Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты казахский 2016 новейшие.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

«Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. Ал «КТК»

арнасы өз жұмысын 1991 жылдан бастады. «Хабар» агенттігінің алматылық филиалы

1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арасының ақпараттық қызмет базасының негізінде

құрылды. Қазақстандық «31 арна» 1998 жылдың 12 сәуірінен бастап хабарлар тарата

бастады.

2. «Қазақстан Республикасының телеарналары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Елде талантты балалар көп

болғанымен, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телесайысына барлығы бірдей қатыса

алмайды.

19-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Республиканың білім беру жүйесі балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-

техникалық колледждер, араулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс

мекемелер сияқты бірнеше баспалдақтан тұрады. Олар өзара тығыз байланыста.

Жалпы білім беру үш кезеңнен тұрады. Олар: бастауыш сыныптар (1-4-сыныптар),

толық емес орта (5-9-сыныптар), толық орта (10-11-сыныптар). Бұл Қазақстан

Республикасының «Білім беру туралы» Заңында көрсетілген.

2. «Менің сүйікті пәнім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріп,

олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

20-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Емтихан – оқушылардың білімін тексерудің бір тәсілі. Алғаш рет орта ғасырларда

Еуропа университеттерінде емтихан ала бастаған. Ресейде тұңғыш рет Мәскеудегі Глюктің мектебінде 1703 жылы емтихан алынған. Содан кейін 1726 жылы Санкт-Петербургтегі гимназияда оқушылардан емтихан қабылданған. 1837 жылы емтихан

алудың тәртібі енгізілген. Ал Қазақстанда 1966-1967 жылдары емтихан қабылдау

тәсілі енгізілді. Қазір оқушы білімі бес балдық жүйемен бағаланады.

2. «Кісінің көркі киім емес - білім»деген мақалдың мәнін қалай түсінесіз?

3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: қалалық, атақты

21-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Білім – біздің басты қазынамыз. Ақын Нұрпейіс Байғанин: «Білімнен қымбат нәрсе

жоқ, Көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам болашаққа батыл аяқ басады.

Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана келеді. Білім адамды жақсы нәтижелерге,

жоғары жетістіктерге, мол табысқа жеткізеді.

2. Ы.Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін жатқа айтыңыз.

3. Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөзге үстейтін мағынасын түсіндіріп,

сөйлемдер құрастырыңыз: -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -қы/-кі

22-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Өмірде мамандықтың түрлері көп. Бірі заңгер, бірі ұста, бірі ұшқыш, енді бірі

дизайнер. Әр мамаандықтың өз ерекшелігі болады. Алайда барлық мамандықтарға

үйрететін мамандар болады. Олар – ұстаздар. Ұстаз – сол заңгердің де, ұшқыштың

да, ғалымның да тәрбиешісі, ақылшысы. Мұғалім тек мектептің ғана тірегі емес, ол

адамзат өркениетінің көшбасшысы.

2. «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Бір жігіт өзінің мұғалімін көріп, оған

қазір өзінің кедей екенін айтыпты.

23-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Алты жасар Сәкен бүгін ерекше көңілді. Анасы әперген костюмін киіп, сөмкесіне қалам-қағаздарын салып жүр. Сөмкесіне салған заттарды жиі-жиі тексеріп қояды. Үйге бір кіріп, бір шығып жүр. Сағатты танымаса да, қайта-қайта қарайды. Кешігуге болмайды. Өзін жауапты сезінеді. Сәлден кйін анасы мен әкесінің қолынан ұстап, гүл шоғын құшақтап мектепке қарай асығып барады.

2. «Менің мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөздерге үстейтін мағынасын түсіндіріп,

олармен сөйлемдер құрастырыңыз: -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек

24-билет