- •2.2 Дәріс конспектілері
- •Дәріс. Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары. Хт процестің жіктелуі. Химиялық өндірісті жобалау.
- •Қалдықсыз және аз қалдықты технология туралы түсінік
- •Мұнай пленкаларының өлшемдері
- •Жоспары:
- •Синтетикалық каучук өндірісі
- •Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеудің әдістері
- •Қалдықтарды қайта өңдеу және оны қолдану
Қалдықтарды қайта өңдеу және оны қолдану
Қалдықтар мәселесі мемлекеттік тұрғыдан қарастырылатын маңызды мәселе. Негізгі үш бағытта ұйымдастырылады:
Қалдықтар мөлшерін азайту шаралары;
Қалдықтарды қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;
Қалдықтарды қауіпсіз жерде сақтау немесе көму.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу бағытында заңдар мен құжаттар шығарылып, экологиялық ауытқу болғанда айып-пұл салынады. Талдау, талқылау жұмыстары жүргізіледі. Осы саланың мамандарын дайындау, оларға білім беру, мамандарды оқытудың әртүрлі формалары іске асырылады. Кейбір елдерде қалдықтарды жою, оларды зарасыздандыру және қайта өңдеумен арнайы мемлекеттік органдармен қатар комерциялық ұйымдар, өндірістік дайындау фирмалары айналысады.
Ақша үнемдеу мақсатында табиғатты ластау, табиғатты қорғау шығындарына назар аудармайтын өндірістер жеткілікті. Елімізде шетел инвесторлары тартылғандықтан көптеген экологиялық зардаптарға жол берілуде.
15-ДӘРІС. ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЗАРАСЫЗДАНДЫРУ
Қалдықтарды қайтадан өңдеу экономикалық жағынан тиімді болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары қаражатқа байланысты іске аспай жатып қалады.
Қалдықтарды жою немесе оны өңдеуді іске асыру үшін нақты жобалар мен жоспарлар жасалуы керек. Қалдықты жою жолдарын қарастыратын орталық болуы тиіс.
Онда қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарды анықтап, оларды зарасыздандыру жолдарын анықтау қажет. Сонымен бірге шикізат ретінде қолданылатын қалдықтарды ажырату, қалдықтарды зарасыздандырумен шұғылданатын ғылыми зерттеу орындарын ашу немесе өндірістің материалдық - техникалық базасын жасау қажет.
Қаражатпен қамтамассыз ету, сонымен бірге қалдықтарды болдырмаудың шараларын қарастыру. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияны үнемі жетілдіру маңызды.
Қоқыстар мен қалдықтарды үш топқа жіктейді:
Қатты қалдықтар: үй-тұрмыс қалдықтары, құрылыс қалдықтары, қоғамдық үйлерден, сауда орындары мен тамақтандыру орындарынан тасталға қоқыстар жатады.
Сүйық қалдықтар: тұрмыстық су, өнеркәсіп пен комунальдық төгінділер, жауын сулары, лай сулар;
Газ тәрізді қалдықтар: транспорт пен өнеркәсіп пен жылыту орындарынан бөлінетін газдар.
Қалдықтарды зарасыздандыру үшін жинап, көму, мұхиттарға жіберу,
жағу әдістері қолданылады.
Қоқыстар жойылмай ұзаққа қалғандықтан, одан қауіпті аурулар
туындауы мүмкін және қоршаған ортаға көп зиянын тигізеді. Қоқыс жиналған жерде ауаны ластайтын заттар – метан, еріткіштер; топырақ пен грунт суларын ластайтын заттар- ауыр металдар, диоксиндер, интексидтер болады; одан басқа эпидемологиялық қауіп тудыратын заттар пайда болады.
Полимер материалдарды утилизациялау үшін деструкция қолданылады. Деструкциялау химиялық, физикалық және механикалық, биологтялық әерлер көмегімен орындалады.
Химиялық деструкция гетеротізбекті полимерлерге (белок крахмал, целлюлоза, полиамид, полиэфир) қолданылады, мұндай деструкция су, спирт, қышқыл, сілтінің көмегімен жүргізіледі. Мысалы, крахмалды қышқылдық гидролиздеу:
[C6H10O5]n + nH2O `(H+)→ nC6H12O6
Тотықтырғыш деструкция полимерге жылу және оттегімен бір мезгілде әрекет етуге негізделген. Полимердің тотығуы арқылы алғашқыда гипероксид түзіліп, одан кейін ыдырауға ұшырайды, нәтижесінде бос радикалдар түзіледі.
Фотохимиялық деструкция күн сәулесі мен оттегі әсерінен бүлінуі. Көбінесе пленкалар осы деструкцияға ұшырайды.
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадасторы дегеніміз қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негiзiнде жүйелендiрiлген, кезеңдiлiкпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады.
Барлық қалдық түрлерi және қалдықтарды орналастыру объектiлерi қалдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алынуға тиiс. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауға қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелердi, деректер банкiн және қалдықтар, оларды өңдеудiң қасиеттерi мен технологиялары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға арналған мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындыларын қамтитын, қалдықтарды орналастыру объектiсi бойынша кадастр iсiн ұсынады.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) салаларында аталған құжаттама есеп беру жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын электрондық құжаттама беріледі. 155-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу нәтижелерi туралы ақпарат. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу нәтижелерi бойынша жыл сайын ақпараттық шолу жасайды. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жеке безендiрiлген кiтап түрiнде қағаз жеткiзгiште бес жылда бiр рет басып шығарылады.
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады. Көмудiң мемлекеттiк кадастрынан жедел ақпарат алу, қоршаған орта саласында шешiм қабылдау, зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жай-күйiне жоспарлы бақылау жасау мақсаттарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастырады. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының деректерi жер қойнауы туралы бiртұтас цифрлы ақпараттар жүйесiне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрының есебiне зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен жер қойнауына сарқынды су ағызылатын жерлер жатады. Көмудiң мемлекеттiк кадастрында көмiлген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткiштерi, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетiлген үлгiсi мен түрiн сипаттайтын мәлiметтер болады және зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен сарқынды су ағызылатын жерлердiң жалпы сипаттамасын: орналасқан жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға жұмсалатын шығынды, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi мен жер қойнауы мониторингiн бақылау желiсiнiң болуын және орналасуын; зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен сарқынды су ағызылатын жерлердiң физикалық сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типiн, қабатты-коллектор жатқан жердiң тереңдiгi мен тиiмдi қуатын, оның алаңын, кеуектiк коэффициентiн, төсенiштiк және бөгесiндiк су қысымының сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың сақталуы мен басқа да сандық және сапалық көрсеткiштердi; зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнiмнiң атауын, нәтижесiнде өнiм жасалатын технологиялық өндiрiстер немесе процестердi, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, уытты компоненттерiнiң болуын, өрт шығу-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен сыйысымдылығы, негiзгi ластаушы радионуклидтер, олардың активтiлiгi және басқа да сипаттамалар), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын қамтиды.
Көмудiң мемлекеттiк кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және жер қойнауына ағызылатын сарқынды сулар үшiн жеке жүргiзiледi. Табиғат пайдаланушылар есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанының iшiнде 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын осы Кодекстiң 157-бабының 1-тармағында аталған мәлiметтердiң екi данасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушылардан түскен деректердiң негiзiнде Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жасайды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу кезiнде: 1) табиғат пайдаланушылардан мәлiметтердiң уақтылы түсуiн бақылауды; 2) материалдарды жинауды, олардың есебiн, жүйеленуi мен сақталуын; 3) табиғат пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында есептеу техникасын пайдалану арқылы деректердi өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн жасауды және оның жұмыс iстеуiн; 4) Көмудiң мемлекеттiк кадастрын дұрыс ресiмдеудi қамтамасыз етедi.
15-ДӘРІС. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯ
Қалдықсыз және азқалдықты технология өнеркәсіп пен өндірістің негізгі заманауи бағыттырына жатады. Себебі соңғы кезде өндіріс қалдықтарының зардаптары қоршаған ортаны ластау арқылы адамзат баласының тіршілігіне орасан зор зардаптарын тигізуде. Ал қалдықсыз және азқалдықты технологияның көмегімен қайта өңдеу арқылы пайдалы өнім алу іске асады. Бұл табиғат шикізаттарын тиімді пайдалану, қалдықтарды пайдалы өнімге айналдыру арқылы қалдықтарды азайту бағытында экологияны жақсартуға септігін тигізеді.
Қазір бұл технологияны басқару саласындағы адамдардың саналы әрекетінен барлық өнеркәсіп салалары қолдануға күш салуда. Ол үшін жаңа қалдықсыз технологияны өндіріске енгізу, қалдықты мейлінше азайту, қалдықтарды пайдалы өнімге айналдыру әдістерін жасау, оны іске асыру бағытында көп жұмыстар жүргізілуде.
Қалдықсыз технология ООН Эвропалық экономикалық комиссиясының 1979 жылғы декларациясы бойынша табиғат ресурстарын тиімді пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғау әдістері мен құрал жабдықтары, оған сәйкес білімді тәжірибе жүзінде қолдануды талап етеді.
1984 жылы бұл комиссия : «қалдықсыз технология —шикізат пен энергияны рациональды, үнемді пайдаланатын, егер екінші ресурсты қалдық болса, оны қоршаған ортаға зиянсыздыратын өнім өндіретін өндірістік комплекстің өндірістік әдісі».
Мүлдем қалдықсыз шаруашылық, өндіріс саласы болмайды, дегенмен мүмкіндігінше қалдықтарды қолданысқа түсіру мүмкіндігін іздеу шарт, мұны аз қалдықты технология деп атаймыз . Металлоломнан өндірілетін алюминий бар болғаны 5 % энергия шығындайды. 1 т екінші ретті шикізатты пайдалану барысында 4 т боксит 700 кг кокс үнемдеп, атмосфераға шығатын 35 кг фтористых қосылыстар қалдығын азайтады.
Азқалдықты технологияны пайдалану барысында суды қайта тазалап пайдалану, екінші ретті ресурстарды пайдаланы, қалдықтарды болдырмау шараларын қарастырады.
Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химилялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербеті және жерасты суларның;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылжу) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.
Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін және олардың санын азайту, улы шикізат материялдарын қолдануды болдырмау, үйлесімділігіне сәйкес келеді.
Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыдағы барлық шикізат соңғы нәтижеде өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикізат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикізат ресурстары - өндіріс -тұтыну - қайталама шикізат ресурстары, яғни, қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.
Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикізат пен материялдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.
Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі бойымша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып саналады. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі тірі организмдерді пайдалану және заттектердің өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу - шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану.
Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар,өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді.
Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды ұсынады:
оның барлық компоненттерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде өңдеу (жасап шығару);
жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйеге ғылымды енгізу; электрлеу мен роботтандыру; автоматтандыру негізінде өндірістік процестерді интенсификациялау;
өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы;
жеке операциялардың технологиялық процестерге бөлінүін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысусатысының аралық санын қысқартуүздіксіз процестерді қолдану мен технологиялык кезеңдер уақытын қысқарту;
энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстар мен барынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру;
энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған энерготехнологиялық процстерді қолдану;
қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін биологиялық процестерді және физика-химиялықбазасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізу;
өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құру.
Осы тұрғыда өндірістік процестердің жүйелі талдауы жаңа кезеңнің технологиясын құру жолын анықтауға мүмкіндік береді.
Табиғат жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленген шеңбер соңыңдағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын процестерді экологиялық деп атаймыз.
Қазір өндірісті толықтай қалдықсыз жасау мүмкін емес. Өндіріс процессінде пайда болған барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін азайту, улы шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энегия мен шикізатты үнемді пайдалану ластануды болдырмайтын технология стратегиясына жатады.
Өндірісте қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик ғалымдары Н.Н. Семенов , Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров Соколовтар ұсынған болатын. Женевада болған Жалпы Еуропалық кеңесте арнаулы декларация қабылданды. Онда аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу, қалдықтарды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау атап өтелген.
Қалдықсыз технология бұл өнім өндіру кезеңінде энергия мен шикізатты кешенді және орынды түрде пайдалану. Шикізат ресурстары -өндіріс - тұтыну- қайталама шикізат ресурстары схемасы бойынша жүргізіледі.
Қалдықсыз өндіріс табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс жүзінде тұйықталған жүйе.
Қалдықсыз технология ережесі- шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді пайдалану. Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылған процесс. Ол өзара байланысты технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа күрделі мінндеттерді шешуді талап етеді.
Қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізудің талаптары:
Оның барлық компонентерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде өңдеу.
Жоғары технолгиялық автоматандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты енгізу; электрлеу мен роботтандыру; автоматтандыру негізінде өндірістік процесстерді қарқындандыру.
Өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезеңінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы.
Жеке операциялардың технологиялық процесстерге бөлінуін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысу сатысының аралық санын қысқарту, үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялық кезеңдер уақытын қысқарту.
Энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін и қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстармен арынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру.
Энергия ресурстарының барлық әлеуметін барынша пайдалануды қаттамассыз ететін құрастырылған электрротехнолгиялық процестерді қолдануы
Қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану мүмкіндігін қамтамассыз ететін биологиялық процестерді және физико-химиялық базасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізуі.
Өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құруы.
Қоршаған ортаға қалдығы аз өндірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің негізінде ШРК, және оның негізінде ШРШ атмосфераға және ШРТ суға есептеледі
Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырдың негізгі принципі шикізат және энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақтылығы. Қазір пайдаланылп жүрген шикізат ресурстары көп компонентті. Мысалы: түсті металлургияда бастапқы шикізат көптеген пайдалы қазбалардан тұрады. Кәсіпорындардың мамандануына байланысты одан 1-2 компонент ғана алынады.Ал қалғандары үйіндіге тасталынады. Қазірде рудаларды өңдеудің кешенді пайдалану Өскемен қорғасын мырыш комбинатында, Балқаш, Жезқазған, Норильск кен металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған.
Қалдығы аз өндіріс құрудың келесі принципі – айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы: су шаруашылығында канализация , тазалау бір мезгілде және таза компонентерді алып пайдаға асырады . Өнеркәсіпте сумен қамтамассыз ету жағының кезеңі тұйықталған, оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.
Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрасмдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық- өндірістік кешендер шеңберінде бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін басқа салаларда пайдаланып біршама экономикалыө тиімділікке қол жеткізуге болады
Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі – алынатын өнімнің экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.
