Ішімдікке салыну
қазіргі кезеңде етек алып келеді және ол өзекті мәселелердің қатарына жатады.Оның үстіне алкоголизм дертінің асқынған түрі психоз дертінің өршуіне әкеліп соқтырса, одан туған балалардың нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер болады.Сондықтанда арақ-шараптан сақтау немесе алдын алу дегеніміз–мемлекеттік,қоғамдық,әлеуметтік-экономикалық, медициналық,санитарлық,психогигинеалық және психо-педагогикалық кешенді жүйе.
Атап айтатын болсақ:
-ішімдік ішуге тиым салу,әсіресе жасөспірімдер арасында
-ішімдікке салына бастаған адамдарға психологиялық көмек көрсету
-ақпараттық құралдар арқылы (телеараналар,газет.радио,т.б.) насихат жұмыс -тарын жүргізу
-әр адамның ерекшіліктерін ескере отырып,емдеу жұмыстарын жүргізу
-ішімдікке салынған ата-аналардың балаларын қорғау
Темекі шегу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дүниежүзінде
1,1 млрд.адам темекі тартса, әрбір 30-40 жыл сайын оған 10 млн.темекі тарта –тын адам қосылатын көрінеді. Ал Қазақстанда ер адамдардың 54 пайызы, әйелдердің 11 пайызы темекі тартса,12-14 жастағы жас жеткіншектердің 10 пайызы темекіге әуестене бастайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша темекі түтінінің құрамында адам оргнизміне зиянды 2000-ға жуық улы заттар бар көрінеді. Олардың ең зияндысы никотин және рак ауруын тудыратын канцерогендік зат-бензпирен мен бензантрацен.Сонымен қатар темекі көптеген аурулардың бірден бір себебі болып табылады, яғни темекі адам өмірін 12-14 жылға қысқартып,жүрек қантамырларының ауруларының,өкпенің қатерлі ісігін және өкпенің созылмалы бронхит,эмфизема сияқты ауруларының негізгі себепшісі екені қазіргі таңда дәлелденіп отыр. Темекіні тартпауға,ішімдікті ішпеуге және наркотикалық заттарды қолданбауға болама десек, әрине болады , тек адамда күш жігер мен шыдамдылық керек. Мысал ретінде айтуға болады,
АҚШ-тың бұрынғы ПРезиденті Билл Клинтон жас кезінде наркотикалық заттарды қолданған, бірақ алдына мақсатты өз өмірін өзгертуге жоспар құрып, оны іске асыруға үлкен мақсаты мен ерік жігері көмектесті. Сонымен қатар зиянды темекілерді шығармау,темекінің бағасын көтеру,жас балаларға темекі сатпау, насихаттау жұмыстарын жүргізу сияқты шараларда өз көмегін тигізеді
Артық дене салмағы
Көптеген медициналық зерттеулер артық салмаққа немесе семіздікке шалдық -қан адамдарға қуантарлық жаңалықтар әкелмеуде. Дене салмағының сәйкес емес ұлғаюымен қоса көптеген аурулар қаупі де артады. Олардың тізімі келесі -дей: жүрек-қантамыр аурулары, артериалдық гипертензия, екінші типті диабет, кейбір онкологиялық дерттер (сүт безінің, қуық асты безінің, бауырдың, тоқ ішектің, т.б. қатерлі ісіктері), бедеулік, жүктіліктің асқынулары, өт немесе несеп жолдарында тас байлануы, ентігу және ұйқы апноэсі (ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтап қалуы), т.б. Салмақ азайту жолында әрекетті шаралар қолданба ған жағдайда артық дене салмағы семіздікке айналады. Дене бойында жинақтал ған артық маймен күресуге қарағанда артық килограм қосудың алдын алу барлық жағынан алғанда оңайырақ және тиімдірек.
Артық дене салмағының артуына төмендегі жағдайлар себеп болады:
1.Көміртегісі мол жеміс жидектерді (жүзім, інжір, банан,қауын құрма т.б.) мол пайдалану. 2.Ақ нан, макарон өнімдерін мөлшерден артық қолдану
3. Аз қозғалыс
4. майдық көп болуы да зиян
Сондықтан төмендегі режимді сақтау керек:
-қияр, қызанақ, баклажан,қарбыз, қырыққабат, редис, шалқан көкөністерін бар- ша мол жеуге тырысқан жөн.
- Бұршақ, фасоль, лобияда қан құрамындағы қанттың молаюына еш әсерін тигізбейді.
-Майды тәулігіне 30 грамнан артық пайдаланбаған дұрыс.
- Тамақ ішу режімі күніне 5-6 рет, әр 3 сағат сайын аз-аздан, бөліп-бөліп тамақтану ұйқы безінің организмде қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тамақты әрдайым бір мезгілде жеуді де әдетке айналдырған жөн.
-Тұзға да абай болған дұрыс. Өйткені, оның молаюы организмде ылғалдың көбеюіне, артериальдық қысымның жоғарлауына соқтырады.
- Науқастың ғұмыр бойы ем-дәм тәртібін сақтауы шарт.
Сонымен, денсаулық пен сымбат үшін тамақтану рационының қайсысы аса пайдалы болмақ? Күнделікті ас мәзіріне қосу қажет: 5-6 үлес көкөністер, әр 3-4 үлес тазартылмаған тұтас дәнді жармалар мен олардан жасалған өнімдер (мысалы, тұтас-дәнді нан, кебек қосылған ірі тартылған ұннан жасалған нан); 2 үлес жеміс-жидек; екіден бір - 1 үлес кез келген бұршақ тұқымдастар; бір уыс жаңғақтар мен дәндер; 4-5 шәй қасық пайдалы өсімдік майлары (зәйтүн, рапс (канолдық), т.б.); 2-3 үлес сүт өнімдері (сыр 40 гр артық емес, сары май 30 гр артық емес); 2 шыныаяқ көк шәй; розмариннен, зімбірден, куркумадан жасал -ған, қара бұрыш қосылған татымдықтыр; Аптасына бірнеше рет жеу қажет: балықты, жұмыртқа және құс еті. Күнделікті ас мәзірін құрастыра отырып, әр адамның сыртқы пішіні мен мінезінің алуан түрлі келуі секілді тағамдық қажет -тіліктерінің де ерекшеліктері бар екендігін ескеру қажет. Біреуге ет жеуге бол -майды, басқаның өсімдік тектес ақуыз- глютенге (бидайда,қара бидайда,арпада, ақ күріштің кейбір сұрыптарында болады) аллергиясы болуы ықтимал. Хал-жайыңызға қарай организмнің жеке мұқтаждығын ескеретін тамақтану рацио- нын құрастырып алуыңызға болады.!
