- •1 Арнайы бөлім
- •1.1 Жартылай өткізгіштік түзеткіш диодтар
- •1. Сурет. Жартылай өткізгіштік диодтың вольт – амперлік сипаттамасының температураға байланысты өзгерілуі: а − германийлі диодтың; б − кремнийлі диодтың
- •2. Сурет. Түзеткіш диодтарының параллель қосылуы
- •8. Сурет. Бір жартыпериодтық түзеткішті зерттеу сұлбасы
- •9. Сурет. Түзеткіштің осциллограммасы. Диодтың тура полярлығы.
- •2 Техникалық бөлім
- •2.1 Зертханалық макетін реттеу және қалыпқа келтіру
- •10. Сурет. Платада жиналған макеттің жалпы түрі
- •3. Сурет. Түзеткіш диодтарының тізбектеліп қосылуы
- •1.2 Жартылай өткізгіштік диодтарды зерттеу макеті
- •Сурет. Диодтың тура қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу
- •Сурет. Германийлі және кремнийлі диодтардың тура қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамаларының үлгілері
- •7. Сурет. Германийлі және кремнийлі диодтардың кері қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамаларының үлгілері
- •11. Сурет. Dt-830b мультиметрі
- •3 Есептеу бөлімі
- •3.1 Сенімділікті есептеу
- •Тоқтау интенсивтілігі
- •3.1. Кесте
- •3.2. Кесте
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Техника-экономикалық есеп
- •Сатып алынушы өнімдерінің құны
- •4.1. Кесте
- •4.2. Кесте
- •5 Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімі
- •5.1 Электрмонтаждық жұмыстарындағы еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік
- •Қорытынды
3. Сурет. Түзеткіш диодтарының тізбектеліп қосылуы
1.2 Жартылай өткізгіштік диодтарды зерттеу макеті
Жартылай өткізгіштік диодтарды зерттеу жасап шығарылған стендте өткізіледі. Осы стенд жартылай өткізгіштік диодтарды зерттеу барысында келесі мүмкіндіктер береді:
диодтың тура қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;
диодтың кері қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;
бір жартыпериодтық түзеткішті зерттеу.
Диодтың тура қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасы 4 – суретте көрсетілген сұлбасы бойынша зерттеледі.
Сурет. Диодтың тура қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу
Германийлі және кремнийлі диодтардың тура қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу үшін E1 қорек көзінің басқару тұтқасын баяу бұрап мА1 миллиамперметрдің көрсетуін 10 мА дейін жеткізу қажет. Екі диодтың сипаттамлары бір графикте тұрғызылады. Қажеттік жағдайда E1 қорек көзінің кернеуін 2 В – қа дейін көбейтуге болады.
Сурет. Германийлі және кремнийлі диодтардың тура қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамаларының үлгілері
Диодтың кері қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасы 6 – суретте көрсетілген сұлбасы бойынша зерттеледі.
6.Сурет. Диодтың кері қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу
Германийлі және кремнийлі диодтардың кері қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу үшін E1 қорек көзінің кернеуін 0 – 10 В аралығында өзгерту қажет. Осы жағдайда кері токтың мәні 0 – 0,1 мА аралығында өзгерілуі тиісті.
7. Сурет. Германийлі және кремнийлі диодтардың кері қосылғандағы вольт-амперлік сипаттамаларының үлгілері
Бір жартыпериодтық түзеткішті зерттеуді 8 – суретте көрсетілген сұлбасы бойынша өткізеді.
8. Сурет. Бір жартыпериодтық түзеткішті зерттеу сұлбасы
9. Сурет. Түзеткіштің осциллограммасы. Диодтың тура полярлығы.
2 Техникалық бөлім
2.1 Зертханалық макетін реттеу және қалыпқа келтіру
«Жартылай өткізгіштік түзеткіш диодты зерттеу» зертханалық макеті оқшаулаушы материалдан жасалған корпустың ішіне орнатылған. Электрлік монтажы ілмелі тәсілімен орындалған және электр монтаждық жалғаулар нүктелері дәнекерленген. Платада жиналған макеттің жалпы түрі 10 – суретте көтсетілген.
10. Сурет. Платада жиналған макеттің жалпы түрі
Зертханалық стендін реттеу және қалыпқа келтіру барысында алдын ала мультиметрдің көмегімен электрлік сұлбасының элементтерінің түзулігін және бақылау нүктелеріндегі кернеулерінің тиісті мәндеріне сәйкестігін тексеру қажет.
Мультиметр - реттеу және қалыпқа келтіру жұмыстарын орындау барысында, электрлік тізбектерін және олардың элементтерін тексеруде жиі - жиі қолданылатын әмбебап аспабы.
DT-830B мультиметрі келесі элементтерден тұрады:сұйық кристалды сандық индикатор (дисплей), көп позициялық ауыстырып – қосқыш, өлшеуіш сымдарды қосатын ұяшалар, " 9 вольттық"Крона" батареясы орналасатын қақпағы бар артқы бөлігі.
Айналмалы ауыстырып – қосқышты әртүрлі жағдайларға орнатып,түрлі өлшеу диапазондарын алуға болады. Ауыстырып – қосқыштың жағдайлары келесі секторларға бөлінген:OFF/ON – аспаптың қорек ажыратқышы, DСV – тұрақты токтың кернеуін өлшеу (тұрақты токтывольтметр),ACV -айнымалы токтың кернеуін өлшеу (айнымалы токты вольтметр),hFe– транзистор қосылатын секторы,1.5v-9v – қорек элементтерін тексеру,DCA -тұрақты токты өлшеу(амперметр), 10А – амперметрдыңтұрақты токтың үлкен мәндерін өлшеуге арналған секторы, диод – жартылай өткізгіштік диодтарды тексеруге арналған секторы, Ом – кедергіні өлшеуге арналған секторы.DCV секторы бес өлшеу диапазонына бөлінген және тұрақты токтың кернеуін 0-500 В аралығында өлшеуге арналған. ACV секторы екі өлшеу диапазонына бөлінген және айнымалы токтың кернеуін 0-500 В аралығында өлшеуге арналған. DCAсекторы төрт өлшеу диапазонына бөлінген және тұрақты токты0-200 мАаралығында өлшеуге арналған.Ом секторыбес өлшеу диапазонына бөлінген және кедергіні 0-2 МОмаралығында өлшеуге арналған.
Осы аспаптың ыңғайлығы - тұрақты ток және кернеуін өлшеуде полярлықты сақтауды талап етпеуі. Егер өлшеуіш сымдарының полярлықтары сәйкес келмесе ("+" - қызыл,"-"- қара), экранның сол жағында "-" белгісі шығады, ал өлшеу мәні нақты болып қалады.
