Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломная работа Галия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

Жас аралық құрылымының шұғыл хабарлама арқылы қызылшаның үлестірілуі

Қызылша вирусына ең сезімтал жас болып табылады:

-14 жасқа дейінгі балалар , үлесі - 43,2 % (көрсеткіш-114,5 ).Ең көп сырқаттанушылықты 1 жылы дейінгі балалардың 59,4 % , 1-4 жылы28,1% құрайды.

- Ересектер жастағы 20-29 жастағы, үлесі - 21,6 % (көрсеткіш-68,6), 30 және одан жоғары жаста - 19,6% (көрсеткіш - 16,9) ;

- 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер 15,5 % (көрсеткіш - 135.0 )

Кәсіби-әлеуметтік қызметкерлер құрамы бойынша қызылша сырқаттанушылығын бөлу ( шұғыл хабарлама үшін) :

барлығы

Жылдар

Өсу және кемуі

2014

2015

Ұйымдастырылған

8

4

4 жағдайға кемуі

Ұйымдастырылмаған

76

54

22 жағдайға кемуі

оқушылар

17

8

9 жағдайға кемуі

Студенттер

268

34

234 жағдайға кемуі

Әскери қызметкерлер

9

2

7 жағдайға кемуі

Жұмыссыз халықтар

23

6

17 жағдайға кемуі

Үй шаруасындағы әйелдер

27

10

17 жағдайға кемуі

мұғалімдер

8

-

8 жағдайға кемуі

Сауда жұмыскерлері

11

6

5 жағдайға кемуі

қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері

4

1

3 жағдайға кемуі

қызметкерлер

2

4

2 жағдайға өсуі.

Медицина қызметкерлері

10

3

7 жағдайға кемуі

Өзге қызметкерлер

59

15

44 жағдайға кемуі

мүгедектер

-

1

8 жағдайға өсуі

басқалары

23

-

23 жағдайға кемуі

Қорытынды:

545

148

397 жағдайға кемуі

1.3. Қызылша инфекциясына эпидемиялық бақылау

Эпидемиялогиялық процесске әртүрлі жастағы контингенттер тартылған, қызылша жұқтыру қаупіне ең сезімтал болып табылады : ұйымдастырылмаған балалар (индекс - 348.6 ) , студенттер (индекс - 168.4 ) жұмыс істейтін халықтың (сурет - 16,1 ) , үй шаруасындағы әйелдер (индексі - 53,1 ) .

Қызылша бойынша тіркелген барлық жағдайларда, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданында тұратын, сондай-ақ басқа аудандарда тұратын жоғары оқу мен орта оқу орындарының студенттері 25,5% құрайды.Қызылшаға қарсы екпе алғандар арасында бір реттен кездескені-2 ( Қазыбек би - 1 , басқа да аудандар- 1) екі реттен - 30 ( Қазыбек би - 18 , басқа да аудандар- 12) , екпе дәрежесі белгісіз адамдар арасында - 15 (Қазыбек би-9 , басқа да аудандар- 6), екпе алмаған тұлғалардың арасында -2 ( Қазыбек би- 2 , басқа аудандар- 0) , бір рет НДИ кезінде егілді - 2 ( Қазыбек би - 2 , басқа аудандар- 0) эпидемиялогиялық көрсеткіш бойынша егілді -2 ( Қазыбек би - 2 басқа аудандар-0). Студенттер арасында сырқаттанушылық байланысы: 1 жағдайда оқу орны бойынша, тұрғылықты орны бойынша ( жатақхана, подъезд) -3, үй 1ошағында-2.

Барлығы 8 ЖОО, 8 колледж зақымдалған.

1) РГП на ПХВ « Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университеті»: барлық ауырған студенттер-13 (Қазыбек би ауданында 9 жағдай, басқа аудандарда- 4 жағдай). Ауырғандар арасында, Казыбек би ауданында тұратындар: екі реттен егілгендер-3, бір вакцинадозасы бар-1, деректі дәлелдері жоқ-3, эпидемиялогиялық көрсеткіш бойынша егілгендер-1, НДИ кезінде егілгендер-1.

2) РГП на ПХВ «Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті» 2 ) РМК барлық ауырған студенттер– 7 (Казыбек би ауданында 7жағдай). Ауырғандар арасында: екі реттен егілгендер-5, деректі дәлелдері жоқ-1, егілмегендер-1, ( тұрақты медициналық көрсетімдер ) . Тұрғылықты жері бойынша аурудың байланысы (подъезд) – 1 жағдай, үй ошағында -1жағдай.

3)“ Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті”ШЖҚ-ға РМК; 4 студент қана ауырды(Қазыбек биде 3 жағдай, басқа ауданда 1 жағдай), ауырғандар арасында: екі реттік келуі-3(Қазыбек биде-2, басқа аудандарда-1), ешқандай құжаттық растаусыз-1.

4) “Болашақ” Академиясы ЧУ; қызылшаға қарсы Қазыбек би ауданындағы 1 студент екінші реттік келуі.

5) “Орталық-Қазақстан академиясы” ЧУ; Октябрский ауданында тұратын бар жоғы 1 студент( 063/у формасы жоқ)

6)”Қарағанды Экономикалық Университеті” НУ; Қазыбекби уданында туратын 1 студент ауырды.

7) “Болашақ” Колледжі ЧУ; ауырғандар-10 (Қазыбек би ауданында -5, басқа аудандарда-5 жағдай). Қазыбек би атында тұратын ауырғандар арасында: екініш реттік келу-4, ешқандай құжатсызрастаусыз-1. Басқа аудандарда туратын ауырғандар арасында: екінші ретік келу-5. Бір топта бір уақытта 2 студент ауырды.

8)”Политехникалық Қарағанды Колледжі” КМҚК; ауырған студенттер-6 (Қазыбек биауданында-3, басқа ауданда-3 жағдай). Қазыбек би атында тұратын ауырғандар арасында: екініш реттік келу-1, ешқандай құжатты растаусыз-2. Басқа аудандарда туратын ауырғандар арасында: екінші ретік келу-3. Бір топта 3 студент ауырды, оның ішінде бір уақытта-2, контакт арқылы-1.

9)”Қарағанды қаласының Медициналық колледжі” КМҚК; ауырған студеттер-3(Қазыбек би ауданында-1 ( 063/у формасы жоқ), басқа аудандарда-2 (екініш реттік келу-1, ешқандай құжатты растаусыз-1)

10)”Көпсалалы гуманитарла-техникалық колледж” ЧУ;аурырған студенттер-2 (Қазыбек би ауданында-2), екініш реттік келу-2, 063/у формасы жоқ

11)”Қарағанды транспорттық-техникалық колледж” ҚММ; ауырған студенттер-2, Қазыбек биауданында-1, басқа ауданда-1 жағдай. Қызылшаға қарсы жасқа байланысты екі студет екі рет келеді.

12)”Қарағанды коммерсиялық колледж”ЧУ; Қазыбекби ауданында туратын қызылшаға қарсы екі рет келген1 ғана студент ауырған.

13)”Экономика , кәсіп, құқық колледжі”ЧУ; Октябрский ауданында туратын 1 ғана студент ауырған. 063/у формасы жоқ

14)”Шынайы гуманитарлы колледж”ЧУ; Октябрский ауданында туратын қызылшаға қарсы бір рет келген тек 1 ғана студент.

Вакцинация статусы бойынша Қызылша ауруының таралуы

(шұғыл хабарлама үшін):

Шарттар бойыша егілмегендер

0 доза

1 доза

2 дозы

Белгісіз сан

НДИ

1 доза

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша

1 доза

Барлығы

1-жаска дейін

38

-

-

-

-

-

-

38

1-4 жас

-

13

3

-

-

-

1

17

5-9жас

-

2

2

3

-

-

-

7

10-14 жас

-

-

-

2

-

-

-

2

Барлығы 14 жасқа дейін

38

15

5

5

-

-

1

64

15-19 жас

-

-

-

17

4

2

-

23

20-29 жас

-

3

1

3

23

-

2

32

30-дан жоғары

-

-

-

-

29

-

-

29

Барлығы

38

18

6

25

56

2

3

148

Қызамық инфекциясы Қарағанды қаласына тән кейбір эпидемиологиялық ерекшеліктері.Қызамықты тіркеу эпидемия барысының табиғи жағдайда (таралуына жасанды тосқауылсыз) өткенімен, оның таралу қарқынында едәуір айырмашылықтар байқалмай қалған жоқ. Эпидемиялық процесс серпіні, құбылмасы республика көлемінде біркелкі баяу дамыды: 100 мың адамға шаққанда ең үлкен көрсеткіш – 219,4%000 1986 жылы, ал ең кіші көрсеткіш – 50,2%000 1995 жылы байқалды. Қарағандыда қызамық таралымының жылдық амплитудалары кең және жоғары диапазонда өтіп жатты: ең үлкен сырқаттылық көрсеткіші – 423,5 1986 жылы, ал ең кіші көрсеткіш – 28,2%000 1993 жылы тіркелді. Жоғарыда көрсетілген ең шеткі жылдық көрсеткіштердің алдағы эпидемиологиялық талдауға кері әсерін тигізбеуі үшін қатардан шығарылуға жататын өрескел, ырғушы шамаларына әдейі статистикалық талдау жүргізілді. Бұл талдау біз ұсынған эпидемиологиялық кезеңдерге орай жасалды.Барлық кезеңдерде сырқаттылықтың жылдық көрсеткіші динамикалық қатарда қалдырылды. Сырқаттылық көрсеткіштерінің айырмасы бәсең ҚР-да бұл орайда арнайы талдаудың қажеттілігі болған жоқ.Қарағанда қаласындағы қызамықпен сырқаттылық республика көлеміндегі сырқаттылықпен салыстырмалы түрде берілген. Эпидемиологиялық әр кезеңнің 100 мың адамға шаққандағы орта сырқаттылық көрсеткіші сенім шектерімен қоса келтірілген.Сенім шектерінің мәндеріне жүгінсек Қарағанды қаласына тән кезеңдер арасындағы айқын айырмашылық тек I және II, II-III кезеңдер арасында ғана бар. Келтірілген сырқаттылық қатынастары Қазақстан Республикасында да орын алып тұр. Яғни, «табиғи» жағдай кезеңдеріндегі Қарағанды мен Республика көлеміндегі қызамыққа тән эпидемиялық процесс бағыттас. Бұл айтылғандар бір аумаққа тиіс болса, әр аумақтағы кезеңдер арасындағы қатынас өзгешелеу. II-III кезеңдерде эпидемия барысы екі аумақта да ұқсас түрде өтті деуге болады. I-кезең үшін жағдай басқаша ҚР-дағы сенім шектері Қарағанды қаласыны тегіс «жұтылған». Бұл қаласындағы қызамық таралымы инфекция үшін өте «қолайлы» жағдайда өтті деген сөз. I кезеңдегі Қарағанды қаласындағы сенім шегі ҚР-дағыдан 2,25 есе артық. Дегенмен екі аумақта да 2005 жылға дейінгі қызамықпен сырқаттылықтың орта көрсеткіштері арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ (I–III кезең Қарағанды: I–III кезең ҚР). Біз талдап отырған кезеңдер бойынша сырқаттылықтың жылдық деңгейлері бойынша ұқсастығы болғанымен мерзімі (жыл саны) бойынша шамалы айырмашылығы бар:

Қарағандыда ҚР-да

I-кезең 1980-1989жж. 1980-1990жж.

II-кезең 1990-1995жж. 1991-2000жж.

III-кезең 1996-2004жж. 2001-2004жж.

IV-кезең 2005-2007жж. 2005-2007жж.

Осы фактордың эпидемия процесіне әсерін аластату мақсатымен табиғи дәуірге кіретін алғашқы 3 кезеңді (1980-2004жж.) өзара салыстырылды. Екі аумақта да жыл саны бірдей – 25 жылдан.

Қызамықпен орта сырқаттылық, %000

Қарағандыда – 180,9 ± 20,4

Қазақстанда – 132,1 ± 10,0

Екі орта сырқаттылықтың t айырмасы = 2,15 (0,05 > p > 0,01), яғни қызамықтың таралуы екі аумақта сөзсіз бірдей емес.Қызамық инфекциясы эпидемия барысының IV-кезеңі ерекше – «табиғи» жағдайдағыдай ауру емін-еркін тарауға мүмкіндігі болмай қалды. ҚР Денсаулық сақтау министірлігі бекіткен «Қызылшаны аластау (элиминация), қызамықпен сырқаттылықты азайту және туыла біткен қызамық синдромынан сақтау жөніндегі Біріктірілген Бағдарлама (2002-2010 жылдарға арналған)» бойынша Республикада қызамыққа қарсы екі бөлімді Ұлттық Егу Науқаны (ҰЕН) ұйымдастырылды. Оның екі апталық алғашқы туры 2005 жылдың ақпан-наурыз айларында қос вакцинамен (қызылша, қызамық) жүргізілді. Екінші туры сол жылдың қыркүйек–қазан айларында жалаң қызамық вакцинасымен іске асырылды. Егу науқанында қолданыста болған вакциналар түрі Индия Республикасында жасалған және Қазақстан Республикасында ресми тіркелген. Алғашқы турда қос вакцинамен 15-25 жастағы жасөспірімдер мен жастар, ал екінші турда 26-40 жас арасындағы әйелдер тек қызамық вакцинасымен егілді. Егу науқандары өте қысқа мерзімдерде өткізілгендіктен бұрын егу жұмысымен тікелей шұғылданбаған медицина қызметкерлері тартылды, егу манипуляциясының көпшілігі әдеттегіден тыс әртүрлі мекемелерде ұйымдастырылған уақытша егу кабинеттерінде атқарылды, егілуге жататын жастар мен әйелдердің 2005 жылға дейінгі егу анамнезі және екі инфекциямен ауырған–ауырмағаны мұқият ескерілмеді. Бұл факторлар Егу науқанының болашақтағы тиімділігіне сөзсіз әсер етуі тиіс. Сондықтан алдағы эпидемиологиялық талдауларда олар ескерілуі міндетті.Бір жылда өткізілген ауқымды екі егу науқанының және қызамыққа қарсы вакцинацияның тұрақты түрде жалғасуы (егу календарына кіруі) қызамықтың эпидемиялық процесін өзгертпей қойған жоқ. IV–кезеңнің сырқаттылығына көз салсақ, Қарағанды қаласы үшін 2005 жылдың орыны ерекше. Вакцинациямен қамтудың жоғары қарқыны сол жылғы эпидемия барысына елеулі әсер етпеді. Бұған негізгі себеп – егу компаниясының қаладағы қызамық эпидемиясы жалғасымен тұспа-тұс келуі деп шамалауға болады. Сол жылғы Республика бойынша қызамықпен сырқаттылық көрсеткіші күрт төмендеген. Соңғы аумақтағы егу науқаны қызамықтың эпидемияаралық мерзіміне сәйкес келді. Тағы бір көңіл бөлерліктей жағдай – Республика көлемінде қызамық көрсеткішінің соңғы 3 жылда бірдей төменгі денгейде сақталуы, эпидемия барысының бұндай ұзақ мерзімдік тұрақтылығы бұрын байқалған емес. Қарағанды қаласындағы вакцинация кезіндегі қызамықпен сырқаттылық көрсеткіштері оған дейінгімен салыстырғанда айқын өзгеріске ұшырады, t айырмасы = 3,02 (р=0,01). Республика көлемінде қызамықпен сырқаттылықтың орта көрсеткіші вакцинация кампаниясының 3 жылы ішінде оған дейінгі кезеңмен салыстырғанда орасан зор қарқынмен төмендеді, t айырмасы=21,55, р=0,01. Әрине, көрсеткіштер төмендеуінің абсолюттік шамасына қарап, қызамыққа қарсы вакцинация кампаниясы Қарағанды қаласында, ҚР мен салыстырғанда, анағұрлым тиімсіз жүргізілді деуге болмайтын шығар, бірақ сырқаттылықты тіркеу деректері соған мезгейді. Қарағанды қаласы Қазақстан аумағында халық саны және әлеуметтік мәні бойынша ірі обьект болғандықтан қызамықпен сырқаттылықтың көп жылдық динамикасын кезеңдерге бөлшектемей тегіс қарау өте орынды. Осы мақсатпен 2-суретте Қарағанды қаласы бойынша, 3-суретте Қазақстан Республикасы бойынша қызамықпен сырқаттылықтың көпжылдық сызықтық диаграммалары беріліп отыр.Екі аумақта да вакцинацияға дейінгі (I, II, III-кезеңдер) уақыт мерзімі бірдей–25 жылдан. Қарағанды қаласы бойынша сырқаттанушылық диаграммасына қарап, қызамықтың таралу заңдылығын аңғару мүмкін емес. Сондықтан жылдық нақты көрсеткіштермен қатар теориялық көрсеткіштер де есептелді. Бұл ретте динамикалық қатар құрған жылдық көрсеткіштерді түзеу үшін «ең төменгі квадраттар» әдісі қолданылды (Павлушков И.В., т.б. 2004). Күрделі есептеулер нәтижесінде екі аумақ үшін де қызамық эпидемия барысына тән бірінші реттік парабола формуласына сәйкес түзу сызықтың бағыттары анықталды. Салыстырылып отырған екі аумақта да түзу сызық тенденциясы бағыттас, бірақ төмендеу қарқындары (жылдамдығы) бірдей емес: ҚР-да жылына көрсеткіш 1,16 ғана кемісе, Қарағанды 2,63 бірлікке азайып отырды.Аэрозольдік механизммен берілетін инфекциялардың көпшілігіне циклділік тән екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қарағанды қызамық инфекциясының 2 циклі анық байқалады: біріншісі – 1981 жылдан басталып, 1996 жылмен аяқталады, екіншісі –1996 жылдың орта шенінен басталып, 2005 жылдың басымен шектеледі. 2 циклдің ұзақтығы әртүрлі:I – 15 жылды, II – 10 жылды қамтиды. Екінші циклдің қысқаруына жаппай егу кампаниясының айтарлықтай әсер еткені байқалады.

Қазақстан Республикасында эпидемия барысының бірінші циклі жай басталып (1984ж), ұзаққа созылды – аяқталуы 2000 жылға тура келді (3-сурет). Жалпы ұзақтығы 16 жылды қамтиды. Бұл факт ҚР-да, Қарағандымен салыстырғанда, қызамық эпидемия барысының өте баяу іске асырылатынын растайды. Қызамық инфекциясының таралуына әлеуетті тосқауыл болатындай шара – Ұлттық Егу кампаниясы 2005 жылдың ақпан айында басталғандықтан, бұл жыл да түгелдей иммунизация кезеңіне кіргізілді.

Қарағанды қаласы (2008 жылға дейін) 6 ауданнан тұратыны белгілі, ал әр ауданның, басқасын былай қойғанда, географиялық-климаттық айырмашылықтары бар. Оның үстіне біздің негізгі зерттеулеріміз бір ауданда тұратын жүкті әйелдер болмағандықтан, қызамық эпидемия барысын аудан аралық салыстыруды жөн санадық. 4,5-суреттерде иммунизация жүргізілген 3 жыл және оған дейінгі 3 жылға әр ауданға тән қызамықпен сырқаттылықтың түзу сызықтық тенденциялары Қарағанды қаласы фонында берілген.

ҰЕК – Ұлттық егу кампаниясы.

Бұл тенденция сызықтары суреттерінен мынандай қорытындылар туындайды:

•Қарағанды қаласы сияқты оның барлық аудандарында да қызамықпен сырқаттылық тенденциялары төмен қарай бағытталған;

Сонымен, соңғы екі ауданда да қызамықпен сырқаттылықтың төмендеу жылдамдығы, Қарағанды қаласымен салыстырғанда, айқын аз (t-айырмалары 3,0 сенімділік коэффициент 2,0-ден анағұрлым жоғары).Келесі кезекте әр аудан және Қарағанды қаласы өз ішінде иммунизацияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдерде сырқаттылық деңгейі бойынша салыстырылды (6-сурет). Сырқаттылық деңгейлері айырмашылығы көрнектірек болуы үшін аудан бойынша әр кезеңге сенім шектері есептелді. Нәтижесінде Қарағанды қаласы мен 5 ауданда сенім шектері ешбір қиылыспады.Сондықтан маусымдық көтерілудің басталуына жіті эпидемиологиялық қадағалау өте қажет. Осы себепті көптеген жұқпаларда сырқаттылық жыл ішіндегі айлық динамикасын талдауда оның абсолюттік мәні пайдаланылады. Қарағанды қаласында қызамыққа қарсы вакцинация кампаниясын жүргізудің әртүрлі схемасын енгізу 2005ж. ақпан-наурыз және қыркүйек-қазан айларында іске асырылды. Яғни, аталған жылы қызамықтың бұрыннан келе жатқан эпидемиялық барысына жаңа шара – иммунизация қосылып, оның барысын түбегейліге жақын өзгертті. Осы себепті 2005 жылды шекаралық жыл деп санап, бөлек қарастырдық.Қан сарысуындағы спецификалық JgG антиденелері қызамық инфекциясын қабылдамаушылықты сипаттаса, антиденелердің JgМ класы инфекцияның екінші қыры – эпидемия барысының интенсивтілігін паш етеді. 2-кестеде JgG-ге тексерілген жүкті әйелдерді қайтадан JgМ-ға зерттеу нәтижелері келтірілген. Инфекцияға қабылдаушылық пен иммунитет арасында белгілі мөлшерде сәйкестік болуы тиіс. Бұл болжамның орындылығы толығымен расталды: 406 әйелдің арасында JgМ + 17-інде (4,2±1,0 %) анықталса, алдыңғы зерттеуде JgG-пайызы 3,6±0,9% тең болған еді, яғни айырмашылық жоққа тән. Бұндай сәйкестік иммундылар топтарында да байқалады: JgG + (94,8%), JgМ - (95,1%).Жүкті әйелдердің қызамық жұқпасына қарсы қалыптасқан жалпы гуморальдық иммунитет кескіні келтірілген. Зерттелген жалпы жиыны 489 жүкті әйел зерттеу және бақылау топтарына бөлінді. Әр топта қан сарысуындағы қызамыққа қарсы спецификалық JgМ және JgG қарсы денелері анықталды. JgG деңгейі жағынан екі топ бірдей болғанымен JgМ деңгейінде айтарлықтай айырмашылық бар. Атап айтқанда бақылау тобында ешбір жүкті әйелде JgМ табылмады, ал зерттеу тобында 17(5,1±1,2%) әйелде иммуноглобулиннің бұл класы бар болып шықты. Қан айналымында спецификалық макроглобулиндердің болуы – адам организмінің жақын арада (1 аптадан 2 ай арасында) қызамық вирусымен зарарланғанын білдіретінін ескерсек, әйелдерден қан жинаған қысқа мерзімде Қарағанды қаласында қызамық жұқпасының кең таралғандығын көрсетеді.Қызамық эпидемиологиясының ерекшеліктері жеткілікті. Солардың бірі өткен уақыттағы қызамық эпидемиялары кезінде еркектерге қарағанда әйелдердің сирегірек ауыруы. Бұл феномен бала туу жасындағы әйелдер арасында қызамық вирусына сезімтал әйелдер тобының біршама жоғары болуын қамтамасыз ете алады. Осыған орай вакцинацияға байланысты әйелдердің иммундық статусы талданды.

Бала туу жасындағы жүкті әйелдер арасында қызамыққа қарсы вакцинация тиімділігі.

Топ

Көрсеткіш Вакцинамен

егілгендер Вакцинамен

егілмегендер

(бақылау) Анамнезінде

қызамықпен ауырғандар

Вирусқа сезімталдығы жағынан салыстырылып отырған топтарда (%) қауіп-қатер топтары жоғары: егілгендер арасында 26,8%, егілмегендерде -37,7% (t айырмасы -1,4).Спецификалық иммунитеттің деңгейі мен беріктігіне әсер ететін факторлар мол. Осыған орай әйелдер 10 жылдық интервалмен 3 топқа бөлініп талданды. Ауыр акушерлік анамнезі бар әйелдер арасында (тәжірибелік топ) жасына қарай айырмашылық байқалмады. Жүктілігі қалыпты әйелдер арасында жағдай мүлде өзгеше: 1960-69 жылдары туылған әйелдер тегіс иммунитетке ие, олардан 10 жас кіші әйелдер арасында 10% иммунитет жоқ, ең жас әйелдердің (1980-89ж туылған) 29% қызамықтан қорғаныссыз.Иммунитет деңгейінің орта шамасы бақылау тобындағы сияқты жас айырмашылығына тәуелді емес. Дегенмен ауыр акушерлік анамнезі бар әйелдерде JgG-нің орта мөлшері (МЕ/мл) үш жас тобында да акушерлік анамнезі қалыпты әйелдердікінен сәл жоғары екенін атап өтпеуге болмайды. Бұл деректерді жаңалық қатарына жатқызуға болады және ауыр акушерлік анамнезі бар әйелдерде гомеостазды қамтамасыз ететін органдардың, оның ішінде гуморальді иммунитетке жауапты иммундық жүйенің қауырт жағдайда белсенді жұмыс атқаратындығын көрсетеді. Тағы бір атап өтетін жағдай бақылау тобындағы әйелдер арасында иммунитетсіз әйелдің жоқтығы, осыған қарамастан титрінің орта мөлшері 40 МЕ/мл тең, яғни күтілгендегідей жоғары емес. Бұл көрсеткішті (JgG-нің орта деңгейін) жүктіліктің қалыпты жағдайда өтіп жатқандығын көрсететін критерий ретінде қарауға болады.Қарағанды қаласында қызамыққа қарсы жүргізілген иммунизацияның эпидемиологиялық әсерін бағалау 2005 жылы екі дүркін жүргізілген Ұлттық егу кампаниясы және оның балаларды жоспарлы (күнтізбелік) егу шарасына ұласуының қызамық сырқаттылығына тигізген әсері анықталды.

5-кесте – Қызамыққа қарсы иммунизацияның эпидемия процесіне тигізген әсері

Кезеңдер Жылдар Қызамықпен сырқаттылықтың орта жылдық көрсеткіші,%000

1. Иммунизацияға дейін 1980-2004 177,0 4,1

2. Ұлттық иммунизация кампаниясы 2005 127,0 3,2

1.3.Балаларды жоспарлы егу 2006-2008 29,2 1,5

Статистикалық салыстыру мүмкіндігі болуы үшін 1 және 3 кезеңдердің орта жылдық көрсеткіштері алынды. Кезеңдерді t критерийімен салыстыру қорытындылары: t1 – t2 =9,6; t1 – t3 =33,6; t2 – t3 =27,9. Егер екі орта көрсеткіштің t айырмасы шама жағынан 3,0 жоғары болса, салыстырмалы кезеңдердегі сырқаттылық көрсеткіштерінің айырмашылығы ешқандай күмән туғызбайды (p<0,01). Дегенмен, жаппай жүргізілген Ұлттық иммунизациялау кампаниясының нәтижесі балаларды жоспарлы түрде (күнтізбе бойынша) иммунизациялаудан төмен екендігі көрініп тұр. Ресми деректерге сүйенсек, Қарағанды қаласында 2005ж. бері туыла біткен қызамықтың ешбір оқиғасы тіркелмеген. Сонымен, 2005 жылдан басталған Қарағанды тұрғындарын қызамыққа қарсы иммунизациялау осы инфекцияның эпидемиялық таралуын айтарлықтай бәсеңдетті, бірақ тоқтата алмай келеді.Бұл қала бойынша жалпы жағдай, енді қызамықтың балалар мен ересектер арасында таралуын әрбір қала ауданы бойынша қарастыралық. Талдау тек иммунизациялау кезеңіне байланысты, яғни соңғы 3 жылғы (2006-2008жж.) сырқаттылық 2005 жылғы деңгеймен салыстырылды. Қызамық инфекциясымен зарарланудың жүкті әйелдерге тигізетін әсері

35 жастағы Г.Ж. жүктіліктің 18-аптасында 2 апта бойы «қызамық» деп клиникалық белгілері бойынша диагноз қойылған сіңлісімен тығыз контактіде болған (бірге тұрған). Г.Ж.-де қызамық белгілері байқалмаған, жүктіліктің 16-21-, 33-апталарында жасалған УДЗ (УЗИ) ешбір өзгеріс анықталмады. Жүктіліктің 39-40 апталығында Г.Ж. «преэклампсия, созылмалы фетопланцентарлық жеткіліксіздік, цитомегаловирус тасымалшысы» кенеттен қойылған диагноздармен №5 босану үйіне жатқызылады. Ол босанып тірі бала туылады, жағдайы Апгар шкаласы бойынша 7/7. Бірақ нәрестенің жағдайы ауыр және туыла біткен қызамық синдромының (ТБҚС) бірнеше белгілері болғандықтан (кіндік астында 3x8см ісік, т.б.) №1 аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылады (16.04.06). Жүргізілген кешендік зерттеулер нәтижесінде көп ұзамай туыла біткен қызамық дәлелденді, (21.06.06ж) нәресте қайтыс болды. Бұл мысалдан жасалатын қорытындылар: а) жүкті әйел мен оның жатырдағы ұрығына қызамық вирусымен зарарлану жүктіліктің II-триместрінде де аса қауіпті; б) созылмалы туыла біткен қызамық инфекциясын диагностикалауда УДЗ қауқарсыз болып шықты; в) ЦМВ-тасымалшысы диагнозы негізсіз қойылды.

Нәресте өліміне анасының жүктілік кезінде қызамықпен ауырған сіңлісінен вирус жұқтырып, созылмалы қызамыққа ұласуы мүмкіндігін анықтау үшін Г.Ж. қызылша JgM антиденесіне және ПТР-да вирус РНК-сына зерттелді. Екі реакция да оң нәтиже көрсетті, яғни қызылша вирусының плацента арқылы өтіп ұрықты зарарланғаны (онда ТБҚС дамығаны) толықтай дәлелденді. Қатар қойылған ЦМВ, басқа да тератогенді инфекцияларға қойылған реакциялар теріс нәтиже берді. Диссертацияда осы іспеттес бірнеше мысалдар келтіріледі. Адам қанында қызылша вирусына қарсы спецификалық JgМ сол адамның жақын арада вируспен зарарлануына тікелей байланысты деген аксиомаға ден қойсақ төмендегідей өте қызықты жағдайға тоқталмай өтуге болмайды (6-кесте).

6-кесте – Қызылшаға қарсы JgМ антиденелерінің жүктілік мерзіміне қатысы

Жүктілік мерзімі, триместр Зерттелген әйелдер саны JgМ+ t - критерий

абс % 1:2 1:3 2:3

Бірінші 145 15 10,5 2,2

Екінші 112 4 3,6 2,6

Үшінші 140 4 2,9 0,3

Жиыны 395 23 5,8

Кестедегі пайыздық деректер жүктілік мерзімі ұлғайған сайын қан сарысуында JgМ антиденелерінің табылу тенденциясы анық төмендейтіні байқалады. Вирус белсенділігінің күшейетін тұсы – әйел жүктілігінің бірінші триместрі. Ұрықтың қызамық вирусымен зақымдануы жүктіліктің 1-триместрінде 60-90%-ға жететінін ескерсек [Покровский В.И. т.б, 2004] бұл топтың нағыз эпидемиологиялық қауіп тобына жататыны сөзсіз