- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі
- •Қарағанды-2015
- •«Педагогика» пәні бойынша
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •«Психология және адам дамуы» пәні бойынша
- •5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша
- •«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы
«Психология және адам дамуы» пәні бойынша
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
«Психология және адам дамуы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы «Педагогика және психология» мамандығының МББС және типтік бағдарламаға сай әзірленген. Берілген сұрақтар психология және адам дамуына кіріспе, іс әрекет және танымдық процестер, тұлға психологиясы, даму психологиясы атты бөлімдерден құралады. Бағ
дарламаға білім беру жүйесінде қызмет етушілер, оқытушылар, психолог және басқарушыларға қажет психологиялық білімнің негізгі курсы толығымен ендірілген.
Психология және адам дамуына кіріспе.
Психологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы. Психологияның пәні, объектісі. Психологияның мақсат, міндеттері. Психологияның мән-мағынасы. Психологияның салалары, бағыттары. Психологияның басқа пәндермен байланысы. Әлемдік психологиялық теориялар.
Психиканың пайда болуы, дамуы. Психиканың объективті шындықты бейнелеу ретіндегі жалпы түсінігі. Психикалық бейнелеу объективті дүниенің субъективті бейнесі ретінде. Психиканың көріну формалары, түрлері. Психиканың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары.
Психология ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің ұйымдастыру әдістері. Эмпирикалық әдістер. Деректерді өңдеу әдістері. Реттеу әдістері.
Психика және сананың дамуы. Психика және сана. Сана туралы түсінік. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні.
Іс -әрекет және танымдық процестер психологиясы.
Іс-әрекеттің психологиялық анализі. Әрекет туралы түсінік. Әрекет - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Тұлға іс-әрекет және қарым-қатынас барысында. Адам индивид, жеке адам, тұлға, субъект, даралық ретінде. Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның әлеуметтік мәні. Тұлға социогенездің объектісі және субъектісі ретінде. Тұлғаның негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары.
Топтың психологиялық сипаттамасы. Топ туралы түсінік. Топ- белгілі бір сипаттамалар негізінде әлеуметтік біртұтастылықтан бөлініп шығатын шамасы шектелген жалпыламалық. Топтық көріністің түрлері, типтері, формалары. Топ классификациясы.
Түйсік және қабылдау. Түйсік туралы түсінік. Түйсіктегі өзгерістер. Қабылдау, оның түрлері және қасиеттері. Қабылдау заңдылықтары.
Зейін. Зейін туралы жалпы түсінік. Зейіннің функциялары мен түрлері. Зейіннің психологиялық теориялары. Зейіннің дамуы.
Ес. Ес туралы жалпы түсінік. Есте сақтаудың түрлері және ерекшеліктері. Адамдардың есте сақтауындағы жекешеленген ерекшеліктері. Есте сақтаудың теориялары мен заңдылықтары. Есте сақтауды қалыптастыру және дамыту.
Қиял. Қиялдың анықтамасы және түрлері. Қиялдың функциялары және дамуы. Қиял және шығармашылық.
Ойлау. Ойлау туралы түсінік. Ойлау түрлері. Шығармашылық ойлаудың түрлері. Психологиядағы ойлау теориялары. Ойлаудың дамуы.
Сөйлеу. Сөйлеу және оның функциялары. Сөйлеу қарым-қатынас құралы ретінде. Ойлау және сөйлеудің өзара байланысы.
Тұлға психологиясы.
Тұлға психологиясына кіріспе. Тұлға туралы жалпы түсінік. Тұлға зерттеуіндегі тарихи кезеңдер. Қазіргі тұлға теориялары. Тұлғаның қалыптасуы және дамуы. Тұлғаның тұрақтылық мәселесі.
Қабілет. Қабілет туралы түсінік. Қабілет, нышан және адамның айрықша қасиеттері. Адам қабілеттерінің табиғаты. Қабілеттің дамуы.
Темперамент. Темперамент түрлері. Темперамент қасиеттері.Темперамент және индивидуалды іс әрекет стилі. Темперамент және тұлға.
Мінез. Мінез анықтамасы. Мінез типологиясы. Мінездің қалыптасуы. Тұлға және адам мінезі.
Ерік. Ерік туралы түсінік.Ерік теориялары. Еріктік реттеу. Адам бойында еріктік қасиеттерді дамыту.
Эмоция және сезім. Адам өмірінде эмоция және сезімнің алатын рөлі. Эмоцияның психологиялық теориялары. Эмоция және тұлға.
Мотивация. Мотив және мотивация. Мотивацияның психологиялық теориялары. Мотивация және әрекет. Мотивация және тұлға.
Даму психологиясы.
Даму психологиясының пәні.Даму психологиясының пәні және маңызы. Даму психологиясының құрылымы. Психикалық дамудың спецификасы.
Нәресте жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері.Нәрестелік кезеңдегі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері. Нәресте жасындағы сенсорлық үрдістің дамуының негізгі заңдылықтары.
Сәбилік және ерте балалық шақ. Сәбилік шақтағы психикалық даму шартының жалпы сипаттамасы. Ерте балалық шақтағы жаңа құрылымдар. Жетекші іс-әрекет. Психикалық процестердің дамуы.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы. Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың негізгі заңдылықтары. Мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті. Жеті жас дағдарысы. Бастауыш мектеп жасындағылардың денелік және психикалық ерекшеліктері. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы.
Жеткіншектік жас.Жеткіншек жас кезеңіндегі психологиялық және физиологиялық өзгерістер. Жеткіншектердің достығы. Жеткіншектердің оқу іс-әрекеті.Ересектермен және құрбыларымен қарым қатынас.
Жас өспірімдік шақ.Жас өспірімдік жастық және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері. Жас өспірімдік кезеңдегі стресс, депрессия және өзін ұстау тәртібі. Жас өспірімдік жастағылардың оқу іс-әрекеті, олардың өзіндік санасының дамуы. Жас өспірімдік жастағы оқушылардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері. Мамандық таңдау. Дүниетанымның қалыптасуы.
Ересектік кезең.Ересектік кезеңнің ерекшеліктері. Жас анықтамалары. Ересектің кезеңнің сатылары.
Геронтопсихология.Қартаюдың биологиялық, әлеуметтік өлшемдері мен факторлары. Қарт адам өмірінің әлеуметтік жағдаяты. Қарттық шақтағы іс-әрекет, қартаюды кезеңдерге бөлу. Қартаюдағы жеке адам мәселесі.
