Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломная работа Галия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

2.4. Зерттеу барысында ҚарМту 1курс студенттері мен «Алтын бесік» және «Балауса» балабақшасындағы ата аналарынан сауалнамасына сараптама жүргізу Асқыну жиілігінің жоғарылауы

Сауалнама жүргізу арқылы респонденттердің 81 пайызы асқыну инфекциямен ауырып болған жоғарылайды деп ойласа, ал 14 пайызы бұл сұраққа жауап бере алмады.

Даму мерзіміне байланысты ерте асқыну сатысы өткір катаральды кезеңде бөрту кезеңінде көрінеді.Кеш асқыну сатысы екіншілік инфекциямен шақырылатын пигментациялық кезең және қызылшаның сауығу кезеңінде көрінеді.Ерте асқыну сатысы қызылша вирусына тура негізделген,Кеш сатысы екіншілік сипатқа ие және бактериальды флораның активтенуімен байланысты.Қазіргі уақытта қызылша ауруының ерте және кеш сатыларының асқынуы -отит,бронхит,пневмония,стоматит,колит,фурункулезге акеледі.

Пневмония аурудың кез-келген кезеңінде дамиды.Ерте кездегі пневмония бронхопневмония немесе интерстициальды пневмония сияқты өтеді.Қиын ағамымен ерекшеленеді, интоксикация демалу және жүрек жеткіліксіздігі симптомдары көрінеді. Кеш кезеңіндегі пневмония бөртудің 5-ші тәулігінен кейін баланың жағдайы нашарлауымен , дене температурасының жоғарлауымен,демалу жеткіліксіздігінің дамуымен, өкпенің физикалық өзгерісі майда және орта көпіршікті сырыл және рентгенологияда ошақты пневмония белгілері байқалады .Ерте жастағы балаларда пневмония өте ауыр өтеді. [13,15]Бронхит қызылша экзантемасымен немесе бөртпе пигментациясымен қатар көрінеді.Өкпенің симметриялы аускультациясында ылғалды-сырылдар,бронхообструктивті синдром дамуы кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар анықталады. Рентгенологиялық зерттеу барысында,өкпе түбінің құрылысының бұзылысы айқындалады. [26]

Ларинготрахеит көбінесе ерте жастағы балаларда дамиды.Дауыс тембрінің өзеруі, аз қақырық бөлінетін қатты жабысқақ жөтел және иснператорлы ентігу орын алады.Тері жабынынң бозаруы,мұрын бет ұштарында акроцианоз байқалады. [26]Орташа отит балалардың өмірінің алғашқы жылдарында дамиды.Ауырсыну синдромының әсерінен мазасыздану ,тамақтанумен су ішіудің қиындауы,ұйқысыздық көрініс алады. Құлақ төпешігімен құлақ қалқанын басқан кезде ауырсыну күшеюі байқалады. [20]

Респонденттің екпе енгізуге көз қарасы

Өз балаларыңызға екпе салдырасыз ба? Деген сауалнаманың сұрағына 19 пайызы әлі де болса күмәнданатын болса, 5 пайызы салдырмайтынына сенімді. Яғни респонденттердің 24 пайызында қызылша сырқаттылығына қарсы екпе салдыруға сенімі жоқ.

Қорытынды

Зерттеу барысында Қарағанда қаласындағы жалпы тұрғындар арасында қызылша сырқаттылығымен 2014 жылы 9 адам тіркелсе 2015 жылы 50 адам тіркеліп зертханалық анықталған.Жасөспірімдер арасында 2014 жылы 5 жағдай тіркелсе, 2015 жылы 20 адамға көбейгені анықталды.

Сауалнама қорытындысы бойынша қызылшаға қарсы вакцинаны 37,8%-да уақытынан кеш салдырғаны және 68% вакцинаға теріс көзқарасы анықталды.Жасөспірімдер арасында қызылша жайлы ақпаратты интернет желісі немесе медицина қызметкерлерінен алатыны анықталды.Соңғы елу жыл ішінде қызылшамен курес өте жылдам дамыды: қызылша вирусы анықталды, тіндер мәдениетінде жинақталу шарттары анықталды, қызылшаға қарсы иммунитеттің түзілу механизмдері анықталды, денсаулық сақтау тәжірибесіне кеңінен тиімді отандық вакцина енгізілді, инфекцияға қарсы спецификалық профилактика тактикасы анықталды. Күнделікті қызылшаға және паротит-қызылшаға қарсы вакцинаны қолдану дуние жүзінде, ел ішінде, соның ішінде Қарағанды облысында қызылшамен ауыршаңдылықты төмендетті. Соның өзінде қызылша әлі күнге дейін көптеген мемлекеттерде және Қазақстан Республикасында күрделі әрі өзекті мәселе болып қалуда.Әлі кунге дейін қызылша кейбір мемлекеттерде халық арасында бірінші орында тұрған жұқпалы инфекциялық ауру болып қалуда. Жыл сайын дүние жүзінде 30 милионнан астам адам ауырып, 800 мыңдай адам қайтыс болады, әсіресе балалар. Көптеген ғалымдар қызылша вирусы көптеген созылмалы аурулардың этиологиялық агенті деп тұжырым жасауда(жүйелік қызыл ноқта, Педжет ауруы, гломерулонефрит т.б.). Бұдан басқа белгілі балалық шақта қызылшамен ауырған балаларда кейіннен панкреатит даму қаупі бар ал бұл өз кезегінде инсулин тәуелді қант диабетіне, энцефалит, менингитке әкеліп соқтыруы мүмкін.Активті иммунизация принціпінің ашылуы адамзат үшін көптеген инфекциялық және вирусты этиологиялы ауруға қарсы күшті қару болды. 1963 жылы АҚШ кейіннен басқа мемлекеттерде (КСРО 1967 жылы) жалпы вакцинация өткілген соң ауыршаңдылық деңгейі төмендей бастады. Салыстыру үшін вакцинацияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда Қазақстанда ауыршаңдылық деңгейі 3000 есе төмендеп, 2005 жылы ең төмен көрсеткішке жетті [10,29].

Алайда , Қазақстанда соңғы онжылдықта,қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды анық бағалау мүмкін емес. Бір жағынан ауыршаңдылықтың төмендеуі бақылануда ал екінші жағынан егу жасалған және қайта ревакцинацияланған адамдар арасында серонегативті адамдар саны көбеюде, әсіресе жүкті әйелдердің арасында бул өз кезегінде тума қызылшаға әкеліп соғады.Бұдан бөлек басқа да актуальді сұрақтар туындайды: неліктен егу алған балалар ауруға шалдығуда, вакцинадан кейінгі иммунитет қанша уақытқы созылады, жабайы табиғатта кездесетін қызылша штаммдарының генетикалық өзгергіштігі қаншалықты , вирус элиминациясы мүмкін бе, мұндай жағдайда жаңа вакцина мен тактика табу керек пе бул инфекцияға қарсы.

Қарағанды облысында қызылшамен ауыршаңдылық 2005 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 25 есе азайған(100 мың адамға шаққанда 6,7 ден 0,26ға дейін). Қызылшаға қарсы ревакцинация оң әсерін көрсетті, әсіресе 1990 жылы 1988 жылмен салыстырғанда 100мың адамға шаққанда ауыршаңдылық жиілігі 66,2ден 6,7ге дейін төмендеді. Алайда мектепке дейінгі балаларға істелген вакцинация 1993 жылғы ауыршаңдылықты төмендете алмады, себебі 1992 жылдың соңына қарай егу алған балалар саны 60 пайыздан аспады, барша Қазақстанда.Кейінгі жылдар Қарағанды облысында қызылшамен ауыршаңдылық 1994 жылдан бастап төмендеп ауру жиілігі 100мың адамға шаққанда 1994 жылы 14,2 болған көрсеткештен 2005 жылы 0,26ға дейін төмендеді.Барлық әкімшілік аудандарында , сондай-ақ 53-тен орташа есеппен алғанда (32%) соңғы 8 жылда қызылша оқиғасы тіркелмеген . Бір қызығы, бұл 100 мың адамға шаққанда қызылша инфекциясының таралуының қарқындылығы 4,0 тең болып табылады.

Сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі 1990-1997 жыл арасында ақпаннан маусым айына дейін болды. Осы 4 ай арасында бұл тіркелген ауру сырқаттанушылықтың 58,2 % -ын құрады болды . Келесі кезеңде максимальді сырқаттанушылық 1998-2005 жылдар арасында сәуір, мамыр, маусым айлар арасында байқалды.Қызылша ауруының соңғы жылдардағы ерекшеліктері, сырқаттанушылықтың мектепке дейінгі кезеңдегі, мектеп кезеңіндегі аурудың болмауы, сондай-ақ, жасөспірімдер мен ересектер коллективі арасында жүйелік аурулардың санының азаюы.Сырқаттың жастық талдауының көрсеткіштері бойынша 1990 жылдары Қарағанда облысында сырқаттанушылық тек балалар арасында ғана анықталғанын көрсетті. 1993 жылдан бастап ересектер арасында сырқаттанушылық 60%-дан 90%-ға дейін жоғарылады. Ересектер арасында сырқаттанғандардың 51,3%-ы 18-19 және 20-29 жас аралығындағы жастар құрады.Қызылша ауруымен сырқаттанудың қарқынды динамикасының көрсеткіші бойынша, бала тұрғындарының эпидемиялық процесіне қатысуы айтарлықтай төмендегенін көрсетеді. Сондықтан орта есеппен 14 жасқа дейін балалардығ қарқынды ауыруы 100 мың балаға шаққандағы есеппен 1993 жылы 120-ға дейін төмендеді, ал 2005 жылы 0,27-ге дейін төмендеді.2000 жылдан бастап Қарағанды облысының барлық аудандарында 2 жасқа дейінгі балаларға тірі екпесін енгізу 95,0%-ды құрады. 1994 жылы 80,5%-ды, 2005 жылы ассоцирленген мысқыл-қызылша екпесін енгізу арқасында 97,7%-ды құрады. Бұл екпелерді 6 жасқа дейінгі балаларға енгізу Қарағанды облысы бойынша 2005 жылы 93,7%-ды құрады.Соңғы жылдары Қазақстан мен Қазақстан облысында қызылша ауруының төмендеуі , оның шешек ауруы және сал ауруынан кейінгі елден толық жоюға болатын үшінші ауру деп айтуға да болады.Өкінішке орай, 2000-2005 жылдар арасында қызылшамен ауырғандарды екпе енгізілген және енгізілмегендер қатарына қосуға болады. Бір рет екпе алғандарға қарағанда, екі рет екпе алғандар саны басым болды, яғни пайызбен есептегенде 12,1% және 6,3% . Сондықтан екпеге байланысты құжаттарды қатаң бақылауға алу қажеттілігі пайда болды.

Сондай –ақ қызылшаны жоюдың негізгі қағидасы , ол әр ауданда, әр ауыл-аймақты екпемен қамтамасыздандыру. Екпе егудің тағы бір пайдалы қасиеті, ол тек қана жағдай санын қысқартуға емес, сонымен қатар аурудың алдын-алуына жағдай жасайды. Қызылша ауруы төмендеген жағдайда да, екпені егу маңызды болып табылады.Қызылша элиминациясының екiншi өте маңызды ұстанымы болып, экзантемді аурулармен ауыратын науқастарды зертханалық зерттеу арқылы қызылша ауруын толық және белсенді түрде барлық жағдайларын анықтау болып табылады. Қызамықпен жоғары аурушаңдық тiркелген бiздiң облыс үшiн бұл ұстанымды орындау өте өзекті .Элиминация кезеңiндегі қызылшаны эпидемиологиялық бақылаудың жаңа құраушысы ретінде, молекулогенетикалық зерттеу әдістері көмегімен қызылша вирусының айналымын анықтау болып табылады. Әр түрлi жылдарда және Қазақстанның әр түрлі аймағында айналымда болатын қызылша вирусының штамдарын зерттеу нәтижесінде , қазіргі кезде Д6 генотипінінің Қазақстан аймағы үшін эндемиялық екені дәлелденіп отыр. Осы генотиптегі қызылша вирусының таралу аймағы.Қорытындылай келгенде, нақты аумақтағы қызылша элиминациясының дәлелі ретінде саналады: ұзақ ағымды кезеңдегі ауру-сырқаулықтың өте төмен көрсеткiштерi ;өршулердің сирек болуы; қызылшаның лабораториялық расталған жағдайлардың көпшiлiгі шеттен әкелiнген, популяциялық иммунитет жоғары, қызылша вирусының эндемиялық штамдарының болмауы.Сол уақытта қызылша элиминация бағдарламасы эпидемиялық паротитпен аурушаңдылықтың төмендеуімен тығыз байланысты . Эпидемиялық паротиттің вакцинопрофилактикасы қызылшаға қарағанда едәуiр кеш басталды. 1998 ж. 24 айдағы балаларларды вакцинация жасаумен қамту 89, 7% жеттi, ал ревакцинация 6 жаста болып ,72, 3% құрады. Дәл осы жылы эпидемиялық паротитпен аурушаңдылықтың қатты көтерiлуi тіркелді, яғни оның көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 53, 99-ға тең. Дегенмен алдыңғы жылдары өмiрдiң 24 айында ЖПВ вакцинациясын жасаумен қамту облыс бойынша барлығы 61, 7% (1992 ) құрады,ол өз кезегінде сезімтал контингенттердің жиналуына және аурушаңдылықтың өсуiне алып келді. 2000ж. вакцинацияланғандар саны 95, 3% құрады, ал аурушаңдылық көрсеткiшi 100 мың тұрғынға шаққанда 17, 82 тең . 2005ж. 24 айда вакцинация жасаумен қамту деңгейiнде 97, 64%, ал ревакцинацияда 91, 9% болып, аурушаңдылық көрсеткіші өте төмен деңгейге жетті,яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 2,57 тең болды.2002 жылынан бастап ,облыстың барлық аумағында(90% жағдайда) жаңа отандық ассоциацияланған паротит-қызылшалық вакцина(АПҚВ) қолданылады, себебі ол қызылшаға және паротитке қарсы иммунитеттеудегі рөлi зор, соның нәтижесінде осы инфекциялармен тіркелген аурушаңдылық көрсеткіш

Бұл көптеген факторлармен байланысты, оның негізгісі ағзаның генетикалық ерекшелігі болып табылады. Генетикадан басқа, иммундық жауаптың интенсивтілігіне және сапасына, соның салдарынан популяциялық иммунитеттің кернеулігі және ұзақтығы өмір сүру барысында пайда болған ағзаның фенотиптік ерекшелігін көрсетеді (Е.Н.Ибрагимова, Н.В.Юминова және т.б. 2015). Иммуноферментті талдау жүргізу үшін отандық коммерциялық диагностикумдар, РФ,«Биосервис» акционерлік қоғам өндірісінде жүргізілген иммунологиялық скрининг нәтижесінде қызылшаға және эпидемиялық паротитке серо-теріс пайыздың орташа көрсеткіштері әртүрлі жас топтарында сәйкесінше 10% және 8%-дан аспайды. Сонымен бірге, бірнеше жыл бұрын бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының эксперттік тобының анықтауы бойынша, қызылша элеминация бағдарламасын орындау үшін аймақта міндетті түрде қызылшаға қабылдағыштық үлесі 1-4 жас балаларда 15% -дан, 5-10 жас балаларда 10%-дан, 10-14 жас балаларда 5%-дан және әрбір ересек адамға- 5%-дан асу керек.

Осылайша біздің зерттеуіміз мынаны көрсетті: қызылшаның екпе – профилактика тәсілі, ең алдымен, 15-16 жас және одан жоғары жас топтарындағы серо-теріс адамдар санын азайту шарты қосылуы қажет, ол қызылшаға бұрын егілмеген және уақытында ревакцинация алмаған адамдарды қосымша егу жолымен жүргізіледі. Осылайша Қарағанды облысының бірқатар аудан тұрғындарында популяциялық иммунитет көрсеткіштерінің талдауы, эпидемиялық жағымды әсерді көрсетеді, бірақ тұрғындардың ары қарай тұрақты серомониторинг жүргізілу қажеттілігін айғақтайды.Осылайша, қызылша және эпидемиялық паротитке популяциялық иммунитеттің, Мәскеу облысының 5 ауданында 4 жыл бойы жүргізілген серомониторинг нәтижесінде, жасөспірімдер, 16 -20 жастан асқан жастар және ересектер қызылша және эпидемиялық паротит вирусына қатысты қауіп-қатер тобы болуы жалғасуда. Зерттеудің келесі кезеңі 1 жасқа дейінгі балалардағы эпидемиялық паротитке және қызылшаға қарсы иммунитетті зерттеуге байланысты болды. Бұл Мәскеу облысында, 1 жасқа дейінгі балаларда эпидемиялық паротитпен және қызылшамен аурушаңдылық үнемі тіркелуімен байланысты. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 4 күннен 1 жасқа дейінгі балалардың 150 сарысуы тексерілді. Сарысу талдауы, 150 баладан 1 жасқа дейінгі 44% балада қызылшаға болып шықты, ал 52%-эпидемиялық паротитке иммунды екенін көрсетті. Қызылшаға қарсы және паротитке қарсы IgG класс антиденелері 8 айға дейінгі балаларда анықталды. Барлық тексерілген балалар, 9,10,11 және 12-айлық балалар қызылшадан және эпидемиялық паротиттен қорғалмағаны анықталды. Жүргізілген талдау 1 жасқа дейінгі балалардың инфекция көзімен жанасқанда қызылша және эпидемиялық паротит жұқтыру қаупі жоғары екендігін дәлелдеді. Бұл әсіресе қызылша үшін маңызды, себебі ол 1 жасқа дейін ерекше ауыр ағымда өтеді және баланың өлімімен аяқталуы мүмкін.

Қосымша 1.

Қымбатты дос!

Бұл сауалнамада бірнеше сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз. Бұл сұрақтарда қызылша сырқаттылығы және қызылшаға қарсы екпе енгізу пікіріңіз жайлы. Сіздің жауабыңыз өте маңызды, сондықтан әрбір сұраққа жауап бересіз деп үміттенеміз.Сұрақты мұқият оқып өзіңіздің жауабыңызды қоршап сызыңыз.