Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушерия практика есептер ++++.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

# 8 Есеп

Перзентханаға қайта жүкті, қайта босанушы32 жаста, ішінің төменгі бөлімінің ауруына, жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті.Жүктілік мерзімі 35-36 апта. Жүктілігі гестозбен өткен. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульс 90 рет минутына, АД 140/90- 145/90мм.сын.бағ.Жүктілік мерзіміне сәйкес іші үлкейген, тітіркенген. Нәрестенің жүрек соғуы

160-170 рет минутына,тұйық.

Айнамен қарау: Қынаптың шырышты қабаты таза.Бөлінділер-қанды, орташа.

Per vaginum: қынап босанған әйелдікі,жатыр мойны сақталған,баланың басы жамбас қуысына келіп тірелген.Мүйіске қол жетпейді.

Жауабы: жүктілік 35-36 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі. Ұрықтың қауіпті жағдайы. МКБ 045.8

Дифференциалды диагностика: жатырдың жартылуымен ( ішінің төменгі бөлімінің кенеттен тартып ауруы, қанды бөлінділер жоқ)

Зерттеу жоспары: жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, ультра дыбыстық зерттеу, коагулограмма, ктг

ЕМІ: операция көлемінің жайылуы мүмкіндігіне байланысты жедел оперативті дайындық. Операция кезінде жатыр жиырылуын визуальды бағалау. Емге көнбеген жағдайда гистерэктомия жасау

# 9 Есеп

Жүкті әйел А 25 жаста,әйелдер кеңесіне сілекейдің ағуы 1000 мл ге дейін, 2 аптада салмағының 3 кг жоғалтуына шағымданып келді.

Объктивті:жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен шырышты қабаты сұрғылт түсті.Ps 110 рет мин. Дене температурасы 36°С. АҚ 90/60 және 90/60 мм рт. ст . Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыр және көкбауыр үлкеймеген.Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ. Диурез төмендеген. Лабораторлы көрсеткіштер: қалдық азот пен креатинин қанда көтерілген,зәрде ацетон +++.

Status genitalis: сыртқы жыныс жүйесі дұрыс дамыған.Түктену әйел типтес. Уретра, парауретральды жолдар, бартолин бездері - өзгеріссіз.

Айнамен қарау: Қынаптық щырышы: таза. Жатыр мойны таза. Бөлінділер – шырышты, орташа.

Per vaginum: қынап босанбаған, жатыр мойны конус тәрізді, сыртқы өзек жабық. Жатыр 8 апталық жүктілікке ұлғайған, жұмсақ,қозғалғыш,ауырсынусыз.Оң және сол жақ қосалқылары анықталмайды,ауырсынусыз.Күмбез терең, бос. Зерттеу ауырсынусыз.

Диагноз: жүктіліктің 8 аптасы. Ерте токсикоз. Птиализм.

Диф диагностика:

-өт жолдарының ауруларымен (гастрит, панкреатит, гепатит, ойық жара ауруы, өттас ауруы)

-инфекциялық аурулар (вирусты гепатит)

-зәр шығару жолдарының аурулары (несеп—тас ауруы)

Зерттеу жоспары: ЖҚА.ЖЗА, БХА (билирубин, қалдық азот, мочевина, креатинин)

Құрсақ қуысы УДЗ

Бүйрек УДЗ

Тактика: терапевт, уролог кеңесі

Медикаментозды ем: құсуға қарсы терапия: -м холиноблокаторлар – атропин, ерітінді 0,1% - 1 мл бұлшық етке, күніне 1-2 рет, 5-7 күн

Инфузиялық терапия: кристаллоидтар күніне 2500-3000 мл дейін

# 10 Есеп

Қайта босанушы (Ж - 6, Б - 2, А - 4) 30 жаста,перзентханаға 5-сағатқа жуық ретті толғақпен келіп түсті.Қарап тексергенде: толғағы әр 2-3 мин, 50 - 60 сек., ретті. Нәрестенің орналасауы тігінен, жамбас бөлігімен келген.кіші жамбас кіреберіс жазықтығына бекінген.Нәрестенің жүрек соғысы тұйық, аритмиялық, 80 - 100 рет/мин,кіндіктен жоғары сол жақта естіледі. Қағанақ суы 15 минут бұрын кеткен.Қынаптық қарағанда: жамбас түбі бұлшықеті тонус сақталған,қынабы босанған әйелдікі. Жатыр мойны жайылған, жатыр мойнының ашылуы 7-8 см. Қағанақ қабы жоқ. Ашық түсті қағанақ суы кеткен.

Қынапта кіндік бауының пульсі анықталады.Жамбаспен келген. (бөксе пальпацияланады, бөксе аралық қуыс, сегізкөз),кіші жамбас кіреберісіне жазықтығына бекінген. мүйіске қол жетімсіз, экзостоз жоқ.

КТГ да: айқын атипиялық вариабельды децелерация брадикардия фонында.

1.Жүктілік VI .Босану ІІ. Тігінен орналасу, бірінші позиция , алдыңғы түрі , жамбаспен (таза бөксемен) жату. Босанудың 1-ші кезкңінің ортасы. Ұрықтың дистрессі. Кіндік бауының түсуі.

2. Босану жолдары дайын болмағандықтан, кіші сегментте улкен кесер тілігі отасы жасалуы тиіс.

Көрсеткіштер:

* Босану жолдарының дайын болмауы , кіндік бауының түсуі

* жамбаспен орналасуы

* ұрықтың дистрессі

Шарттар:

  • Әйелдің жағдайының канағаттанарлық болуы

  • Тірі ұрық

  • Су кеткен уақыт аралығы 15 минут болу

3. Ұрық жамбаспен орналасқандықтан босануға дейінгі перинатальды орталыққа госпитализацияланып ,босанудың рациональды түрлері және босану кезінде болуы мүмкін асқынулардың алдын алуға әрекет жасау керек еді

11 есеп

Перзентханаға жедел жәрдеммен қайта жүкті, қайта босанушы әйел 32 жаста, бес сағатқа жуық ретті

толғақпен келіп түсті.Босануы төртінші, алдыңғы жүктіліктері мерзіміне жеткен босанумен аяқталған.

Үшінші жүктілігі босанудан кейінгі кезеңдегі қан кетумен асқынған.Плацентаның тығыз жабысуына

байланысты қолмен бөлініп алынды. 4 сағат өткен соң жедел босану, жетілген нәресте, қыз, салмағы

4200,0г, бойы-52 см. Үшінші кезеңде қан кетудің алдын алу үшін метилэргометрин салынды.

3 минуттан соң плацента өздігінен бөлінді, бүтін.Барлық қабықтары бүтін. Жатыр жиырылды, тығыз.

Қан шығыны 250 мл. 10 минуттан соң жыныс жолдарынан тағы 250 мл қан ұйындылары бөлінді.

Жатыр периодты түрде босаңсиды. Қан кету жалғасуда.

Жедел босану. Ұрық макросамиясы. Ерте босанудан кейінгі кезең.Гипотониялық қан кету.

Диагностика: Босанған әйелдің жағдайын бағалау. АҚ, ТАЖ,пульс, жоғалған қан көлемін анықтау.

План: 1.Пациентті жалғыз қалдырмау,акушер-гинеколог шақыру

2.Жоғалтқан қан көлемін анықтау.

3. Қуықты катетрлеу

4.Екі перифериялық венаны катетірлеу, инфузияны бастау үшін әйелді жылыту.

5. Жатыр қуысы қабырғаларын қолмен тексеру. Жатыр массажын, бимануальді коипрессия жасау.

6.Утеротониктер: окситоцин 10ЕД в/м.

20 ЕД окситоцин+250 физраствор 1 сағат Көктарымға струйно енгізу.

Лабороторлық зерттеулер: Жалпы қан анализі

Биохимиялық қан анализі

Гемостазиограмма

Категория МКБ:  O72.2Босанудан кейінгі ерте кезеңде қан кету

12 есеп

Алғаш босанушы, бірінші жүкті 25 жаста, жүктіліктің 40 аптасында келіп түсті. Үш сағат бұрын толғағы

басталды,перзентханаға келе жатқан жолда қағанақ суы кеткен.Бойы 170 см, салмағы 78 кг. Жамбас

өлшемдері 25-28-31-18,5 см Нәрестенің болжамалы салмағы 3400,0+- 200,0г.

Ұрықтың келуі тігінен, баспен кіші жамбас кіреберісіне бекінген.Толғағы ретті,әр 5-6 мин 40-45 сек.,

орташа күшпен.

Per vaginum: Қынабы босанбаған әйелдікі, жатыр мойны жайылған,шеті орташа қалыңдықта,жатыр

мойнының ашылуы 3 см, қағанақ қабы жоқ. Жатыр мойнының толық ашылмауына байланысты

ұрықтың қай бөлікпен келуі қиындықдық туғызып тұр. Мүйіске қол жетпейді,диагональды конъюгата

10,5 см. Ашық түсті қағанақ суы кеткен.

Диагноз; Жүктілік 40апта,баспен келген. Босанудың I кезеңі қағанақ суының ерте кетуі, қарапайым жазық тар жамбас 1дәрежелі тарылу

Шұғыл Кесар тілігі. Босану консервативті түрде жүреді жамбасты функционалды бағалап, гипоксия профилактикасы және босанудан кейінгі,

босану кезіндегі

қан кетуді алдын алу арқылы жүреді.

МКБ O82.1 Шұғыл түрде Кесар тілігін жасау

13 есеп

Алғаш босанушы, 35 жаста. Жүктілігі жетілген, жамбас өлшемдері қалыпты. Нәрестенің келуі тігінен, жамбаспен кіші жамбас кіреберісіне келген.

Ұрықтың басы жатыр түбінде анықталады, болжамалы салмағы 3700,0г. Нәрестеніңтжүрек соғысы анық, 130 рет минутына, кіндіктен жоғары сол

жақтан естіледі. Толғағы әр 4 мин 35-40 сек. Қынаптық қарағанда: жатыр мойны жайылған, жатыр мойнының ашылуы 6-7 см.Қағанақ қабы бүтін.

Нәресте екі аяғымен келген.

Диагноз; Ай күні жеткен жүктілік 35 жаста алғаш босанушы жүктілік мерзімі 40 апта аяқпен келу. Босанудың I кезеңі

Шұгыл түрде Кесар тілігімен босандыру.Себебі нәресте аяқпен келген және кеш мерзімдегі алғашқы жүктілік

МКБ O82.1 Шұғыл түрде Кесар тілігін жасау

Страница 10 из 10