Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdyk_zhumys_IE.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
483 Кб
Скачать
☆

1.2 Delphi және автоматтандырылған ақпараттық жүйе

Ақпараттық жүйелерді құру барысында еңбек шығынының негізгі үлесі қолданбалы бағдарламалық жасақтамамен мәліметтер қорына түседі. Сондықтан бағдарламалық жасақтама өндірісі бүгінгі күннің дүние жүзілік экономиканың ең ірі салаларының біріне айналып отыр. Бағдарламалық инженерияның қалыптасуы мен даму үрдісінде бағдарламалық жасақтаманы жүйелендіру және стандарттау негізгі кезеңдері болып табылады.

Бағдарлмалық инженерияның негізгі идеясы – бағдарламалық жасақтаманы құру үрдісін формальды үрдіске айналдырып, оны одан әрі зерттеп дамытуға бағытталған.

Бағдарламалық жасақтаманы құрудың әдістері мен құралдарын меңгеру және дұрыс қолдану ақпараттық жүйе сапасын көтеруге, ақпараттық жүйені жобалау үрдісін басқаруды қамтамасыз етуге және оның өмір сүру уақытын ұзартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақыттағы ақпараттық жүйелердің ең ірі жобалары келесі ерекшеліктермен сипатталады:

- Мұқият үлгілеуді және мәліметтер мен үрдістерді талдауды талап ететін сипаттама күрделілігі;

- Жергілікті есептері мен функцияналдау мақсаттары бар тығыз өзара әрекет етуші компоненттердің бар болуы;

- Қандай да бір типтік жобалық шешімдермен қолданбалы жүйелерді қолдану мүмкіндігіншектейтін толық аналықтарының бар болуы;

- Бар және жаңадан құрылып жатқан қолданбаларды интеграциялау қажеттігі;

- Біртекті емес ортадан бірнеше ақпараттық платформада функцияналдау;

- Әзірлеуші топтардың біліктілік деңгейі бойынша және қандай да бір инструменталдық құралдарды қолдану әдеттеріне байланысты бір шешімге келе алмауы;

- Берілген уақытта жүзеге асырылуын талап ету.

Соңғы кезде бадарламалауға деген қызығушылық өте үлкен сұранысқа ие болды. Бұл ақпараттық-коммуникативтiк технологияның дамуымен және күнделiктi өмiрге енуiмен байланысты. Егер адам компьютермен жұмыс iстесе, онда ертелi ме, кеш пе, әйтеуiр, адамда компьютерге деген қызығушылық сезiм туады, ал кейде бағдарламалауға да ынта пайда болды.

Жаңа бағдарламалау жүйесінің негізгі өзгерістері ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

- Object Pascal жаңа бағдарламалау тілі, Borland Pascal тілінің бұрынғы нұсқасының өңделген түрі болып табылады;

- RАD (RАРID АРРLIСАТION DЕVЕLОРМЕNT) өңдеу технологиясына бағытталған бағдарламалау ортасының компонентті модулі.

Object Pascal бағдарламалау тілі өңдеу құралдарының нарығында C++, Java сияқты объектілі-бағдарланған тілдермен қатар пайда болды. Borland компаниясы объектілі-бағдарланған тілдерді дамытып, Object Pascal тілін құруда өз тәжірибелерінің жетістігін көрсете білді. Жаңа тіл синтаксис жағынан да, ұсынылатын мүмкіндіктер жағынан да сәтті шықты. Бұл тіл объектілі-бағдарланған бағдарламалаудың барлық негізгі механизмдерін қамтыды.

Delphi ортасы – жұмысын аса тиімді қамтамасыз ететін, бағдарламалау тілі барысында Object Pascal тілі қолданылатын ақпаратты жылдам өңдеу ортасы. Delphi-де жобалауға қажеттілердің барлығы бар, бағдарламаны жіберу және тестілеу және басты мақсаты бағдарлама жасау процесі жеңілірек болып табылады. Жылдам өңдеу жүйелерінің негізінде визуальді жобалау технологиясы және бағдарламалау оқиғалары жатады. Delphi – қатаң типте бағытталған тіл.

Borland Delphi бағдарламалау жүйесі Windows операциялық жүйесінде орындалатын нәтижелеуші бағдарламалауды құруға арналған. Borland Delphi бағдарламалау жүйесінің және оның компоненттік үлгісінің негізін VCL (Visual Component Library) кітапханасы құрайды. Бұл кітапханада операциялық жүйе интерфейсі мен басқаруының негізгі орындары компонент түрінде жүзеге асырылған. Сондай-ақ, мұның құрамында «клиент-сервер» құрылымындағы нәтижелеуші бағдарламаларды өңдеу үшін Borland Delphi құрамындағы BDE (Borland Database Engine) тәсілі еніп отыр. Енді ол нәтижелеуші бағдарламалар VCL кітапханаларының көмегімен мәліметтер қоры серверлер диапазонына шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. BDE көмегімен нәтижелеуші бағдарламалар Microsoft SQL, Server, Interbase, Sybase, Oracle және таңы басқа типті мәліметтер қоры серверлермен өзара жұмыс жасайды.

Borland Delphi бағдарламалау жүйесі бірнеше рет жаңарып, қолданушыларға бірнеше жаңартылған нобайларды ұсынды. Жүйенің соңғы нобайында қосымшаның үш деңгейлі құрылымдық нәтижелеуші бағдарламаларды өңдеу тәсілдерінің жинағы қамтылған. Borland Delphi бағдарламалау жүйесі берілген құрылымның серверлік, сондай-ақ клиенттік бөлімін өзгертуге мүмкіндік береді.

Delphi-ге өте қарапайым түрде Borland Delphi 7 менюінен Delphi 7 командасын таңдау арқылы кіруге болады.

Есептеуiш техниканың жедел дамуы және эффектiлi ақпаратты қамтамасыздандыруды өңдеу қажеттiлiгi, бағдарламалау жүйесiнiң пайда болуына жол ашып, жедел өңдеу деген атқа ие болдырды. Жедел өңдеу жүйесiнiң негiзiнде (RАD жүйесi, RАРID АРРLIСАТION DЕVЕLОРМЕNT - жедел өңдеу ортасы) визуалды технологияның жобасы және ақпараттанудың объектiлеу түрi жатады. Және олардың мақсаты - өңдеу ортасы өзiне түйiннiң үлкен бөлiгiн алып, бағдарламалаушыға диалогтiк терезелердi құрумен және оқиғаны өңдеу функциясын жасап көрсету.

RАD жүйесiнiң iшiнде Borland Delphi ортасы ерекшеленеді және ол әр түрлi бағдарламаларды құруға мүмкiндiк бередi: қарапайым бағдарламалардан берiлгендер базасының басқаруына дейін. Borland Delphi ортасында бағдарламалау тiлi ретiнде Delphi тiлi қолданылады. Және бағдарламалаушыларға танымал Раsсаl-дың тiкелей ұрпағы болып есептеледi.

Delphi тілiндегi қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы бағдарламалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әр түрлi басқару элементтерiнен құралған бiрнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстiк бөлiгін жобалауға, бағдарламаның кодын жазуға және оны басқару элементтерiмен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстаржәне бағдарламаны түзету, оны орындау әрекеттерi IDE ортасында орындалады.

Delphi-дiң IDE ортасы көптерезелiк жүйе деп саналады. Интерфейстiң құрамына 4 терезе кiредi:

1)Негiзгi терезе (Project 1);

2) Формалар құрастырушысының терезесi (Form1);

З) Объектілер бақылаушысының терезесi (Object Inspector);

4)Бағдарлама кодының терезесi (Unit1.pas).

Негiзгi терезеден басқа терезелердi жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемiн өзгертуге болады. Delphi бiр құжаттық орта, яғни бiр мезгiлде тек қана қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Бағдарлама жобасының атауы негізгі терезенiң жоғары қатарында көрсетiледi.

Терезелердi кiшiрейту, үлкейту, жабу әрекеттерi осы әрекеттердiң ортасында орындалуымен бiрдей болып келедi.

Форманың терезесінен Unit кодына және одан керi өту F12 пернесi арқылы орындалады.

Кейде Delphi жүктелгенде, Unit терезесi төмендегiдей (2-сурет) шығуы мүмкiн. Сол жақтағы терезе Browser терезесi деп аталады және бұл терезе арқылы бағдарламаның құрылымымен танысуға болады. Delphi ортасынан шығу үшiн негiзгi терезенi жабу керек

2-сурет. Browser терезесінің көрінісі

  1. Негiзгi терезе

Негiзгi терезе бағдарламаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы iске қосылып тұрғанда мiндеттi түрде экранның жотғары қатарында орналасады (3-сурет).

Бұл терезеде Delphi-дiң негiзгi меню жүйесi, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер жинағы (палитрасы) орналасады. Негiзгi меню жүйесiнің опциялар тақырыптарының құрамына iшкi меню кiредi.

3-сурет негізгі терезенің көрінісі

Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында ||| қойылған арнайы тақташаларда орналасады. Негізгі менюден басқа элементтерді тақташадағы ||| таңба арқылы негізгі терезеден тыс экранның кез келген жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастаіға болады.

Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан батырмасын басып, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады (4-сурет).

Пиктограммалық батырмалар

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды операцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген. әр топ бөлек тақташада орналасады.

4-сурет. Тақташалар құрамын икемдеудегі терезелер

Компоненттер жинағы

Компоненттер жинағы - Delphi-дiң негізгі байлығы. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады (5-сурет).

Компонент деп белгілі бір қасиеттерге иемденген және форма терезесінде кез келген объекті орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды.

5-сурет. Компоненттер жинағының терезесі

Delphi ортасының компоненттері бірнеше топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен бағдарламаның негізгі қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с). Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін Компоненттер палитрасына кіретін кез келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң жақ батырмасын шертіп, арнайы редакторды іске қосуға болады. Ашылған менюдегі Properties (қасиеттері) пунктін таңдау керек (6-сурет).

6-сурет. Компоненттер терезесі

  1. Форма құрастырушысының терезесі

Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі – болашақ бағдарламаның Windows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегінен – Windows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.

Бағдарламалаудағы айтарлықтай уақыт Lego конструкторының детальдарымен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.

Бұл ерекшелік – визуалды (көзбен шолу) бағдарламалаудың негізі. Бағдарламалаушы әр мезгілде құрылатын бағдарламаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмкіндігімен қамтылады.

3)Объектілер бақылаушысының терезесі

Формадағы орналасқан әр компонент өзінiң орын-жайымен, мөлшерiмен, түсiмен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру File => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бiр компоненттi, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшiн Компоненттер жинағындағы Standard бетбелгiсiне шерту арқылы екпiндi күйге келтiрiңiз.

Button батырмасының кескiнін ажырату үшiн тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгiлердің үстiнен жылжытып көрiңiз. Осы сәтте компоненттердiң аты шығып тұрады.

Қажеттi компонентті белгілеп алып, тышқанды форма аумағының кез келген жерiне шертсеңіз, форманың бетiнде Button1 элементi пайда болады. Компоненттiң формадағы орын-жайын, мөлшерiн форма терезесiнде бiрден өзгертуге болады, ол үшiн компоненттi тышқанның сол жақ батырмасымен белгiлеп, ендi белгiленген компоненттi тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аумағының кез келген жерiне жылжытуға болады. Мөлшерiн өзгерту үшiн тышқанды элементтi қоршап тұрған кез келген төрт бұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тiлсызықты тышқанның басылған сол жақ батырмасымен жылжытыңыз. Компоненттi жою үшiн оны белгiлеп, Delete пернесiн басса жеткiлiктi.

Компоненттiң басқа параметрлерiн өзгерту әрекеттерi Объектiлер бақылаушысы арқылы немесе бағдарламаның денесiнде орындалады. Объектiлер бақылаушысының терезесi екi парақтан құрылады: Properties – қасиеттері және Events - оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттiң қасиеттерi-параметрлерi анықталады, ал Events парағы арқылы компоненттi әр түрлi оқиғаларға сәйкес сезiндiрудi анықтайды.

Form1 терезесiнде орналасқан Button1 батырмасы – компонент, оқиға – осы батырманы басу, ал оқиғаға сезiндiру – осы батырма басылғанда, қандай амалдар орындалады – сонны анықтауды қажет етедi.

Объектiлер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдiң немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдiң мәнi немесе оқиғаны өңдейтiн iшкi бағдарламаның атауы орналасады.

Кестенiң кез келген жолын тышқанды шерту арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделi болуы мүмкiн. Қарапайымдарға бiр мәнiмен анықталатын – сан, символдар жолы, True немесе False мәндерiн қабылдай алатын және т.с.с. компоненттiң қасиеттерi жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиетi бiр символдар жолымен, Enabled (қол жетерлiк)- True немесе False мәндерiмен, ал Heigh (биiктiгi) және Width (ұзындығы) нақты бiр сандық шамалармен анықталады.

Компоненттің күрделi қасиеттер құрамына бiрнеше мәндер тiзiмi кiредi. Олардың сол жағында “+“ белгi тұрады.Осы тiзiмдi ашу үшiн “+“ белгiсiн тышқанмен шертсе жеткiлiктi. Тiзiмдi жабу амалы қасиеттiң “-“ белгiсiн басқанда орындалады. Жолдың оң бағанасын шерту арқылы қасиеттiң мәнiн шығаруға болады.

Объектiлер бақылаушы терезесiнiң жоғары жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар тiзiмi орналасып тұрады. Объектiлер бақылаушысының терезесiн тышқанның оң батырмасымен шеркенде локальды менюi шығады. Меню құрамындағы бiрнеше опциялары терезенi икемдеуге мүмкiндiк туғызады, мысалы Stay on top опциясы екпiндi болса, онда Объектiлер бақылаушысының терезесi әрқашанда басқа терезелердiң үстiнен орналасып тұрады.

4)Бағдарлама кодының терезесi

Бағдарлама (немесе модуль) кодының терезесi бағдарламаның мәтiнiн құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтiн арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесiнде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы Object Pascal бағдарламалау тiлi қолданылады. Delphi ортасы iске қосылғанда бағдарлама кодының терезесi Windows ортасының бос терезесiнiң бастапқы кодынан (яғни минималды қажеттi кодынан) тұрады:

unit Unit1;

interface // интерфейстік бөлігі

uses // спецификациясы

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs; // стандартты модульдер

Type

TForm1 = class(TForm)

Private

{ Private declarations }

Public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

Implementation //орындалатын бөлігі

{$R *.dfm}

end.

Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.

Жобаны құру барысында осы кодқа қажеттi өзгерiстер енгiзiледi. Delphi ортасы unit Unit1; және Implementation қатарларының аралығын өзгертiп отырады, ал бағдарламаушының жұмыс аумағы - {$R *.dfm} және end қатарлар аралығы.

Визуалды бағдарламалаудың негiздерi

Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестiң тығыз әрекеттестiгiне негiзделген: бағдарламаның құруын визуалды (яғни оның Windows-терезесiн) көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшiн код терезесi, ал бағдарламаны құру үшiн Delphi ортасының басқа терезелерi қолданылады.

Форма терезесiнiң мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз байланысын Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формадағы жаңа элемент орналастыруы бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруiне себеп болады, керісiнше бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған кейбiр элементтерiн алып тастау әрекеттерi формадағы сәйкес компоненттердiң жойылуына алып келедi.

Осыны ескере отырып, бағдарламалаушылар жұмысты алдымен қажеттi компоненттердi формаға орналастырудан бастайды, сонан кейiн (қажет болса) жұмыс барысындағы компоненттiң бет алысын анықтайтын бағдарламаның үзiндiсiн жазады.

Бос форма

Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. File/New Application опцияларын таңдап, бағдарламаны іске қосуға болады.

Форма қасиеттерін өзгерту

Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS, DFM және DCU файлдарын құрады. PAS-файлында бағдарлама кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM – файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал DCU – файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін EXE – файлы құрылады.

Delphi мүмкіндіктерін және визуальды жобалау технологиясын көрсету үшін алдымен құрылу тәсілдерін біліп алған жөн болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]