Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты казахский 2016 новейшие.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жолаушы

адам кез-келген үйге келіп, қонақ бола берген. Қазақтар «қонақпен бірге құт, береке

келеді, қонақты қусаң, отбасынан құт, береке қашады» деп есептейді. Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Қонақтарға қымыз, шұбат береді. Содан кейін арнайы мал сойып, ет асады. Бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ пісіріп, әнші-күйшілерді шақырып, көңілін көтереді. «Қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекер айтылмаған.

2. «Қазақ отбасында» тақырыбына әңгіме құрап айтыңыз.

3. Көмекші есімдерге мысал келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

8-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен той жасалады. Ол үшін

арнайы ала жіп, көк шөп және тоқ ішек немесе сүрленген қазы дайындалады. «Біреуге

жамандық жасамасын»деген тілекпен баланың аяғын ала жіппен орап, сосын жіпті

кеседі. «Көк шөптей өсіп, ұрпағы көп, өзі сымбатты болсын» деген тілекпен көк

шөппен кеседі. «Бай, қуатты болсын» деген тілекпен тоқ ішекпен немесе қазымен

кеседі.

2. «Менің отбасым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Біздің Ә.Қастеевтің өнер мұра-

жайына барғымыз келеді.

9-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлігін дайындайтын студия 1920 жылы

ұйымдастырылды. Онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Пономарев сабақ

берді. ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы

туындыларын көрсетті. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік

шеберлігін меңгерді. 1928 жылы Семей қаласында бейнелеу өнері шығармаларының

алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.

2. «Сурет галереясында» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: суретшілер, көрме

10-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Әбілхан Қастеев 1904 жылы қазіргі Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шежін ауылында дүниеге келген. Бала кезінде тау бөктерінде қой жайып жүріп, саздан, ағаштан түрлі мүсіндер жасаумен әуестенген. 1929 жылы Алматыдағы Н.Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында оқиды. Көптеген халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге қатысып, өз туындыларымен таныстырады. Бүгінде ҚР-ның ұлттық өнер мұражайы Ә.Қастеевтің есімімен аталады.

2. «Әбілхан Қастеевтің туындылары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Қалау райдың жұрнақтарын пайдаланып, берілген етістіктермен сөй

лемдер

құрастырыңыз: үлес қосу, сурет салу, көрмеге қатысу

11-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінде кімнің картинасы туралы айтыл

ғанын

анықтаңыз.

Бұл картинада қазақтың кең даласы бейнеленген. Қызылды-жасылды гүлдерге

толы биік таулардың арасына салынған шойын жолдың жанында адамдар көп. Ақ

жаулықты аналар балаларымен бірге ғажайып отарбаға таңданып қарайды. Атқа

мінген ер адамдар шойын жолдың бойында отарбаны тамашалап тұр. Бұл – қазақ

даласынан өтетін Түрксіб темір жолы мен алғашқы пойыздың келуі бейнеленген

тамаша картина.

2. «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Қалау райдың жасалуын түсіндіріңіз. Мысал келтіріп, сөйлем құрастырыңыз.

12-билет