- •Қалдықтардың статистикалық сипаттамасы
- •Полимер қоқысының жалпы сипаттамасы және химиялық, физикалық қасиеттері
- •1.3 Полимер қалдықтарының режимдік параметрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу
- •1.4 Жобаның маңыздылығы мен пайдалылығы
- •Іі техникалық бөлім
- •2.1 Өндірістің автоматтандырылған фуңционалды сұлбасы
- •2.2 Өндірістің принципиялды сұлбасы
- •2.2.1 Үздіксіз көлік механизмдерінің тағайындалуы және құрылысы
- •2.2.3 Конвейер электр жетектерін автоматты басқару
- •2.2.2 Конвейер қозғалтқыштары қуатын есептеу.
- •2.3 Өндірістің құрылымдық сұлбасы
- •1. Резюме
- •3. Жобаның тұжырымдамасы
- •3.1 Кәсіпорын қызметі
- •3.2. Орналасқан жері, заңды мекен - жайы, құқықтық формасы
- •3.3. Инфрақұрылым
- •3.4. Негізгі құралдар
- •4. Кәсіпорын өнімі
- •4.1. Өнімнің сипаттамасы
- •5. Нарықтағы жағдайды талдау. Бәсеке
- •5.1. Ақырғы өнімді өткізуді дамытудағы кәсіпорын стратегиясы
- •5.2. Баға саясаты
- •6. Маркетинг
- •6.1 Кесте – Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласында қызмет көрсететін компаниялар тізімі
- •6.2 Кесте – Өңделген шикізатты Ақтөбе бойынша
- •7. Техникалық жоспарлау
- •7.1 Сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процессі
- •8. Өндірістік жоспар
- •9. Қаржылық жоспар
- •Автоматтандыру құрылғылары
- •Күрделі салым есебі
- •Айналым құралы
- •Б) Өнімді сатудан түсетін түсім есебі
- •Басқа шығындар
- •Өзіндік құн есебі
- •Жеке тұлғалардан алынатын салықтар есебі
- •Тиімділік көрсеткіштері
- •Техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •IV еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.2.2 Конвейер қозғалтқыштары қуатын есептеу.
Конвейер жұмысында электр қозғалтқыш келтіру барабаны арқылы тарту органы – таспаға берілетін қозғалыс күшін тудырады. Қалыпты беріліс үшін аталған тізбектің жүк тудыратын, алдын ала кернеуі болу тиіс . Тізбектің тартылу күші F қозғалысқа қосымша кедергі күші әсерінен 1-3 нүктелеріне бағытталып 0 нүктесінен бастап өзгереді. 3 нүктесінде тізбектің оратылатын бөлігіндегі күш F ,Н, төмендегі құрамдас бөлшектерден құрылады:
Fүлкен = Fо+ Fп+ΔF+ Fн.б (2.2.2.1)
Мұндағы Fо – алдын ала кернеу күші , Н; Fп - жүкті көтеру немесе түсірумен сипатталатын күш, Н; ΔFс(Gгр +Gо) cosβ - монорельс бойынша роликтер немесе ролиткре бойынша тізбек, ролик тіреулеріндегі үйкелу тудыратын жалпы күш,Н ; Gгр - тасымалданатын жүктің ауырлық күші, Н, Gо - жетекші және таситын элементтердің ауырлық күші, Н; β- көкжиекке тізбектің иілу бұрышы,әдетте β20-22°; с = 0,02- қозғалыс кедергісінің жалпы коэффициенті; Fн.б – тарту барабаны мойынтіректеріндегі үйкелуден қозғалыс кедергісін өтейтін күш, Н. Күш
Fн.б ≈2 Fо µ d /D, (2.2.2.2)
Мұндағы µ - үйкелу коэффициенті 0,03-0,06; D және d – мойынтірек шетмойны мен барабан диаметрі, м.
Қозғалтқыш тудыратын күш , Н, конвейердің айдалатын және кері айдалатын тізбектеріндегі 3 және 0 нүктелеріндегі күш айырмашылығына байланысты, , Н, қозғалтқыш барабандағы қозғалыс кедергісін өтейтін күш,яғни
, Fс = Fн.б - Fо+ Fп.б = Fп +ΔF+ Fн.б+ Fп.б (2.2.2.3)
Мұндағы күш 5.2 формула бойынша анықталады, орнына . қою керек.
Тізбекті немесе ілінбелі конвейер қозғалтқышының қажетті қуаты, кВт
Рдв = Rз
(2.2.2.4)
Мұндағы Vк – конвейердің тарту органының максималді жылдамдығы, м/с;
Rз =1,1-1,2 қозғалыстың қосымша кедергісін ескеретін қор коэффициенті, =0,75-90- механикалық беріліс КПД .
Қозғалтқыштың қажетті бұрыштық жылдамдығы, рад/с,
Wдв = Vк Iр/D (2.2.2.5)
Мұндағы: Iр – редуктордың беріліс саны .
Осыдан кейін қозғалтқыш қуаты Рном > Рдв мен бұрыштық жылдамдық таңдалады Wном ≈ Wдв.
2.2.3 Конвейер электр жетектерін автоматты басқару
Ұзындығы үлкен конвейердің электр қозғалтқышын бір қозғалтқыштан жүзеге асыру оңтайлы емес, себебі іске қосу станциясына жақын орналасқан телімдерді механикалық жабдықтауда тарту күші жоғары болған жағдайда, ауқымды кернеу туындайды. Телімдерді артық жүктемеу үшін механикалық бөлік пен тарту органы өлшемін арттыру керек. Конвейерлер бірнеше іске қосу станцияларынан қозғалысқа келтірілген жағдайда, тарту күшін төмендетуге болады. Бұл жағдайда әрбір іске қосу станциясының тарту органы бір телімнің статикалық кедергісіне пропорционал күш береді.
Бірнеше іске қосу станцияларын орнату орнын таңдау үшін тарту күшін өзгерту диаграммасы құрылады, қозғалтқыштар қуаты есептеледі, және бірнеше іске қосу станциялар қозғалтқыштарының жалпы тарту күші бір қозғалтқыш күшіне тең болатындай жағдай көзделеді. Іске қосу станцияларының оңтайлы санын электр және механикалық қондырғы құнын ескеретін, бірнеше нұсқаны салыстыру арқылы анықтауға болады.
Сурет 2.2.3.1 Тік трассадағы конвейр таспасындағы тарту күштерінің диаграммасы
Ковейердің көп қозғалтқышы болған жағдайда бекітілген тәртіпте жеке қозғалтқыштар роторының жылдамдығы бірдей болады, себебі олар тарту органымен механикалық тұрғыдан байланысты . Сонымен қатар, электр қозғалтқыш жеке қозғалтқыштар тудыратын жалпы күш пен конвейер қозғалысы кедергісін өтеу үшін максималді тарту күшін қамтамасыз ету керек,яғни =. Конвейер қуаты бірдей қозғалтқыштары бар екі іске қосу станцияларынан қозғалысқа келген мысалды қарастырайық. Екі қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары бірдей болған жағдайда, конвейер жұмысы кезінде қозғалтқыштар бірдей тарту күшін тудырады, конвейер жұмыс жасаған кезде қозғалтқыштар бірдей тарту күшін жасайды: Қозғалтқыш сипаттамалары бір бірінен ерекшеленген жағдайда, қозғалтқыштардың тарту күші де әртүрлі болады Сипаттамасы әлсіз қозғалтқышпен салыстырғанда қатты сипаттамасы бар қозғалтқыштың тарту күші жоғары .
Қозғалтқыштар сипаттамалары әртүрлі болатын конвейердің тарту органында қосымша тарту пайда болады, бұл қозғалтқыш сәттерінің айырмашылығына байланысты.Сондықтан көрсеткіштері бірдей машиналарды қолданған жағдайда қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқышты іске қосу станцияларына орнатудан бұрын олардың сипаттамаларын тексеру керек. Қозғалтқыш мақсатында фазалық роторы бар қозғалтқыш қолданған жағдайда, сипаттамалар сәйкестігі ротор тізбегіне қосымша кедергілерді қосу арқылы алынады.
Сурет 2.2.3.2 - Ағымды көлік жүйесін басқару
2.2.3.2 суретте үш конвейер 1-3, екі бункер Б1,Б2 мен шибері Ш бар кейбір басқару ұстанымдарын сипаттайтын сызба келтірілген. Тасымалданатын материал конвейер 3 арқылы екі жеңді сүзгіш арқылы бір конвейерге беріледі. Конвейерлердің бос жүрісі мен құлатылуының алдын алу үшін қозғалтқыштардың іске қосылуын құлыптау көзделген, шибер шеткі ағытқыштар ВК1,ВК2 арқылы бекітіледі. Конвейер 3 материалды конвейерге 1 беру қажет болған жағдайда, шибер сүзгіштің оң жеңін жауып, сол жеңді ашады. Бұл жағдайда контакт ВК1 тұйықталып,ал контакт ВК2 ашық болып қалады. Бірінші болып конвейер қозғалтқышының контакторы іске қосылып, қосалқы контакт КЛ1 арқылы конвейер қозғалтқышының контакторын іске қосады.
Конвейер 3 материалды материалды конвейерге 2 беру қажет болған жағдайда, шибер сүзгіштің сол жеңін жауып, оң жеңді ашады. Бұл жағдайда контакт ВК2 тұйықталып, конвейер қозғалтқыштары бірінен соң бірі қосылады. Конвейер қозғалтқыштарын тоқтату немесе сүзгіштің тиісті жеңін шибер арқылы жабу контакторды ағытып КЛ3, конвейер қозғатлқышын тоқтатады.
Конвейердің электр қозғалтқыштары мен ТТЖ басқару үшін қарапайым реле- контактілі құрылғы қолданылады: электр магнитті контактор (сериясы КТ 64, МТ), кешенді ыдыратқыштары бар автоматты ағытқыштар ( сериясы АП 50, АЕ 2000 ), аралық және шеткі ағытқыштар, басқару пернелері ( типі КЕ 171, КМЕ 5000 ).
Соңғы жылдары үздіксіз көлік механимздерін автоматты басқару үшін әлсіз ток электр құрылғысы қолданылады: шағын өлшемді – реле МКУ-48, телефон және код реле РКН, РПН, КДР- 1, қадамдық іздегіштер, контактісіз құрылғы: индуктивті құрылғы, логикалық элементтер мен құрамдас бөлшектер ( ұяшық, модуль ).
Әлсіз ток құрылғыларын пайдалану басқару қалқандары мен панелдерінің өлшемдерін қысқартуға мүмкіндік береді, жалғау өткізгіштері шығынын төмендетеді, басқару тізбектерінің қуатын қысқартады, қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттырады, себебі бұл жағдайда кернеу 48-60 В. Контактісіз құрылғы тасымалданатын жүктерді басқару, белгі беру мен тіркеу, тізбектерге күшті элементтерді жинақтау үшін қолданылады.
Конвейер мен ТТЖ қашықтықтан және орталықтан басқару үшін телемеханика құралдары мен басқаратын электронды машиналар кеңінен қолданылады, олар цехта қажетті бөлшектердің болуы туралы белгі беріп, жүктерді тасымалдау мекен-жайының өзгеруі туралы бұйрық береді.
