- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Мазмұны
- •1 Автоматтандырылған жұйелер. Негізгі түсініктемелер
- •1.1 Автоматтандыру негізгі кұралдары
- •1.2 Сабақ өткізу барысында программалық тілдің маңыздылығы
- •1.3 “Mathematica 8.0” программасы
- •1.4 “Mathematica 8.0” программасы бойынша слайд жасау
- •2 “Электр энергетикасындағы инжиниринг және автоматтандыру” пәні бойынша инновациялық білім беру
- •Топтық жұмыс инновациялық білім беру әдісі ретінде
- •2.1 Топтық жұмыс дайындық және де белсенділікті анықтау әдістері
- •2.3 Топтық жұмыстың артықшылығы
- •Қолданылған әдебиеттер
2.1 Топтық жұмыс дайындық және де белсенділікті анықтау әдістері
Топтық оқыту танымдық белсенділікті қалыптастыруда үш кезеңге бөліп жүргізілді
Бірінші кезең:
- танымдық тапсырмаларды мұғалімдердің белгілеуі;
- жұмыстың бірізділігінің нұсқасы;
- дидактикалық материалдарды тарату
Екінші кезең:
- алынған тапсырмалармен танысқан соң топ жұмысын жоспарлау;
- топ ішінде алынған тапсырмаларды бөлікке бөлу;
- әрбір оқушылар өзіндік тапсырмаларды жеке орындау;
- жұмыс нәтижесін жеке талқылау;
- берілген тапсырмалардың нәтижесін жалпы қорытындылау
Үшінші кезең:
- топтың хабарламасы;
- топтың жұмысына сараптама;
- қойылған міндеттерді орындау туралы қорытындылар;
- берілген міндеттердің нәтижелілігі.
Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесін пайдалану әдістемесін келесі параграфта қарастырамыз.
Топтық оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың мазмұны
Топтық оқыту негізінде оқушының дайындық деңгейін анықтау
2.3 Топтық жұмыстың артықшылығы
Топтық жұмыстың артықшылығы:
Оқушылар өзара достық қатынаста болады;
Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді
Өзгелергеойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;
Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;
Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.
Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.
Оқушыларды тиянақты біліммен қаруландыру, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру жас ұрпақтарды өмірге, еңбекке даярлау – міне бұл әрбір оқытушының негізгі міндеті.
Қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін қолдана отырып оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту мысалы физикалық диктант, тест тапсырмалары, топпен жұмыс істеу арқылы тірек схемаларды пайдалану, логикалық сұрақтар мен есептер шығарту т.б. өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - өткен материалды қайталап бекіту, жалпылау жүйелеу келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшуге үлкен мүмкіндік береді.
Жалпы өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен білім беретін оқу орындарында-оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып оларды қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін дамыту қажет.
Физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдылық белсенділігімен ізденпаздығын арттыруға негізделген оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілетімен шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Сабақ жүргізу нәтижесінде тәжірибе жинақталып, оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыға түсуіне, олардың пәнге деген қызығушылығының деңгейін арттырып, тынымсыз еңбегінің нәтижесінде игеруге бірсарындылықтан құтылуға, ұмтылысын, ізденісін арттырудың бірден бір әдісі топпен оқыту.
1. Топқа бөлімді бірнеше әдістермен жүргізуге болады.
А) оқушылардың білім деңгейіне қарай орналастыра білу жақсы және өте жақсы оқитын оқушылар қалғандарына консультант бола алады.
Ә) білім деңгейіне қарай топтау. Өте жақсы менгергендер, жақсы меңгергендер орташа және нашарлар біртіндеп сатылап көтеріле алады.
Топтау әдістерінің тиімділігі.
1) оқушының бір-біріне жолдастық, достық қарымқатынастары арта түседі.
2) Бір-біріне бар ынта жігерлерімен көмектесуге, үйретуге болады, үйрете жүріп өзіде үйренеді.
3) топтың жарыстары кезінде, ұйымдастырушылығының қабілеті арта түседі.
4) Бір сабақтың үстінде бірігіп, материалдарды толық қамтуға мүмкіншілік туады.
5) Бағалау жүйесін салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аламыз.
6) Оқушылардың өз бетінше ізденістері туындайды, қосымша оқулықтарын немесе өз оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
7) Өз білімі мен жолдастарының білімін, саралай білуіне толығырақ мүмкіншілік туады.
Осы мақсатта физика пәнінен сабақ беретін топтарда топпен жұмыс істеп біршама жетістіктерге жетуге болады. Атап айтқанда сөйлеу қабілеттері төмендеу оқушылардың өздері ізденіп мүмкіндіктерін салып топқа өз үлестерін қосады.
Қорытынды
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Физика саласында да сонымен қатар бұл диссертация бойыншада инновациялық оқыту әдістерін қолдану алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Сондықтан да бұл диссертация бойынша жаңа компьютерлік программалау тілі және де оқыту әдісі байланысты жасақтадым. Осы алған мәліметтер бойынша келесі жылы практикалық сабақ беру барысында жақсы не жаман екендігін анықтаймын.
