірін тұжырымдап,
негізгі идеяны көркем мәтіннен
таба білуге дағдыланатынын тәжірибе
көрсетті.
Дәстүрден
тыс сабақ түрінің қай-қайсысы
болса да оқушының ой-өрісін,
дүниетанымын, шығармашылық,
ізденушілік қабілетін дамытуға
өзіндік көзқарасын тұжырымдауға
негізделгендігін көреміз. Дәстүрден
тыс сабақ түрлері оқушының тілін
дамытып, ойын ұштап, өзі талдап
дәлелдеу арқылы өз пікірін ашып
айтуға дағдыланады. Осы арқылы өз
еңбегінің жемісін басқалармен
бөлісіп, алған білімін жетілдіре,
дамыта түседі
Оқушылардың
этикалық-эстетикалық талғамын,
эмоциялық-құндылық қатынасын
қалыптастыру аясында олардың
сезіміне әсер ету арқылы
білім-іскерліктерін, шығармащылық
қабылдау әрекеттсрін дамьггуды
жүзеге асыру - әдебиет пәнінің
бүгінгі бағыты болса, лириканың
алатын орны ерекше. Сабақ беруде
бір сарындылықтан ажырап, оқушы
қабылдануына тиімді әдіс-тәсілдсрді
қолдану педагогикалық инновация
талабынан туындайды.
Лирикалық
шығармаларды мектепте оқытуда
оның төмендегідей сабақ кұрылымы
болады:
I.
Кіріспе сабақ
a)
V-VIII сынынтарда мұғалімнің сөзі
ә)
ІХ-ХІ сыныптарда лекция.
II.
Әдеби шығарманың мазмұнын
меңгерту
Берілген
әдеби шығарма толық оқытылады,
мазмұны айтылады, мазмұңдама
жазылады. Шығарма сюжеттік желісі
болса бөлімдерге бөлінеді. Әр
бөлімге ат қойылады, жоспары
жасалады. Шығарма сабақ барысыңца
басталып оқылады.
III.
Мәтінді талдап оқыту.
Оқушыларға
шығарманың формалық белгілерінен:
образ, композиция, сюжет, баяңцау,
монолог, портрет, пейзаж, сипаттау
туралы білім беріледі.
IV.
Әдебиет теориясынан білім
беру.
Оқушыларға
тақырып, троп, фигуралардың түрлері,
олардың әдеби шығарманың көркемдік
сапасын көтерудегі мәні туралы
және стиль көркемдік әдіс, жанр
туралы мәлімет беріледі.
V.
Әдеби шығарманы мақамдап оқыту.
Оқушыларга
мақамдап оқыту шарттары:
дауыс ырғағы, кідіріс, оқу карқыны,
ән-күй пайдалану, жаттау туралы
білім беріледі.
VI.
Көркем шығарма бойьшша жинақтау сабағы,
немесе шығармашылык сабақ.
Шығарма
жаздырту, сабақты қорыту, оқущьшар
білімін бағалау, жұмыс дәптерлеріне
түсірілген жазбаларды тексеру,
мүмкіндігіне қарай сабақ мазмүнына
сай әр түрлі баяндама, реферат,
мәдени коптеген жұмыстар жүргізу.
Үздік жүмыстарды, өлеңдерді
баспасөз бетінде жариялайды
VII.
Әдебиетті оқытудағы озық тәжірибелерді
пайдалану. Тәжірибелі мұғалімдердің
лирикалық шығармаларды өткендегі
әдіс-тәсілдері, әдістемелік нұсқау
сабақтарының, көрнекіліктерінің
озық үлгілерін пайдалану да
сабақтың құндылығын арттырады.
Мұғалім үшін пайдалы жақтары да
бар.
VIII.
Әдебиетті зерттеуші ғалым,
ақын-жазушылармен кездесу. Олардың
еңбектерін сабақта пайдалану.
Мұндай сабақтардың берері мол,
оқушылардың өлеңге деген
қызығушылықтарын арттырады. Көркем
мәтінде көтерілген тақырып,
образдар жүйесі, тілі зерттеу
еңбектерінде кеңінен сөз болады.
Осы еңбектерді оқи отырып оқушы
өз бетінше білімін терендетеді,
ізденіспен жұмыс істеуге
үйренеді.
Қорытынды
Қорыта
келгенде, лириканың жанрлық
ерекшеліктерін оқыту үрдісінде
танытуға байланысты зерттеуші
ғалымдар мен әдіскерлердің
піқірлерін саралап қарағанда
байқағаным, мұғалім көркем
мәтіндердің тақырыбы мен
кейіпкерлерін, идеялық мазмұнын
талдап қана қоймайды. Сол мәтіннің
түрін (табиғат, көңіл күй, саяси
т.б.) де атап, қай жанрға жататынын,
сол жанрдың ерекшелігін таныстырып
отыруы дағдыға айналуы тиіс.
Өйткені, жанрлық ерекшелік деген
- көркем мәтіннің өзге шығармалардан
өзін айырып, танытатын ерекшелік.
Ол тақырыбы мен идеялық мазмұны
жағынан ғана емес, өзіндік
табиғатынан, баяндалу, бейнелену
түрінен де, шығарманың композициясы,
тілі, көлемі жағынан да танылады.
Әдебиетті оқытудағы әдістемелік
жұмыс түрлері көркем мәтіннің
жанрлық ерекшелігіне де байланысты
өзгеріп, алмасып отырады. Осыған
байланысты лирикалық жанр табиғаты
сабақта қандай әдіс-тәсілдер
қолдануды күні бұрын айқындауды
талап етеді.
Қорыта
айтқанда, әдебиет сабағында осы
жоғарыда көрсетілген салалар
бір-бірімен үйлескен түрде үнемі
жүргізіліп отырса, беретін нөтижесі
мол болмақ. Біреуін тастап кетіп
жүрген жағдайда ырғақ бұзылады,
соншалық тиімді болмай қалуы
мүмкін. Себебі, «әр салада оқушының
өзіндік ойын, тілін, дағдысын
қалыптастыруға бағытталған әр
түрлі жұмыс түрлері жүргізіледі»
- дегенді ұстаным ете отырып, 5-9
сыныптардағы лирикалық шығармаларды
оқыту- өзінің жанрлық ерекшеліктері
мен оқытудың дидактикалық және
әдістемелік мақсат-міндеттерін
(оқытудың әдіс-тәсілдері мен талдау
үлгілері) біртұтас жүйелік пен
жинақтау арқылы нәтижелі болатындығын
көрсетеді. Түйіндей келгенде, 5-9
сыныптардагы лирикалық шыгармаларды
оқыту ерекшелінді, әдістемелік
тұрғыда мүғалім-мәтін-оқушы
арасындағы байланысты нығайта
түсті.
Пайдаланылған
әдебиеттер
Байтұрсынов
А. Ақ жол, Алматы, 1991, 464 б.
Аймауытов
Ж. Шығармалары, Алматы, 1999, 304 б.
Әуезов
М.Уақыт және әдебиет, Алматы, 1962,
427 б.
Жұмалиев
Қ. Әдебиет теориясы, Алматы, 1969,
244 б.
Ысмайылов
Е. Әдебиет жайлы ойлар, Алматы, 320
б.
Дүйсенов
М. Қазақ лирикасындазгы тақырып
пен керкемдік шешім, Алматы, 1971,
12-13 б.
Базарбаев
М. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Алматы, 1968, 258 6.
Қабдолов
3. Сөз өнері, Алматы, 365 б.
Ахметов
3. Өлең сөздің теориясы, Алматы,
1973, 212 б.
Нарымбетов
Ә.Қазіргі поэзиядағы дөстүр
түтастығы, Алматы, 1981,316 .
Тәжібаев
Ә. Өмір және поэзия Алматы, 1960, 485
б.
Әбдірахманова
Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы,
Алматы, 1976, 298 б.
Кәрібаева
Б. Қазіргі қазақ лирикасының
поэтикасы, Алматы, 1988, 152 б.
Дәдебаев
Ж. Шымырлап бойға жайылған, Алматы,
1988, 189 6.
Мәшһүр
Жүсіп Қ. Өлең создің патшасы,
Алматы, 1991, 215 б.
2.
Рыбникова М.Н. Очерки по методике
литературного чтения, Москва,
1963,
271 с.
Голубков
В.В. Методика преподавания
литературы, Москва, 1962,495 с
Кудрящев
Н.И. Взаимосвязь методов обучения
на уроках литературы,
Москва,
1972, 217 с.
Никольский
В.А. Методика преподавания литературы
в средней школе
Москва,
1971, 256 с.
Рез
З.Я.Методика преподавания литературы,
Москва, 1985, 368 с
3.
Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту
методикасы, Алматы, 1969, 242б
Ақшолақов
Т. Көркем шығарманың эстетикалық
табиғатын таныту,
Алматы,
1991, 22 б.
Сманов
Б. Кейіпкер бейнесін талдау, 1990,
191 6.
Бітібасва
Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді
жолдары, Алматы,1990,
200
б.
Жабағин
Т. С.Торайғыров шығармаларын
мектепте оқыту, Алматы,
1991,
87 б.
Қоңыратбаев
Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту
методикасы,Алматы,
1987,
176 б.
Мақпырұлы
С. Әдебиеттің тектері мен түрлері,
Алматы, 1993,796.
Бітібаева
Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі,
Алматы, 1997, 271 б.
Құтқожина P.
Әдебиет оқулығына әдістемелік
нұсқау, Алматы, 1994,
71
б.
Жұмажанова
Т. Әдебиеттен кластан тыс оқу
сабағы, Алматы, 1983,117 6
Мырзағалиев
Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық
ұғымдарды
оқыту,
Алматы, 1973, 147 б.
4.
Нүрмаханов Ж., Дайыров Ә. Орта
мектепте лириканы оқыту, Алматы,
1991, 131 б.
5.
Белинский В.Г. Избранное /В двух
томах, Москва, 1959, с.510.
6.
Жұмалиев К, Әдебиет теориясы,
Алматы, 1969, 225 б.
7.
Уәлиханов III. О формах казахской
народной поэзии /собр. соч. , В 5-ти
т. Т. 1 Алматы, 1961, 434 с
8.
ҚирабаевС., Құрманбаева Г.,
Жұмажанова Т., Мақпырұлы
С, Әрінова Б., Дүйсебаев С. Қазақ
әдебиеті пөнінің бағдарламалары,
Алматы, 2000, 30 б.
9.
Қабдолов 3. Сөз өнері, Алматы, 1982,
325 б.
10.
Бітібаева Қ. Педагогикалық
технология талаптары, /Қазақ тілі
мен әдебиеті, 2002, №З, 17 6.
11.
Беспалько В.П. Слагаемое
. педагогическое технология,
Москва, 1985, 19 с.
12Жанпейісова
М. Оқытудың инновациялық
технологияларі,, Алматы, 2002, 3 б.
|
|
Мазмұндама
түрлерi және оған қойылатын
талаптар
Көркем
мәтiндi меңгертуде жиi қолданылатын
жазу жұмыстарының бiрi – мазмұндама.
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар
оқыған мәтiндi қабылдап, сол
қабылғандарын қайта жаңғыртуға тиiс
және естерiнде қалған мәлiметтердi
өз сөздерiмен жазып беруге дағдыланады,
сөз тiркесiн құру, сөйлем құрау
шеберлiгiне жаттығады. Мазмұндама
жазу арқылы бiрқатар сөз тiркесi мен
сөйлемдер, бейнелi сөздер оқушының
есiнде қалады, оқылған мәтiндi қайта
жаңғырту үшiн сөздер мен сөйлемдердi
бiр-бiрiмен байланыстыруға
жаттығады.
Мазмұндама жаздыру
арқылы оқушылардың тiлдiк материалдарды
орынды қолдана бiлуге, жазбаша
сөйлеудiң ерекшелiгiн, мәтiннiң
синтаксистiк құрылысын меңгертуге,
ең басты қайта жасау қиялын дамытуға
игi ықпал етедi. Осындай бiлiм дағдыларын
қалыптастыруда мазмұндаманың
мынандай түрлерiн жүргiзуге болады:
Дайын
мәтiн бойынша мазмұндама.
Сурет
бойынша мазмұндама.
Аяқталмаған
мәтiн бойынша мазмұндама.
Дайын
мәтiн бойынша мазмұндама. Дайын
мәтiн бойынша мазмұндаманың өзiн
бiрнеше түрге бөлуге болады:
Мәтiнге
жуық немесе толық мазмұндау.
Мәтiннiң
мазмұнын сақтай отырып, бiрақ баяндалу
формасын өзгертiп баяндау.
Қысқарта
баяндау.
Толықтырып
мазмұндау.
Мәтiнге
жуық немесе толық мазмұндау. Мазмұндаманың
бұл түрiнде мәтiннiң мазмұны бүтiндей
қайталанбағанмен, түгелге жуық
меңгерiледi. Мәтiндегi сөз тiркесi,
сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы
мүмкiн, алайда кейбiр жаңа сөздердiң,
сөйлемдердiң, көркемдегiш құралдардың
оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкiн.
Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны
әр түрлi түсiнуге болады. Бiрiнде
оқушы мәтiн мазмұнын терең меңгерiп,
ондағы кейбiр сюжеттiң, көрiнiстiң,
өзiне ұнаған сөз үйiрiмiнiң бастапқы
қалпын сақтағысы келсе, кейбiр оқушы
мәiн мазмұнын өз сөзiмен беруге сөз
қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының
қалыптаспауынан шығарма авторын
сөзбе-сөз қайталауға келiп соғады.
Бiрiншi жағдайда сол жазған
мазмұндамасындағы жаңадан игерген
сөз қолданыстары оқушының актив
лексикасына айналса құба-құп. Ал,
өткiншi, тек баға алу үшiн бiр-ақ рет
пайдаланып, кейiннен жадынан шығарса,
онда алға қойған мақсаттың
орындалмағаны.
Мазмұндама
жазғанда көркем мәтiндi қаз қалпында
қайталауға жол бермеу үшiн белгiлi
әдiскер-ғалым
С.Тiлешева мұғалiмдердiң мына
мәселелердi мазмұны тартымды, оқиға
қызғылықты, көркемдiк қуаты жағынан
жоғары талапқа сай болуы, мазмұндама
жазар алдында мәтiндi оқу, әңгiменi
негiзгi бөлiмдерге бөлiп, оған тақырыптар
беру, жоспарын жасату, тiлiн талдау,
т.б. жұмыстарды орындатқан жағдайда
оқушылар мәтiндегi барды қайталау
болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа
айналатынын айтады.
Жазу
техникасы: мазмұндама жазылатын
мәтiн ең алдымен сыныпта мәнерлеп
оқылады. Қандай да болмасын әсерлi
шығарма ұсынылған, ол нақышына
келтiрiп, дұрыс дауыс ырғағымен
оқылмаса, қызығушылық сезiмiн тудыра
алмас едi. Өйткенi мазмұндама мәтiндерiн
оқушыларға оқып беруде мұғалiмнiң
дауыс сазының әсерлi болуының маңызы
зор. Сондықтан мазмұндама мәтiнiн
оқығанда мұғалiм дауыс ырғағын
бiрқалыпты сақтап, өзiнiң дикциясына
қатты көңiл бөлгенi жөн. Мәнерлеп
оқуда екi түрлi талап қойылады. Олар
– физикалық және психикалық.
Бiрiншiден, оқыған кезде дұрыс тұру,
демдi еркiн және терең алу, дауысты
бiрқалыпты сақтау болса, ал екiншiсiне
оқудың ритмiн сақтау, сөздi анық айту,
бiрқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс
ырғағын тыныс белгiлерiне сәйкестендiру,
т.б. жатады.
Мiне, сондықтан
мазмұндама мәтiнiн мұғалiмнiң өзi оқып
бергенi жөн. Одан кейiн мазмұны
айтылып, мәтiндегi мағынасы түсiнiксiз
сөздер мен сөз тiркестерi (фразеологизмдер)
түсiндiрiледi. Мазмұндау жоспары
түзiледi. Алғашқы кезде мұғалiмнiң
көмегiмен, кейiннен оқушылар өз
беттерiнше жоспар құрады. Жоспар
жазылмақшы мәтiннiң мазмұнына
байланысты жай және күрделi болып
келедi. Мәтiнге жоспар құру, оның
мазмұнын жоспарлап жазу дегенiмiз –
мәтiн мазмұнын бөлiм-бөлiмге бөлiп
беру деген сөз. Мәтiндi жоспарлау –
оқылған шығарманың мазмұнын жүйелеп
беру, ондағы оқиғаның, iс-әрекеттiң
орындарын алмастырып алмау үшiн
қажет. Жоспарлау мәтiндегi әңгiме
болып отырған негiзгi мәселенi тани
бiлуге баулиды. Мәтiнге жоспар жасау,
әдетте, жай жоспар күрделi жоспар
жолымен жүзеге асырылады.
^ Мәтiннiң
мазмұнын сақтай отырып, баяндау
формасын өзгертiп мазмұндау. Мұнда
бiрiншi жақта баяндалған мәтiндi
үшiншi жақта, өткен шақта құрылған
мәтiндi келер шақ формасында өзгерте
мазмұндау.
^ Дайын
әңгiме бойынша жазылатын мазмұндаманың
келесi түрi – ықшамдап
мазмұндау. Мазмұндаманың
бұл түрiнде берiлген мәтiннiң айтылайын
деген негiзгi ойға қатыссыз, қосымша
сюжеттер қысқартылып, ең негiзгi,
түпкi ойды жазады.
Қысқарта,
ықшамдап мазмұндаудың да өзiндiк
маңызы бар, өйткенi әңгiмедегi
iс-әрекеттердiң негiзгi және қосалқы
жақтарын ажырату барысында да
шығармашылық сипатқа ие болады.
Мәтiндi ықшамдау барысында әңгiмедегi
қосымша детальдардан түйiндi ойды
даралауға жаттығады, мазмұнды талдай
отырып, қажеттi материалды жинақтауға,
көп ойды аз сөзбен беруге, пiкiрiн
қысқаша баяндауға дағдыланады.
Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл
түрiн оқушыларды сөздi талғап, таңдап
қолдануға, сөйлемдi жинақы құруға,
аз сөзбен көп мағына беруге, тiлiн
ширатуға септiгiн тигiзедi.
^ Дайын
мәтiн бойынша жазылатын мазмұндаманың
келесi бiр түрi – толықтырып
мазмұндау. Бұл
жоғарыда айтылған ықшамдап мазмұндауға
керiсiнше берiлген әңгiме мазмұнын
толықтырып, кеңейтетiн, ұсынылған
ойға тың пiкiрлер, жаңа сюжеттер
тапқызу мақсатында жүргiзiледi. Мұнда
оқушының шығармашылық қабiлетiн
дамыту мақсат етiледi.
Жұмыстың
бұл түрiнде бiр әңгiменiң қысқаша
мазмұны берiледi. Негiзгi ой ұсынылады.
Оқушы өз жанынан берiлген ойды
күшейтетiндей детальдар қосып,
мәтiндi толықтырады. Жаңа сюжеттер
қосып, баяндалған iс-әрекеттi дәлелдей
түседi. Мұндай жұмыстар оқушылардың
таным процестерiн дамытып, тiлiн
ширатады.
Мазмұндаманың
бұл түрiн жаздыру мұғалiмге үлкен
жауапкершiлiк жүктейдi. Тыңғылықты
дайындалуын қажет етедi. Ұстаздардың
үнемi есiнде болатын мәселе: оқушыларға
ұсынылатын мәтiндер мазмұны олардың
күнбе-күн араласып, көрiп-бiлiп жүрген,
етене таныс зат, құбылыс оқиға және
iс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар
сонда ғана жұмыс барысында онша
қиналмай, тез төселiп кетедi.
^ 2)
Сурет бойынша мазмұндама
жаздыру. Жұмыстың
бұл түрiн жүргiзуде дайын әңгiме
бойынша жүргiзiлетiн мазмұндамаға
ұқсас жүргiзiледi. Олай дейтiнiмiз
мұнда да әңгiме мәтiнiн мұғалiм
алдын-ала әзiрлейдi. Бұл жұмыстардың
бiр-бiрiнен айырмашылығы сөз болып
отырған мазмұндамада даяр мәтiнге
қосымша сол оқиға желiсiн ашатын
сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам
туындысын пайдалана отырып мазмұндама
жазу оқушылардың сурет мазмұнын
түсiнуге, шығармада бейнеленген зат
не құбылыстарды бейнелi де көркем
сөзбен өрнектеудi үйретедi. Баланың
эстетикалық талғамын байытып,
шығармашылық қиялына қанат
бiтiредi.
Суреттi пайдалана
отырып жазылатын мазмұндаманың
мынандай түрлерi бар:
а) белгiлi
оқиғаға арналған бiр сурет бойынша
мазмұндама;
б) бiр оқиға мазмұнын
ашатын сюжеттi суреттер арқылы
жаздырылатын мазмұндама.
Сурет
және сюжеттi суреттер бойынша
жаздырылатын мазмұндамаларды
түрлендiрiп өтуге мүмкiндiк мол. Атап
айтқанда, сюжеттi сурет бойынша
өткiзiлетiн мазмұндама мәтiнiндегi
қайырымдар мен сөйлемдердiң орындарын
ауыстырып берiп, оны суреттiң сюжетiне
байланысты түзеттiрiп немесе орны
ауыстырылған суреттердi мәтiн мазмұны
бойынша жүйеге түсiрiп, түрлерi
оқушының ойлауы мен қиялын дамытып,
шығармашылық қабiлетiн арттырады.
а)
Сурет бойынша мазмұндаманы мына
жүйеде жүргiзуге болады:
Алдын-ала
дайындалған қыс келбетi бейнеленген
суреттi iлiп, сұрақ-жауап тәсiлi бойынша
дайындық жұмысы жүргiзiледi.
1.
Суретте жылдың қай мезгiлi бейнеленген?
Оны немен дәлелдейсiңдер? 2. Су-реттiң
алдыңғы жағында кiмдер көрiнедi? Олар
не iстеп жүр? 3. Балалардың көңiл-күйлерi
қандай? 4. Ауа райы қандай деп
ойлайсыңдар? 5. Суретке қандай ат
қоямыз? 6. Қандай ой қорытындысын
жасаймыз?
Суреттiң мазмұны
жоғарыдағы жоспар бойынша талқыланып,
сұрақтарға дұрыс берiлген жауаптар
iрiктеледi.
Мұғалiм осы сурет
бойынша дайындап келген мәтiндi
мәнерлеп оқып шығады.
Мұғалiм
мзмұндама мәтiнiн оқып болғаннан
соң, әрбiр қайырым суретпен
салыстырылады. Балаларға мағынасы
түсiнiксiз деген сөздер мен сөз
тiркестерi синоним сөздер арқылы
түсiндiрiледi. Кейбiр сөздердiң
орфографиясын есте сақтау қажеттiлiгi
ескерiлiп, тақтаға жазылады.
Ұжым
болып мазмұндаманың жоспары
түзiледi.
Жоспардың үлгiсi:
1.
Таңертеңгi табиғат көрiнiсi.
2.
Өзен жағасында.
3. Балалардың
қыс қызығы.
4. Балалар соққан
аққала.
5. Қорытынды.
Мәтiн
мазмұнын құрылған жоспар мен суреттi
салыстыра отырып бiрнеше оқушы айтып
шығады. Мұғалiм қорытынды жасайды.
Балалар мазмұндама жазуға кiрiседi.
2.
Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндама
жаздыру. Бұл жұмысты ұйымдастыру
үшiн алдын-ала мәтiн дайындайды. Сол
әңгiме мазмұнына сай бiрнеше суреттер
әзiрлейдi. Нәтижеде мәтiндi негiзгi
бөлiктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның
құрамды бөлшектерiн тануға, ең бастысы
– ондағы идеяны тап басуға дағдыланады.
Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндаманың
тағы бiр ерекшелiгi, бiрiншiден, сөзден
сурет, екiншiден, суреттен сөз тудыру
қабiлетi қалыптасады. Яғни, шәкiрттердегi
ойлаудың абстракт-логикалық түрiнiң
дамуына игi ықпал етедi.
^ 3)
Аяқталмаған мәтiн бойынша
мазмұндама жаздырудағы
мақсат – оқушыларды өз бетiнше сюжет
ойлап, әңгiменi әрi қарай жалғастыра
отырып, сәттi шешiм тауып аяқтауға
дағдыландыру.
Бұл шығармашылық
жұмыс түрiнде мазмұндама мен шығарманың
элементтерi кездеседi. Бұрын ылғи
дайын мәтiнмен жұмыс iстеп қалыптасқан
оқушы алғаш рет өз ойынан әңгiме
құрап, өзiндiк ой қорытындысын жасайды.
Мұғалiмнiң негiзгi мақсаты – баланы
ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы
оның өзiндiк “менiнiң” қабiлетiне
қанат бiтiру, қайнар бұлағын ашу. Бала
бойындағы “туа бiткен тiлдiк қабiлетiн”
ояту. Мұғалiм бұл жұмысты “жеңiлден
ауырға қарай жүргiзу” принципi
негiзiнде iстейдi.
Алғаш рет
оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған
әңгiменiң оқиға желiсi, сюжетi суреттер
арқылы бағыт-бағдар беру негiзiнде
жүргiзiледi. Демек, оқушылар аяқталмаған
мәтiндi сюжеттi суреттерге және ұжым
болып құрылған жоспар негiзiнде жазып
шығады. Атап айтқанда:
а) келесi
кезеңде аяқталмаған мәтiн, жартылай
түзiлген жоспар, әңгiме соңына
бағыт-бағдар беретiн сюжеттi суреттер
негiзiнде мазмұндама жаздыру;
ә)
аяқталмаған мәтiн мен әңгiменiң, сәттi
тұжырымдауға сiлтеме жасайтын жоспар
негiзiнде мазмұндама жаздыру;
б)
соңына дейiн түзiлмеген жоспар мен
аяқталмаған мәтiн арқылы мазмұндама
жаздыру.
^ Жазба
жұмыстарын бағалау өлшемдерi
Мектеп
бiтiрушiлердiң сауаттылығын, бiлiмiн
бағалау үшiн жүргiзiлетiн бақылау
диктанттарындағы сөз саны белгiленген
нормаға сәйкес болуы қажет.
^ Бақылау
диктантының белгiленген нормасы
төмендегiдей:
5-сынып
– 90-100 сөз; 6-сынып – 100-110 сөз; 7-сынып
– 110-120 сөз; 8-сынып – 120-150 сөз; 9-сынып
– 150-170 сөз; 10-сынып – 170-190 сөз; 11-сынып
– 190-200 сөз.
Диктант мәтiнiне
байланысты мұғалiмдердiң ескеретiндерi:
Қажет
болған жағдайда мәтiн мазмұны жөнiнде
қысқаша мәлiмет беру.
Сөйлемдердiң
құрылысы мен тыныс белгiлерiн, оқылу
интонациясын ескеру.
Жай
сөйлем, құрмалас сөйлемдердiң қандай
түрлерiнiң барын анықтау, ондағы
екпiн, тыныс белгiлерiне көңiл бөлу.
Сызықша,
тырнақша тәрiздi тыныс белгiлердi
қолдану жүйесi.
Егер
диктанттың мәтiнiнде дұрыс жазылуы
оқушыларға бұрын түсiндiрiлмеген
қиын сөздер кездессе, онда олар
тақтаға жазылады.
Мұғалiм
мәтiндi әуелi мәнерлеп оқып шығады,
содан кейiн жеке сөйлемдердi оқып
жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем
жазылып болған соң, диктант мәтiнi
толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтiн
баяу оқылады. Соңында мұғалiмнiң
рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын
қосымша тексере алады. Диктант
мәтiнiн таза қағазға көшiруге рқұсат
етiлмейдi.
Бақылау диктанттарын
бағалауда орфографиялық және тыныс
белгiлiк қателерi жеке-жеке есептеледi
де жалпы бiр баға қойылады.
^ Диктантты
бағалау төмендегi өлшемдерге
негiзделедi:
“5”
деген баға еш
қатесi жоқ немесе орфографиялық
жеңiл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс
белгiсiнен жеңiл 1 қатесi бар (0/1)
диктанттарға қойылады.
“^ 4”
деген баға емледен
3, тыныс белгiсiнен 3 қатесi бар (3/3),
немесе емледен 2, тыныс белгiсiнен 4
қатесi бар (2/4) немесе емледен 1, тыныс
белгiсiнен 5 қатесi бар (1/5) диктанттарға
қойылады.
“^ 3”
деген баға емледен
6, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (6/5),
немесе емледен 5, тыныс белгiсiнен 6
қатесi бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс
белгiсiнен 8 қатесi бар (3/8) диктанттарға
қойылады.
“^ 2”
деген баға емледен
9, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (9/5),
немесе емледен 8, тыныс белгiсiнен 9
қатесi бар (8/9) диктанттарға
қойылады.
“1”
деген баға қате
саны “2” деге бағаға көрсетiлген
мөлшерден асып кеткен диктантқа
қойылады.
Мазмұндама – оқушының
өз ана тiлi мен әдебиетiнен алған
бiлiмiн тексерудiң негiзгi нысандарының
бiрi. Мазмұндама арқылы баланың өз
ойын жүйелi баяндай бiлу қабiлетi мен
тiл байлығы, сауаттылық деңгейi айқын
көрiнедi.
^ Мазмұндама
мәтiнiнiң көлемi төмендегiдей
болады:
5-сынып
– 100-150 сөз; 6-сынып – 150-200 сөз; 7-сынып
– 200-250 сөз; 8-сынып – 250-300 сөз; 9-сынып
– 300-350 сөз; 10-сынып – 350-400 сөз; 11-сынып
– 400-450 сөз.
Мазмұндаманы
бағалауда оқушы жұмысының мәтiн
мазмұны мен негiзгi ойға сәйкестiгi,
тақырыпың толық ашылуы, бяндау жүйесi
ескерiлiп, сөздiк қорының деңгейiне,
сөйлем құрылысына, мәтiннiң стильдiк
бiртектiлiгiне, тiл шеберлiгiне назар
аударылады.
Мазмұндама мен
шығармаға екi баға: бiрiншiсi жұмыстың
мазмұны мен көркемдiк сапасы, тiл
шұрайлылығы үшiн, ал екiншiсi
грамматикалық сауаттылығы үшiн
қойылады.
Шығарма
– оқушының
туған халқының әдебиетiнен алған
бiлiмiн өз ойымен, дүниетанымдық
көзқарасымен еркiн ұштастыра отырып
баяндайтын шығармашылық төл еңбегi.
Оқушыдан көркем шығарманы өзiндiк
ой-пiкiрi, көзқарасы тұрғысында терең
талдап пайымдауы, әсерлi, көркем
тiлмен жүйелi баяндауы талап
етiледi.
Оқушы шығармасының
құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф
(мүмкiндiгiне қарай, мiндеттi емес),
кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды,
сонымен бiрге материалды баяндау
әдiсi мен оның реттi жүйесi сияқты
мәселелерден тұрады.
^ Шығарма
жазуға қойылатын негiзгi талаптар:
Тақырыпты
оқушының өз ойы және сөзi арқылы
(оқулықтан көшiрмей) толық аша бiлуi.
Жазып
отырған тақырыптан алшақтамай, оның
мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық
баяндау, қажетсiз дәлелдемелер мен
көпсөздiлiкке жол бермеу.
Шығармада
сөз болған жайды оқушының өзi ғана
емес, басқаларға да түсiнiктi болатындай
орамды тiлмен, аз сөзге көп мағына
сыйғыза баяндауы.
Шығарманың
барлық бөлiмдерiнiң бiр-бiрiмен тақырып,
негiзгi ой арқылы шебер байланысуы.
Шығарманың
кiрiспе мен қорытынды бөлiмдерi қоса
алғанда тұтас жұмыстың 1/4 бөлiгiндей
болуы қажет.
Мiндеттi
түрде жоспар болуы және шығарма
мазмұнын жоспарға сай рет-ретiмен
жүйелi баяндауы қажет. Жоспар болмауы
себептi шығарманың бағасы кемiтiлуi
мүмкiн.
Барлық
айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап,
тиiстi қорытынды жасау.
Оқушының
өз шығармасында әр түрлi көркем
шығарма кейiпкерлерiн салыстыра
отырып, орынды жерде дәйексөз
келтiруi, ауыз әдебиетi үлгiлерiнен,
сын мақалалардан, әдебиеттану
еңбектерiнен өте шағын үзiндiлердi
қисынымен қолдану жоғары бағаланады,
оның терең бiлiмiн танытады.
Шығармада
қолданылған дәйексөздiң қайдан
алынғандығы айқын көрсетiлуi және
ол оқушының ойын қайталамай, оны
дәлелдеуi, жалғасты-руы қажет.
Шығармада
жазушының өмiрбаянына, әдеби
шығарманың жазылу тарихына, тарихи
оқиғаларға, кейiпкерлерге қатысты
қателiктер жiберiлмеуi керек.
Оқушының
жұмысы стильдiк бiртектiлiгi мен тiл
шеберлiгiне қарай (сөздiк қоры, сөйлем
құрылысы, материалды берудегi көрiктi
ой, көркем тiлi, тiлiнiң образдылығы,
ой сергектiгi, сезiмталдығы) бағаланады.
^ Шығарма
көлемi мен уақыты төмендегiдей
болады:
5-сынып
– 0,5-1бет; 6-сынып – 1-1,5 бет; 7-сынып –
1,5-2 бет; 8-сынып – 2-3 бет; 9-сынып – 3-4
бет; 10-сынып – 4-6 бет; 11-сынып – 6-8 бет
(оқушы дәптерiнiң бетi).
Сыныпта
жазылатын шығармаға сабақ кестесiнен
қатарынан екi сағат берiледi. Бiтiру
емтиханында - 6 сағат.
Шығарманың
бағалануы туралы
Оқушы
шығармасын тексеру, бағалау мәселесiн
негiзiнен төрт салаға бөлiп қарайды:
1.
Мазмұндылығы мен идеялылығы.
2.
Ой-пiкiрдiң жүйелiлiгi.
3. Стилi.
4.
Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың
қай-қайсысы да оқушы бiлiмiн бағалауда
маңзы. Шамамен алғанда, шығарманың
идеялылығы мен мазмұндылығына
оқушының тақырыпты қалай ашқандығы,
қамтылған мәселенiң дұрыстығы мен
бұрыстығы, дәлелдiгi, негiзгi ойды
жеткiзе алуы жатады. Пiкiр жүйелiлiгiне
шығарманың жоспарға сәйкестiгi, әрбiр
бөлiмнiң мөлшерi мен ой жүйесi, пiкiр
ұтымдылығы, т.б. енедi. Тақырыпты
ашуға байланысты ойын қалай
жеткiзгендiгi, сөйлемдерiнiң оралымдылығы,
сөз қолданысы, бiр сөздi бiрнеше рет
қайталамауы, дәйексөздi қолдана
бiлуi, сөйлемдi ұрыс құруы сияқты
мәселелер стильге жатады. Ал емле,
тыныс белгiлерiне байланысты жайлар
грамматикалық сауаттылық тұрғысынан
қаралады.
Әдебиет
бойынша
“5”
деген баға:
1.
әдеби материалды терең ұғынып, өте
жақсы түсiнсе, оны тақырыпты ашу үшiн
дұрыс қолдана бiлсе;
2. тақырыпқа
толық әрi нақты жауап берсе;
3.
мәселенi өзiндiк ой-пiкiр тұрғысында
дұрыс талдай бiлсе;
4. ойын
жүйелi желiмен жаза бiлсе;
5.
тiлi бай әрi әдеби тiл нормаларына сай
болса;
6. шығарма құрылысы ой
жүйесiне сай шебер қиысып келсе,
стиль бiрлiгi сақталса;
7. фактiлiк
қателер болмаса, сөздi орынды қолдана
бiлсе;
8.қорытынды пiкiрi орынды,
тиянақты болса.
Мазмұнында 1,
тiлiнде 1 елеусiз қате болуы мүмкiн.
“4”
деген баға:
1.
жұмыс мазмұны негiзiнен тақырыпқа
сай болса;
2. әдеби тiлмен жазса,
бiрақ ойын баяндауда бiрен-саран
дәлсiздiктер жiберсе;
3. қажеттi
қорытындылар мен түйiндеулерiн дұрыс
жасай алса;
4. ой жүйесiнiң шамалы
бұзылуы байқалса;
5. стиль
бiрлiгi сақталған, сөйлем құрылысы
алуан түрлi, бай болса.
Мазмұнында
2, тiлiнде 2-3 кемшiлiк болуы мүмкiн.
“3”
деген баға:
1.
тақырыптан айтарлықтай ауытқыған
болса;
2. материалды баяндау
негiзiнен дұрыс, бiрақ жекелеген
фактiлiк дәлсiздiктер кездессе,
3.
баяндау желiсi аздап бұзылса;
4.
сөздiк қоры жұтаң, сөйлем құрылысы
бiр үлгiде, бiркелкi болса, сөздi орнымен
қолдана алмаса;
5. стиль бiрлiгi
сақталмаса, тiлi солғын болса.
Мазмұнында
4, тiлiнде 5 кемшiлiк кездесуi мүмкiн.
“2”
деген баға:
1.
жұмыс тақырыпқа сай келмесе;
2.
көптеген фактiлер бұрмаланса;
3.
шығарманың барлық бөлiмдерiнде
баяндау жүйесi бұзылса, жоспарға
сәйкес келмесе;
4. сөздiк қоры
өте жұтаң, сөйлемдерi қысқа, бiркелкi,
өзара байланыспаса, сөздi орнымен
қолданбау жиi кездессе;
5.
стильдiк бiркелкiлiк сақталмаса.
Мазмұнында
6, тiлiнде 7 кемшiлiк болуы мүмкiн.
“1”
деген баға:
1.
тақырыпты мүлдем ашып жаза алмаса;
2.
мазмұнында 7 және тiлiнде 7-ден артық
кемшiлiктер кездессе.
^ Мектепте
әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын
ұйымдастырудың түрлерi
Мектепте
мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк
бiрлестiктерi барынша кең тараған.
Ол пәндес мұғалiмдермен бастауыш
сынып мұғалiмдерiн бiрiктiредi де, ең
кемi 4-5 пән мұғалiмiн топтастырады.
Пән
бiрлестiктерiнiң әдiтемелiк жұмысының
мазмұны көп қырлы болып келедi. Онда
оқу-тәрбие жұмыстарының және оқушылар
бiлiмiнiң деңгейiн көтеру, тәжiрибе
алмасуды ұйымдастыру, озық педагогикалық
тәжiрибенi және педагогика ғылымының
жетiстiктерiн енгiзу мәселелерi
қаралып, жаңа оқулықтар мен оқу
бағдарламаларының күрделi тараулары
талқыланады. Сонымен бiрге тәжiрибелiк
оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының
нұсқалары, олардың нәтижелерi деп
талқыланады. Бiрлестiк мүшелерi бiлiм
беретiн және қадағалайтын компьютерлiк
бағдарламаларды талдап жасайды және
сынақтан өткiзедi. Оның тиiмдiлiгi мен
нәтижесiне баға бередi. Бiрлестiк
жұмысының мазмұны оқушылар бiлiмiн
тексеретiн тақырыптық, шығармашылық
бақылау жұмыстарын қарастыруды да
қамтиды.
Әдiстемелiк
бiрлестiктiң жұмысы сол пәннiң
мұғалiмдерiнiң педагогикалық қызметiн,
оқушылардың бiлiм сапасын арнайы
жоспармен iске асырылады. Жоспарда
жаңа оқу жылының мақсаттары мен
мiндеттерi айқындалып, негiзгi
ұйымдық-педагогикалық шаралар
(кабинеттердi безендiру, дидактикалық
материалдарды сыннан өткiзу, бақылау
жұмыстарының мәтiнiн бекiту және
т.б.) қамтылады, ғылыми-әдiстемелiк
баяндамалардың тақырыптары, пән
бойынша ашық және үлгiлi сабақтар
белгiленiп, оқушылардың бiлiм, iскерлiк
және дағдыларының сапасын тексерудiң
мерзiмi мен түрi айқындалады.
Әдiстемелiк
жұмыстардың тиiмдi түрлерiнiң бiрi
бiрыңғай әдiстемелiк күн (мектептiң
барлық педагог қызметкерлерi үшiн
оқу тоқсанына бiр рет) екi тоқсан
аралығында атқарылған әдiстемелiк
жұмыстарды қорытындылауға арналады.
Бiрыңғай әдiстемелiк күннiң тақырыбы
мұғалiмдерге алдын-ала хабарланады.
Бiрыңғай әдiстемелiк күннiң қарсаңында
арнайы тақырыпқа педагогикалық
бюллетень шығарылып, әдiстемелiк
талдамалардың, мұғалiмдермен оқушылар
шығармашылығын, психологиялық-педагогикалық
әдебиеттердiң көрмесi
ұйым-дастырылады.
Бiрыңғай
әдiстемелiк күн атқарылар жұмыстың
мазмұны мыналарды қамтиды: ашық
сабақтар мен сыныптан тыс шаралар
өткiзу, оларға талдау жасап, кеңiнен
талқылау, жаңа әдiстемелiк әдебиеттерге
шолу жасау, өткiзiлген шараға баға
берiп, талдау жасайтындай бiрыңғай
әдiстемелiк күннiң қорытындысы мен
“дөңгелек үстел”, мәжiлiс немесе
баспасөз конференциясын
өткiзу.
Мұғалiмнiң теориялық
және практикалық дайындығының
бiртұтастығы проблемалық семинарлар
мен практикумдар барысында көрiнедi.
Олар мұғалiмнiң өз бiлiмiн көтеру
әрекетiн ынталандырып, оны педагогикалық
инновацияға ұмтылдырады. Проблемалық
семинар жұмыстарының мазмұны қазiргi
заманғы педагогикалық теорияны
қамтиды.
Әлемдік білім
кеңістігіне шығу жолында бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
– білім саласындағы басты мақсаттардың
бірі. Осы мақсатта біз жас маманға
қаншалықты дәрежеде көмек беріп
келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың
сұранысын қанағаттандырып жүр ме?
Жас маман неден қиналып, нені меңгере
алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп
көрейік. Сабаққа жақсы дайындалғанымен
кейде қандай мұғалім болсын, тіпті
тәжірибелі болса да, өтетін сабағында
қандай жағдаяттар кез келерін
алдын-ала біле бермейді. Сондықтан,
кей жағдайда мұғалім жоспарынан
ауытқып кетуі ықтимал. Сол үшін
мұғалім психологиялық жағынан дайын
тұруы керек. Сабақты жақсы көңіл-күймен,
шабытпен, шығармашылық ізденіспен
мақсат қоя отырып жоспарлағанда
ғана сабақ нәтижелі шығады. Ең
бастысы, мақсаттан ауытқымау керек.
Жас маман ең бірінші кезекте сабақтың
құрылымын дұрыс білгені жөн. Олар
мыналар:
1. Сабақтың
тақырыбы
2. Сабақтың мақсаты
3.
Сабақтың түрі
Сабақтың
әдісі
Сабақтың
көрнекілігі
Сабақтың
типі
Сабақтың
барысы
Сабақтың
формасы
Екіншіден,
сол сабақтағы әрбір сәтті алдын ала
жоспарлап, сол сәттерде орындалатын
жұмыстардың қалай атқарылатындығын
қалт жібермей қадағалап отырғанда
ғана мұғалім өз мақсатына жетеді.
№
|
Сабақтың
сәттері
|
Мұғалімнің
атқаратын жұмысы
|
Оқушының
міндеті
|
1
|
Ұйымдастыру
сәті
|
Мұғалім
оқушылардың сабаққа әзірлігін
қадағалайды
|
Оқушы
оқу құралдарын әзірлеп, сабаққа
дайындалады
|
2
|
Үй
тапсырмасын сұрау сәті
|
Мұғалім
әр түрлі әдіспен үй тапсырмасын
сұрайды (жазбаша, ауызша)
|
Оқушы
үйге берілген тапсырма бойынша
сұраққа жауап беруге дайын отырады,
жауап береді
|
3
|
Өткен
сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру
сәті
|
Мұғалім
өткен сабақ пен жаңа сабақты
байланыстыру үшін дайындаған
сұрауларын қоя отырып жаңа сабақпен
байланыстырады.
|
Оқушы
тыңдайды, сұраққа жауап береді
|
4
|
Жаңа
сабақты түсіндіру сәті
|
Мұғалім
алдын ала дайындаған әдісімен жаңа
сабақты түсіндіреді
|
Оқушы
тыңдайды
|
5
|
Жаңа
сабақты пысықтау немесе бекіту
сәті
|
Алдын
ала әзірленген сауалдар бойынша
оқушылардың білімі тексеріледі
|
Алған
біліміне қарай оқушы жауап береді
|
6
|
Жаңа
сабақ бойынша тапсырма орындату
сәті
|
Мұғалім
бұл сәтті мүмкіндігінше жазбаша
жүргізеді. Кейде ауызша да
жүргізіледі
|
Оқушы
орындайды
|
7
|
Оқушыларды
бағалау сәті
|
Мұғалім
үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы
меңгерген біліміне қарай әр түрлі
әдіспен бағалайды
|
Оқушы
бағасын күнделіктеріне қойғызады
|
8
|
Үйге
тапсырма беру сәті
|
Мұғалім
жаңа сабаққа байланысты үй
тапсырмасын түсіндіреді
|
Оқушы
тыңдап күнделіктеріне жазып алады
|
Ендігі
бір мұғалімге керекті нәрсе, сабақтың
түрін ажырата білу. Сабақ екі түрге
бөлінеді: 1)дәстүрлі сабақ, 2)дәстүрлі
емес сабақ.
Оқытудың дәстүрлі
әдісіндегі мақсат: мұғалім білім
беруі қажет. Бұл жерде мұғалім
түсіндіреді, сөйлейді, белсенеді.
Ал оқушылар тыңдайды, тапсырманы
орындайды. Оқытудың басым түрі +
түсіндіру. Тек біржақты қатынас.
Мұғалім жеке оқушылармен де жұмыс
істеуі мүмкін. Дәстүрлі сабақ
кезеңдері: а)үй тапсырмасын сұрау,
тексеру; ә)жаңа сабақты түсіндіру;
б)оқушыны бағалау; в)үйге тапсырма
беру.
Яғни, дәстүрлі әдісте
оқушы аса көп белсенділік көрсетпейді.
Ал енді дәстүрлі емес, қалыптан тыс
сабақ дегеніміз не? Дәстүрлі емес
сабақтар: 1)пікірсайыс, 2)саяхат
сабағы, 3)ойын, концерт сабағы, 4)сот
сабағы, 5)конференция сабақ, 6)семинар
сабақ, 7)сахналық сабақ, 8)баспасөз
сабағы, 9)дәріс сабақ, 10)дебат сабақ
т.б.
Оқытудың дәстүрлі емес
әдісінде немесе түріндегі мақсат –
оқушының дағды мен білімге қолын
жеткізу. Сабақтың бұл түрінде оқушының
өзара белсенділігі артады. Бұл жерде
жұмыс топтық не ұжымдық болуы мүмкін.
Сондықтан, мұғалім бағыттаушы.
Мұғалім жұмысты тапсырманың
орындалуына қарай ұйымдастырады.
Оқушылардың танымдылық белсенділігін
арттырып отырады. Әрбір сабақта
оқушылар сұрақтарға жауап іздеп,
белсенді әрекет жасайды. Сабақтың
дәстүрлі емес түрін таңдағанда
мұғалім төмендегі мәселелерді
ескергені жөн.
Сабақта
берілетін тапсырманы оқушылардың
қабілетіне қарай таңдау
Тапсырманы
орындауға қажетті материалдық
ресурстардың қаншалықты жетімділігін
ескеру
Егер
топқа бөлу керек болса, оның құрамын
анықтау
Берілген
тапсырманы орындау кезінде оқушыға
қиындық келтіретін мәселелерді
анықтау
Бағалау
әдісін таңдау
Мұғалім
үшін ең басты назар аударатын мәселе
– сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде
сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті
технологиядан ажырата білуіміз
керек. Бұл күнде мұғалімдер жаңа
технологияларды өз сабақтарында
пайдаланып та жүр. Кейде сол
технологияларды орынсыз қолданып,
сабақта өзі көздеген мақсатына жете
алмай жүрген мұғалімдер де кездеседі.
Сонымен, әдіс дегеніміз – мұғалімнің
белгілі бір мақсатқа жетудегі
іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология
дегеніміз – көптеген әдістердің
жиынтығы. Сөзіміз түсініктірек болуы
үшін, көз алдымызға үлкен бір құрылысты
елестетіп көрейік. Сол құрылысты
салу үшін көптеген кірпіш керек. Ал
сол кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол
құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір
маман басқаруы керек. Міне, біздің
технологиямыз да осы іспеттес.
Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді
тиімді пайдалана білмесе, ол
технологияны түсінбегені. Ондай
жағдайда мұғалім мақсатына жете
алмайды. Өйткені, мұғалімге сабақтың
жоспары белгілі. Енді, жоғарыдағы
дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақтарды
еске түсірейік. Соңғы кездері оқыту
үрдісіне интерактивті әдістер
көбірек қолданылып жүр. Оны, әсіресе,
қалыптан тыс сабақтарда пайдаланған
тиімді. Алға қойған мақсатқа жету
үшін мұғалім қай әдісті қашан және
қалай қолдану керектігін алдын ала
жоспарлап отыруы керек.
Сонымен
әдістің түрлерін еске түсірейік:
сұрақ-жауап
әдісі
оқушының
логикалық қабілетін арттыру
баяндау
(дәріс)
ойын
элементтері
топтық,
ұжымдық
деңгейлеп
оқыту
ой
қозғау
ой
қорыту
іскерлік
ойындар
танымдық
ойындар арқылы оқушының белсенділігін
арттыру
оқушының
шығармашылық қабілетін арттыру
т.б.
Жас
маманға ең қажетті дүниенің бірі –
сабақтың түрлерін ажырату. Олар
төмендегідей:
1. жаңа білімді
меңгерту
қайталау сабағы
2.
білімді тексеру және бағалау
3.
қорытындылау (жүйелеу)
4. аралас
(комбинацияланған)сабақ
Сонымен,
жаңа білімді меңгерту сабағының
басты мақсаты – жаңа
сабақты
жан-жақты түсіндіру. Бұл кезде басқа
сәттердің көлемі азаяды. Тек жаңа
сабақ жайлы толық ақпарат беріледі.
Терең, тиянақты білімнің негізін
үйрету болып табылады. Оның кезеңдеріне
мыналар жатады:
1. ұйымдастыру
2.
жаңа материалды үйретуге дайындық
3.
жаңа материалды түсіндіру
4.
жаңа материалдар бойынша түсінігін
бекіту, пысықтау
осы бойынша
оқушы білімін бағалау
5. үй
тапсырмасын беру
Ал қайталау
сабағында бұрынғы өткен сабақтардан
алған білімдерін
тереңдету,
еске сақтағандарын нақтылау, ұмытуға
жол бермеу, оқушы біліміндегі
олқылықтарды жою басты мақсат болып
табылады.
Оның кезеңдері
мынадай:
1. ұйымдастыру
2.
үй тапсырмасын тексеру
3.
білімді жан-жақты тексеру
4.
оқушының өткен сабақта алған білімін
пысықтау, оқушы білімін бағалау
5.
үйге тапсырма
Бекіту сабағында
оқушылардың танымдық біліктері мен
дағдылары
жетілдіріледі.
Сондықтан, бұл сабақта жаттығулар
мен қайталаулар көбірек орындалуы
керек. Бұл жерде баяндап түсіндіру
емес, өткенді пысықтау үшін жүргізілетін
жұмыстар болады. Оның кезеңдері
мынадан тұрады:
1. ұйымдастыру
2.
жаңа материалды үйренуге дайындық
3.
жаңа материалды бекітуге арналған
тапсырмалар
4. оқушыларды
бағалау
5. үйге тапсырма
Білімді
тексеру және бағалау сабағындағы
мақсат – оқушы білімінің деңгейі
мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл
сабақты топтық, ұжымдық етіп
интерактивті әдістермен жүргізген
тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге
командалық әдіспен өту (жалпы сынып
бойынша) қолайлы болады. Сабақтың
өн бойында өткенді қайталап,
оқушылардың әрқайсысының қаншалықты
сабақты меңгергендігін білу басты
мақсат болып табылады.
Қорытындылау
(жүйелеу) сабағында жалпы білімді
жалпылама қорыту жүреді. Бұл типі
жағынан білімді тексеру сабағына
ұқсас келеді. Бірақ, бұның бір
ерекшелігі: әрбір тоқсанның соңында
жүргізіледі. Сондықтан бұл сабақты
қорытудың ауқымы кеңірек болады.
Айталық, алдыңғы типтерде бір немесе
екі тақырыптың төңірегінде болса,
сабақтың бұл түрі көлемді үлкен
тақырыптар немесе тараулар бойынша
жүргізіледі. Мысалы, қазақ тілі
бойынша бүкіл сөз таптарын қайталау,
тарих пәні бойынша бір дәуірді
қайталау, т.б.
Сабақтың формалары
төмендегіше түзіледі:
сыныптағы
сабақ (жүйелі)
зертханалық
сабақ
сарамандық
жұмыс
өзіндік
жұмыстар
Сабақтың
көрнекілігіне техникалық құралдар,
кеспе суреттер,
сюжетті
суреттер, семантикалық карталар,
тірек сызбалар, кестелер, портреттер,
көркем шығармалар, газеттер, журналдар,
қолдан жасалған карточкалар, бейне
таспалар мен үн таспалар, слайдтар,
т.б. жатады. Қазіргі кезде кейбір
мектептерде заман талабына сай
компьютерлер мен мультимедиялар да
қолданылып жүр. Мұғалім сабақтың
тақырыбына сай көрнекіліктерді
іріктеп алдын ала дайындап қояды.
Сабақтың жоспарына қарай қай сәтінде
қандай көрнекілікті пайдалану
керектігін және оны қалай қолдану
керектігін ескеру керек. Сонда ғана
сабақта оқушыны қызықтыра, сабақты
әрлендіре аласыз.
Ал сабақтың
барысында жоғарыда көрсетілген
сабақтың сәттерін негізге алуға
болады. «Тамызығын тапса, тас та
жанады» деген халық даналығы бекер
айтылмаған шығар. Қысқасы, мұғалім
әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, сабақтың өн бойында негізгі
мақсатты, оның түйінін естен шығармай
әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда
ғана өз мақсатына жетеді.
Қазақ
тілі сабақтарында жаңа бағыттағы
әдіс-тәсілдерді пайдалану
Қазақ
тілі – бастауыш мектепте оқылатын
пәндердің ішіндегі жетекші басты
пән. Бастауыш сыныптарда қазақ
тілінен берілетін іскерлік пен
дағдылар оқушылардың жоғары сынып
материалын жақсы меңгеріп, алған
білімдерін практикада қолдануға
негіз болады. Бастауыш сыныптарда
қазақ тілі пәнін өткенде жүйелілік,
бірізділік, сабақтастық ұстанымдары
берік сақталуы қажет. Оқушылар
білімін жүйелі тексеріп, бақылап
отыру оларды жауапкершілікке, үнемі
жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде
табандылыққа, қиындықтан қорықпауға
баулиды. Сонымен қатар, оқушылар
білімінің тиянақтылығын және
тереңдігін арттырады. Жұмысты
жеңілдету үшін білімді тексерудің
алуан түрлі жолдарын іздестіру –
әр мұғалімнің міндеті.
Сондықтан
жаңа педагогикалық іскерлікті
қолдануға ерекше мән беріп, пайдаланатын
әдістерге тоқталайық.
1.
В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба нұсқасы
және өзара байланысты бірнеше деңгей
әдісі.
а) Сыныптағы тақтаға
салынған сызба нұсқа арқылы сабақты
түсіндіру. Мысалы: «Көктем», «Наурыз»
тақырыптарына тірек сөздерді
оқушылардың өзіне жазғызу, сосын
мұғалім толықтырып
отырады.
А
ғаш
б
әйшешек
көктем жылы
ұ
я
құстар
ериді
т
абиғат
мейрам
наурыз
т
еңелді
Ұлыстың
Ұлы күні
ә)
Әдемі салынған сурет немесе плакатты
көрсету арқылы түсіндіру. Балалар
суретті көре отырып, соны жазбаша
жазады. Оқушылардың көру қабілеттеріне
әсер етеді. Мысалы: «Отбасы мүшелерінің»
суретіне тірек сөздер жазу
оқ
ып
отыр ата
кө
ріп
отыр отбасы мүшелерінің
әже
суреті
тоқып
отыр әке
б
ала
В.В.Фирсовтың
диффернциялды оқыту түрі. Материалды
блок түрінде жеткізу. (2-3 сыныпта
«Туған жер») оқушыларды микро
топтарға бөліп, қабылдау ерекшеліктерін
ескерту.
Канаржаевский
әдісі – жаңа сабақтың тақырыбын
жасырып ұстау арқылы оқушының
назарын сабаққа аудару. Мысалы: 2
сыныпта «Отан!» тақырыьы сиқырлы
тік төртбұрыш арқылы беріледі.
-
О
|
р
|
ы
|
н
|
д
|
ы
|
қ
|
Т
|
а
|
қ
|
т
|
а
|
|
|
А
|
ғ
|
а
|
ш
|
|
|
|
Н
|
а
|
н
|
|
|
|
|
Осы
жұмыс түрін суреттер арқылы жүзеге
асыруға болады. Мысалы: 3 сыныпта
«Достық» тақырыбына қажет суреттер
қолдану.
Д әптердің
О
рманның
С өмкенің
Т
ерезенің
Ы дыстың
Қ
аламның
1)Жыл құстарының
бірі 1-буыны екі рет қайталанады. Бұл
құстың аты не? БҰЛБҰЛ
2)Бұл
құстың атын қыздарға қояды.
ҚАРЛЫҒАШ
3)«Орман дәрігері»
атанған құс. ТОҚЫЛДАҚ
профессор-зерттеуші
Ж.Қараевтың технологиясы.
^ Деңгейлеп
оқыту технологиясы. Оқушылардың
білім дәрежесіне
сәйкес
тапсырмалар беру. Оқушылардың білім
дәрежесіне сәйкес тапсырмалар беру.
Оқушылардың өз білім дәрежесіне
сәйкес тапсырмаларды таңдап алу.
Мысалы: Әр тақырып бойынша өтілген
сабақтарды пысықтай отырып, нәтиже
сабақтарында қолдану.
Қызыл,
жасыл, сары түсті кеспелерге деңгейлеп
тапсырмаларды жазып, оқушыларға
ұсынамын. Әр оқушы өз деңгейіне
сәйкес тапсырманы таңдап алады.
Немесе осы әдісті үй тапсырмасын
беру арқылы да қолдануға болады.
1.
Қыс туралы әңгімелеу
|
2.
Қыс(пришла). (Снег) жауды. Қыста
(день) суық болады.
|
3.
Қыста не жауады? Балалар не істейді?
|
Үй
тапсырмасы:
өлең
жаттау
с
өздік
жаттау
ө
леңді
мәнерлеп оқу
Проблемалық
оқыту әдісі. Бұл
әдіс күнделікті сабақта қолданылады.
Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру,
жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан
келіп, сабақтың соңында эвристикалық
әдіс қолданылады, яғни оқушының өз
ойын түйіндеп сабақты қорыту.
Ойын
технологиясының түрлері.
ситуациялық
ойындар, халық педагогикасы,
ой-қабілеттерін арттыру, т.б. Мысалы:
1. «Оқушы» ойының 1 сыныпта қолдану
тиімді. Бір оқушы екінші оқушыдан
сұрақ қою арқылы тиісті тақырыпта
ашады.
-
сөмкеде не бар?
- сөмкеде кітап,
дәптер бар
- сөмкеде тағы не
бар?
- сөмкеде тағы күнделік,
қалам бар.
«Қоржында
не бар?» ойыны. Жеке әріптерден
бірнеше сөздер құрап жазу, айту.
Оқушылардың сөздік қорын жазу
үлгісін тексеру. Осы ойынды жуан,
жіңішке дауысты дыбыстарға да
тексеруге болады. «Бәйге» ойыны
оқушыларды үш топқа бөліп, әрбір
топқа тапсырмалар беру арқылы бекіту
(Тақтаға үш аттың бейнесі ілулі
тұрады). Жауап берген топтың атын
ілгері жылжытып тұру керек. Бұл ойын
оқушылардың топтасып, жұмыстануын,
бірлігін көрсетеді. Осы ойындарда
ұлттық нақыштарды қолданамын.
«Сыңарын
тап» ойыны. Мағынасы бір сөздерді
біріктіру.
Сә
леметсіз
бе? Тағам
Қо
нақ
Қоштасу
Үл
кен
кісі Сыйлау
Көріскенше
төр
Дастарқан Амандасу
«Баламасын
тап» ойыны жазулған сөздердің орнын
ауыстырып, орысша баламасын
табу.
Ра
хмет
Молодец!
Жо
лыңыз
болсын! Уважать
Оқ
асы
жоқ! Простите!
Жарайсың!
Счастливого пути!
Құрметтеу
Спасибо
Ғафу етіңіз! Ничего!
«Әрі
оқу – әрі ойын». Бір оқушы орысша
сөз айтады, екіншісі қазақша баламасын
айтады:
Здание – ғимарат, город
– қала, природа – табиғат, мальчик
– бала.
«Тест» жұмыстары
бастауыш сыныпта нәтиже сабақтарында
алған білімдерін текмеруге көп өмек
береді. Мысалы: «Қыста» тақырыбына
тест сұрақтары (1-2 сынып)
1. Қыс
айлары қандай?
а) наурыз, сәуір,
мамыр ә)желтоқсан, қаңтар, ақпан
б)қыркүйек, қазан, қараша
2.
Қыста күн қандай болады?
а)
суық ә)жылы б)ыстық
3. Қыста не
жауады?
а)қасқыр ә)жаңбыр
б)қар
4. Қыста адамдар не
киеді?
а)төп ә)топ б)тон
Қандай
тақырып, сынып болса да, мұғалімнің
шеберлікпен жүргізген, әрбір сабағы
оқушы үшін мол білімнің көзі болуы
керек.
^ Морфологияны
дамыта оқытуға арналған жаттығулар
жүйесі.
Ойын
«Артық сөзді тап» . Неге бұл сөз артық
деп ойлайсың?
Дәлелдеуге
тырыс.
Шай,
сүт, нан, айран, кітап, сыр, кәмпит,
балық, май, қаймақ.
Сөйледі,
жазды, отырды. Асқар, оқыды. Алма,
қызанақ, қияр, алмұрт, бидай,
апельсин.
Тары, күріш, сұлы,
алақай, бидай.
^ Ойын
«Ойлан тап». Бірінші сөздің жалғасы,
екінші сөздің бастауы болатын үш
әріптен тұратын сөзді тап.
Кез
(...) дік, жұ(...)ық, дәп(...) ме, ой
(...)ғау
1. Берілген төрт сөздің
ішінде үшеуінің мағынасы бар. Артық
сөзді тауып, анаграмманы
шеш.
АҚЗАҒ
СҮЛЕТ
МАЛҚА
АПҚАР
Барлық
сөздің мағынасы шығатындай етіп,
ортақ жалғауды тап.
Бі
ше
кө
й
(...)
ті
ә
Төменде
берілген әріптерден комбинация
әдісімен кем дегенде 10 сөз (зат есім
болсын) тауып жаз.
Т,
Ж, А, Н, Р, Қ, У
Бірінші
сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы
болатын жұрнақты тап.
Ба
быс
қа
л
мақ
жо
(...) лант
үс маша
бал бақ
Сөзде
«бір» әріп бола ала ма? (Сөзжасаммен
байланысты )
Анаграмманы
шеше отырып, артық сөзді тап.
МАҚҰҒЫЗЛАҚТО
ХАШТАМ
МЫЛҒЫ
РАНЫД
Берілген
сөз тіркесін толыққанды етуге жетпей
тұрған грамматикалық тәсілді тауып,
сөз тіркесін толықтырыңыз.
Жақсы
... сөзі, ғалым... хаты, ауыр... үсті,
жеңіл,,, асты, жүрек... өшпейді, ой...
кетпейді.
Барлық
сөздің мағынасы шығатындай етіп,
алғашқы буынды тап.
лем
тап
(...)
сен
ріс
Түсіп
қалған әріптерді тауып қойыңыз.
Н
Л
Л Н
Сын
есімдерге зат аттарын тауып
жазыңыздар.
Жүйрік...
Қарапайым...
Алқызыл...
Асқар...
таза... Нұрлы...
Ақылды...
Биік...
Екі-екіден
әріптер берілген. Бұл сөз тіркесіндегі
сөздердің бас әріптері болғандықтан
тез арада сөз тіркестерін құрап
жаз. Мысалы: ДА – дана.
ТО,
АҚ, ЖБ, АТ, ШЖ.
Нүктенің
орнына жақша сыртындағы сөздермен
мағыналас сөзді қой.
Саусақ
(...) тырнақ, құлып (...) есік, құпия (...)
бояу.
Берілген
сөз тіркесінен қажетті емес сөздерді
алып тастаңыздар.
Ы^
СТЫҚ
ТЕРЕҢ
КӨ
РКЕМ
ДӘМДІ
НҰ
РЛЫ
АҚЫЛ АЛТЫН СЫР
Т^
ЕРЕҢ
ТАЙЫЗ
Берілген
мақал-мәтелдердегі антоним сөздерді
орнына қойып жаз. Мысалы: Көз ..., қол
...(қорқақ, батыр)
1)Жақсыдан
... туады, бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан
... туады, адам айтса нанғысыз.
2)...
басқа қарайды, ... аяққа қарайды.
3)...
айналар, байланар
4)... болса
көре алмас, ... болса бере алмас
5)
Ілгері кеткен ..., кері кеткен ...
тоқталады
6)... адам айқайлай
келеді, ... адам жай-жай келеді.
Керекті
сөздер: (бар-жоқ, жасты-кәрі, жаман-жақсы,
ақ-қара, дос-дұшпан, ақылсыз-ақылды)
Берілген
сөздің әр әріппен жеке-жеке сөз
құрап жаз.
-
16.Ой
сергіту жаттығуы: «Таласқа» таластық
|
“Манас” —
қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың
негізгі идеясы — халықтың бостандығы,
бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық
күресі. “М-та” қырғыз халқы бастан
кешкен түрлі оқиғалардың, тұрмыс-салттың,
наным-сенімнің іздері бар. Ш.Уәлиханов
эпос туралы “...қырғыздың барлық
мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының
белгілі бір уақытқа тән Манас батыр
айналасына топтастырылып берілген
жиынтығы” деп жазды (Таңдамалы, А.,
1985). “М-та” қырғыз ауыз әдебиетінің
барша байлығы, алуан жанрлары табиғи
үйлесім тапқан. Жыр “Манас”, “Семетей”,
“Сейтек” деп аталатын 3 бөлімнен
тұрады. Бұларда қырғыз халқының сыртқы
жауға қарсы соғыстарымен қатар ел
ішіндегі қайшылықтар мен тартыстар,
әдет-ғұрыптар, тұрмыс-кәсіп түрлері
бейнеленеді. Уәлиханов 1856 ж. Ыстықкөлге
жасаған саяхаты кезінде “М-тың” бір
тарауы — “Көкетайдың асын” тұңғыш
рет жазып алып, орысшаға аударды.
Жырдың қырғыз халқының рухани өмірінде
маңызды орын алатынын және эпостық
сипаттамасын алғаш сөз қылған да
Уәлиханов болатын. 1862, 1869 ж. акад. В.В.
Радлов “М-тың” бірнеше нұсқасын
жазып алған. Эпосты
ғыл. тұрғыдан зерттеп, хатқа түсіру
кеңес кезеңінде қолға алынды. “М.”
эпосының 60-тан астам нұсқасы хатқа
түсірілді. “М.” эпосы туралы зерттеу
ісінің қалыптасып, дамуына М.Әуезов,
В.М. Жирмунский, Б.Юнусалиев, А.Н.
Бернштам, Ә.Марғұлан және т.б. ғалымдар
мол еңбек сіңірді. Олар жырдың шығу
тегі, кейіпкерлері, манасшылардың
жырды жетілдірудегі қызметі, т.б.
жөнінде күрделі пікірлер айтты.
Эпостағы басты тұлға — халық азаттығы
үшін қажымай-талмай күресетін Манас
батыр. Оның бейнесінен ерліктің,
парасаттың, отаншылдықтың асқан үлгісі
көрінеді. Жырда қырғыз бен қазақ
халықтарының тағдырластығын суреттеуге
баса назар аударылған. Қазақ батыры
Көкше Манастың сенімді одақтасы, кейде
серігі ретінде сипатталады. Қазақ
жыршылары да “М.” жырын өз елінің
батырлық эпосымен бірге жырлап келген.
Мыс., халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаев
“М-ты” жақсы білген, той-жиындарда
айтқан. К.Әзірбаев өзінің кең тынысты
жыр-дастандарында “М.” оқиғалары мен
кейіпкерлері аралас келетін сюжеттерді
жиі қолданған. “М-тың” ықшамдалған
нұсқасы қазақ тілінде басылып шықты
(1961 — 63). Жыр негізінде дүниеге
келген “Манас”, “Айшөрек” опералары,
сондай-ақ бірнеше кинофильмдер бар.
Бішкек қ-нда “М-тың” қаһармандары
мен манасшыларға арнап мүсін ескерткіш
орнатылған. ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен
1995 ж. “М.” дастанының 1000 жылдығы
кеңінен атап өтілді және 2 томдық
“Манас” энциклопедиясы жарық көрді
(1995).
Нұрпейіс
Байғанин (20.06.1860,
қазіргі Ақтөбе
облысы Байғанин
ауданы —
9.4.1945, Ақтөбе)
— халық
ақыны, жырау.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер
қайраткері (1939).
Жас
жыршы[өңдеу]
Әкесі
Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы
Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты,
айтыстарға қатысқан.
Ол
ақындық өнерді ең алғаш анасынан
үйренген. 16 — 17 жасынан-ақ “бала жыршы”
атанады.
Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыртәрізді
белгілі ақындардан үлгі алып,
бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық
жырларды үйренеді. Байғанин Нұрпейіс
негізінен батырлықты, адамгершілік
пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті
дәріптейтін, халық сүйіп
тыңдайтын “Құбығұл”,
“Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”,
“Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман —
Шолпан” сияқты
жыр, дастандарды жырлаған. Байғанин
Нұрпейіс жырлаған “Қобыланды
батыр”
жыры — осы жырдың басқа ақын-жыршылар
айтқан нұсқаларынан көлемі молы,
оқиғасы жағынан мазмұндысы. Байғанин
Нұрпейістің ертеректе жырлаған дастан,
жыр нұсқалары кезінде жазылып
алынбаған.[1]
Еңбегі[өңдеу]
Эпостық
жырларды айтумен қатар, дайын сюжеттерді
пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік
мәселелерге арналған “Ақкенже”,
“Нарқыз” сияқты
өз туындаларын шығарды. “Ақкенже” дастанында
қазақ әйелдерінің тағдыры сол кезеңдегі
нақты өмір мәнімен үндес, жан-жақты
суреттеледі. “Нарқыз” —
қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған,
идеясы анық, көркемдігі жоғары
шығармаларының бірі. Байғанин
Нұрпейістің дастан, эпостық жырларынан
басқа да сатиралық өткір, қысқа өлеңдері
және “Кектің дауысы”, “Қазақбаймен
айтыс” сияқты көлемді шығармалары
бар. Байғанин Нұрпейіс шығармашылық
жағынан толысып, халық құрметіне
бөленген шағында отансүйгіштік, халық
тағдыры, тағы басқа тақырыптарды
кеңінен жырлады (“Қазақстан”,
“Гүлденген заман”, “Өңімдегі жұмбақ”,
“Ғажайып көрмеде”, “Москва”, тағы
басқа).
1938 жылы Жамбыл
Жабаевтың мерейтойына
қатысып, “Ақын шабыты”,
“Жамбылға”, “Көрімдік”,
“Ғасырдың қарт бұлбұлы”,
тағы басқа жырлар шығарды. Бүкілодақтық ауыл
шаруашылық көрмесінің
ашылу салтанатына, Қазақстан
жазушыларының екінші съезіне (1939)
қатысты. Ақынның кейіннен “Өрістегі
өмір” (1938),“Ақын” (1939),
тағы басқа дастандары жарияланды. “Ер
туралы жыр” (1942), “Жиырма
бес” (1942)
поэмалары Кеңес
Одағының Батырлары Нарсұтбай
Есболатов пенТөлеген
Тоқтаровтың ерлігіне
арналған. Ол батырлық туралы жырларында
ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер
пайдаланып, оны жазба әдебиеттің
биігіне көтере білді. Көп жасаған, көп
көрген, көп үйреніп, көп жырлаған,
қазақ халқының мол сөз қазынасын
меңгере, пайдалана білген ақынның
шығармалары терең мағыналы, өткір
тілді,шешендік сөздерге,
мақал-мәтелге, афоризмге толы. Байғанин
Нұрпейістің “Ақын
шабыты”, “Ақынға”, “Отарба”, “Зор
майданға шапшаң бар”,
тағы басқа өлеңдері дәстүрлі терме
мәнерінде жазылған.
Жетістіктері[өңдеу]
Ақын жыр
алыбы Жамбыл сияқты
Қазақстанның біраз жерлерін
аралап, Алматы, Мәскеу қалаларында
болып, ертеден келе жатқан жыраулық
дәстүрді халқына қайта тарту
етті. 1938 жылдан
бастап Байғанин Нұрпейіске әдеби
хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын
М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов,
тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер
кезінде қағазға түсіріп отырды.
Байғанин Нұрпейіснің өмірі мен шығарм.
Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың,
К. Сейдехановтың зерттеулерінде
қарастырылған. Ақтөбе
облысында Байғанин
ауданы бар.
Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер
мен мектептерге ақын аты берілген.
Байғанин Нұрпейіс “Құрмет
белгісі” орденімен
марапатталған.[2]
Шығармалары[өңдеу]
Өрістеген
өмір, А., 1939;
Ақын
шабыты, А., 1940;
Таңдамалы,
1945;
Шығармалар
жинағы, А., 1956;
Избранные
произведения, А.-А., 1946;
Таңдамалы,
А., 1991.
Оқу
құралы. Қазақша алифба. Бұл
кітап алғаш рет 1912жылы Орынбордағы
жарық көрген. Автор«Балалар,
бұл жол басы даналыққа» деп
басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын
оқулықтың беташары ретінде берген.
Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің
үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би
исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай
орналастырылған. Əрі қарай қазақ
əріптері төте жазу жолымен рет-ретімен
беріледі де, əрбір харіптің тұсына
таңбасы жəне сол таңбаның атауы
жазылады. Жəне төменгі жағына оқытушыға
түсінік, яғни нұсқаулығы қатар
ұсынылады. Сонымен қатар, соңына
қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын
мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының
ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен:
Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа
қажетті киім, үй сай- мандары, ыдыс-аяқ,
мал мен хайуандар атаулары жəне ас-
тағамдармен қатар, дене мүшелерінің
атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының
екінші кітабы алғашқы əліппеге жалғасты
ретінде толықтырылып, 1913 жылы шықса,
«Əліппе – аста- ры» атты əліппеге
жетекші құралын 1924 жылы жазылған.
Оқулықтардың бала сауаттандырудағы
қажеттілікті өтеудегі зор қызметіне,
оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет), 1923, 1925
жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап
ғалымның аяулы есімі ақталғаннан
кейін бірінші рет бүгінгі əріпке
түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институтының
дайындауымен 1992-ші жылы жарық көрген
«Тіл тағылымы» атты жинаққа енді(Б.
33-47).
Сондай-ақ,
Қырғыз республикасының филолог-ғалымы
Дый- канов Карбоз өз қаражатымен осы
кітаптың 1914 жылғы басы- лымын 1991 жылы
5000 данамен қайтадан бастырды. Кітап
қаз- қалпында, яғни төте жазумен
жарияланды. Ал кітаптың əр жылдары
жарық көрген барлық нұсқаларын тауып,
салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық
кітапхананың сирек қорында бұл 1912
жылғы кітаптың қандай да данасы
сақталмаған. Бұл оқулықтек Тіл білімі
институтының мұрағатында ғана сақталса
керек.
«Оқу құралы. Қазақша алифба». Бұл
оқулық алғаш рет 1912 жылы
Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар,
бұл жол басы даналыққа» деп
басталатын «Тар- ту» атты өлеңін
оқулықтың беташары ретінде берген.
Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің
үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би
исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай
орналастырылған. Əрі қарай қазақ
əріптері төте жазу жо- лымен рет-ретмен
беріледі де, əрбір харіптің тұсына
таңбасы жəне сол таңбаның атауы
жазылады. Жəне төменгі жағына оқытушыға
түсінік, яғни, нұсқаулығы қатар ұсы-
нылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей
шұбыртпалы ұзынан-ұзын мəтіндер емес,
қысқа əрі нұсқа оқушының ұғымына сай,
түсінігіне лайық мəселен: Туысқан-туған
атау- лары, тұрмысқа қажетті киім, үй
саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар
атаулары жəне ас-тағамдармен қатар
дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады.
Осы кітаптың сол тұста оқырман қажетін
өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1914,
1921, 1922, 1923, 1925 жылдары дүркін-дүркін
басы- лым көруі айғақ. Аталмыш кітап
А.Байтұрсынұлының аяулы есімі
ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі
əріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл
білімі институты тарапынан
1992 жылы «Ана тілі» баспасынан
жарық көрген «Тіл тағылымы» атты
жинаққа енді. Қырғыз республикасының
ғалымы Дыйканов Карбоздың өз қаражатымен
осы кітаптың 1914 жылғы ба- сылымы 1991
жылы 5000 данамен қайта жарық көрді.
Кітап қаз-қалпында, яғни төте жазумен
жарияланды. Ал кітаптың əр жылдарда
жарық көрген барлық түпнұсқасын
жинақтап, салыстыру мүмкіншілігі
болмады. Ұлттық кітапхананың си- рек
қорында бұл кітаптың ешқандай данасы
сақталмаған.
А.Байтұрсынұлы
/ "Ел - шежіре"
Сабақ
– қазіргі мектептегі оқу процесін
ұйымдастыру негізгі формасы
Жарияланды 20-10-2012,
12:56 Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда
облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы
ауылы
№100 орта мектептің сурет және
сызу пәнінің мұғалімі
Есіркеев
Қайрат Еленбайұлы
Тақырыбы:
Сабақ – қазіргі мектептегі оқу процесін
ұйымдастыру негізгі формасы
Сабақ
– бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты
оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру
формасы, тұрақты кесте және бәріне
ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ
өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің
барлық компоненттері – мақсат, мазмұн,
құралдары, әдістері, ұйымдастыру және
басқару қызметі және оның барлық
дидактикалық элементтері қарастырылады.
Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі
оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен
мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық
- жекелей өзара қарым-қатынасына алып
келеді, соның нәтижесінде оқушылар
білім, білік және дағдыны иемденеді,
олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі,
араласуы мен көзқарастары дамиды,
сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі жетіледі.
Сонымен,
сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда
оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші
жағынан, оқытудың заңдылықтары мен
принциптерінен туындайтын, мұғалімнің
сабақты өткізуді ұйымдастыруына
қойылатын негізгі талаптарымен
анықталатын оқытуды ұйымдастыру
формасы түрінде анықталады. Мұғалім
оларды басшылыққа ала отырып, сабақты
оқыту процесінде оқушылардың тұрақты
құрамымен мектептің күнделікті нақты
жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық
міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму)
жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық
процестің біртұтастығы тұрғысынан
сабақты оны ұйымдастырудың негізгі
формасы ретінде қарастыру қажет.
Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық
артықшылықтары тек сабақта ғана
көрініс табады.
Педагогикалық
процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі
сабақтың артықшылықтары оның фронтальды,
топтық және жекелей жұмыстарды
сабақтастырудағы мүмкіндігінің
молдығында: мұғалімге материалды
жүйелі және ретімен түсіндіруге,
оқушылардың танымдық қабілеттерінің
дамуын басқаруға және ғылыми
көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік
береді, оқушылардың, басқа да қызмет
түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс
және үй тапсырмаларын, сондай-ақ
оқушының мақсатқа жетудегі негізгі
құралы және қызмет тәсілін таңдау
және құрудың шарты ретінде көрінеді.
Сабақ
оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде
- динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық
процестің негізгі даму тенденцияларын
оның біртұтастығы бағытында бейнелей
отырып, ұдайы дамиды.
Бәрінен
бұрын ол оқытудың үш бірлік – білім
беру – тәрбие –даму – қызметін тиімді
іске асыруда көрінеді, олай болса,
оқушылардың табиғи қасиеттерін
шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен
де көрінеді.
Сабақты дамытудың
басқа тенденциясы сабақты өмірлік
маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды
оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі
ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған
байланысты сабақ танымның арнайы
ұйымдастырылған формасы болып қана
қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және
адамгершілік тұрғысынан алғанда
толыққанды араласу болып табылады.
Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға
белсенді оң қатынас қалыптастыруға
бағытталған, оқу қызметінің өзгеше
коммуникативтік фонын қамтамасыз ету
құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның
пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын
(әңгіме, талқылау, пікірталас),
проблемалық элементтерін, оқу
жұмыстарының фронтальды, топтық және
жекелей формаларын сабақтастыруды
кеңінен пайдалану және оқытудың
топтық, ұжымдық формасының үлесін
кеңейту болып табылады.
Сабақ —
бір пәнді оқытуға арналған
оқу сағаты; мектептегі оқу
жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ
арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері
мен зертханаларда, оқу шеберханалары
мен мектептің оқу
тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты
оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі
(45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді.
Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара
жұмыстар сабақтың негізгі белгілері
болып табылады. Сабақтың негізгі
міндеті — мұғалімнің басшылығымен
оқушыларға ғылым негіздерінен
берілетін мағлұматтарды саналы түрде
игерту, алған білімді іс жүзінде
қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке
үйрету, адамға қажетті қасиеттер
қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық
мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге
бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе
сабақтар; бағдарламаның күрделі
тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе
сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді
меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде
қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау
сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары;
оқу жылын аяқтайтын қорытынды
сабақтар.[1]
Ашық
сабақ[өңдеу]
Ашық
сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған
адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты
оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді
амалдарын көрсету және тарату
мақсатымен, әдістемеде қиын
және жеткіліксіз өңделген оқу
бағдарламасының тақырыбы бойынша
білікті мұғалімдер өткізеді.
Қорытынды
сабақ[өңдеу]
Қорытынды
сабақ - өткен тақырып немесе оқу пәнінің
тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу
және бекіту мақсатымен жүргізілетін
сабақ. Мұндай сабақ, әсіресе, қорытынды
қайталау кезеңінде қажет, сонымен
қатар емтиханға дайындау
кезінде қажет. Қорытынды сабақтың
келесі құрылысы бар: мұғалімнің
сабақтың тақырыбы мен мақсаттары
туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткен
материалды қайталау, мұғалімнің
қорытындысы. сабақта қойылатын
сұрақтарды алдын ала хабарлау керек.
Қорытынды сабақ, ең бастысы, әңгімелеу
түрінде өткізіледі.[2]
Сабақтың
жабдықталуы[өңдеу]
Сабақтың
жабдықталуы - оқу
құралдарының,
дидактикалық материалдардың,
аппаратураның, реактивтің және б.
сабақтың тақырыбына үйлесетін және
көрсетуге қажетті немесе оқушылардың
өздік жұмыстарына іріктелуі және
дайын күйге келтірілуі.[2]
Сабақтың
типтері, құрылымы
Сабақтың
типтері, құрылымы.
Әрбір сабақ белгілі объективті
элементтерден құрылады, біржағынан
сан алуан түрлігімен, екінші жағынан
уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен
ерекшеленеді. Осыған байланысты
сабақтың типологиясы (типтері) сан
алуан.
Егер сабақтың элементтерін
оның бөлігі ретінде қарастырсақ,
олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай
бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде
жиі кездесетін элементтерді (немесе
дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа
білімді игерту.
2. Өткен материалды
бекіту (оқыту, дамыту, бақылау
функциялары).
3. Оқушылардың білімін
бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын
оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді
қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес
дидактикалық міндет әртүрлі байланыс
және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың
дидактикалық құрылымы мен типологиясының
негізі.
Сабақтың құрылымы деп
«сабақтың әртүрлі варианттар
элементтерінің өзара байланысы, оқыту
процесінде қолдануы, оның мақсатты
пәрменділігін қамтамасыз етеді.
(Ю.Б.Зотов 1,19).
Сонымен педагогтар
мен оқушылардың қарым-қатынасын
ұйымдастыру негізінде варианттардың
тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың
элементтерінің бірлесіп әрекет етуі,
белгіленген мақсатқа жеткізеді.
Педагогтың
шеберлігі дидактикалық міндеттер мен
сабақта педагагогикалық процеске
қатысушылардың ұйымдастырушылық
байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың
типтері. Олардың түрлері сан алуан,
сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі
дидактикада кездейсоқ емес, сабақты
жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын
алған, дегенмен ортақ нышанды
айқындамақшы. Варианттардың түрі:
—
дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
—
дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
—
оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
— сабақты
өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И.
Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың
жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1.
Аралас сабақ — практикада алуан түрлі
элементтері және өзара әрекеті арқылы
кең тараған. Тек солай, үй жұмысын
(сабақтың басында немесе кейін)
оқушы-консультанттардың тексеруі
мұғалімнің осы деректерге сүйеніп
оқушылардың жіберген кемшіліктерін
бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі
жағдаяттық жағдайда оқу материалын
игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай
қатынас сабақтың тиімділігін
арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді
игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге
сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып,
жеке дара, бірлесіп, топ арқылы
тапсырманы жедел орындау. Үнемі
оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық
танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау.
Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс
істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық
әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма
бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3.
Сабақты бекіту және білімді жүйелеу,
білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда
алдымен қайталау және білімді жүйелеу
және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта
білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас
сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс
істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум,
сынақ сабағы, тест арқылы тексеру,
оқушылар алған білімдері негізінде,
білімін қорытындылайды, бекітеді,
дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта
дамытады (мысалы, диффренциалды
тапсырманы орындау).
Тобық
Жармағамбетов
Ж
армағамбетов
Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс
ауылында туған. Жазушы. 1957 жылы Қазақ
мемлекеттік университетінің филология
факультетін бітірген. 1957-59 жылдары
Жарқамыс орта мектебінде мұғалім,
1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа
өмір» газетіне жауапты хатшы, редактордың
орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде
аға редактор, бас редактор болды,
облыстық «Коммунизм жолы» газетінде,
облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау
қоғамында қызмет атқарды.
Тобық
Жармағамбетов шығармашылық қызметін
50-жылдардың аяғында бастады, ол нағыз
талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен,
сыршылдықпен қалам тербеп, уақыт,
заман талабына сай салиқалы ой, салмақты
жүк арқалаған шығармалар жазды. Үлкен
бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі
қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған
асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын»
повесінде 30-жылдардағы қиын кезең
туғызған халық қозғалысын, сол кездегі
жіберілген өрескел қателіктерді батыл
ашып көрсетті, «Бәйтеректің жас шағы»
повесінде халық ақыны Нұрпейіс
Байғаниннің өмір жолының кейбіт
сәттерін оқырманға шебер суреттеу
арқылы жеткізді. 60-жылдардағы ауыл
жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік
сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының
көрікті бейнесі «Нәзік бұлттар» деп
аталатын повесінде көркем бейнеленді.
Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған
«Қара жаңбыр» атты туындысы да көпшілік
оқырман қауымның ыстық ықыласына
бөленді. Жазушы адамгершілік, достық,
махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек»,
«Екі дос», «Менің достарым», «Кішкентай
махаббат» атты әңгімелер жазды.
Т.Жармағамбетов
есімі Қарауылкелді селосындағы бір
көше мен орта мектепке берілген.
Тобық
Жармағамбетов шығармалары:
Ж
армағамбетов
Т.
Нәзік
бұлттар: Повесть.- Алматы: Жазушы,
1966.- 192 б.
Жас
жазушы Тобық Жармағамбетов бұрын
әңгіме, новеллаларымен көрініп, оқушы
көпшіліктің көкейінде жақсы әсер
қалдырған қаламгер. Бұл кітабы Тобықтың
оқушы қауымына ұсынып отырған жаңа
табысы, көлемді еңбегі.
«Нәзік
бұлттар» повесінен біз Теміржан,
Күнсая, Ілия сияқты қазіргі жастарымыздың
арманшыл, батыл, ер тұлғасын көреміз.
Сырласамыз. Олардың нәзік сезімінің
куәсі боламыз. Дархан даламыздың сұлу
көркінен сусындаймыз. Повестің тілі
нәрлі, бояулы. Уақиғасы тартымды,
қызғылықты.
Ж
армағамбетов
Т.
Сентябрь
түні: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970.-
176 б.
Жазушы
Тобық Жармағамбетовтің бұл еңбегіне
екі повесі еніп отыр. Мұның алғашқысы
ақын-жырау Нұрпейіс Байғаниннің
өнердегі өміріне, екіншісі Октябрь
революциясы кезіндегі ел өміріне
арналған.
Ж
армағамбетов
Т.
Ақ
жауын: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1984.-
400 б.
Тобық
Жармағамбетов қазақ әдебиетінің проза
жанрына өзіндік үнімен үлес қосқан
талантты жазушыларымыздың бірі. Бұл
жинаққа жазушының оқырман қауымға
танымал болған «Ақ жауын», «Бәйтеректің
жас шағы», «Сентябрь түні», «Нәзік
бұлттар» атты повестері еніп отыр.
Ж
армағамбетов
Т.
Отамалы:
Әңгімелер мен хикаяттар /Құраст.
Е.Дүйсенбайұлы. Алғысөзін жазған
З.Серікқалиұлы.- Алматы: Раритет, 2002.-
212 б.
Өмірден
ерте өткен жазушының өз уақыты мен
тұтас бір ұрпақтың ғұмырнамасын өзек
еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл
ай», «Қарала сиыр» т.б. әңгіме-хакаяттарында
шынайы шындықпен нәрленген нәзік мұң,
сәулелі романтика өлеңдей егіз-қатар
өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімінің
әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген
туындылардың қай-қайсысы да прозадағы
поэзия іспетті.
Хорезми
«Мұхаббат-наме»
Бүгінгі
күнге «Мұхаббат-наме»дастанының
екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның
екі нұсқасы да қазір Лондонның
«Британия» музейінде сақтаулытұр.
Ресей Ғылым академиясының Азия
халықтары институты 1952 жылы осы екі
қолжазба нұсқасының фото көшірмесін
алды. Қол жазбаның бірі – 1432 жылғы
ұйғыр әрпіменкөшірілген. Демек,
«Мұхаббат-наме» дастаны Хорезми
жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр
әрпімен қайта көшірген болып шығады.
Бұл - дастанның ең көне, алғашқы
көшірмелерінің біріболса керек.
«Мұхаббат-наме»
дастанының кіріспесінде ақын: «Мен
де ұлы Тәңгірге жалбыранып,
«Мұхаббат-намені» жаздым» - дейді.
Автор сол кездегі әдеби дәстүрді
сақтап, алдымен әлемді жаратқан Тәңірге
сыйынады, сосын пайғамбарларға
мақтаусөз айтады. Содан кейін ғана
дастанның жазылу себептеріне тоқталады.
«Мұхаббат-наменің»
негізгі бөлімінде жігіттің сүйген
қызына деген мөлдір махаббатты
жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік
әлемінен теңеу таппай, оны Айға да,
Күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық
атаулының ғажайып картинасын жасайды.
Махаббат
тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл
қасиет екенін ақын зор шеберлікпен
суреттейді:
Екі
жарық гауһарды әлем берген,
Махаббат
кешінін адамға берген.
Көкте
берген сұңқарға аққуды,
Толған
айдай қылар бір тамшы суды.
Оның
кемел өңінде мең жаратты,
Бойы
менен шашын тең жаратты.
Діни
мистикалық бағытта жазылған сол
кездегі қисса-хикаяттар адамды бұл
өмірдің қызығынан безуге шақырып,
сүйіспеншіліктің өзін жұмақтың ісі
етіп қоятыны мәлім. Мұндай шығармалар
«о дүниенің» ләззаты үшін тіршіліктегі
іс-әрекеттен, өмір үшін күрестен бас
тартуға шақырады. Жұмақтағы хор
қыздарын дәріптейді.
Ал
«Мұхаббат-наме» дастанында адамның
осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі
зор шабытпен жырланады. Ақын нақты
өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды.
Шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі
үшін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайды.
«Мұхаббат-наме»
– сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу
құралдары алуантүрлі, өлең құрылысы
шебер жасалған дастан. Ақын Хорезми
дастанда жыр жолдарына үстеме мағына
беріп, оны ажарландырып жіберу үшін
теңеу әдісін көбірек қолданады. Сөйтіп,
ол өзі суреттеп отырған белгілі бір
заттың яки құбылыстың ерекше белгілерін
айқындай әрі ажарлай түседі, сол
арқылы жырдың эстетикалық әсерін
еселеп арттырып жібереді.
Бұл
дастан ертеректе жазылса да, қазақтың
лиро-эпостық жырларымен сарындас,
үндес, идеялас, тіпті түр жағынан да
ұқсас болып келеді.
Қорыта
айтқанда, Хорезми сәтсіз махаббаттың
трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір
сүрген дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік
мәселелерін сөз етеді.
Алтын
Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының
бірі саналатын «Мұхаббат-наме»
дастанының әдеби, тілдік, тарихи
тұрғыдан маңызы зор. Хорезмидің бұл
ғажайып шығармасын танып-білу арқылы
біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма
жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі
қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың
өткендегі әдет-ғұрпын, т.б. тереңірек
ұғынатын боламыз.
Хұсрау
мен
Шырын[өңдеу]
Уикипедия
— ашық энциклопедиясынан алынған
мәлімет
“Хұсрау
мен Шырын” — Алтын
Орда дәуірінің
әдеби мұрасы. Авторы — Құтб қыпшақ
тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы
Низами Гәнжауидің парсы тілінде
жазылған “Хұсрау уа Шырын” поэмасынан
аударған. Поэма Хұсрау деген жігіт
пен Шырын есімді қыздың арасындағы
шынайы махаббатты баяндауға арналған.
Хұсрау мен Шырын махаббаты — Әзірбайжан
ақыны Низами мен
үнді ақыны Әмір Хұсрау Дехлевиден
бастап қазіргі уақытқа дейін жырланып
келе жатқан тақырыптардың бірі.Таяу
Шығыс пен Орта Шығыс, Кавказ мен Орталық
Азия, үнді халықтарының фольклорында
“Хұсрау мен Шырын” аңызы негізінде
жазылған барлығы 50-ден астам поэма
бар. Ақын-жазушылардың талай ұрпағының
назарын аударған бұл аңыз ғасырлар
өткен сайын сан түрлі өзгерістерге
ұшырап, өңделіп отырған. Оның әрбір
нұсқасы қайталанбас халық даналығымен
толығып, сюжеттері де көп өзгерген.
А.Н. Самоилович "Хұсрау
мен Шырынды" Алтын
Орданың әдеби
ескерткішіне жатқызады.[1]
Египетте 1883
жылы осы шығарманың көшірмесі жасалған.
Бұл әдеби мұрамен белгілі шығыстанушы Е.О.
Бертельс Парижде
танысқан. Әдеби ескерткіштің тілін
түрік ғалымы профессор М.Фуад Капрюлюзаде
Алтын Орданың XV ғасырдағы аралас
оғыз-қыпшақ тіліне жатқы: Бұл шығарманы
поляк ғалым академик Зайончковскийзертеді.
1958
жылы ол қолжазбаны екі бөлі тұратын
факсимилесімен, Tранкрипциясымен
басып шығады.
1961
жылы толықсөздігін берген. Қ тәржімасын
Низамидің "Хұсрау мен Шырынымен"
салХұсрау
мен Шырын” дастанының тақырыбы —
Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді
қыздың арасындағы сүйіспеншілік,
шынайы махаббат. Дастанда арамдық пен
зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты,
өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық
жеңіп шығатындығы жырланды. Хұсрау
мен Шырын туралы аңыз Таяу және
Орта Шығыс, Закавказье, Орта Азия,
Үндістан халықтарының ауыз әдебиетінде
кең тараған. “Хұсрау мен Шырын”
дастанын Низами салжұқ сұлтаны
Тоғрулбектің өтініші бойынша жазған.
Халық сүйіспеншілігіне бөленген осы
эпик. жырды Алтын Орда ақыны Құтб парсы
тілінен түркі тіліне аударды, бірақ
бізге жетпеген. Қолжазбаның жалпы
көлемі — 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар.
Низамидің “Хұсрау мен Шырыны” 130
тараудан тұрса, Құтбтың аудармасы —
90 тарау. Осыған сәйкес Низамидегі 7000
бәйіт орнына Құтбта 4700 бәйіт болып
шыққан. Құтб ақын Низамидің композициясы
мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының
түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін
аударма жасаған. ыстырды.
жазба 90 тараудан тұрады.[2]
Шәңгерей
Сейіткерейұлы Бөкеев
Шәңгерей
Сейіткерейұлы
Бөкеев
(1847-1920)
Шәңгерей
– ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың басында қалыптасып, дамыған
қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің
бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының
қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында
– хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір
ханның немересі. Ақын өзінің бір
өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк
орданың ішінде дүниеге келгенін
айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес
жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ
жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік
көрмей өседі. Жасынан оқып, білім
алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен
әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп,
мұсылманша білім алғаннан кейін,
Астраханьдағы реальды училищиге
түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет
корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін
үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен
танысады.
Самар губерниясында
(қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот
(мировой судья) болып жұмыс істейді.
Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау
жолындағы ой-санасы осы тұста қалыптасқан
сияқты. Ол әкімшілік-төрешіл биліктің
зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын
көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды
ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет
істегеннен кейін қызметін тастап, өз
еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына
араласпай, патша тарапынан дворян
атағын алып, Самар губерниясындағы
дворяндар тізіміне тіркеледі де,
еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың
Жәнібек жағындағы Көлборсы деген
жерді өз меншігі етіп, сол кездегі
орыс помещиқтері сияқты тұрақ жай
тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті
үйлер, мектеп, медресе, мешіт салғызып;
туыстарының балаларын оқытады.
Бау-бақша, алма ағашын ектіріп, егін
салады. Асыл тұқымды мал өсіреді.
Шәңгерей
ашқан мектепте білікті мұғалімдер
жұмыс істейді. Сондай бала оқытқан,
білімді әрі талапты мұғалімнің бірі
көрнекті ақын Ғұмар Қараш (1876-1921) еді.
Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып
тұрады. Шәңгерей оның ой-өрісінің
кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына
ерекше ықпал етеді. Ғ. Қараш «Жәңгір
ханның немересі, сұлтан Шәңгерей
Сейіткерейұлына» деген толғауында:
Алғыр
жүйрік сұлтаным,
Ақылың жетіп
алысқа
Ілгеріні болжадың.
Болжағанның
белгісі,
Атаңнан мұра қалған су
—
Көлборсыны меншіктеп,
Жағасынан
жер алдың...
Кешегі өткен бабаңыз
—
Хан Жәңгірден үлгі алдың, —
деп
жырға қосқа. Сонымен қатар Шәңгерейдің
ақындығын, тілге шешендігін, сөз асылын
қадірлеген көсемдігін, серілігін
тамаша суреттеген. Бұл толғауы ақынның
1914 жылы Уфада шыққан «Аға тұлпар»
жинағында жарияланған.
Осыдан
бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау
өмір сүріп, аңшылықпен айналысты,
жақсы ат, қыран құс, құмай тазы ұстаған.
Құс салып, ит жүгіртіп, саятшылық
өнерін қызықтаған.
Шәңгерейдің
ерекше көңіл аударған бір ісі –
әдебиет, өнер, ғылым болады. Ол орыстың
классик жазушыларының шығармаларымен
танысады. Лермонтовты, Гогольді сүйіп
оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне,
сән-салтанатқа ерекше көңіл қойған
ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші
сияқты өнерпаздарды өзіне жақын
тартып, олардың өнерін тамашалайды.
Ол қадір тұтқан өнер адамдарының бірі
– орыс суретшісі Мальцев деген досы.
Оған шеберхана да салып берген. Орыстың
Фет, Тютчев сынды ақындарының да
өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің
бай кітапханасы болған. Ғылыми
әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс
тіліндегі газет-журналдарды алдырып
оқыған. ХХ ғасырдың басында қазақ,
татар тілінде басылған ақындардың
кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби
өмірдің беталысынан үнемі хабардар
болып отырған.
1911-1913 жылдары қазақ
зиялыларының ұымдастырумен Оралда
«Қазақстан» газетін шығару мәселесі
сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған
қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен
де Шәңгерей еді.
Шәңгерей прозалық
шығармалар жазған деген де дерек бар.
«Қара мұрт» атты роман, «Сұрау-жауап»
деген көлемді әңгіме жазса керек,
бірақ ол туындылары сақталмаған. Ол
1917 жылы шамасында Көлборсыдағы қонысын
тастап, аталас төре тұқымдары мекендеген
Ақбақай деген жерге (Батыс Қазақстан
облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп
келеді. Қоныс аудару себебі де мәлімсіз.
Бізге белгілісі – өмірінің соңғы
кезінде ел ішінде даулы, талас-тартысты
мәселелерге көп араласпай, оқшау өмір
сүрген.
Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда
сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның
біраз өлеңдері «Шайыр» (1910) және
«Көкселдір» (1912) деген жинақтарда
жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған
Ғ. Қараш еді. Кеңес дәірінде Қызылорда
қаласында ақын өлеңдерінің жинағы
(1933) басылды.
Ақындығы
Шәңгерейдің
бізге белгілі шығармалары әлеуметтік
өмірдің әр түрлі жақтарын қамтиды.
Отаршылдық салдарынан туындап жатқан
өзгерістерді көре білген ақын бұрынғы
хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның
қоғамдық ой-пікірлері, топшылаулары
бірде өмір шындығын айқын көрсетсе,
бірде өткенге алаңдау сарынында
келеді. Жер-судың құты кетті, сәні
кетті, бәрі адыра қалды. Бұрынғы асыл
адамдар енді жоқ, бұрынғыдай билер,
ерлер енді тумайды дейді.
Адыра
дедім Нарынды,
Құсы ұшып көлінен,
Құты
кетіп жерінен,
Саба құрсақ
билерден,
Еңіреген ерлерден,
Айырылып
адыра қалғанда..,—
дейді. Ақын
өз кезіндегі жаңалықтардың бәрін
бірдей қабылдай бермеген. Қазақ
даласындағы ел билеудегі жаңалықтар
мен заң, тәртіптер, біртіндеп еніп
жатқан капиталистік қарым-қатынастар,
отаршылдық, сауда-саттық, халықтың
жерден қыспаққа ұшырауы сияқты
өзгерістер Шәңгерейдің көз алдында
өтіп жатты. Бұрынғы хан ордасындағы
ата-баба билігі мен беделі жайлы
ұғым-түсініктер оның ақындығын сол
бағытта оқшаушырақ қалыптастырды.
Бұл кезеңде хан тұқымдарының да
еркіндігі шектеле бастаған еді.
Ақынның:
Құйрық атып құлия,
Түлкідей
қашқан жымия.
Қаранды үзіп
барасың,
Бізден де, қайран
дүния...
деуі содан туған. Сондықтан
да ақын бұрынғы ата-баба дәуірі еркіндік
дәуір еді, ешкімге тәуелді емес едік,
дегенді білдіреді. «Ағасын ақылдың
артық асқармен тең» өлеңінде:
Ағасын
ақылын артық асқармен тең,
Асылдың
арқар ұранды тіреуі – сен.
Ала
ту Абылайдың ала аттансаң,
Аламан
артындағы біреуі – мен..,
деп,
ұлы дүбір шықса қалмас едім, ел
тәуелсіздігі үшін аттанған сарбаздың
қатарында мен да Абылайлап аттанар
едім дейді. Хан тұқымдары арасында
Абылай ханның ел тәуелсіздігі үшін
еткен тарихи еңбегі дәріптеліп, есімі
қастерленді.
Ақынның өмір мен өлім
туралы пәлсапалық толғанысынан өмір
шындығының елесі көрінеді. Ол тумақ,
өлмекті табиғи құбылыс ретінде
түсінеді. Бұл ойын өлеңінде лирикалық
бейне арқылы жеткізеді. Барлық
қауіп-қатерді себеп-салдарлы түрде
көрсетеді. «Өмірдің өтуі» өлеңінде
қырдағы құланың аман жүрмегі жоқ,
құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа
ойнар, суға құлан шұбырса, жолын тосқан
жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол
да аман қалмайды. Бөкен терісін бөрік
еткен, сексеуілді күрке еткен мерген
жалғыз оқпен оның да қазасын жеткізеді.
Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім
болса да ажал оғынан құтылмақ емес
дейді. Өз заманындағы әлеуметтік
құрылысқа жатырқай қараған ақын алдағы
болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі
қоғамдық құрылыстың күйреуін белгілі
мөлшерде өз басының да трагедиясы деп
түсінетін сияқты.
Бұл дүние
пәнилығын етеді екен,
Бір дәурен
өтіп, бірі жетеді екен...
Өзіне халық
аузын қаратқан ер,
Тіріге, өлсе,
қадірі кетеді екен...
Бұл сөздерінен
де өмірдің өтуі, ескінің өтіп, жаңаның
келуі, елді аузына қаратқан ерлердің,
көзден тайса, көңілден кететінін
айтып, торыққандай болғанын
көреміз.
Шәңгерей шығармаларында
өнер, ғылым, білім тақырыбы ерекше
жырланады. Ол ғылым жетістігінде үлкен
сеніммен қарайды. Қоғамның дамуы үшін
қажет шарттардың бірі – ғылым екенін
ұғындыруға күш салады. Жастарды оқуға,
ғылыммен шұғылдануға шақырады.
Оқысаң
ғылым нұрын білім асар,
Көңілдің
кіршік басқан көзін ашар.
Мас болған
біліміне кейбір жастар,
Жерлерге
аяқ жетпес аяқ басар.
Апырай, кімге
аян бұл жиһанның
Белгісіз ұлылығы
асқар-асқар!
Ғылымға ұмтылушы
жастарға Шәңгерейдің үлгі еткені –
Бұхарда, Казанда оқып келген қазақ-татар
молдалары емес, дүние жүзіне әйгілі
ғалымдар. Ол атақты ағылшын ғалымы
Эдиссонды (1847-1931) үлгі етеді. Эдиссон
Томас Алва – американың атақты физигі,
электротехника мен байланыс жөнінде
көп жаңалықтар ашып, түрліше
құрал-аспаптар ойлап шығарған
ғалым.
Сонымен қатар ғылымға
бөгет жасайтын надан молдаларды
шенейді. Ақын Эдиссонға арнаған
өлеңінде ғылым мен надандықты бір-біріне
қарама-қарсы қояды. Ғылымды бұтағы
көп, жемісі мол, биік шынар бәйтерек
бейнесінде суреттеп, ғалымның әр
саласын сол бәйтеректің жемісі ретінде
бейнелейді.
Бұл ғылым – бір
бәйтерек шектен асқан,
Шұлғанған
бұтағына ғарсы-күрсі.
Бар ғаләм он
сегіз мың саясында,
Таусылмас, бұтақ
сайын бар жемісі.
Шайтани бұл өнерді
қалай дейміз,
Әр өнер – сол жемістің
бірдемесі.
Эдиссон мұны істеген –
ғалым адам,
Оқымас, жалқау біздей
емес надан.
Пәнделерден қимие-симие
ғылымы хикмет,
Көп сырлар ашты
Шығарма,
оған қойылатын талаптар, шығарманың
негізгі түрлері.
Шығарма
– жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың
өзіндік ойын, тілін қалыптастырудың
жұмыс түрі. Ол – оқушылардың шығармашылық
еңбегі. Шығарма жазуда оқушылардан
сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен дұрыс
байланыстырып, орнын тауып қолдануы,
бір сөзді немесе бір ойды орынсыз
қайталамауы талап етіледі. Оқушының
шығарма жазудағы ой жүйесінің
айқындылығы, сөз қолданысы, тіл
көркемдегі де ескеріледі. Оқушыға
шығарма жазғвзудағы мақсат – оның
ойын, пікірін әдеби тілмен жатық,
сауатты жаза білуге және шығармашылық
ізденіске баулу, логикалық ой өрісін
кеңейтуге машақтандыру.
Шығарманың
негізгі түрлері.
Публицистикалық
шығармалар. Оған очерк, фельетон,
мкқалалар, пікірлер жаздыру жатады.
Мысалы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»,
«Жариялық – бақыттың басы».
Шығармашылық
бағыттағы шығармаларға әңгіме,
инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады.
(Әдеби жанырларды басшылыққа алады).
Ғылыми
зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған
реферат, ғылыми сипаттағы мақала,
аннатация, әдеби шолулар, пікірлер
жатады. Мысалы: «Бейімбет әңгімелеріндегі
деталь, штрихтың маңызы».
Әдеби
тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін,
тіл байлығын тексеруге арналған
шығармалар:
«Біржан
мен Сара» айтысындағы Біржан мен
Сараның сипаты.
«Абай
жолы» эпопеясындағыкедейлер өмірінің
жанды суреттері.
Бақтығұл
қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші
ме?
Шығарма
жазуға үйрету жолдары
Баяндама
Тақырыбы: Шығарма
жазуға үйрету жолдары
Жоспары:
Кіріспе.
Шығарма деген не?
Негізгі бөлім: а)
Шығармаға жоспар құру;
ә) Көркем
шығармамен жұмыста оқушы шеберлігін
шыңдау;
б) Шығарма жазуға дайындау
жолдары мен әдістері
Қорытынды.
Қазіргі
таңда оқытылатын пәндер балалардың
болашағы, таңдайтын мамандығына қарай
бағытталуда, яғни мақсаты білім беру
ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке
тұлға, дарынды шығармашылық тұлға
қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы болып
отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім
беру – жеке тұлға дамуын жүзеге
асыратын мәселелер. «Осы шығарма жазу
неге керек?» «Қалайда жаздыру керек
пе?» деген сұрақтарға жауап іздеп
көрейік.
Шығарма дегеніміз –
оқушылардың тілдік және әдебиеттік
білімдері мен өзінің таным, түйсік,
көзқарасының тәжірибелеріне сүйене
отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл
қалыбында бере білуге машықтандыратын
жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі.
Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма
жаздырудың мақсаты мен міндеті осы
мазмұннан туындамақ.
1. Шығармадан
баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры,
теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі,
жазуға икемі мен ойлау деңгейі
байқалады.
2. Шығарма – оқушының
жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының
белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі.
Оқушының ауызша сөз саптауын
қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал
ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру
одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі
түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің
түпкі нәтижесі.
Нәтиже қай
жұмыста да нәтижелілігімен бағалы.
Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын,
көзқарасын, пікірталасында туған
шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль
айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының
шынымен нәтижесі болғаны ғой. Жас
ұрпаққа білім беруде олардың пәнге
деген көзқарасын қалыптастыру үлкен
рөл атқарады. Шығарма жазу үшін және
оған жоспар құру әдістері оқушылардың
ой - қабілеттерін арттыра түсетіні
белгілі. Әдебиет сабағынан шығарма
жазу - әдебиетті оқыту процесінің
сапаға айналған нәтижесі болып
табылады. Мұғалімнің педагогтік
шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының
әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын,
сынайтын көрсеткіш.
Мектепте
шығарма жазуды 7 - 8 - сыныптарда бастаған
жөн деп ойлаймын. Біз көбінесе 10 - 11 -
сыныптарда шығарма жазуға үйрете
бастаймыз. Сондықтан оқушылар шығарма
жазуда көптеген қиындықтарға кездеседі.
Оқушылар арасында әлі де шығарма
жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын
жеткізе білмейтін, ора шолақтары жиі
кездесіп отырады. Осындай кемшіліктерді
мектеп бітіруші оқушылардың жазған
шығармаларынан жиі байқаймыз. Қазіргі
уақытта жазу жұмысына қойылатын
талаптар күшейді. Мектеп бітіретін
оқушылар кәмелеттік аттестат алу үшін
жазатын шығарма жұмысына берілген
нұсқауда былай делінген:
«Емтихандық
жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе
белгілі бір библиографиялық - сын
мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің
ой пікірін өңін айналдырып жазып беру
емес. Оқушының көркем әдебиетті
оқығанда алған әсерін, жазушының
өмірімен, шығармашылық жолымен
танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін
оқуда көңіліне түйген, таныған, өзіндік
ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін
талап ететін уақыт жетті. Емтихандық
шығарма сапалы болумен қатар, онда
әңгіме етіліп отырған мәселені терең
түсіндіру арқылы эмоционалдық жақтан
айқын да анық баяндалуы және нақты
пікірі әдеби көркем тілмен берілуі
қажет» делінген.
Әрине, мұндай
талапты орындап шығу – бір күннің
немесе бір айдың, бір жылдың ісі емес,
бүкіл орта мектеп көлемінде алған
білімнің ұзақ мерзімде қол жеткен
нәтижесі болу керек. Емтихан уақытында
оқушылардың шығарма жазуда жіберетін,
жиі кездесетін шығарманы қалай бастау
керек екенін білмеу, бірінші бетті
бастағанда алдымен жоспар, одан кейін
тақырыпты жазу сияқты кемшіліктерді
болдырмас үшін шығарманы қалай жазу
туралы арнайы нұсқауды негізге алу
жөн.
Онда былай делінген:
1)
Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің
аты - жөні жазылады.
2) Екінші бетке
екі жол төменірек ашық және айқын етіп
тақырып жазылады. Егер тақырып үзінді
болып келсе, онда оның астына автордың
аты жазылады.
3) Тақырыптан екі жол
төменірек шығарманың жоспары
жазылады.
Мектептегі шығарма
жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын
қалыптастыруда игі ықпал ететіні
сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі
мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу
жұмысының қай түрі болса да өте күрделі
ой еңбегі, шығармашылық іс. Оқушының
ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін
арттыруда шығарма жұмысы орасан зор
міндет атқарады. Сондықтан мұндай
күрделі ақыл - ой еңбегін «шығармашылық»
немесе «шығармашылық емес» деп атау
ыңғайсыз.
Шығарманың
өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1.
Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне
байланысты.
2. Еркін тақырыпқа
жазылған шығарма.
3. Әдеби тақырыпқа
жазылған шығарма.
Сонда оқушының
өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі,
өз өміріне байланысты, осы негізде
жазған шығармалары бірыңғай
жүйеленеді.
Шығармашылық талапты
орындау, оқушының алған тақырыпты
толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды
саралап, тақырыпқа тікелей байланысы
жоқ жанама мәселелерден аулақ болу
жазу жұмысының тиімділігін арттырудың
айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен
көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма
жұмыстарының шығармашылық толғаныспен
жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының
теориялық негіздерін білу шарт.
Сондықтан шығарманың құрылысына назар
аударғаны мына сызба жүйені есте
сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі
шығармалардың сызбасы
I.
Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі
бөлім:а)
оқиғаның байланысы
ә) оқиға
шиеленісінің жеткен жері
б)
шешілуі
III.
Қорытынды (эпилог)
2.
Талдау түріндегі шығармалардың
сызбасы
I.
Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін
міндет)
II.
Негізгі бөлім:а)
Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған
дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі
мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III.
Қорытынды (эпилог)
Әрине,
оқушы шығармасында осы схеманы орындау
мүмкін емес. Бірақ шығарманы талдай
білу үшін осы жолдарды білу қажет деп
ойлаймын. Шығарма жазу үшін оқушы
мынаны білген жөн:
1. Шығарманың
тақырыбын әбден ойлап алып жазу
керек.
2. Жоспар тақырыпқа сай, нақты
жасалынуы тиіс.
3. Эпиграф тақырып
пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы
керек.
4. Тақырыпқа байланысты
материалды іріктеген кезде ең негізгісін
алу қажет.
5. Шығарманың реті мен
жүйесін сақтау және тақырыптан
ауытқымау керек.
6. Айтатын негізгі
пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде
болатынын есте сақтау керек.
7.
Келтірілетін мысалдар, салыстырулар
негізгі пікірге байланысты болу
керек.
8. Қорытынды ой негізгі
пікірлердің төңірегінде жазылуы және
айтылатын ой айқын, сөйлем орамды,
түсінікті болуы қажет.
9. Әр сөйлемді
дәптерге жазар алдында стильдік қате
жібермеуді ойлау керек.
10. Ұмытып
кетпес үшін байқаған емлелік қателер
мен тыныс белгілерін бірден қойып,
сауатты жазуға, дәптердің сыртқы
көрінісіне мән беру керек.
Міне,
осы талаптарды мұғалім оқушы шығарма
жазар алдында үнемі ескеруі керек.
Қазіргі кезде мектептегі тәжірибеге
қарасақ, оқушылардың шығарма жұмысын
тексерудің екі түрі бар.
1. Оқушы
шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім
өзі түзетеді.
2. Мұғалімнің басшылығымен
оқушының өзіне тексерту.
Күнделікті
тәжірибеден қарап отырсақ мұғалімдер
қазір осы екі жолды қатар пайдаланады.
Шығарма жұмысын тексеру кезіндегі
олқылықтар емтихан кезінде өте жиі
кездеседі. Шығарма жұмысын тексергенде
қателердің түрі шартты белгілер арқылы
көрсету дұрыс деп ойлаймын. Мұның
өзіндік жүйесі бар.
/ - Емле қатесі
белгіленеді.
V – Тыныс белгісінен
кеткен қате.
Z – Абзац керек деген
белгі.
Z – Артық қойылған абзац.
?
– күмәнді, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан
деген белгі.
?! – Пікірді немесе
фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
!
– Осы жерге ерекше көңіл аудар.
-
Сөз қалдырып кетсе, түсініксіз
сөйлемдерді белгілейді.
- Стильдік
жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз
деген белгі.
- Ауыстыруды керек
ететін, бірнеше қайталанған сөздер
мен сөйлемдер.
Әрине, осы белгілерді
қойып, оқушының дәптерін қайтаруға
болмайды, мұғалім осы шығарма жөнінде
рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің
оқушыға беретін әсері өте мол. Сондықтан
шығармадағы кемшіліктерді жою үшін,
оқушылардың осы шартты белгілерді
білгені дұрыс болар еді. Сонда ол
оқушының ойында мәңгі қалады деп
ойлаймын. Бұл шартты белгілер де
мұғалімге өте қолайлы. Себебі ол
мұғалімнің уақытын үнемдейді.
Шығармадағы кемшіліктерді жазып
көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу
мұғалім үшін де жеңіл. Енді осы шығарманы
мұғалім тексергенде нені еске алу
керектігіне назар аударайықшы.
1.
Дәптердің сыртқы көрінісіне назар
аудару керек.
а)
тазалығы
ә) әріптердің дұрыстығы
2.
Логикалық жағынан
а)
тақырып пен идеяның ашылуын;
ә)
пікірдің молдығын;
б) дәлелдің
дұрыстығы;
3.
Пікірдің жүйелігі
а)
жоспардың жүзеге асуы;
ә) әрбір
бөлімнің мөлшері
4.
Грамматикалық сауаттылығы
а)
емлелік жағынан
ә) синтаксистік
жағынан
5. Стилі
а) сөйлемдердің
дұрыстығы
ә) көркемдігі
Міне,
осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға
ескертіп отырған жөн. Осы айтылғандарды
басшылыққа алғанда шығарма жұмысы
ойдағыдай болады. Жүйелі алынған білім
оқушының да, мұғалімнің де үздіксіз
еңбегін көрсетеді.
Енді осы жұмысқа
баланы қалай дайындап әкелу керек?
Алдымен
оқушы сабаққа қызығу керек. Әсіресе
әдебиет сабағының кіріспе және
қорытынды кезінде оқушы белсенділігі
басымырақ болатын жұмыстар ұйымдастырған
жөн.
1. Баланы жұмбақ, ребус шешуге
үйрету керек, оның да өзіндік құпия
кілті бар жұмыс.
2. Бір дыбыстан
басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер
жасырын беруге болады.
3. Шағын
әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты
таптыру, ойланту.
4. Кейіпкер туралы
ой қозғау, өзіндік пікірін қалыптастыру,
өз көзқарасын айқындауға, қорғай
білуге үйрету арқылы жазу жұмысына
төселдіруге болады. Дегенмен мынаны
да ескерген жөн. Әуелі баланы мазмұндама
жазуға үйрету керек.
- Кей бала
тыңдаған мазмұныны сол күйінде қағазға
түсіре алады.
- Кей бала мазмұнды
тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін
нақты, әдемі береді, ал кейбір жерлерін
аттата, шалағайлау жазуы мүмкін.
-
Кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай
алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды,
не сөйлем құрай алмайды.
- Кейбір
бала мазмұндаманың өзін түрлендіре,
әсерлендіре, тіпті кейде өз ойын,
пікірін қосып та жазуы мүмкін. Міне,
бұл – шығарма жаза аларлық қабілетін
танытқан бала. Енді сіздің жұмысыңыз
екі түрлі бағыт алады.
1) жаза алмайтын
баланы жаза білуге жеткізу;
2) жақсы
жазатын баланы әңгімелеуге, шағын
мәтін құрастыруға, шығармаға пікір
жазуға баулу;
Мазмұнын білген бала
өз бетінше әңгіме құрай алады. Әңгіме
жазған бала шығарма жаза алады деген
сөз. Енді баланы шығармаға қалай
дайындау керекпіз?
Шығармаға
дайындау:
1.
Сөз үйрету
*Сөздің
мағынасын білдіру
*Сөздерді таңдай
білу
*Әр шығарманың әр бөліміне
лайықты сөздер қолданысын меңгеру
2.
Ой тастау
*Сөзден
идея тудыру
*Идеяны түсіндіру
*Идея
мен тақырып байланысын білу
Шығармаға
қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы
мүмкін, бірақ мақсат – біреу: негізгі
тақырып не, соны басты тақырып ету
керек. Жоспарлау соның айналасында
ғана болу керек.
Жоспар – шығарма
айнасы. Тақырыпқа сай жоспар құру,
жоспарға сәйкес шығарма жаза білу,
жоспарда көрсетілген тақырыпшаларды
аша білу – оқушыларға үлкен сын. Кейде
оқушылардың жоспары тақырыпты мүлде
ашпайды, оған еш қатысы жоқ болып
шығады. Кей жағдайда шығармаларының
мазмұны жоспарға мүлде қатыссыз болып
шығады.
Тақырып, жоспар, шығарма
– бұл үшеуі бірімен - бірге біріктіріліп
тұратын өзектес мәселелер. Оқушыларға
мазмұндамадан гөрі шығарма жазып
үйрету шәкірттеріміздің өзінше еңбек
етіп, еркінше талаптануына, өз пікірін,
ойын сарапқа салуына әсерін тигізері
сөзсіз. «Талаптыға нұр жауар» деген
халқымыз, өзінше талаптанғысы келген
әрбір шәкірттерімізге жол - жоба, бағыт
беру, ұшқыр қиялдарымен биікке самғай
беруіне тілектес болып қалу әрбір
ұстаздың борышы болғандықтан жұмысымызды
осы абыройлы міндет тұрғысынан
көрсетуді мақсат тұтып келеміз. Ұстаз
бен оқушы арасындағы осындай шығармашылық
байланыстың тұрақтылығы ғана табысты
жетістікке жол салады.
|