Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созылмалы жпалы емес ауруларды алдын алу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102 Кб
Скачать
☆

Есірткі қолдану

Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.Нашақор-

лық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?!

Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес. Қазақстандағы нашақорлардың саны тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге болады?

Баланың болашағы – елінің болашағы емес пе?! Сондықтан мұндай жолдан аулақ болу керек. Өзің ғана емес, өзіңнің жолдас-жораларыңды да аулақтату парызымыз екенін ұмытпағанымыз абзал.

Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық.. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы.

Сонымен қатар жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналы -сып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.

 

Оқытушы – Ж.Өмірәлиева