- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Мазмұны
- •1 Автоматтандырылған жұйелер. Негізгі түсініктемелер
- •1.1 Автоматтандыру негізгі кұралдары
- •1.2 Сабақ өткізу барысында программалық тілдің маңыздылығы
- •1.3 “Mathematica 8.0” программасы
- •1.4 “Mathematica 8.0” программасы бойынша слайд жасау
- •2 “Электр энергетикасындағы инжиниринг және автоматтандыру” пәні бойынша инновациялық білім беру
- •Топтық жұмыс инновациялық білім беру әдісі ретінде
- •2.1 Топтық жұмыс дайындық және де белсенділікті анықтау әдістері
- •2.3 Топтық жұмыстың артықшылығы
- •Қолданылған әдебиеттер
1 Автоматтандырылған жұйелер. Негізгі түсініктемелер
Автоматтандыру машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын приборлар мен автомат құрылғыларға жүктеу процесі.
Өндірістік автоматтандыру – осы заманғы өндірісті дамытудың негізі әрі техникалық прогрестің ең басты бағыты. Өндірістік автоматтандырудың жарым-жартылай, кешенді және толықтай автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым-жартылай автоматтандыру өте күрделі әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы мүмкін болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру өндірісті жарым-жартылай автоматтандыруға жатады. Өндірістік автоматтандыру процесі кезеңінде цех, электр станциялар өзара бір-бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің негізгі өндірістік жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда жалпылама бақылау жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай автоматтандыру өндірісті басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей автоматтандырылған жүйелерге жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең жоғары сатысы. Өндірісті толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс рентабельді, жұмыс ырғағы ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды алдын ала болжап, есепке алу мүмкін болатын жағдайларда, сондай-ақ адамға қауіпті және денсаулығына зиянды өндірістерде іске асырылады. Өндірістік автоматтандырудың негізі басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде зерттеу әдістерін жасау, басқару әдістерінің экономиялық тиімділігін анықтау және автоматтандыру құралдарын жасаудың инжинерлік әдістерін табу секілді мәселелерден құралады. Белгілі мақсатқа жету үшін таңдалып алынған тиімді басқару әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) құрады. Осы заманғы АБЖ-ның құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған ақпараттарды адамға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және жұмыстық құрылғылар кіреді.
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізігі 3 жүйесі бар:
басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын (Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Орталық статистика басқармасы, сауда, ауыл шаруашылық, әкімшілік органдары) қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;
бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда эконмикалық мәліметтерді өңдейтін және олардың жұмысын жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе [4].
1.1 Автоматтандыру негізгі кұралдары
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары – электрондық есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ) кеңінен тараған. ЦЕМ мәліметтерді өңдеудің орталық жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, статистика, жол есебін жүргізу, детальдарды өңдеудің оптимальдық технологиясын есептеу, участок, цех және тұтас кәсіпорын жұмысын жоспарлау, қоймадағы материалдар мен бұйымдардың есебін оперативті түрде жүргізу , қажетті материалдарға сұрама беру, өзіндік құн есебін күнделікті шығарып отыру, жабдықтарды пайдаланудың оптимальдық жоспарын жасау, өндірістік және транспорттық графиктер құру т.б. үшін қолданылады. Оны басқару жұмыстарын автоматтандыруда қолдану бірқатар шетелдерде де жүзеге асырылуда.
1-сурет (ДВК-2 есептеу машинасы)
Мысалы, АҚШ -та барлық шығарылатын ЦЕМ-нің 90%-ы экономикалық есептеулерге және өндірісті басқару жұмыстарында пайдаланылады. Аналогты есептеуіш машина технологиялық процестерді оптимальдық реттеу қызметін атқарады. Оны электрондық басқару машиналарымен біріктіре отырып, процестерді тек оптимальды технологиялық режимде ғана емес, оптимальды экономикалық режимде де реттеуге болады. Аналогты машинаның жаңа типі – автоматты оптимизаторды экономикалық басқару мақсатында пайдалануға болады.
Басқару жұмыстарын автоматтандыруда электрондық есептеуіш машинадан басқа сан алуан арнаулы жабдықтар қолданылады. Оларды былайша топтастыруға болады:
Мәлімет тіркегіш машиналар – перфораторлар, жазу машинасы, тіркеуіштер, өнімнің саны мен сапасын есепке алатын автоматты санауыштар басқарылатын процестердің өтуі туралы мәлімет беретін сигналдық аппаратуралар, магнитофондар, диктофондар, стенографиялық машинкалар, документті көшіру әрі көбейту аппаратуралары т.б.;
Мәліметтерді өңдейтін машиналар-клавишті есептеуіш машиналар, фактур жинақатуыш табулятор т.б. аналитикалық есептеуіш машиналар;
Mәлімет түрлендіретін жабдықтар – конверторлар, оптикалық және басқадай оқу, кодтау құрылғылар, перфокартадан перфолентаға және керісінше көшіріп жазатын құрылғылар, фикрофильмдеу және микрокарта оқу аппаратуралары т.б.;
Mәлімет шығару жабдықтары – декодтауыш құрылғымен біріктірілген автоматтық перфорациялауыш машиналар, автоматты басу машиналары т.б.;
Mәлімет іздейтін және оны сақтайтын жабдықтар – картотека сұраптағыштар, документ іздеу машиналары, көп таңбалы сандарды жинақтай алатын және сыйымдылығы көп еске сақтау құрылғылары бар арнаулы мәліметтік электрондық машиналар;
Байланыс жабдықтары – телеграф, телефон, радио аппаратуралары, ішкі байланыс және сигнализация құралдары – директорлық және диспетчерлік телефон коммутаторлары, ішкі АТС, селекторлар, электрлік, механикалық және пневматикалық тәсілдермен документ беру құралдары т.б.[5]
