- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі
- •Қарағанды-2015
- •«Педагогика» пәні бойынша
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •«Психология және адам дамуы» пәні бойынша
- •5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
- •«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша
- •«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша
- •5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша
5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған мемлекеттік емтиханбағдарламасы
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан бағдарламасы «Педагогика және психология» мамандығының МЖМБС және педагогика пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес жасалынды. Сұрақтар мынандай бөлімдерден тұрады: Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері. Педагогика ғылымы және оқу пәні ретінде. Педагогиканы оқыту үрдісі мен ұстанымдары. Педагогиканы оқыту формалары. Педагогиканы оқыту әдістері. Педагогиканы оқыту құралдары. Педагогиканың жалпы негіздері бөлімін оқыту әдістері. Дидактика бөлімін оқыту әдістемесі. Білім беру жүйелерін басқару бөлімін оқыту әдістемесі.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері.
Педагогиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде. Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні. Оқыту әдістемесі жеке дидактика ретінде. Пәнді оқыту әдістемесі нақты пәнді оқыту тероиясы ретінде. Дидактика мен әдістеменің арақатынасы.
Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде.
Ғылым шындық туралы объективті білімдерді өндіру және теориялық тұрғыда жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы ретінде. Ғылымның белгілері. Педагогика ғылыми пәндердің күрделі жүйесі ретінде. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Оқу пәні ретінде педагогиканың даму кезеңдері. Педагогикалық оқу орындарында педагогиканың пән ретінде оқытылуы. Ғылым мен оқу пәні пәннің өзара байланысы мен арақатынасы.
Педагогика курсының мазмұнын құрастыру.
Педагогика курсының мазмұнын құрудың негізгі өлшемдері. Стандарттау-білім беру мазмұнын дамытудың қазіргі кездегі тенденциясы ретінде. Педагогика курсы мазмұнын реттейтін нормативті құжаттар. Білім беру мазмұнын жобалау деңгейлері. Оқу бағдарламаларының түрлері. Педагогика курсы мамзмұнының оқулықтарда ашылуы.
Педагогиканы оқыту үрдісі мен ұстанымдары.
Педагогиканы оқыту үдерісі, оның ерекшеліктері. Сабақ беру және оқу педагогиканы оқыту үрдісінің құрылымы ретінде. Оқыту үрдісінің құрылымы, қызметі мен компоненттері. Педагогиканы оқыту ұстанымдары және олардың сипаттамасы.
Педагогиканы оқыту формалары.
Оқытуды ұйымдастыру формасының түрлері. Оқытудың жеке формасы оқытушының бір оқушымен өзара әрекеттестігі. Топтық, жаппай және ұжымдық оқыту формалары, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ формалары. Сабақ-колледждегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқытудың сынып-сабақтық жүйесі, оның жетістіктері мен кемшіліктері. Сабақтың құрылымы мен жіктелуі. Қазіргі кездегі сабаққа қойылатын талаптар.
Педагогиканы оқыту әдістері.
Оқыту әдістері-оқу іс әрекетін ұйымдастырудағы оқытушы мен білім алушылардың бірлескен жұмысының амалы. Оқыту тәсілі оқыту әдісінің құрамды бөлігі ретінде. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Оқытудың белсенді әдістері.
Педагогиканы оқыту құралдары.
Оқыту құралдары-білім беру үрдісін қамтамасыз ететін қажетті элемент. Оқыту құралдарының жіктелуі. Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтері. Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдары. Электрондық оқулықтар және олардың артықшылықтары. Педагогиканы оқыту үрдісіндегі ақпараттық технологиялар. Компьютерлік телекоммуникацияның түрлері. Интернет оқыту құралы ретінде.
Педагогиканы оқыту үрдісіндегі бақылау мен диагностика.
Білімді диагностикалау білім беру үрдісінің міндетті компоненті ретінде. Бақылау білім алушылардың білім, білік, дағдыларын бағалайтын, өлшейтін, анықтайтын және кері байланысты қамтамасыз ететін педагогикадағы қажетті компонент ретінде. Педагогиканы оқыту барысында қолданылатын бақылау түрі. Бақылаудың мазмұны мен әдістерін анықтау. Педагогиканы оқыту үрдісінде қолданылатын бақылау формалары. Тесттік бақылау.
«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқыту әдістемесі
«Педагогиканың жалпы негіздері»-педагогиканың алғашқы бөлімі, оның мәні. Бөлімнің негізгі мақсаты ретіндегі педагогиканың ұғымдары мен оқушылар мен тәрбиеленушілердің жас және басқада ерекшеліктеріне байланыссыз жалпы заңдары мен заңдылықтарын анықтау. Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі бөлімнің мазмұны. Педагогиканың нысаны мен пәнін ұсыну тәсілдері мен әдістемелік негіздері. Педагогиканың негізгі ұғымдарын түсіндіру әдістемесі.
«Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі.
Дидактика-білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Қазіргі дидактиканың негізгі ұғымдарын түсіндіру әдістемесі. Бөлімнің негізгі тақырыптарының әдістемелік сипаттамасы: «Оқыту үрдісінің мәні», «Оқыту заңдары, заңдылықтары мен ұстанымдары», «Білім беру мазмұны», «Оқыту әдістері», «Оқытуды ұйымдастыру формалары», «Оқыту нәтижелерін бақылау».
«Тәрбие теориясы» бөлімін оқыту әдістемесі
Тәрбие теориясы-тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесін арнайы зерттейтін педагогиканың бір саласы. Тәрбие теориясы мен әдістері мәселелерін ұсынудың тәсілдері және әдістемелік негіздері. Оқу-тәрбие жұмыстарының жалпы жүйесінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі. Ұжымды қалыптастыру мәселелері, ұжым туралы әлеуметтік және педагогикалық теориялар. Бөлімнің негізгі тақырыптарының әдістемелік сипаттамасы: «Тәрбиенің мәні», «Тәрбие әдістері, құралдары және формалары».
«Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту әдістемесі.
Оқу-тәрбие үрдісі үшін тиімді жағдайды қамтамасыз ету мақсатында мектепті басқару әдістері мен мзмұны, оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерінің бөлімінде көрініс табуы. Мектептегі басқару жүйесінде басқару теориясы, білім беру экономикасы сияқты басқа білім салаларының жетістіктерін пайдалану. Жалпы білім беретін мектептердегі реформаларды жүзеге асыруға байланысты педагогика курсында мектепті басқару мәселелерінің кеңірек қарастырылуы.
