- •Қалдықтардың статистикалық сипаттамасы
- •Полимер қоқысының жалпы сипаттамасы және химиялық, физикалық қасиеттері
- •1.3 Полимер қалдықтарының режимдік параметрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу
- •1.4 Жобаның маңыздылығы мен пайдалылығы
- •Іі техникалық бөлім
- •2.1 Өндірістің автоматтандырылған фуңционалды сұлбасы
- •2.2 Өндірістің принципиялды сұлбасы
- •2.2.1 Үздіксіз көлік механизмдерінің тағайындалуы және құрылысы
- •2.2.3 Конвейер электр жетектерін автоматты басқару
- •2.2.2 Конвейер қозғалтқыштары қуатын есептеу.
- •2.3 Өндірістің құрылымдық сұлбасы
- •1. Резюме
- •3. Жобаның тұжырымдамасы
- •3.1 Кәсіпорын қызметі
- •3.2. Орналасқан жері, заңды мекен - жайы, құқықтық формасы
- •3.3. Инфрақұрылым
- •3.4. Негізгі құралдар
- •4. Кәсіпорын өнімі
- •4.1. Өнімнің сипаттамасы
- •5. Нарықтағы жағдайды талдау. Бәсеке
- •5.1. Ақырғы өнімді өткізуді дамытудағы кәсіпорын стратегиясы
- •5.2. Баға саясаты
- •6. Маркетинг
- •6.1 Кесте – Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласында қызмет көрсететін компаниялар тізімі
- •6.2 Кесте – Өңделген шикізатты Ақтөбе бойынша
- •7. Техникалық жоспарлау
- •7.1 Сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процессі
- •8. Өндірістік жоспар
- •9. Қаржылық жоспар
- •Автоматтандыру құрылғылары
- •Күрделі салым есебі
- •Айналым құралы
- •Б) Өнімді сатудан түсетін түсім есебі
- •Басқа шығындар
- •Өзіндік құн есебі
- •Жеке тұлғалардан алынатын салықтар есебі
- •Тиімділік көрсеткіштері
- •Техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •IV еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.3 Өндірістің құрылымдық сұлбасы
Полимердің тұрмыстық, өнеркәсіптік қалдықтарын қайта өңдеу әдістеріндегі көптүрлі процестеріндегі қолданылатын құрылғылардың құрылмдық сұлбасы мынадай түрде жүзеге асады.
Қоймада жинақталған полимер қалдықтары конвейер арқылы ұнтақтағышқа жеткізіледі. Ұнтақтағышқа жеткізілген полимер қалдықтары белгілі бір мөлшерге дейін ұнтақталады. Ұнтақтағыштан ұнтақталған полимер қалдықтары жуу қондырғысында сумен жуылып, қосымша ұнтақтағышқа өтеді. Өзінің деңгейінде ұнтақталған өнімді конвейер үстінде тағыда қосымша сумен бүркіп кептіргішке өткізіледі. Кептіргіштен кептіріліп шыққан өнімдер диірменде түйіршіктеледі. Диірменде түйіршіктелген өнім экструдер арқылы мөлшерленіп таблеткалаушы қондырғыға өтеді. Таблеткалаушы қондырғыда түйіршіктелген өнім таблеткалы күйге айналады. Таблетка болып шыққан өнімдер кептіргіште кептіріледі. Кептіргіштен кептіріліп шыққан дайын өнімдер бункерде жинақталады. Бункерде жинақталған дайын өнімдер қажетті орындарға жеткізіледі.
АҚТӨБЕ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ
Шағын қоқыс өңдеу
зауытының бизнес жоспары
оРЫНДАҒАНДАр: мұРАТҚАЛИ к.
ғИМРАНОВ т.
2016 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Резюме 61
2. Кіріспе 62
3. Жобаның тұжырымдамасы 63-68
3.1. Кәсіпорын қызметі 68-69
3.2. Орналасқан жері, заңды мекен - жайы, құқықтық формасы 69
3.3. Инфрақұрылым 69-70
3.4. Негізгі құралдар 70
4. Кәсіпорын өнімі 70
4.1. Өнімнің сипаттамасы 70-71
5. Нарықтағы жағдайды талдау. Бәсеке 71
5.1. Ақырғы өнімді өткізуді дамытудағы кәсіпорын стратегиясы 71
5.2. Баға саясаты 71
6. Маркетинг 72-73
7. Техникалық жоспарлау 74-76
8. Өндірістік жоспар 76-77
9. Қаржылық жоспар 77-80
1. Резюме
Қазіргі қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі қоғамның өзі шығаратын, күннен - күнге өсіп отырған қалдықтарды өңдеу және жою болып табылады.
Бұл жобаның мақсаты - қоқыс өңдеу зауытын салу, зауытқа қажетті өңдеу жабдығын сатып алу, жеткізу, монтаждау, іске қосу, өндіру.
Жобаның негізгі қағидасы - өзін - өзі ақтайтындығы, өзін - өзі өтейтіндігі. Басқару, маркетинг, логистикалық, технологиялық, конструкторлық үйлестірудің концептуальды жаңа тұжырымдамасы қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету міндеттерін шешумен қоса жоғары рентабельді бизнеске айналдыру мүмкіндігі жоғары болып табылады.
Басымдылықтары: полигонға төгілетін қалдық ағынын елеулі түрде (50%-ға дейін) төмендету, қоршаған ортаның жүктемесін азайту, полигон кеңістігін біршама тиімді пайдалану, тасымалдау, залалсыздандыру бойынша қалалық бюджет шығынын қысқарту, екінші реттік материалдық ресурсты өндіру мен тұтыну сферасына енгізу.
Жоба мынадай артықшылықтарға ие:
1. Зауытты жобалау, салу, пайдалануға беру мерзімі 12-18 айды құрайды.
2. Іріктеу, өңдеудің технологиялық желісі тікелей полигонда, сондай- ақ, қалалардағы қоқыс жинау орындарында орналастырылады. Бұл жағдайда тасымалдау шығындары күрт қысқарады.
2. Кіріспе
Политилен қалдықтары негізінен тұрғындардың өмірінде, сондай-ақ кәсіпорындардың қызмет процестерінде пайда болған тұтыну саласының қалдықтары болып табылады. Олар тұрмыста одан әрі пайдалануға келмейтін қатты тұрмыстық қалдықтар болып табылады. Бұл қалдықтар тұрғын үйлерде, мекемелерде, жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда пайда болады және жинақталады.
Қазақстанның заманауи экономикасы жағдайларында техногендік қалдықтарды басқару командалық-әкімшілік жүйе экономикасы кезеңіндегі кезеңмен салыстырғанда жаңа мәнге ие болуда.
Біріншіден, жұмыс істеп тұрған тау-кен металлургия кәсіпорындарының материалдық-шикізаттық базасы не жеке меншікке не болмаса шетел компанияларына берілген, бұл мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми бөлімшелердің немесе жаңа әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанның табиғи байлақтарын игеру үлесін барынша қысқартты.
Екіншіден, көп жылдар бойы жинақталған тау үйінділері, күл үйінділері, қоймалар басқа да өнеркәсіп қалдықтарын сақтау және көму орындары маңызды экологиялық проблема - топырақтың, су мен ауаның ластану көздеріне айналды.
Қалалардың өсуіне, қала халқының тез ұлғаюына және тауарлардың көп тұтынылуына байланысты қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі орасан зор өсуде. Қазақстанның экономиканың ресурстық ауқымдылық көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші елдерін басып озуының себебі өндірістік базаның даму деңгейінің барынша төмендігі мен технологияның артта қалуы, өнеркәсіптік құрылымның жетілдірілмеуі болып табылады. Қазақстанда прогрессивті энергия үнемдеу технология лары бойынша шығарылатын көптеген өнім түрлерінің үлесі өте төмен үлесті құрайды.
