- •2.2 Дәріс конспектілері
- •Дәріс. Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары. Хт процестің жіктелуі. Химиялық өндірісті жобалау.
- •Қалдықсыз және аз қалдықты технология туралы түсінік
- •Мұнай пленкаларының өлшемдері
- •Жоспары:
- •Синтетикалық каучук өндірісі
- •Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеудің әдістері
- •Қалдықтарды қайта өңдеу және оны қолдану
Синтетикалық каучук өндірісі
Жоспары:
1.Табиғи каучук .Синтездік каучук. Бутадиенді каучук.
2.Каталитикалық дегидрлеумен бутан және изопентаннан бутадиен және изопренді өндіру
3.Каучукты вулканизациялау
Қазіргі кезде адам тіршілігін каучуксіз, резеңкесіз, олардан өндірілетін өнімдерсіз көзге елестету мүмкін емес.
Табиғи каучук – полимер, оның макромолекулалары диенді көмірсутек - изопрен мономерлерінен тұрады.
Каучук — майысқақ созылғыш, серпімді, төзімді эластикалық материал. Негізінен, резеңке алу және резеңке бұйымдарын жасау үшін қолданылады. Табигатта көптеген өсімдіктердің, Қазакстанда таусағыз, көксағыз деген өсімдіктердің кұрамында кездеседі. Бразилияда өсетін Гевея ағашының шырынының күрамында 30% каучук (као чоу — агаштың көз жасы) бар.
Каучуктың практикалық маңыздылығы — оның жоғары серпімді, эластикалык қасиетінде. Каучук автомобиль, ұшак, велосипед дөңгелектерін, резеңке аяқкиім, электр сымдарын окшаулайтын материал, көптеген медициналық бұйымдар жасауға колданылатын болғандыктан, маңызы өте зор. Техниканың дамуына байланысты каучукка деген сүраныс дүние жүзінде жылына, шамамен, 2500000 т-ға жетіп отыр.
Табиғи каучуктың коры шектеулі болғандықтан, ғалымдар алдында аса майысқақ синтездік материалдар жасау қажеттігі туындады. Көп жылғы кажырлы еңбектен кейін орыс химигі, академик С. В. Лебедев каучукты синтездік жолмен алу әдісін тапты. 1932 жылдан бастап синтездік жолмен каучук өндіріле бастады. Ол, ең алдымен, бутадиенді пайдаланды. Бутадиен алу үшін шикізат ретінде этил спирті жұмсалды. Ал этил спиртін астық пен картоптан алады:
Бутадиенді каучуктың қасиеті табиғи каучуктан нашар болды. Өйткені табиғи каучук — изопренді каучук (2-метилбутадиен-1,3):
пСН2 = С(СН3)-СН = СН2 → (-СН2-С(СН3) = СН—СН2-)п
Кейіннен синтезделген изопренді каучук табиғи каучуктан майысқақтығы жөнінен төмен болды. Оның себебі стереоқұрылысында еді. Кейіннен құрылысы табиғи каучукқа ұқсас цис-изопренді каучук синтезделді:
Құрылыстары стереотұрақты изопренді жөне дивинилді каучуктар өндіру — органикалык синтез өнеркәсібі табыстарының айқын көріністерішң бірі. Қазіргі кезде каучукты синтездеуге мұнай газдары мен мұнайдың өңделген өнімдерінде болатын көмірсутектер пайдаланылады. Бутан мен 2-метилбутанды дегидрлеп, бутадиен-1,3 пен 2-метил бутадиен-1,3 алады:
Температураның, еріткіштердің жөне әр түрлі химиялық реагенттердің өсеріне түракты болу үшін каучукты вулканизациялайды. Вулканизация дегеніміз—каучук пен күкіртті косып кыздырған кезде жүретін, қос байланыстар тұсынан каучук молекулаларының дисульфид S—S көпіршелері арқылы үш өлшемге келіп тігілуі:
Вулканизациялауға тек күкірт қана емес, күкірттің қосылыстарын, күйені, борды, т.б. заттарды косады. Вулканизация процесін 1839 жылы Генкокок пен Гудьир ашты. Осы күрделі физикалык-химиялык процесс кезінде каучуктың физикалық-химиялық касиеттері күрт өзгереді. Каучуктың серпімділігі, беріктігі, эластикалығы, температураға және еріткіштерге тұрақтылығы артады. Осылайша алынған өнім резеңке деп аталады. Ол өзінің бастапкы ұзындығынан екі есеге дейін ұзара алады және қайта қалпына келеді.
Егер күкірт мөлшері көп болса (бүкіл массаның 45%-і), онда майыспайтын қатты эбонит деп аталатын зат алынады. Ол электр тогын өткізбейтін зат.
Іс жүзінде колданылатын каучуктар, негізінен, мына мономерлерден алынады: бутадиеннен (дивинил), изопреннен, хлорпреннен, олефиндерден, этилен-пропиленнен және изобутиленнен.
Соңғы жылдары диен кемірсутектерінің баска каныкпаған қосылыстармен біріге полимерленуінен алынатын сополимерлі каучуктар (мысалы, бутадиеннің (дивинилдің) стиролмен, акрил-нитрилмен) кең қолданыла бастады:
... СН,—СН=СН—СН—СН,—СНп—
дивинилден
стиролдан
СН2-СН-СН2-СН=СН-СҚ
акрилнитрилден
Қолданылатын мақсатына байланысты каучуктың өр түрін алу үшін ер түрлі мономерлер пайдаланылады. Мысалы, доңғалак шиналарын жасауға жүмсалатын каучук алу үшін бутадиенді стиролмен бірлестіріп полимерлейді. Бензин мен майдың әсеріне төзімді каучук алу үшін акрилонитрилмен бірге полимерлейді. Химиялык жағынан төзімді бутилкаучук алу үшін изобутиленді бутадиенмен немесе изопренмен бірлестіріп полимерлейді.
Қазіргі кезде синтездік каучуктың алуан түрлері шығарылады. Олардың бірі —
механикалық түрғыдан аса берік болса, екіншісі— химиялык өте тұрақтылығымен, үшіншісі — еріткіштердің әсеріне ерекше төзімділігімен және т.б. сипатталады. Олар өздерінін касиеттеріне қарай әр түрлі қажеттіліктерге пайдаланылады
12-ДӘРІС. Суды тазарту жолдары
Суды хлорлау. Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістерінің арасында қазіргі уақытта зарарсыздандырудың ең үнемді әдісі ретінде хлорлау ең таралған әдіс болып табылады. Тәжірибеде Cl2 газ тәрізді хлор, ClO2 хлор диоксиді, сондай-ақ тұтыну орнында электролиз әдісімен алынатын хлорлы агенттер (натрий гипохлориті, кальций гипохлориті және басқа) қолданылады. Хлорлы әк және кальций гипохлориті соңғы уақытта елеусіз және судың аздаған мөлшерін (негізінен тазартылған сарқынды суларды) зарарсыздандыру үшін ғана қолданылып келеді, себебі құрамында осындай хлор бар реагенттерді қолдана отырып, зарарсыздандыру сонымен бірге тазартылатын суды әртүрлі заттармен ластануына алып келеді.
Хлор суда еріген кезде тез ыдырайтын хлор қышқылы пайда болады Cl2 + H2O = HOCl + HCl. HOCl H+ + OCl- иондарына ыдырайды.OCl- ыдырау барысында одан әрі бөлінетін атомарлы оттегі ең бактерицидтік әсер етеді.
Суды ClO2 хлор диоксидімен өңдеу кезінде қалған бактериялардың өмір сүруге қабілетті клеткаларының проценті байланысудың бірдей уақыты кезінде сондай шоғырланған газ-хлорды қолдануға қарағанда біршама аз. ClO2 микробқа қарсы тиімді әсер өлшенген заттардың шоғырлануына байланысты 0,1-ден 0,5 мг/дм3дейінгі мөлшерде байқалады. Алайда қалқыған және еріген күйлеріндегі органикалық қосылыстармен судың ластануын арттыру хлор диоксидінің инактивті әсерін азайтады және суды аса сенімді зарарсыздандыру үшін реагенттердің мөлшерін 2-4 есе арттыру қажет. Суды өңдеген кезде ClO2 қолданудың кемшіліктері бір жағынан жанама өнімдер - хлориттер мен хлораттардың пайда болуы, ВОЗ деректері бойынша олар метгемоглобин құрайтын қосылыстарға жатқызылған, басқа жағынан хлор диоксидін алуы күрделілігі және қымбаттылығы, оның жарылыс қауіптілігі болып табылады.
Патогендік бактерияларға қатысты жоғары тиімділікке, өңдеуден кейін осы бактериялардың қайта көбеймейтініне қарамастан қалдық хлордың 1,5 мг/дм3мөлшерімен хлорлау вирустарға, қарапайым цисталарға және лямблийлерге қатысты қажетті эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Хлоррезистентті микрофлора: E.coli, Pseudoтопоdaceae, Klebsiellae, Proteae хлорға тұрақты нысандардың тіршілік ететіні белгілі, олар сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйелерінің тұрақты құрамдауыштары болып табылатын шартты түрде патогенді және патогенді микроорганизмдерге жатады.
Хлорлауды қолдану судың бактериалды ластануын азайтады, бірақ вирастардың жұғу қауіпін сақтайды және оның теріс экологиялық салдары бар. Хлорлаудың теріс қасиеті хлорорганикалық қосылыстар: тригалогенметандардың, хлорфенолдардың, п-нитрохлорбензолдардың, хлораминдердің, сондай-ақ диоксидтердің пайда болуы болып табылады, олар су айдындардың суындағы табиғи фенолды қосылыстардың суға жіберілетін хлормен өзара әрекеттесуі кезінде пайда болады. Көптеген зерттеулердің деректері бойынша хлорорганикалық қосылыстар адамға жоғары уыттылығымен, мутагендігімен, канцерогенділігімен әсер етеді. Олар су түбiндегi шөгiндiлерде, суда тіршілік ететіндердің жасушаларында жинала алады және ақырында адамның организміне түседі. Олар биологиялық ыдырауға өте төзімді болып келеді және шығару (түсіру) орнынан бастап өзенді ағыс ыңғайымен елеулі қашықтықтарға ластайды.
Хлорлау кезінде сондай-ақ хлораминдер пайда болады, осы заттар ең аз шоғырланған кездің өзінде су организмдерінің қатты физиологиялық өзгертеді және оларды жояды. Таяуда тірі организмдерге өте уытты хлордибензопарадиоксиндер, фурандар сияқты жаңа қосылыстар анықталды және теңестірілді, олардың ластану көзі хлорорганикалық өндірістердің өнімдерін пайдаланатын өнеркәсіптік өндіріс, халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар (химиялық тазарту орындары) болып табылады.
Диоксиндер мен фурандар биологиялық қышқылданбайтын заттар болып табылады және олар қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған коммуналдық және өнеркәсіптік тазарту құрылыстарында тазартылмайды. Хлорлаудың елеулі кемшілігі (әсіресе ірі және орташа тазарту құрылыстары үшін) хлорлы шаруашылықтың жоғары дәрежеде қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Шаруашылық ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын бұлақтардың суын хлорлау үшін көрсеткіштерді белгілеу мақсатында, сондай-ақ хлорлау режимі жөнінде негізгі ережені әзірлеу үшін су көзін алдын ала санитарлық және эпидемиологиялық тексеру жүргіледі, ол қолданыстағы нормативтерде көзделген бағдарламаға сәйкес орындалады. Хлорлау үшін хлордың жұмыс мөлшерін белгілеу үшін тәжірибелі жолмен суды зарарсыздандырудың нәтижесі және қалған белсенді хлордың мөлшері анықталады, ол судың сіңіру шамасына байланысты болады. Суды зарарсыздандыру үшін хлордың таңдалған жұмыс мөлшері тиісті бактерицидті нәтижені қамтамасыз етуге тиіс, яғни өңделген судағы ішек таяқшалардың саны 1 литрде 3-тен артық болмауы тиіс, судың хлормен байланысқан кезеңінен кейін (кемінде 30 мин.) бактериялардың жалпы саны 1 миллилитрде 100-ден артық болмауы тиіс. Бұл ретте қалдық хлордың құрамы кемінде 0,3 немесе 0,5 мг/литрден аспауға тиіс. Кейбір бұлақтардың, көбінесе ашық бұлақтардың суын хлорлау кезінде зарарсыздандырудың тиісті нәтижесін алу қажеттілігіне сонымен қатар органолептикалық қасиеттеріне (иіс пен дәм) қатысты судың гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне байланысты қиыншылықтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда зарарсыздандырудың қандай да бір арнайы тәсілі қолданылады, оларға мыналар жатады:
а) екі рет хлорлау, яғни хлорды тазарту құрылыстарына дейін алдын ала бірінші көтергіштің сорғыш су тартқыштарына жіберу (әдетте 3-5 мг/л мөлшерінде) және соңғы рет сүзгілерден кейін (әдетте 0,7-2 мг/л мөлшерінде); бастапқы судың өте анық түсі кезінде, оның құрамында органикалық заттар мен планктонның көп болуы кезінде қолданылады;
б) преаммонизациялау арқылы хлорлау, яғни хлорды жіберудің алдында тікелей суға аммиак пен оның тұздарын жіберу (әдетте аммиак мен хлор мөлшерінің 1:4, 1:10 арақатынасы кезінде). Бұл ретте зарарсыздандыру байланысқан хлор (хлораминдер) есебінен қамтамасыз етіледі. Осы әдіс суды хлормен өңдегеннен кейін пайда болатын ерекше иістердің алдын алу үшін қолданылады. Преаммонизациялау кезінде судың хлормен байланысуы кемінде 1 сағат болуы тиіс.;
в) аса хлорлау, яғни артық хлорды кейіннен байланыстыра отырып, хлордың 10-20 мг/л мөлшерін жіберу; бактериялық ластануы белгіленген шектен асатын су көздерін мәжбүрлі пайдаланған жағдайда, бас тоған орнынан алынған 1 л судағы ішек таяқшаларының орташа саны 10000 артық болған кезде қолданылады. Бұдан басқа, бастапқы суда фенолдар болған жағдайда хлорфенолды иістің пайда болуын болдырмау үшін қолданылады.
13-ДӘРІС. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ҚОЛДАНУ
Aдам денсаулығы үшін қауіпті нәрсе тамақ өнімдерінде болатын – ауыр металдар. Кез – келген тамақ өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді.
Ауыр металдардың шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға тәуелді болады.
IFOAM (органикалық ауыл шаруашылығының қозғалысы жөніндегі халықаралық федерация) анықтамасы бойынша, экологиялық таза өнім – генетикалық өзгеріске ұшырамаған, өсіру мен өндіру кезінде пестицидтер, гербицидтер, улы химикаттар қолданылмайтын өнімдер. Экологиялық таза тамақ өнімі дүние жүзінде әртүрлі терминдермен аталады. Батыс Еуропа елдерінде «биологиялық өнім», Солтүстік Еуропада «экологиялық өнім», АҚШ пен Ұлыбританияда «органикалық өнім», Финляндияда «табиғи өнім» деп аталады. «Экологиялық таза» дәрежесін алу үшін, өнім тек таза күйінде өсіріліп қана қоймай, химиялық заттарды пайдаланбай сақталынған, қайта өңделген, жабдықталған және тұтынушыға жеткізілген өнім болуы керек. Мысалы, Еуропада «био», «эко», немесе «органик» маркаларымен белгіленген тауарлар тыңайтқыштар, улы химикаттар және пестицидтерді пайдаланылмай өндірілген өнім түрін білдіреді.
Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам
денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнім өндірілуіне байланысты төмендегідей болады: 1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер; 2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады.
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда.
«Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді.
Мысалы, органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы тамақ өнеркәсібі өнеркәсіп салаларының маңызды стратегиялық саласы және тұрғындарды сандық, сапалық тағам өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етеді. Табиғи шырын өндірісі тамақ өнеркәсібінің ішінде өзіндік маңызы бар сала болып табылады. Бұл осы сала өнімдерінің халық шаруашылығының басқа да салаларына кеңінен пайдалануымен түсіндіріледі, себебі бұл сала адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдарды заттар жинақталған тағам өнімдерімен тұрғындарды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы табиғи шырын нарығы негізінен шет елдерден әкелінген және отандық тауар өндірушілердің өнімдерінен тұрады. Алыс және жақын шет мемлекеттерден әкелініп жатқан табиғи шырындар отандық тауар өндірушілердің негізгі бәсекелестеріне айналды. Бұған қоса, ішкі өнім өндірушілер Қазақстан нарығында бәсекелік ортаның жоғарлауына ықпал етуде. Табиғи шырындардың жетіспеушілігі импортты шырындардың тұрақты өсуіне алып келді, ал ол отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіруіне мүмкіндік туғызды. Қазіргі уақытта импортталған арзан өнімдер Қазақстан нарығын жаулап алды.
Қазақстан Республикасында табиғи шырын өндіретін кәсіпорындарға маркетингтік зерттеулер жасалынды. Қазақстанда сусындар спектрі өте кең - дүкендердің сөресінен шырын, нектарлар, морс, газдалмаған және газдалған су, аз алкогольді және алкогольсіз сусындарды, квас, тониктерді көруге болады, тіпті салқындатылған шай түріндегі сусындарды да кездестіруге болады. Дегенмен әр түрлі белгідегі шырындарды қарапайым тұтынушылардың таңдауы өте қиын: яғни, сусындарды таңдауда тұтынушы денсаулық үшін пайдалы және сапалы не сапасыздығына назар аудармай, керісінше сол өнімнің арзан не қымбаттығына көңіл аударады.
Шырындарды тұтынудың жоғары деңгейін, сыра және күшті алкогольды сусындарды ұсынатын «солтүстік үлгі» деп аталатын Батыс Еуропалық сусындар саласымен салыстырсақ, Қазақстанда тұтынушылар әлі де болса Еуропаның солтүстік елдеріндегі шырынды тұтынудың орташа көрсеткіштерінен (халықтың жан басына шаққанда 24–28 л) артта қалып келеді.
Қазақстандағы шырын нарығын тұтыну сұранысының өсуі халықтың тұтыну қабілетінің жоғарлауына байланысты. Алайда тағы бір маңыздысы - тұтынушылардың экологиялық таза өнімге деген қызығушылығының артуында. Табиғи шырындар өніміне деген сұраныс, ірі қалалардағы өмір сүруге зиянды факторлардың әсерін бейтараптандыру, сондай-ақ ағзаға жетіспейтін дәрумендерді толықтыру қажеттілігінен туындайды. Табиғи шырын өндіретін Оңтүстік Қазақстандық консерві зауыттарының көбі Кеңестік кезеңде салынған зауыттардың негізінде жұмыс істеуде. Соның бірі зерттеуімізге негіз болып отырған Түлкібас жеміс консерві зауыты. Түлкібас консерві зауыты (1965 ж. іске қосылған) отандық жеміс-көкөніс өңдеуші кәсіпорындардың арасындағы ірілерінің бірі саналады. Түлкібас консерві зауыты өнімі бойынша Қазақстандағы Алматы (25000 т.), Талдықорған (23440 т.), Сайрам (20840 т.) консерві зауыттарынан кейінгі төртінші орында болған. 1980–1992 ж.ж. аралығында Түлкібас консерві зауыты жылына 32 млн. шартты банкіге дейін консерві өнімдерін шығарып отырған. Сонымен бірге жылына 10 мың тоннаға дейін алма, 25 мың т. көкөніс (соның ішінде 20 мың. т. томат), 34 мың т. астам шие, қараөрік қайта өңделген. Қазіргі уақытта Түлкібас консерві зауыты өзінің негізгі қорларын және өнім шығару қабілеттілігін сақтап қалған жалғыз зауыт. Зауытта өндірістік инфрақұрылым және коммуникация, техникалық және ауыз су мен қамтамасыз ету көздері, табиғи газбен жұмыс істейтін қазандық және электрлік қосалқы станциялар, екі теміржол тұйықтамасы бар.
2004 жылдан бастап Түлкібас консерві зауыты «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы деп аталады. «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамының (Түлкібас консерві зауыты) артықшылығы шырындарды жергілікті консервантсыз шикізаттардан өндіретіндігі. Бірақ, Оңтүстік Қазақстан облысы нарығында әлі бұл зауыттың шырындарының сатылу үлесі төмен (3%), бұл өнімдерінің икемсіз сыйымдылығы 2 литрлік шыны ыдысына құйылуымен байланысты. Шырындар – тез бұзылатын өнімдер, сондықтан оларды 0,25 л, 0,5 л, 0,75л, 1л ыдыстармен және «Тетра Пак» орамымен шығару керек.
«ЭкоПродуктГруп» АҚ шығаратын «Песня лета» белгісіндегі шырындар біртіндеп отандық нарықта үлкен сұранысқа ие болып келеді.
«ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы 2006-2008 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасын жасады. Бұл бағдарламаның орындалу барысы төмендегі суретте көрсетілген «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамында табиғи шырындарды өндіру 2006 жылы – 2605831 л., ал 2007 жылы – 2319131 литрге жоспарланған. Бірақ нақты өндірілген өнім көлемі 2006 жылы – 1296905 л құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 1309275 л сәйкес келеді. Кестеден көріп отырғанымыздай өндірілген табиғи шырындар көлемі 2006 жылы 49,9%-ға, 2007 жылы 56,5% – ды құрап отыр, яғни 2006 жылға қарағанда табиғи шырынды өндіру көлемі 2007 жылы артып отыр.
Сәйкесінше басқа өнім өндіру көлемінің жоспардан ауытқу себебіне ауа – райы жағдайының өзгеруіне байланысты шикізатпен толық қамтылмауы, технологиялық үрдістердің толық орындалмауы ықпал етті. «Тетра Пак» орамындағы шырындардың кең таралуына қарамай, шыны ыдыстардағы шырындар да маңызды болуда. Табиғи шырындар нарығында шыны ыдыстағы импорттық шырындар жоғары бағаланады. «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамының өнімінің өз бәсекелестерінің алдында үш артықшылығы бар: біріншісі – жоғарыда аталғандай жергілікті экологиялық таза ауданда өсірілген шикізаттан өндіру мүмкіндігі; екіншісі – бағасы, үшіншісі – шырындарды тікелей сығымдау арқылы дайындау технологиясы. «ЭкоПродуктГруп» АҚ іс-әрекетіне, консервіленген жеміс және көкөніс нарығына жүргізілген талдау арқылы төмендегі қорытынды жасауға болады: Қазақстан нарығын әлемдік стандарттарға сай, сапалы экологиялық таза тамақ өнімдерімен, томат пастасы, табиғи шырындар, жеміс және көкөніс консервілерімен қамтамасыз етуге отандық тауар өндірушілердің толық мүмкіндігі бар, соның бірі 2012 жылға қарай Оңтүстік Қазақстан облысының консервіленген өнімге деген қажеттілігін қанағаттандыра алатын «ЭкоПродуктГруп» АҚ (Түлкібас консерві зауыты), оның нарықтағы үлесі 14,5%-ды құрайды.
14-ДӘРІС. УЛЫ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗИЯНСЫЗДАНДЫРУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КӨМУ
Осы Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игерудің қауіпсіздік ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы ", "Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы туралы" Заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, кен орындарын игеру кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау мақсатында дайындалды.
Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар, терминдер және анықтамалар қолданылады: шаймалау (қышқылмен немесе сілтімен) - көп фазалы қатты шикізатты сұрыптай әрекет ететін реагентпен еріту; геотехнология - қатты пайдалы қазбаларды жер қойнауында жатқан жерінде жылыту, масса алмастыру, химиялық және гидродинамикалық процестер арқылы оларды жылжымалы жағдайға ауыстырып, соңынан сұйық немесе газ түріндегі өнімдерді жер бетіне шығаруды қамтамасыз ететін өндіру технологиясжерасты ұңғылап шаймалау тәсілі - жер қойнауында жатқан жерінде кеннің пайдалы компоненттерін іріктеп, ерітіндіге айналдыра отырып, химиялық реагенттердің әсері арқылы пайдалы қазбаларды алудың геотехнологиялық тәсілі.
Жерасты ұңғылап шаймалау тәсілімен ұңғылай өңдеу жүйесі - үстіңгі қабаттан бұрғылау арқылы бұрғылау ұңғымасының көмегімен, жерасты шаймалау тәсілімен кен орындарын ашу, дайындау және пайдалану жүйесі болып табылады.
Үймелеп шаймалау тәсілі - үстіңгі қабатқа шығарылған және белгілі тәртіппен орналастырылған рудалардан шаймалау әдісімен пайдалы қазбалар өндіру тәсілі; технологиялық процесс – заттардың физикалық-химиялық немесе физикалық-механикалық басқа қалыпқа ауысу және аппаратта (өзара байланысты аппараттар жүйесінде, агрегатта, машинада және сол сияқты) мақсатты түрде жүргізілетін материалдық орта параметрлері мәнінің өзгеру жиынтығы; жерасты ұңғылап шаймалау немесе үймелеп шаймалау ұйымы - жерасты ұңғылап шаймалау немесе үймелеп шаймалау тәсілдері арқылы кеннің пайдалы компоненттерін өндіретін тау-кен ұйымы, кен басқармасы, кеніш, цех, учаске; жерасты ұңғылап шаймалау немесе үймелеп шаймалау өндіру кешені - шаймалау процесін жүзеге асыру үшін жұмыс ерітінділерін беруді, тиімді ерітінділерді сорып шығаруды және оларды қайта өңдеу үшін тасымалдауды қамтамасыз ететін жерасты және жерүсті құрылыстары мен техникалық құралдарының кешені.
Жерасты ұңғылап шаймалау пайдалану учаскесі - кен орнының коммуникациялау мен бақылау орнату және жерасты шаймалау процестерін басқару жүйелерімен біріккен, пайдаланушы блоктар тобымен ұзақ мерзімде игерілген геологиялық немесе кеңістіктік оқшауланған бөлігі; жерасты ұңғылап шаймалау пайдалану блогы - бір уақытта пайдалануға енгізілетін және бірдей ұңғылап өңдеуде бірыңғай геотехнологиялық тәртіпте жұмыс істейтін, пайдалану ұялары тобынан тұратын, ең аз өндіру бірлігі; жатады.
Жерасты ұңғылап шаймалау пайдалану ұясына - айдау және сору ұңғымаларымен өңделген кен қатпарының бір бөлігі; жерасты ұңғылап шаймалау полигоны - жерасты ұңғылап шаймалау тәсілімен ұзақ мерзімде жасалатын, шаймалау процесінің коммуникациялары мен бақылау орнату және басқару жүйелеріне біріккен пайдаланушы учаскелердің тобы жатады.
Үймелеп шаймалау үйіндісі - технологиялық ерітінділерді айдау мен соруға арналған құбыржол жүйесімен жабдықталған, жер бетіне белгілі қалыппен орналастырылған геометриялық шектеулі кен массасы; үймелеп шаймалау үйіндісінің табаны - технологиялық ерітінділердің алаңнан тыс кетуіне кедергі болатын, судан оқшаулайтын қабаттармен қатталған. Үймелеп шаймалау үйіндісін жиыстыруға және өнімді ерітінділерді жинауға арналған, үстіңгі бетте орналасқан геометриялық шектеулі алаңорналасады.
Үймелеп шаймалау учаскесі - коммуникациялар жүйесімен және шаймалау процестерінің дайындау, өңдеу, бақылау және басқару қондырғыларымен біріктірілген, бір немесе бірнеше үйінділерінен тұратын тау-кен массасының белгілі ретпен жинақтау кешені; технологиялық ерітінділер - реагенттердің және олардың сиымды ортамен әрекеттескендегі өнімдерінің сулы ерітіндісі.
Олар жұмыс, өнімді, аналық, қайтарма, лықсыма ерітінділер болып бөлінеді; жұмыс (шаймалаушы) ерітіндісі - ерітуге жарамды реагенттің пайдалы компоненттері бар, және өнімді горизонттарға немесе үймелеп шаймалау үйінділеріне айдауға арналған технологиялық ерітінді; өнімді ерітінді - жұмыс ерітіндісінің шаймаланушы тау-кен жыныстарының массасымен физика-химиялық әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан.
