Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП402 Кыдыров рама.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4.2. Кесте

Көрсеткіш

Өлшеу бірлігі

Абсолюттік шама

Материалдар құны

теңге

1156

Еңбекақысы

теңге

5200

Толық өзіндік құны

теңге

15456

Көтерме бағасы

теңге

17774

5 Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімі

5.1 Электрмонтаждық жұмыстарындағы еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік

Электрондық құрылғыларды жасақтаумен айналысатын оқушылар әрдайым электр желісін пайдаланады, яғни электр аппараттары мен құралдарына адамның өміріне қауіпті 220 В кернеулі айнымалы ток қорегін алады. Сондықтан, электрондық құрылғыларды жасау, бабына келтіру және реттеу үрдісінде электр тогін абайсыз пайдалану қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Электр тогін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздерін әр адам білуі тиісті.

Адамға қалыпты жағдайда 50 В - тен аспайтын кернеу қауіпсіз болып есептеледі. 10 мА шамадағы ток адамның жүйкелерінің жеңіл тітіркенуін шақыртады. Токтың шамасы 30 мА дейін көбейуі адамның бұлшықеттеріне әсер етеді, ал 50 мА жоғары ток дем алатын органдарының сал ауруына ұшыратуы мүмкін. 100 мА шамадағы ток өлім қауіп - қатерлі болып есептеледі. Сондықтан, қауіпсіздік сақтау мақсатында, келесі ережелер еске сақталып орындалуы тиісті:

  1. Адам денесі арқылы өтетін токтың шамасы кедергіге тәуелді. Әр адамның кедергісі әр түрлі және ол қолының, киімінің ылғалдығына байланысты төмендейді. Жұмысты бастау алдында адамның қолдары таза және құрғақ болуы тиісті. Сонымен бірге адам денесі арқылы өтетін токтың шамасы адамның денесімен ток өткізгіштердің ақтығысу аймағына байланысты. Шаршап және ауырып тұрған жағдайда электр тогімен жұмыс жасауға болмайды, өйткені адамның реакциясының төмендеуіне байланысты токтың соққысын алу ықтималдығы жоғарлайды.

  2. Іске қосылған блокта, аппаратта екі қолмен бірге немесе бір қолмен металл өткізгішті (құрылғының металл қорабы, корпусы) ұстап екінші қолымен жұмыс жасауға болмайды, өйткені токтың соғу дәрежесі оның өту жолына байланысты. Токтың ең қауіпті жолы – ол адамның екі қолдың арасы немесе сол қол мен аяқтар арасы, өйткені ток жүрек арқылы өтеді. Тәжірибелі монтаждаушылар электр желісіне қосылған аппараттарда негізінен оң қолымен жұмыс жасайды, ал сол қолын бос ұстауға тырысады. Жұмыс орынында аяқ астына оқшаулағыш резиналық кілемшелері төселгені қажет.

  3. Жөндеу жұмыстарын өткізгенде, элементтерді немесе бөлшектерді алмастыру үшін, алдымен электр аппаратын, құрылғысын 220 В кернеулі электр желісінен ажырату қажет. Электр монтаждық жалғауларды дәнекерлегенде электр дәнекерлегіштің бізегі жерлестірілген болуы тиісті (яғни дәнекерлегіштің бізегі жерлестіру құрылғысына қосылған). Электр монтаждық жұмыстарын өткізу алдында электр желісінің қорғағыштарының жарамдылығы тексерілуі қажет.

  4. Элементтердегі кернеуді өлшеу үшін, вольтметрдің бірінші сыртқа шығарылған өткізгішін токтан ажыратылған құрылғының керекті нүктесіне қосып (мысалы, «крокодил» типті қысқыштың көмегімен), ал вольтметрдің екінші сыртқа шығарылған өткізгішін құрылғыны электр желісіне қосқан соң керекті элементтің ұшына тигізеді. Өлшеуді бір қолмен өткізген дұрыс.

  5. Көбінесе оқушылар, қауіпсіз кернеулерден қорек алатын, транзисторлар немесе микросхемолардан тұратын құрылғылар жинақтайды. Әдеттегідей, мұндай құрылғылар қоректі, желілік төмендетуші трансформатор арқылы алады. Осы жағдайда қауіпті кернеу трансформатордың бірінші реттік желілік орамында болады. Сондықтан желілік кернеу тізбектеріндегі монтаждық жұмыстары әбден мұқият орындалғандары қажет (мысалы, ток өткізгіштердің мұқият оқшаулануы, т.б.).

  6. Егер құрылғыда төмендетуші желілік трансформаторы жоқ болса, оның барлық элементтерінің электр желісімен гальваникалық байланысы бар. Сондықтан мұндай құрылғыларының жөндеу, баптау және реттеу жұмыстарын өткізуінде электрлік қауіпсіздікті әсіресе сақтау керек. Жұмыс жасағанда бірінші және екінші реттік орамдары желілік кернеуге есептелген бөлетін трансформаторды қолдану, элементтері мен платалары металл қораптарынан оқшаулануы, аппараттың басқару және реттеу тұтқалары оқшаулаушы материалдардан жасалуы қажет.

  7. Құрылғыны желіге қосу алдында сыртқа шығарылған желілік екі өткізгішіне омметрді жалғап қысқа тұйықталудың жоқтығын тексеру және сыртқа шығарылған екі өткізгішінің арасындағы оқшаулық кедергісін өлшеу қажет (10 Мом төмен болмауы тиісті). Элементтерінің электр желісімен гальваникалық байланысы бар құрылғыға өлшеуіш аспабын құрылғының электр желісінен ажыратылған жағдайында жалғауы жөн.

  8. Электр қорек көзін ажыратқан соң құрылғыдағы жоғарғы вольттік конденсаторлар біраз уақыт зарядттарын сақтап тұрулары мүмкін, сондықтан жұмыс жасау алдында конденсаторларды кедергісі 100 Ом резистор арқылы конденсаторларды разрядтаған жөн. Электролиттік конденсаторлар полярлықтарын сақтамай жалғағанда алдынала кызып жарылуы мүмкін.

  9. Ақаулығы бар іске қосылып тұрған құрылғылар мен аппараттарды қараусыз тастауға болмайды, өйткені олардан өрт пайда болуы мүмкін.

  10. Адамға қауіпсіз болып кернеуі 50 В электр ток көзі есептеледі, сондықтан дәнекерлеу жұмыстарына 36 В немесе 42 В электр дәнекерлегіштерді пайдаланған жөн. Дәнекерлегішпен жұмыс істеген кезде балқыған дәнекердің қалдығын дәнекерлегіштің бізгегінен соғып, сілкіп түсіруге болмайды, өйткені ол шашырап адамның ашық денесіне немесе көзіне тиіп күйдіруі мүмкін.