Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ОМ-каз 2016-2017.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны

№ 1 бөлімде (жүйке аурулары пропедевтикасы) жүйке жүйесін зерттеу әдісін оқыту, жүйке жүйесінің зақымдану синдромдары мен симптомдарын анықтау, топикалық диагнозды қою, сонымен қатар неврологиялық науқастардың симптоматикалық және патогенетикалық терапиясы туралы білім алу.

№ 2 бөлімде (жеке неврология) бакалаврға жүйке жүйесі негізгі ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу шаралары берілген, студенттерге клиникалық неврологиялық ойлау негізін қалыптастыру, негізгі неврологиялық ауруларға диагноз қоя білу, олардың шұғыл терапиясын жүргізу, неврологиялық науқастарға реабилитациялық шараларды ұйымдастыру және жүйке жүйесі ауруларының алдын алу шараларын жүзеге асыру.

Жаңа мемлекеттік жалпы міндетті жоғары медициналық кәсіби білім мамандығының талаптарының бірі-студенттердің ғылыми-негізделген аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстырын алған білімдерін қолдана отырып ұйымдастыру.

Неврология курсы кезінде аудиториялық жұмыс негізгі оқу-әдістемелік оқыту әдісін қолдану қажет: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, неврологиялық науқастарды бакалаврдың өзіндік қарауы, академиялық клиникалық кураторлық бетті дайындау және оны қорғау, әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасауы, бакалаврдың білімін тестпен бағалау.

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда бакалавр зерттеу әдістерін меңгерулеріне, топикалық және клиникалық диагноз қою және әртүрлі жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастарға ем тағайындауын бағалау.

Бакалаврға неврологиялық аурулар кезінде жүйке жүйесінің маңызды екенін жеткізу, сонымен қатар олардың пайда болу патогенетикалық механизмін ашу, жүйке жүйесі зақымдануының алдын-алу әдістері мен ағымын негіздеу.

Клиникалық талдауларда, ҚР денсаулық сақтау және әдеуметтік қоғау министрлігімен ұсынылған, БМСК және стационар деңгейінде жүйке жүйесі ауаларының ХАЖ -10 жіктелуіне сәйкес хаттамаларға көңіл бөлу.

Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс – бұл білім берушінің оқытуының ерекше формасы, оны орындау бакалаврдан белсенді ойлау қабілетін талап етеді, алдыңғы меңгерген білімдерді қолдана отырып әртүрлі танымдық есептерді шешуді, жаңа жұмыс түрлері мен білім іздеуді талап етеді. Мұндай аудиториядан тыс өзіндік жұмыстар болашақ маман шығармашылығын дамытуға, сонымен қатар ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бакалаврдың аудиториядан тыс өзіндік жұмысын бағалау білім берушінің мақсатына бағытталуы тиіс. Оны жүргізу формалары әртүрлі болуы мүмкін: сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларын бағалау, көрсетілген материалдарға анализ жүргізе отырып тесттілеу, аралық бақылау, эссе, реферат, дискуссия, кейс-стади және т.б.

Бакалаврдың жүйке жүйесінің құрылысы мен қазметін білу екінші бөлімде симптомдар мен синдромдарды анықтауға негізделген. Мұндай шешім дәрігерлерге білім беру методологиялық әдістемесінің негізі.

Сонымен қатар 2 бөлім МКБ- 10 жіктемесіне сәйкес неврологиялық аурулардың клиникасына арналған. Бұл бөлімде неврология бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуге көмек беретін зерттеу әдістері берілген. Қолданылатын жаңа зерттеу әдістері студенттердің білімін және болашақ дәрігер мен науқас арасындағы қатынас дағдыларын нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Бұл блоктар соңғы жылдардағы ғылым жетістіктеріне және жаңа оқытудың қолданыстағы бағдарламаларына сәйкес нақтыланған және қарастырылған.

Неврология бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыра отырып және студенттерді оқыту сапасын бақылай отырып, жаңа МООС талаптарына жауап беретін бақылау-өлшемдер дұрыс құрастырылған, сонымен қатар әдістемелік кеңестерде көрсетілген оқытудың белсенді әдістері енгізілген.